Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесс на казахском.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
27.54 Mб
Скачать

Жұмыстың орындалуы

  1. Су тығыздығын анықтау

    • Құрғақ мензурканы таразы тостақанына қойыңыз және оның массасын m0 анықтаңыздар.

    • Өлшеуіш цилиндрді 50 мл белгісіне дейін толтырыңыздар. Дәлдік үшін тамызғышты қолданыңыздар.

    • Суды мензуркаға құйыңыздар, цилиндрде су қалмағанына көз жеткізіп, m1 сумен мензурканың массасын анықтаңыздар.

    • m = m1 – m0 формуласы бойынша судың массасын анықтаңыздар.

    • Алынған нәтижелерді 1 кестеге жазыңыздар.

2. Тұздық ертіндінің тығызыдығын анықтау

  • Цилиндрге 10 г NaCl (аспаздық тұзын) себіңіздер және 40 г суды құйыңыздар.

  • Шыны түтікше көмегімен цилиндр ішіндегілерді тұз толық ерігенше араластырыңыздар.

  • Содан соң тамызғышпен цилиндрге 50 мл деңгейіне дейін дәл тамызыңыздар.

  • Ертіндіні кішкене мензуркаға құйып, m = m2 – m0 мензуркадағы ертінді массасын анықтаңыздар, (судың тығыздығын анықтау үшін жоғарыда жазылған пунктерді қар.).

  • Мәліметтерді 1 кестеге жазыңыздар.

  • V = 50 мл екенің біле, p = m / V формуласы бойынша тұздық ертінді және су тығыздығын есептеңіздер; мағыналарды 2 кестеге жазыңыздар.

Есеп-қисаптар және нәтижелер

1 кесте

Кішкене мензурка массасы, бос

m0, г

Кішкене мензурка массасы, 50 мл сумен

m1, г

Кішкене мензурка массасы, 50 мл ертіндімен

m2, г

2 кесте

Материал

m, г

V, см3

р, г/см3

Су

Тұздық ертінді

1. Қандай сұйықтықта тығыздық көбірек? Түсіндіріңіз, неге.

______________________________________________________________________

2. Судан аз тығыздықты сұйықтыққа мысал келтіріңіздер.

______________________________________________________________________

Қосымша тапсырма

Егер ақырын суға майды құйсақ не болады?

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

Сұйықтықтың тығыздығын өлшеу

ФЗ.7-9.

02.6


Мұғалімдер үшін әдістемелік ұсыныстар

Қатты дененің тығыздығын анықтағанда тығыздық массаның мөлшерге қатынасы ретінде есептеледі. Берліген тәжірибеде судың мөлшері және массасы санды тең болды, тығыздықтың қатынасы 1 г/см3 теңелді.

Берілген тәжірибеде сұйықтықтың массасын өлшеп оның мөлшерін өлшеуіміз керек.

Ең бірінші оқушылар судың тығыздығын анықтауға тиісті, өлшеуіш цилиндр көмегімен тәжірибе ретінде сұйықтықтың мөлшерін анықтап оны рычагтық таразыларда өлшеп, содан соң есептеуіміз қажет. Сосын оқушылар өздері дайындаған тұздық ертінді (шамамен 10%) тығыздығын анықтайды.

Ескертпе

  • Әр өлшеу алдында кішкене мензурканы (100мл) құрғақтап сүртіңіздер.

  • Өлшеуіш цилиндрдан мензуркаға сұйықтықты құйғанда, мензуркада бір тамшы сұйықтық та қалмауы тиіс.

  • Ертінді концентрациясын пайыздарда өлшеу ұсынылады.

  • Су тығыздықтары және тұздық ертінді арасындағы айырмашылық таразы қателігінен шамалы жоғары болғандықтан, дәлірек нәтижелер алу үшін бірнеше өлшеу жасап орта мағынаны табыңыздар.