Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тесты ВОУД Эконом.теория.каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
224.77 Кб
Скачать

«Экономикалық теория» пәнінен тест сұрақтары

1. Фундаментальді (негізгі) экономикалық мәселелер микро және макро дәрежеде шешіледі. Берілгендердің кайсысы тек макро дәрежеде шешіледі:

А) не өндіру керек

В) қоғам инфляцияның қандай денгейіне соқтығуы мүмкін

С) қанша тауар мен кызмет өндіріледі

D) тауарлар мен кызметтерді кім өндіреді

Е) қызмет пен тауарлар кімдер үшін өндіріледі

G) мемлекеттегі жұмыссыздықты жою шаралары

Н) салық жүйесін жетілдіру

І) тауарларға сұраныс пен ұсынысты анықтау

2. Табиғат заңдарымен салыстырғандағы экономикалық заңдарының ерекшеліктерін атаңыз

А) обьективті сипатта болуы

В) адамдардың іс-әрекетінен тәуелсіздігі

С) адамдардың экономикалық іс-әрекетіне байланысты

D) тарихи өтпелі сипатта болуы

Е) мәңгі болуы

G) адамдардың өздері жасайды

Н) субъектівті көзқарастардың әсер етуі

І) белгілі бір экономикалық жағдайлардың әсері

3. Экономикалық ойлауға тән:

А) қоғамның экономикалық даму тенденциясын дұрыс түсіну қабілеттігі

В) мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу мәні және тәсілдерін ажырату қабілеттігі

С) елдің жалпы экономикалық дамуында өз қызметінің орнын дұрыс бағалау

D) нақты экономикалық процестер мен құбылыстардың мәнін және салдарын бағалай алмау қабілеті

Е) экономикалық құбылыстарға сипаттама беру

G) макроэкономикалық шаралар

Н) сұраныс пен ұсыныс икемділіктері туралы түсінігінің болуы

І) ақша массасының агрегаттары

4. Егер қоғам шектеулі өндірістік ресурстар жағдайында ұлттық шаруашылықтың тиімділігін арттыруға ұмтылса, онда оның экономикалық мақсаты:

А) толық жұмыс бастылыққа жету

В) экономикалық өсуді тездету, тұтыну денгейін арттыру

С) өндіріс фактоларын тиімді пайдалану

D) экономикалық ресурстар құрамы

E) ұлттық байлықты арттыру

G) макроэкономикалық шараларды күшейту

Н) өндіріс факторларын ұлғайту

І) экономикалық дамудың төмендеуі

5. Төмендегі ережелердің қайсысы кейнсиан мектебінің өкілдеріне тән:

А) рынок шаруашылықтың өздігінен реттелуін қамтамасыз ете алмайды

В) рыноктық экономиканың дамуында мемлекеттің араласуы қажет

С) экономикалық дағдарысты жеңу үшін және экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін тиімді сұранысты ұлғайту қажет

D) табыстың өсу қарқынының инвестиция өсуінен артық болуы оң фактор болмайтынын көрсетті

E) рыноктық жүйе өзін-өзі реттей алады

G) рыноктық экономикаға мемлекеттің араласуы минималды болуы қажет

Н) рыноктық шаруашылық субъектілерінің қызметтері өзара байланысты болады

І) нені, қалай, кім үшін сұрақтарын рынок шешеді

6. Өндірістік мүмкіндіктер қисық сызығы көрсетеді:

А) кәсіпорын өндірейін деген екі тауардың нақты санын

В) ресурстар сиректігін

С) берілген шағын ресурс мөлшерінің тауарларға баламалы комбинациясын

D) өндіріс факторлары өнімділігінің төмендеу заңы әрекетінің басталу уақытын

Е) адамдардың тұтынушылық мінез құлқын

G) қоғам қаншылықты бай болса да, барлық адамдардың қажеттілігін максималды қанағаттандыра алмайтындығын

Н) қоғам өзіне қажетті тауарды көбірек өндіру үшін екінші тауар өндірісін қысқартады

І) шектеулі ресурстарды барынша максималды пайдалану

7. Қоғам алдындағы басты экономикалық проблемалар:

А) қанша мөлшерде және қандай тауарлар мен қызметтер өндірілуі тиіс

В) тауарлар мен қызметтер қалай өндірілуі тиіс

С) кім үшін өндіру керек?

D) өндірілген тауарларды экспортқа шығару

Е) рынокқа ұсынылатын тауарлар сапасының болуы

G) импорттық тауарларды көбірек тұтыну

Н) экспорт пен импорт айырмасы

І) сұранысты ұлғайту

8. Меншік субъектісі бұл:

А) мемлекет

В) ұжым(коллектив)

С) жеке, заңды тұлғалар

D) өндірістік үйлер, машиналар, станоктар

Е) бағалы қағаздар

G) кәсіпорын капиталы

Н) айналмалы қорлар

І) дивидендтер

9. Меншік обьектілерін ажырат:

А) жер, табиғи ресурстар

В) өндірістік ғимараттар мен құрылыстар

С) станоктар, негізгі қорлар

D) компаниялар мен фирмалар

Е) ұжымдар

G) кәсіпорын

Н) жеке және заңды тұлғалар

І) мемлекет

10. Егер мүлік жалға алынса, онда жалға беруші:

А) потенциалды меншік иесі болады

В) мүліктің тұтыну кұнын пайдаланады

С) толық меншік иесі бола алмайды

D) берілген мүліктің иесі болады

Е) мүліктен пайдалы қасиеттерін алады

G) мүлік толықтай оған беріледі

Н) мүлікті пайдалану құқығынан айырылады

І) мүліктің тағдырын шеше алмайды

11. Жеке меншіктің дұрыс немесе артықшылық тұстарын ата:

