
- •Курстық жұмысқа есептеме Тақырыбы: Қонақ үй
- •1. Есептің қойылымы
- •2. Есептің алгоритмі
- •3.Теориялық бөлім
- •3.1 Қысқаша теориялық бөлім
- •3.1.1 Delphi ортасында мәліметтер базасын және схеманы құру
- •3.1.2 Delphi ортасында мәліметтерді өңдеу үшін пішіндер құру
- •3.1.3 Delphi ортасында байланысқан кестелер бойынша пішіндер құру
- •3.1.4 Delphi ортасында байланысқан кестелер бойынша есеп беруді құрастыру
- •Қорытынды
3.Теориялық бөлім
3.1 Қысқаша теориялық бөлім
Delphi жүйесі мәліметтер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, бірақ толық МББЖ мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған Delphi құралы локальдік және клиент серверлік мәліметтер базасын құрып, және оның ішінде жұмыс істеуге және кез келген мәліметтер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді.
Delphi-ді кәдімгі МББЖ деп атауға, оның өзінің кестелік форматының болмауы (мәліметтерді сипаттау тілі) бөгет жасайды. Сондықтан ол басқа МББЖ кестелік форматын қолданады. Мысалы: dbase, Paradox, FoxPro, Access, Informix, Sybase, Oracle, InterBase. Бұны бірақта жетіспеушілігі деп деп те айтуға болмайды, себебі аталған форматтар өздерін жақсы қолданушылық қабілетін көрсетті. Сонда да Delphi мүмкіншіліктері арнайы МББЖ мүмкіндіктерінен қалыспайды, кей кезде олардан асып та тұрады.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі(МББЖ) өзінен тілдік және программалық құралдар жиынтығын ұсынады, олар мәліметтер базасын құруға және онымен жұмыс істеуге арналған. МББЖ қолдануына байланысты дербес және көпқолданбалы болып екіге бөлінеді.
Дербес МББЖ бір компьютерде жұмыс істейтін жергілікті мәліметтер базасын құруға мүмкіндік береді. Дербес МББЖ-леріне dBase,Paradox,FoxPro және т.б жатады
Көпқолданбалы МББЖ ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді. Көпқолданбалы МББЖ-леріне Oracle, Informix,Sybase,Microsoft SQL server, Interbase және т.б жатады
Delphi жүйесінде мәліметтер базасымен жұмыс істегенде келесі аспаптық құралдар жиынтығы ұсынылады:
Borland Database Engine(BDE)-мәліметтер базасының процессоры. BDE өзінен, Delphi қолданбасынан мәліметтер базасына қатынасты ұйымдастыратын динамикалық кітапхана және драйверлерді құрайды.
BDEAdministrator-әртүрлі BDE параметрлерін түзейтін утилиттер
DataBase Desktop-SQL- сұранысты және QBE-сұранысты кестелерін өзгерту және құру бағдарламалары.
SQL Explorer-мәліметтер базасының жол басқарушысы. Оның көмегімен мәліметтер базасын өзгертуге және қарауға болады.
SQLBuilder-SQL-сұранысты визуалды құрастырушы бағдарлама.
SQL Monitor-қашық МБ SQL-сұраныстың орындалу ретін тексереді.
DataPump-мәліметтер базасы арасында мәліметтерді ауыстыру бағдарламасы.
InterBase windows Interactive SQL (WISQL)-қашық мәліметтер базасын басқару бағдарламасы.
Interbase Server Manager-қашық серверді басқару бағдарламасы.
3.1.1 Delphi ортасында мәліметтер базасын және схеманы құру
МБ ның кестесін құру үшін DataBaseDesktop утилитасын жүктеу керек. Утилитаны жүктегеннен кейін утилитаның жұмыс жалған атын береді. Жұмыс жалған атын беру үшін басты менюдің file working directory элементін таңдап aliases тізімінде misal таңдау керек, одан кейін ok батырмасы басылады. МБ кестесін құру үшін басты менюдің file/new/table элементін таңдап create table терезесінде құрылатын кестенің түрін өзгертпей ok басу керек. Одан кейін МБ кестелерінің құрылымын анықтайтын терезе пайда болады. Бағандардың белгіленуі:
-Fields Name-өріс аты;
-Type- өріс түрі;
-Size-өріс өлшемі;
-Key-егер өріс бастапқы кілт құрамына кірсе, құрамында жұлдызша бар болады. Егер бастапқы кілтке бірнеше өрістер кірсе, онда олар бастапқы кілтте қалай кездеседі, солай анықталуы қажет.
Кестелер арасында байланыстар енгізу үшін table properties тізіміндегі referential integrity пунктін таңдап, define батырмасын шерту қажет. referential integrity терезесі ашылады
Fields тізімінде өзгертілген кестенің байланыс алаңы, ал table тізімінде керекті негізгі кесте таңдалады. Бағдаршалары бар батырмаларды шерткеннен кейін байланыс өрістерінің аттары child fields және parent’s key жолдарына аударылады. Одан кейін барып ok батырмасын басу керек. Dbd қайта құрылатын сілтеу бүтіндігінің атын сұрайды, біз атын бергеннен кейін оны құрады.