Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесс на казахском.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
27.54 Mб
Скачать

Жұмыстың орындалуы

1.Эрленмейердің шыны сауытына(дәлірек болу үшін тамызғыш пен өлшеуіш цилиндрді пайдаланыңыздар) 100 мл (100г )құйыңыздар. Керамикалық сымды тордың үстінде қысқа термометрді бекітіңіздер, шыны түтікшелерге арналған ұстағышты пайдаланыңыздар (1 сур. қар.).

2. Эрленмейер шыны сауытында суды 600С дейін қыздырыңыздар.

3. Калориметрге (дәлірек болу үшін тамызғыш пен өлшеуіш цилиндрді пайдаланыңыздар) 100 мл (100г )құйыңыздар.

4. Шілтерді сөндіріңіздер.

5. t1 салқын суды және t2 ыстық судың температурасын өлшеп, өлшенген мағыналарды 1 кестеге жазыңыздар.

6. Ыстық суды калориметрге құйыңыздар.

7. Араластырыңыздар, содан соң орнатылған максималды температураны анықтаңыздар (қоспа температурасы tm).

Жылу алмасу құбылысын зерттеу

ФЗ.7-9.

03.2

8. Басқа су мөлшерлерімен тәжірибені қайталаңыздар:

  • 50 мл салқын және 100 мл ыстық;

  • 100 мл салқын және 50 мл ыстық.

Есеп-қисаптар және нәтижелер

1 кесте

Салқын су

Ыстық су

Қоспа

Орта мағына

m1, г

t1,0С

m2, г

t2,0С

t m0С

(t1+ t2)/2, 0С

100

100

50

100

100

50

1. t1 және t2 орта мағынасын есептеңіздер; оны 1 кестеге жазыңыдар.

2. t m қоспаның және (t1+ t2)/2, орта мағынаның температурасын салыстырыңыздар.

3. Нәтижелеріңізді түсіндіріңіздер.

Қосымша тапсырма

1. Жылу балансының теңдеуінен шығатын теңдеуді қолдана қоспа температурасын есептеңіздер, мағынасын 2 кестеге жазыңыздар:

2. Есептелгеннен қоспа температурасының өлшенген мағынасының ауытқуын қалай түсіндіре алатыныңызды, түсіндіріңіздер?

2 кесте

Салқын су

Ыстық су

Температура

m1, г

m2, г

t m0С

100

100

50

100

100

50

Жылу алмасу құбылысын зерттеу

ФЗ.7-9.

03.2


Мұғалімдер үшін әдістемелік ұсыныстар

Әр түрлі мөлшердегі ыстық және салқын суды араластырғанда ыстық суды әрдайым салқын суы (бөлме температуралы) бар калориметрге құяды. Бұндай әдістің бір қатар артықшылықтары бар: салқын су калориметр температурасына ие; ыстық су құйылғандықтан қоспа температурасы әр жағдайда үлкенірек болады.

Қосымша тапсырмада қоспа температурасы көтерілуіне сапалы түсініктеме беріледі. Қосымша тапсырмада берілген теңдеу көмегімен қоспа температурасын есептеуге болады. Өлшенген және есептелген мағынаның әрі қарайғы салыстыруы калориметр жылу сыйымдылығын есептеуді қажет ететінің көрсетеді.