А) табысты әділетті бөлу

В) меншік иесінің әл-ауқаттылығы өндірістік қызметтің нәтижелеріне қатаң түрде тәуелді болады

С) іскерліктің дамуына септігін тигізеді, бәсеке күресін күшейтеді

Е) монополияға жол ашады

G) кәсіпкерлік еркіндік шектеледі

Н) мемлекеттің экономикаға ықпалы артады

І) тұрақты табысқа кепілдік береді

12. Мемлекеттік меншіктің болуы мынаған байланысты:

А) капитал сиымды және рентабелді емес салалардың болуы (көмір өнеркәсібі,темір жол және автомобиль жолдары)

В) жалпы ұлттық және қоғамдық мәселелерді шешу қажеттігі, халықтың тұрмыс денгейін қамтамасыз ету

С) мемлекеттік табысты арттыру ынтасы, әлеуметтік маңызы бар экономика салаларының болуы

Е) шағын және орта бизнестің қарқынды дамуы

G) бәсекеге кеңінен жол ашу

Н) мемлекет үстемдігін төмендету

І) рынок субъектілерінің еркін өзара байланысының болуы

13. Мынадай жағдайда экономиканы ұйымдастырудың формасы натуралды шаруашылық болып табылады егер:

А) өнімдер өзіндік тұтыну үшін өндірілсе

В) өндірушілердің түйықтығы орын алса

С) өнімдер рынокқа шығарылу үшін өндірілсе

D) өндіріс және тұтыну арасындағы тікелей байланыстар болса

Е) өндіріс айырбас арасындағы тікелей қатынастар

G) тауар өндірушілер көп пайда табуды көздейді

Н) өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қатынастар

І) тұтынушылар тауарды таңдау еркіне ие болады

14. Тауарлы өндірісті қандай касиеттер сипаттайды:

А) өнім нарыққа айырбас арқылы түседі

В) өнімдер өзіндік тұтыну үшін өндірілсе

С) өндіріс өнімдері жеке тұтыну үшін емес, сату үшін

D) өндіріс пен тұтыну арасындағы экономикалық байланыстар ақша арқылы жүзеге асырылады

Е) өндіріс және тұтыну арасындағы тікелей байланыстар болса

G) өндірушілердің түйықтығы орын алса

Н) рынокта тауар түрлерінің көп болмауы

І) еңбек бөлінісінің маманданбауы

15. Әкімшіл-әміршіл жүйеге қандай белгілер тән:

А) өндірушілер бәсекесі

В) тауарлар мен қызметтердің тапшылығы

С) жеке кәсіпкерлік еркіндігі

D) тауар өндірушілердің оқшаулануы

Е) жеке меншік

G) орталықтан басқару

Н) өндіріс көлемін жоспарлау

І) монополия қызметіне жол берілмеуі

16. Мына көрсетілгендердің қайсысы әкімшіл-әміршіл жүйеге жатпайды:

А) орталықтандырылған жоспарлау

В) жеке кәсіпкерліктің тәуелсіздігі

С) мемлекеттің товарлар мен қызметтерге баға белгілеуі

D) жеке кәсіпкерлікті шектеу немесе тыйым салу

Е) жұмыссыздықтың болмауы

G) бәсекенің дамуы

Н) шағын және орта бизнес субъектілеріне экономикалық еркіндіктің берілуі

І) индикативті жоспарлау

17. Рыноктық экономиканың пайда болуының басты шарттарын атаңыз:

А) коғамдық еңбек бөлінісі

Б) кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық оқшаулануы

С) кәсіпкерлік субъектілерінің тәуелсіздігі және экономикалық еркіндігі

D) тек мемлекеттік меншік үстемдігі

Е) монополистер қызметінің басым болуы

G) еңбек бөлінісінің маманданбауы

Н) жеке, заңды тұлғаларда меншік құқықтарының болмауы

І) өндіріс құрал-жабдықтарының даму деңгейі

18. Рыноктық шаруашылық жағдайындағы бәсекелестік бұл:

А) өндірісте жақсы нәтижеге жету, жоғары пайда табудағы әрекет

В) тауар өндірушілердің тиімді жағдайдағы әрекет үшін күресі

С) басқа бәсекелес ұйымдарға рынокқа кіруге жол бермеу

D) тиімді жағдайда сату, сатып алу, қызмет көрсету үшін болатын сайыс

Е) бағалық дискриминацияның болуы

G) бәсекелестерге қарағанда тауар бағасын көтеру

Н) экономикалық еркіндікке ұмтылу

І) бәсекелес ұйымдармен тең позицияны ұстану

19. Жетілген бәсеке нарығында:

А) рынокқа өз еркімен ешкім әсер ете алмайды

В) рынокқа біртекті тауарлар ұсынылады

С) рынокқа еркін кіріп және шығуға болады

D) тауар бағаларын мемлекет белгілейді

Е ) тауарлардың дифференциясы

G) рынокқа кіруге белгілі бір кедергілердің болуы

Н) рынокта бір ғана фирманың болуы

І) сұраныс пен ұсыныстың мемлекет тарапынан реттелуі

20. Тауар —бұл:

А) тұтыну құны және пайдалылығы бар зат

В) адам еңбегінің нәтижесі болатын зат

С) басқа затқа немесе ақшаға айырбасталатын зат

D) еңбек өнімі емес, бірақ адамға пайдалы игілік болып табылады

Е) адамның қажетін қанағаттандыратын зат

G) экспортқа шығарылатын өнім

H) адамдар арасындағы айырбас құралы

F) құндылығы бар, бірақ сұранысы аз зат

21. Экономикалық теория қарастырмайды:

A) ұлттық экономиканың кіші жүйесінің іс-әрекетін B) жалпы әлемдік экономиканың қызмет етуін C) жалпы ұлттық экономиканың қызмет етуін D) жеке экономикалық тұлғалардың іс-әрекетін E) тұлғалардың психологиялық іс-әрекетін

