
9.4.Сығылған сырықтарды практика жүзінде есептеу
Бойлай сығылған сырықтар қызметін сенімді атқару үшін беріктік және орнықтылық шарттарын қанағаттандыру керек.
Беріктік шарты
.
7)
Орнықтылық шарты
,
мұндағы
– негізгі қауіпсіз (мүмкіндік) кернеу,
– орнықтылыққа қауіпсіз (мүмкіндік)
кернеу. Орнықтылыққа қауіпсіз кернеуді
негізгі (сығылуға) қауіпсіз кернеу
арқылы келесідей өрнектеуге болады
,
,
,
(9.8)
мұндағы
φ – негізгі қауіпсіз кернеудің кему
коэффициенті, 0≤φ≤1.
Кему коэффициентінің мәні иілгіштік
λ-ның және сырықтың материалына
байланысты, арнайы кестеде келтірілген.
.
Енді (9.8) өрнегін ескере отырып орнықтылық шартын келесі түрде жазуға болады:
(9.9)
Орнықтылық шартына (9.9) сүйеніп (беріктік шартына сияқты) есептеулердің негізгі үш түрін жүргізуге болады: орнықтылықты тексеру (тексеру есептеуі); қауіпсіз (мүмкіндік) күшті анықтау; көлденең қима таңдау алу (жобалау есептеуі). φ коэффициентінің кестесін қолданып есептеулерді қарастырайық.
Тексеру есептеуі. Сығушы күш F, сырықтың материалы, оның өлшемдері (A,l) мен бекітілу шарттары және [σ] белгілі. Иілгіштікті анықтап алып, φ кестесінен материалына сәйкес мәнін алып, (9.9) шартын тексереді.
Қауіпсіз (мүмкіндік) күшті анықтау. Сырықтың материалы, оның өлшемдері (A,l) мен бекітілу шарттары және [σ] белгілі. Иілгіштікті анықтап алып, φ кестесінен материалына сәйкес мәнін алып, (9.9) шартынан сығушы күштің қауіпсіз мәнін [F]=φa[σ] анықтаймыз.
Жобалау
есептеуі. Сырықтың көлденең қимасын
таңдау (өлшемдерін белгілеу) есебінде
(9.9) орнықтылық шартында екі белгісіз φ
және A болады. Қима таңдау есебінде
біртіндеп жуықтау әдісі қолданылып
келесідей жүргізіледі. Алдымен екі
белгісіздің бірі, әдетте φ коэффициенті,
берілген деп ұйғарылады. Бірінші
жуықтауда оның φ1
мәнін берілген деп қабылдап, қиманың
ауданын A1,
өлшемдерін, оның ең кіші инерция радиусы
imin-ді,
сырықтың иілгіштігін
есептелінеді. Кестеден осы иілгіштікке
сәйкес коэффициенттің φ1ʹ
мәнін анықтап, оны φ1
мен салыстырады. Егер φ1ʹ>>
φ1
немесе φ1ʹ<<
φ1
болса, онда
деп қабылдап, екінші жуықтау жүргізеді.
Есептеуді φʹ≈ φ болғанша; немесе есептеу
кернеуі σ мен қауіпсіз кернеу [σ]
арасындағы айырмашылық ± 3% болғанға
дейін қайталайды. Есептеу (9.9) шартын
тексерумен аяқталады.