Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесс на казахском.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
27.54 Mб
Скачать

1 Бөлім – жарық сәулелерін бақылау

Қондырғы

1 сур. 2 сур.

Үстелге ақ қағаз парағын қойыңыздар. Жарық берушінің шам жағынан үш саңылаулы пластинаны қойыңыздар және саңылаулары тік орналасатындай жарық берушіні қағаздың шетіне орналастырыңыздар (1 сур. қар).

Жұмыстың орындалуы

  1. Кернеу көзіне жарық берушіні қосыңыздар (2 сур.).

  2. Жарық берушінің және де үш саңылаудың әр қайсысының күйін қағаз парағында қарандашпен белгілеңіздер.

  3. Қағаз парағына перпендикулярды бір саңылаулы пластинаны орнатыңыздар, үш саңылауы бар пластинадан саңылау 8 см шамасында тік орналасады және осы күйінде қолымен ұстап тұрыңыздар (1 сур.).

  4. Қағаз беті бойынша пластинаны жылжытып, оның саңылауының күйін дәлірек белгілеп отырыңыздар, жарық берушіде орнатылған бір саңылаулы пластина артындағы кеңістікте пластина саңылауларынан шығатын бірінші, екінші және үшінші сәулелер көрінеді.

Жарықты тарату құбылысын зерттеу

ФЗ.7-9.

05.1


2 Бөлім – қөлеңкелер пайда болуын бақылау Қондырғы

3 сур.

Үстелге ақ қағаз парағын қойыңыздар. Жарық берушіні қағаздың шетіне орналастырыңыздар (3 сур.). Жарық берушіден алысрақ орналасқан қағаз бетінің төрттің бір бөлігін тік орналасатындай бүгіңіздер.

Жұмыстың орындалуы

Екінші парақ бетінде жарық беруішінің күйін белгілеңіздер. Жарық берушіні кернеу көзіне қосыңыздар. жарық шоғының жолында шағын мөлдір емес бөгет қойыңыздар. Қағаздың бүгілген бөлігінде экрандағыдай бөгеттен көлеңкені көресіздер. Бөгетті жарық көзінің сәулесіне жақындатып және жарық көзінің сәулесінен бөгетті алшақтатып, қөлеңке мөлшерінің өзгерістерін бақылаңыздар.

Сосын парақ бетіне бөгеттің және көлеңкенің шеткі нүктелерін қарандашпен белгілеңіздер.

Есеп-қисаптар және нәтижелер

  1. Жарық сәулелер жолдарын көрсетуші қағаздағы белгілерді қарандашпен қосыңыздар. Жарық сәулелерінің таралуының сипаттары туралы қорытынды жасаңыздар.

  2. Қағаздағы көлеңке және бөгеттің шеткі нүктелерінің күйін белгілеушіге сәйкес нүктелерді қарандашпен қосыңыздар. алынған түзулерді қиылысу нүктелеріне дейін сызыңыздар. Жарық таралуының сипаттары туралы қорытынды жасаңыздар.

  3. Техникадағы жарық таралу қасиетін қолдану бойынша бірнеше мысал келтіріңіздер. _________________________________________________________

_________________________________________________________________________

  1. Зертханалық жұмыстың екінші бөлімі қалай өткізілгенге қандай астрономиялық құбылыстар пайда болады? _____________________________________________

________________________________________________________________________

Жарықтың түсу бұрышынан шағылысу бұрышына тәуелдігін зерттеу

ФЗ.7-9.

05.2

Деңгей: негіздік (8 сынып)

Оқу үшін тақырып: Жарықты құбылыстар.

Мақсаты: Құлдырау бұрышы және шағылысу бұрышы арасындағы тәуелділікті анықтау.

Қолданылған ұғымдар: жарық сәулесі, шағылысу, айна

Жабдықтар:

Реттік №

Атауы

Тапсырма №

Мөлшері

1

Жарық беруші,галоген,12В /20Вт

09801.00

1

2

Диафрагмма бір/екі саңылауымен

1

3

Тікебұрышты кесектегі айна, 50 мм х 20 мм

08318.00

1

4

Оптикалық диск (транспортир)

09811.00

1

Қосымша

5

Қорек көзі, 0...12 В қал. Тоқ/6В, 12 В ауысп. тоқ

13505.93

1

Қондырғы

1 сур. 2 сур.

Үстелге оптикалық дискті қойыңыздар. Жарық берушінің шам жағынан үш саңылаулы пластинаны қойыңыздар және саңылаулары тік орналасатындай жарық берушіні жанына оптикалық дискті орналастырыңыздар (1 сур. қар). Айна тік орналасатындай оптикалық дисктің орталығына айнаны тұғырыққа орнатыңыздар.