G) тұлғалардың саяси іс-әрекетін

Н) шексіз ресурстарды дұрыс пайдалануды

І) жеке тұлғалық қасиеттерді

22. Экономикалық теорияның пайда болуы:

A) капитализмнің дамуымен

B) халық табысының көбеюімен байланысты C) еңбектің жаңа түрлерінң пайда болуымен байланысты D) трансұлттық корпорациялардың шығуымен байланысты E) ақшаның пайда болуымен байланысты

Ж) рыноктың кеңеюімен байланысты

Н) өнеркәсіптік төңкеріспен

І) халықаралық сауданың дамуымен

23. Меркантелизм тұжырымдайды:

A) материалдық игіліктер өндірісі байлық әкеледі B) еңбек өнімдерін тиімді бөлу табысты етеді C) артықшылығын ескере отырып, өндірісті дамытуды D) максималды пайда табуды ұсынады E) байлық – бұл бәрінен бұрын алтын болып табылады

Ж) қоғам байлығы айналыс сферасында

Н) экспортты ұлғайтып, импортты азайтуды көздейді

І) қоғам байлығы ауыл шаруашылығында

24. Аралас экономиканың алғашқы көрінісі немен айқындалады:

A) экономиканың мемлекеттен тыс дамуы B) экономиканы реттеуге мемлекеттің араласуы C) мемлекет пен бизнестің арасында байланыстың болмауы D) экономикангың заңдарымен E) тек еркін бәсекенің орын алуы.

Ж) экономиканың өзін-өзі реттей алмауы

Н) экономикаға мемлекеттік реттеудің болмауы

І) макроэкономикалық шараларды мемлекет жүзеге асырды

25. Аралас экономикалық жүйенің белгілеріне жатпайды:

A) меншіктің көптүрлілігіне негізделген экономикалық жүйе B) рыноктық және жоспарлы экономиканың үйлесуі C) жеке кәсіпкерлдік және мемлекеттік шаруашылқ D) мемлекеттік реттеу және еркін рынок E) дәстүрге негізделген шаруашылық.

Ж) мемлекет тарапынан өндірістің жоспарлануы

Н) натуралды шаруашылықтың орын алуы

І) барлық экономикалық жүйе элементтерінің біріктірілуі

26. Рыноктық экономиканың белгілеріне жатпайды:

A) бәсекенің дамуы B) жерге, кәсіпорынға жеке меншік C) мемлекеттік баға белгілеу D) кәсіпкерліктің дамуы, таңдау бостандығы E) ұсыныс пен сұраныс негізінде қалыптасатын баға.

Ж) орталықтан жопарлау

Н) директивалық баға жүйесі

І) шағын және орта бизнестің дамуы

27. Қажеттілік дегеніміз-ол:

A) әшекей тауарларға деген жеке тұлға мен заңды тұлғаның жалғыз сұранысы B) жеке адамның, әлеуметтік топтың, не қоғамның өмір сүруіне қажетті қандай да бір игілікке және қызметке талап-тілегі C) өмір сүруге қажетті заттарды тауар өндірушілердің рынокта ұсынуы D) бірінші кезектегі тұтыну тауарларының өндірісі E) сұраныстың бір бөлігі.

Ж) адамдардың игіліктерге деген мұқтаждығы

Н) -

І) тұтынушылар табыстарына қарай белгілі бір игіліктерге сұраныстың өсуі

****28. Шығындар сомасы бойынша есептелетін ЖҰӨ-ге не кірмейді:

A) Еңбек ақы

B) Жиынтық инвестициялар. C) Тауарлар мен қызметтердің таза экспорты. D) Тұтынушылар шығысы, инвестициялар мен мемлекеттік шығыстар. E) Таза инвестициялар.

G) көмек ақы

H) трансферттік төлемдер I) Тауарлар мен қызметтер импорты

29. Жай және дамыған тауар шаруашылығының жалпы белгілері:

A) рынокқа шығару үшін өнім өндіру B) өндіріс ресурстарына жеке меншік C) жұмысшының өз өндіріс құрал-жабдығы болуы D) жиынтық өнімді ұлғаймалы ұдайы өндіріс E) тауардың ең тапшы формасын өндіру.

Ж) тауар өндірісі үшін жалдамалы жұмыс күшін пайдалану

Н) тауардың көп бөлігі рынокқа шығарылады

І) жай ұдайы өндірістің орын алуы

30. Ұдайы өндірістің экстенсивті түрін не сипаттайды:

А) технологияны өзгерту;

В) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғарту;

С) өндіріс пен өнімді жаңарту арқылы даму;

D) бұрынғы техника негізінде өндіріске қосымша факторларды тарту;

Е) өндіріс құрылымын өзгерту.

G) жаңа кәсіпорындарды салу және капитал салымдарын арттыру

H) жұмыс орындарының санын көбейту негізінде даму;

I) жаңа технология негізінде өндіріс факторларын тиімді пайдалану арқылы өндірісті кеңейту;

31. Ұдайы өндірістің интенсивті түрін не сипаттайды:

А) жаңа технология негізінде өндіріс факторларын тиімді пайдалану арқылы өндірісті кеңейту;

В) жаңа кәсіпорындарды салу және капитал салымдарын арттыру;

С) капитал салымдарының өсуі;

D) жұмыс орындарының санын көбейту негізінде даму;

Е) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құрып, жаңарту.

G) технологияны өзгерту;

H) өндіріс пен өнімді жаңарту арқылы даму;

I) бұрынғы техника негізінде өндіріске қосымша факторларды тарту;

32. Аралас экономикасы не сипаттайды:

А) нарық күштері мен мемлекеттің қатысу негізінде қалыптасқан экономиканың мемлекеттік және жеке секторының біртұтастығы;

В) мемлекеттік және жеке экономика салаларының нарық механизмі негізінде қатар өмір сүруі;

С) әміршіл- әкімшілдік механизм негізінде экономиканы бір орталықтан жоспралы түрде басқару;

D) ресурстарға жеке меншік, экономикалық іс-әрекетті бағыттауда нарық жүйесі мен бағаны пайдалану;

Е) экономикалық іс-әрекеттердің тек нарық механизмі арқылы үйлестірілуі

Ж) мемлекеттің экономикаға араласуы, мемлекет пен бизнестің арасындағы тығыз өзара байланыстың болуы

Н) экономиканың дәстүрлер, натуралды шаруашылық түрі арқылы ұйымдастырылуы

І) сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке арқылы экономиканың өзін-өзі реттеуі

33. Дәстүрлі экономика үшін не сипаттас емес:

А) ұлғаймалы ұдайы өндіріс;

В) өндіріс күштерінің төменгі даму деңгейі;

С) өндіріс қатынастарының салт-дәстүр, тәжірибе негізінде құрылуы;

D) натуралды өндіріс пен ұжымдық меншік формаларының үстемдігі;

Е) құқықтық заңнама негіздерінің әлсіздігі.

Ж) тауарлы өндіріс және жеке меншік формаларының үстемдігі;

Н) өндіріс күштерінің жоғарғы даму деңгейі

І) көп укладты артта қалған жүйе;

34. Дәстүрлі экономикаға тән белгілер:

А) ұлғаймалы ұдайы өндіріс;

В) өндіріс күштерінің төменгі даму деңгейі;

С) өндіріс қатынастарының салт-дәстүр, тәжірибе негізінде құрылуы;

D) натуралды өндіріс пен ұжымдық меншік формаларының үстемдігі;

Е) құқықтық заңнама негіздерінің жоғары даму дәрежесі.

Ж) тауарлы өндіріс және жеке меншік формаларының үстемдігі;

Н) өндіріс күштерінің жоғарғы даму деңгейі

І) экономиканың бір орталықтан басқарылуы;

35. Натуралды шаруашылық үшін не сипатты емес:

А) бөлшектенбеген толық қол еңбегі;

В) ұйымдық-экономикалық қатынастар жүйесінің тұйықтылығы;

С) өндіріс пен тұтынудың тікелей байланысы;

D) еңбек бөлінісі және мамандану;

Е) өнімді сатуға емес, тұтыну үшін өндіру.

Ж) өнімдер рынок арқылы өндірушілер мен тұтынушылар арасын байланыстырады

Н) шаруашылықтың жабық болуы;

І) жеке шаруашылық шеңберінде өндіріс пен айырбастың тікелей байланысы;

36. Тауарлы өндірісті не сипаттайды:

А) өнімді сату үшін өндіретін шаруашылықтың ұйымдастырылған формасы;

В) өндіріс пен тұтынудың тікелей байланысы;

С) өнімнің натуралдық формада болуы;

D) еңбектің бөлінбегендігі;

Е) шаруашылықтың тұйықтылығы.

Ж) шаруашылықтың ашық болуы;

Н) еңбек бөлінісі және мамандану;

І) ұйымдық-экономикалық қатынастар жүйесінің тұйықтылығы;

37. Келтірілгендердің қайсысы тауар болады:

А) айырбастау үшін өндірілген игілік;

В) табиғаттың жемісі;

С) экономикалық емес игілік;

D) өзінің тұтынуы үшін өндірілген өнім;

Е) пайдалы зат.

Ж) адам еңбегінің нәтижесі

Н) адамның қажеттілігін қанағаттандыратын зат

І) натуралды өнім

38. Нарықты шаруашылықтың негізгі субъектілері:

А) үй шаруашылықтары

В) өнеркәсіп, сауда және қаржы капиталистері;

С) жалдамалы жұмысшылар, капиталистер, жер иелері;

D) өндіріс факторларының иелері;

Е) кәсіподақтар, кәсіпкерлердің бірлестігі, мемлекет құрылымдары.

Ж) бизнес

Н) мемлекет;

І) жалдамалы жұмысшылар, мемлекет құрылымдары, кәсіподақтар

39. Келтірілген белгілердің қайсысы нарық механизмнің құрылымына кірмейді:

А) бәсеке;

В) сұраныс;

С) ұсыныс;

D) жоспарлау;

Е) баға.

Ж) директивалық баға жүйесі

Н) бәсекелік орта

І) орталықтандыру

40. Жетілген бәсеке ұғымы қандай жағдайды білдіреді:

А) нарықта біртекті өнім шығаратын және бағаның қалыптасуына ықпал жасай алмайтын көптеген ұсақ фирмалардың болуы;

В) экономика саласында әртүрлі үлгіде өнім шығаратын фирмалардың болуы;

С) өнімді ағымдағы баға бойынша сатып алатын көптеген тұтынушылардың болуы;

D) барша сатушылар және сатып алушылар нарық туралы ақпаратпен толық қамтамасыз етілген жағдайды;

Е) бірнеше өте ірі фирмалар үстемдігін орнатқан рынок.

Ж) шектеулі бәсекелік рынок

Н) нарықта тауар бағалары сұраныс пен ұсыныс арақатынасы арқылы стихиялы түрде қалыптасады

І) біртекті немесе әртүрлі үлгіде өнім өндіретін санаулы ірі фирмалардан тұратын нарықтық құрылым;

41. Олигополия – бұл:

А) біртекті немесе әртүрлі үлгіде өнім өндіретін санаулы ірі фирмалардан тұратын нарықтық құрылым;

В) бірнеше ірі сатып алушылардан тұратын нарықтық құрылым;

С) еркін бәсекелік рынок;

D) шектеулі бәсекелік рынок;

Е) нарықтық билігі жоқ сатушылар мен сатып алушылардан тұратын рынок.

Ж) баға жүйесі өзара құпия келісім арқылы белгіленетін құрылым

Н) нарыққа кіру көптеген қаржыны талап ететін құрылым

І) нарықта біртекті өнім шығаратын және бағаның қалыптасуына ықпал жасай алмайтын көптеген ұсақ фирмалардың болуы;

42. Жетілген бәсекелік және монополиялық бәсекелік рыноктардың ортақ белгілері қандай:

А) рынокта көптеген сатушылар және сатып алушылар бар;

В) біртекті тауарлар сатылады;

С) әртүрлі үлгідегі тауарлар сатылады;

D) технология деңгейі өте жоғары;

Е) әрбір фирманың жаңа өніміне абсолютті икемді сұраныс қалыптасады.

Ж) ешбір фирма бағаның қалыптасуына ықпал жасай алмайды

Н) бағаны қалыптастыруда мемлекеттің ролі басым

І) рынокқа кіруге көптеген кедергілердің болуы

43. Сұраныс заңы нені білдіреді:

А) тауар бағасы мен осы тауарға деген сұраныс көлемің арасындағы кері байланысты;

В) сұраныстың тауар бағасына тікелей тәуелді болуын;

С) сұраныстың бағаға тәуелділігін;

D) сұраныстың бағадан басқа факторларға тәуелділігі;

Е) бағаның сұраныстан тәуелділігі.

Ж) сұраныстың бағаға кері тәуелділігін;

Н) баға неғұрлым төмендеген сайын сұраныс мөлшері соғұрлым артады

І) баға неғұрлым жоғарылаған сайын сұраныс мөлшері соғұрлым артады

44. Тауарлар нарығы тепе-теңдік жағдайда болады, егер:

А) ұсыныс сұраныстан артық болса;

В) сатып алушылар мен сатушылар саны өзгермесе;

С) сұраныс ұсыныстан артық болса;

D) бағаны сатып алушылар да, сатушылар да қабылдаса;

Е) сұраныс көлемі және құрылымы ұсыныстың көлемі мен құрылымына тең болса.

Ж) сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының қиылысу нүктесінде

Н) ұсыныс пен сұраныстың сәйкес келмеуі

І) белгілі бір баға деңгейінде сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келуі

45. Ұсыныс заңы білдіреді:

А) баға мен сатылушы тауар көлемінің арасындағы тікелей байланысты;

В) баға мен сатылатын тауар көлемі арасындағы кері байланысты;

С) бірін бірі толықтырушы және алмастырушы тауарлардың байланыстарын;

D) әрбір тауардың икемділік шамасын;

Е) ұсыныстың ресурстар бағасына тәуелділігін;

Ж) тауар бағасы мен рынокқа ұсынылатын тауар көлемі арасындағы тіке байланыс,

Н) егер тауар бағасы өссе, онда рынокқа шығарылатын өнімдер санының артуын;

І) ұсыныстың бағадан басқа факторларға тәуелділігі;

46. Өндіріс факторларының иесі келесі табыс түрлерін алады:

А) еңбек ақы

В) зейнетақы, стипендия,

С) ренталық төлемдер

D) еңбек ақы және пайда;

Е) субсидия, сақтандыру төлемдері;

Ж) рента, процент

Н) пайда

І) трансферттік төлемдері

47. Өзгермелі шығындарға төменде келтірілген шығындардың қайсысы жатпайды:

А) амортизация;

В) еңбек ақы;

С) шикізат шығындары;

D) электроэнергия үшін төлемдер;

Е) материалдар үшін төлемдер.

Ж) арендалық төлемдер;

Н) фирма басшысының жалақысы;

І) тасымалдау шығындары;

48. ЖҰӨ құрамына кіргізіледі:

А) корпорациядан облигациялар;

В) үй шаруашылығындағы ішкі қызмет;

С) жергілікті кітап дүкеніндегі жаңа оқулықтың құны;

D) көршіден ескі машинасын сатып алу;

Е) елдің табиғи байлықтары.

Ж) құрылыс компаниясының сатылымға түскен пәтерлер құны;

Н) ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарықтық құны;

І) аралық өнімдер бағасы;

49. ЖІӨ –нің құны тең:

А) бір жылда ел резиденттерінің өндірілген түпкі өнімдеріне;

В) аралық өнімдерге;

С) қайталанып сатылған өнімге;

D) бір жылда ұлттық капитал өндірген түпкі өнімдерге;

Е) ұлттық капитал өндірген аралық өнімдер мен түпкі өнімдерге.

Ж) бір жылда ел территориясында өндірілген түпкі өнімдер мен қызметтерге;

Н) түпкі өнімдер мен қызметтердің нарықтық құнының бір жыл ішіндегі ел ішіндегі жиынтығы;

І) бір жылда шетелдегі ел резиденттерінің өндірген түпкі өнімдеріне;

50. ҚР аймағында орналасқан кәсіпорынға салған Америка азаматының салған салымынан түскен табыс (дивиденд)АҚШ-на аударылған болса, онда ол:

А) Қазақстанның ЖІӨ-не, ал АҚШ-тың ЖҰӨ-не кіреді;

В) ҚР-ның ЖҰӨ-не кіреді;

С) ҚР-ның ЖІӨ-не қосылады;

D) АҚШ-ның ЖІӨ-не қосылады;

Е) ҚР-ның және АҚШ-ның ЖІӨ-не қосылады.

Ж) АҚШ-тың ЖҰӨ-не қосылады;

Н) Қазақстанның ҰТ-на кіреді;

І) АҚШ-тың ҰТ-на кіреді;

51. Орталықтан жоспарланатын экономиканы не сипаттайды:

А) еркін бәсеке;

В) меншік түрлерінің көпформалы болуы;

С) ресурстар мен капитал салымдарын жоспарлы бөлу;

D) нарық реттегіштерінің ісі;

Е) тұйықтық.

Ж) меншік иелерінің экономикалық еркіндігі мен жауапкершілігі;

Н) директивалық баға жүйесі;

І) ұлттық өндіріс көлемін жоспарлау;

52. Экономикалық өсуді өлшейтін көрсеткішті белгілеңдер:

А) нақты ЖҰӨ немесе ЖІӨ өсу қарқыны;

В) капиталдың өсу қарқыны;

С) капиталдың органикалық құрылымының өсуі;

D) номиналды ЖІӨ өсу қарқыны;

Е) номиналды ЖҰӨ өсу қарқыны.

Ж) елдің экономикалық әлеуеті;

Н) елдегі өндірілген нақты тауарлар мен қызметтер құнымен;

І) экономикалық дамумен;

53. Қандай адам жұмыссыз деп саналады:

А) жұмыс істегісі келетін, бірақ мамандығына сәйкес қызмет орнына тұруға мүмкіншілігі жоқ адам;

В) жұмысы жоқ адам;

С) жұмысқа жарамсыз адам;

D) жұмыс істемейтін, жәрдемақы алмайтын адам;

Е) осы мерзімде жұмыс істемейтін

Ж) белгілі бір себептерге байланысты жұмыстан шыққан, бірақ жұмыс табуға үміткер адам

Н) жұмысқа қабілеті бар, жұмыс іздеп жүрген адам;

І) зейнеткерлік жасына жеткендер;

54. Филипс қисық сызығының мәні неде:

А) экономикалық циклмен инфляция арасындағы байланыс;

В) ақша ұсынысымен жұмыссыздық арасындағы тікелей байланыс;

С) процент деңгейімен жұмыссыздық арасындағы кері байланыс;

D) жұмыссыздықтың деңгейімен инфляция деңгейі арасындағы кері байланыс;

Е) нақты процент кесімімен инфляция арасындағы байланыс;

Ж) инфляция деңгейі өскен сайын жұмыссыздық деңгейі төмендегенін көрсетеді;

Н) инфляция мен жұмыссыздық арасындағы кері тәуелділікті;

І) жұмыссздық пен инфляция деңгейлерінің қатар өсетіндігін көрсетеді;

55. Жетілмеген бәсеке бұл:

А) монополиялық бәсеке

B) жетілген бәсеке

С) таза бәсеке

D) еркін кәсіпкерлік

Е) олигополия

Ж) таза монополия

Н) монопсония

І) олигопсония

56. Қандай жағдайда нарықта монополияның үстемдігі орын алады:

А) қандайда бір тауарды бір ғана сатушы ұсынатын болса

В) рынок белгілі барьермен шектелсе

С) белгілі тауарды алмастыратын басқа тауарлар болмаса

D) белгілі салаға басқа фирмалардың кіру мүмкіндігі болмаса

Е) рынокқа көптеген тауарлар ұсынылса

Ж) рынокқа шығарылатын тауарлар көлемін бірнеше фирма бақыласа

Н) белгілі бір саладағы көптеген сатушылардың болуы

І) ірі бірнеше фирманың рынокты өзара бөліп алуы;

57. Кез-келген мемлекеттің монополияға қарсы шаралары:

А) бәсекені қорғауға және қолдауға бағытталған

В) бәсекелік ортаның дамуына кедергі жасау

С) тұтынушылар мүддесін қорғау және шағын, орта бизнестің дамуын қорғау болып табылады

D) табиғи монополистердің іс-әрекетіне бақылау болып табылады

Е) рыноктағы әрекет ететін фирмалар санын шектеу

Ж) бір ғана ірі фирмаға қызмет етуге мүмкіндік беру

Н) тек бірнеше фирмаға қызмет етуге мүмкіндік беру

І) тұтынушылардың таңдау мүмкіншілігін шектеу

58. Нарық инфрақұрылымына не кіреді:

А) банктер

В) жәрменкелер

С) валюта, қор биржалары

D) сақтандыру компаниялары

Е) ломбардтар

Ж) Ұлттық банк

Н) халықаралық ұйымдар

І) сауда орталықтары

59. Монополия-бұл:

А) нарықтағы кедергілердің көптігімен байланысты сол салаға кірудің мүмкіндігін болдырмайтын құрылым

В) тек қана жалғыз сатып алушы әрекет ететін нарық құрылымы

С) бірнеше өндірушілердің бір-бірімен бәсекелесетін нарық құрылымы

D) тек бір ғана ірі фирма-өндіруші әрекет ететін нарық құрылымы

Е) өнім бағаларына бақылау қоятын нарық құрылымы

Ж) рынокты бірнеше фирмалардың бөліп алуын болдыртатын нарық құрылымы

Н) көптеген сатушылар мен сатып алушылар әрекет ететін нарық құрылымы

І) өнім бағаларына бақылау қою мүмкін емес нарық құрылымы

60. Сұраныс қисығының өзгерісіне қандай фактор әсер етпейді?

А) тұтынушылардың қалауы мен талғамы

В) ұлттық табысты бөлу

С) тауар бағасы

D) тұтынушылар саны

Е) жаңа технологияны енгізу

Ж) салықтар мен дотациялар

Н) халықтың күтуі

І) өзара орын алмастыратын және өзара орын толықтыратын тауарлардың болуы

61. Ұсыныс қисығының оңға ығысуы мынаның нәтижесінде болады:

А) осы тауарды өндіруге қажетті ресурстарға бағаның төмендеуі

В) еңбек өнімділігін арттыратын жаңа технологияны енгізу

С) инфляцияны күту

D) тауар мен қызметтерге бағаның төмендеуі

Е) өндіріс құлдырауы

Ж) дотациялардың өсуі

Н) салықтардың өсуі

І) жабдықтаушылар санының азаюы

62. Егер рыноктық баға тепе-теңдік бағадан төмен болса, онда:

А) тауарды артық өндіру басым болады

В) тауар тапшылығы орын алады

С) рынокта сатып алушылар тобы қалыптасады

D) ресурстар бағасы төмендейді

Е) өндіріс нарығын қалыптастырады

Ж) тауарға деген сұраныстың бірден артып кетуі

Н) тауарға деген сұраныстың оның ұсынысынан артық болуы

І) тауарға деген ұсыныстың оның сұранысынан артық болуы

63. Кәсіпкерліктің қай формасында кәсіпкердін өзінің мүлкіне және пайдаланатын капиталына мүліктік жауапкершілік таралады:

А) жеке кәсіпкерлік

В) серіктестік

С) толық серіктестік

D) аралас серіктестік

Е) акционерлік қоғам

Ж) кооперативтер

Н) шағын кәсіпкерлік

І) орта кәсіпкерлік

64. Негізгі капитал ұғымына не кіреді:

А) станоктар, машиналар, құрал-жабдықтар

В) құрал-жабдықтар, инструментер

С) ғимараттар

D) жалақы

Е) шикізаттар

Ж) қосалқы материалдар

Н) отын, энергия

І) жылу

65. Фирманың тұрақты шығындары бұл:

А) өндірілген өнімнің мөлшеріне қатысы жоқ шығындар

В) шикізат, материалдар,энергияға, жалақыға т.б. да ресурстарға мезгіліндегі бағамен сатып алуға кеткен шығындар

С) фирма өнім өндірмеген жағдайда да болатын шығындар

D) нақты емес шығындар

Е) басқарушы, қауіпсіздік қызметкерлері еңбек ақысы және салық төлемдеріне байланысты шығындар

Ж) айқын және айқын емес шығындар қосындысы

Н) өндірілген өнім көлемімен тікелей байланысты шығындар

І) өнімді өндіру және тасымалдаумен байланысты шығындар

66. Фирманың өзгермелі шығындары бұл:

А) өндірілген өнімнің мөлшеріне қатысы жоқ шығындар

В) шикізат, материалдар,энергияға, жалақыға т.б. да ресурстарға мезгіліндегі бағамен сатып алуға кеткен шығындар

С) фирма өнім өндірмеген жағдайда да болатын шығындар

D) нақты емес шығындар

Е) басқарушы, қауіпсіздік қызметкерлері еңбек ақысы және салық төлемдеріне байланысты шығындар

Ж) айқын және айқын емес шығындар қосындысы

Н) өндірілген өнім көлемімен тікелей байланысты шығындар

І) өнімді өндіру және тасымалдаумен байланысты шығындар

67. Өндіріс шығындарының төмендеуіне мына факторлардың қайсысы әсер етеді:

А) ғылыми техникалык жетістіктерді пайдалану

В) экономикалық ресурстар тапшылығы

С) өндіріс режимі мен технология тәртібін сақтау

D) өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру

Е) өндіріс факторларын өндіріс процесіне артығымен тарту процесі

Ж) ҒТЖ-ның өндіріс процесінде пайдаланылмауы

Н) жетілдірілген техника мен технологияның өндірісте толық қолдана алмау

І) өндірістегі басқару тетіктерінің жетілдірілуі

68. Жалақы бұл:

А) еңбек ақының акорттық жүйесі

В) еңбекті пайдаланғандағы төленетін еңбек бағасы

С) жұмыс күші бағасы және құнның өзгерген формасы

D) жұмысшылардың өз еңбектеріне алған ақша сомасы

Е) жұмыс күші сұранысына төлем

Ж) жұмыс күші ұсынысына төлемақы

Н) жұмыс күшінің еңбек нарығындағы қызметтері

І) еңбек ақының мерзімдік жұйесіне төлем

69. Кәсіподақ қызметі бұл:

А) жалақыны көтеру

В) еңбек қауіпсіздігін көтеру

С) еңбек жағдайын жақсарту

D) еңбекке сұраныстың деңгейі

Е) еңбек жағдайына талдау жасау

Ж) еңбекке ұсыныстың деңгейін анықтау

Н) тұтынушылар талғамына мүмкіндік жасау

І) тұтынушылардың қауіпсіздігін және құқығын қамтамасыз ету

70. Ұлттық есептеу жүйесінің басты көрсеткіштері

А) жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ)

В) жалпы ішкі өнім (Ж ІӨ). ұлттық байлық (ҰБ)

С) таза үлттық өнім (ТҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), Ұлттық байлық

D) табиғи және экономикалық ресурстар саны

Е) өндіріс факторлары

Ж) жан басына шаққандағы ЖІӨ

Н) экономикалық цикл

І) инфляция

71. Жалпы ұлттық өнім бұл:

А) белгілі елдің азаматтарының өз елінде және шет елдегі өндірген

барлық тауармен қызметтердің соңғы құны

В) елдің ішіндегі резиденттік және резиденттік емес субъектілермен

өндірілген барлық тауар мен қызметтердің соңғы құны

С) белгілі елдің әр отбасындағы жеке тұтыну үшін өндірілген

барлық тауар мен қызметтердің соңғы құны

D) белгілі елдін азаматтарының өз елінде және шет елде астыртын экономикада өндірілген барлық тауармен қызметтердің соңғы құны

Е) белгілі елдің фирмасының басқа елдегі өндірген тауарлары мен қызметінің сонғы құндары

Ж) шетелдегі және ел ішіндегі резиденттік субъектілердің бір жыл ішіндегі өндірген өнімдер мен қызметтердің нарықтық құндарының қосындысы

Н) отандық кәсіпорындардың шет елде және елде өндірген барлық тауалар мен қызметтердің сомасы

І) белгілі бір елдің фирмасының өз елінде өндірген дайын тауарлары мен қызметінің барлық сомасы

72. Нақты ЖҰӨ, бұл:

А) өзгермейтін базалық бағаға есептелген ЖҰӨ, яғни инфляцияның деңгейіне бейімделген

В) ағымдағы рыноктық бағаға есептелген ЖҰО

С) экспорттық бағаға есептелген ЖҰӨ

D) ресми базалық бағаға есептелген ЖҰО

Е) есептік баға базасында есептелген ЖҰӨ

Ж) номиналды ЖҰӨ-нің ЖҰӨ дефляторына қатынасы

Н) номиналды ЖҰӨ-нің бағалар индексіне, яғни бағалар өзгерісін сипаттайтын көрсеткішке қатынасына

І) ағымдық бағалардың базалық бағаларға қатынасына

73. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) жалпы ұлттық өнімнен(ЖҰӨ) айырмашылығы:

А) ЖҰӨ. ЖІӨ-нен берілген ел резиденттерінің шетелде алатын табыстары мен берілген ел территориясындағы шетел резиденттерінің табыстары арасындағы сальдо мөлшеріне өзгешеленеді

В) ЖҰӨ-ге берілген ел территориясында орналасқан ұлттық резиденттерінің өндірген және сатқан барлық дайын тауарлар мен қызметтер ғана кіреді

С) ЖІӨ-бұл өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің сомасы және ЖҰӨ-нен айырмашылығы, ол сатылған барлық тауарлар мен қызметтердің сомасы

D) ЖҰӨ, ЖІӨ-нен берілген елдің занды және жеке тұлғалардың шетелде алған табыстары мөлшеріне өзгешеленеді

Е) ЖҰӨ, ЖІӨ-нен берілген шет елдің занды және жеке тұлғаларының осы ел территориясында алған табыстары мөлшеріне өзгешеленеді

Ж) ЖҰӨ, ЖІӨ-ге сыртқы экономикалық операциялардан түскен табыстар кірмейді

Н) ЖІӨ, ЖҰӨ-нен ел территориясындағы шетелдік резиденттер өндірген өнімдер шетелдегі ұлттық резиденттер өндірген өнімдерден алынып тасталады

І) ЖІӨ-ге берілген ел территориясында орналасқан ұлттық резиденттерінің өндірген және сатқан барлық дайын тауарлар мен қызметтер ғана кіреді

74. Мемлекеттің жұмыспен қамту саясаты мына негізгі бағыттармен іске асырылады:

А) жұмыспен қамту сұрақтарын реттейтін құқықтық негізінің құрылуы

В) мамандарды оқыту, қайта оқыту және олардың біліктілігін жоғарылату, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау

С) демографиялық процесстердің және халықаралық жұмыс күшінің ағымының реттелуі

D) жұмыссыздық деңгейін анықтау

Е) Жұмыссыздық себептерін айқындау және оның деңгейін есептеу

Ж) жұмыссыздықтың құрылымын талдау

Н) жұмыссыздарға жәрдемақы беру

І) Жұмыс күшіне деген сұранысты қарастыру

75. Мына аталған бағыттардың қайсысы еңбек биржасының қызметін сипаттайды:

А) жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы делдалдық қызмет

В) жұмыссыздарды және бос жұмыс орындарын тіркеу

С) жұмыс іздейтіндерді жұмысқа орналастыру

D) жұмысшылардың кәсіптік бағыты (ориентация)

Е) жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау

Ж) жұмыскерлердің біліктілігін бағалау

Н) жұмысқа орналасуға байланысты кеңестер беру

І) жұмыс берушілерді мен жұмысшыларды тіркеуден өткізу

76. Оукен заңының мәні мынада:

А) жұмыссыздықтың нақты деңгейің оның табиғи деңгейінен 1%-ке артып кетуі ЖҰӨ көлемінің 2,5 есе төмендеуіне алып келеді

В) жұмыссыздық деңгейінің ЖҰӨ көлеміне әсері

С) жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ арасындағы байланысты

D) жұмыссыздық деңгейінің инфляцияға әсері

Е) экономикалық циклдің жұмыссыздық деңгейіне әсері

Ж) ақша-несие саясатының жұмыссыздыққа әсері

Н) салық жүйесіндегі өзгерістердің жұмыссыздыққа әсері

І) жұмыссыздық деңгейінің экономикалық өсуге әсері

77. Инфляция-бұл:

А) ақшаның құнсыздануы

В) ақшаның сатып алу қабілетінің түсуі

С) сұраныс және ұсыныстың теңдігі

D) халықтың өмір сүру денгейінің төмендеуі

Е) ақша массасының артуы

Ж) несиенің көптеп берілуі

Н) ақша айналымы жылдамдығынаң артуы

І) тауар бағаларының өсуі

78. Инфляцияның қандай салдары сізге мәлім?

А) процент ставкасының арттырылуы

В) бағалардың өсімі, халықтың әл-ауқаттылығының нашарлауы

С) өндірістің төмендеуі (спад), өмір сүру деңгейінің төмендеуі

D) сыртқы тауар айналысының өзгерісі

Е) тауар бағаларының өсуі

Ж) ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуі

Н) пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі

І) артық ақшалардың көбеюі

79. Экономикалық өсу нәтижесі көрінеді:

А) экономикалық циклдің қайталануынан

В) ҰТ-пен ЖҰӨ-нің өсу карқынынан

С) халықтын өмір сүру денгейі мен олардың тұтынуын қамтамасыз етуден

D) ЖІӨ жәнеҰБ-тың өсу қарқынынан

Е) инфляция деңгейінен

Ж) жұмыссыздық деңгейінен

Н) ақша массасының өсуінен

І) инвестициялардың өсуінен

80. Экономикалық өсу өлшенеді:

А) белгілі бір уакыт мерзімінде ұлттық өндірістің нақты көлемінің ұлғаюы

В) белгілі бір уақыт мерзімінде нақты өндіріс көлемінің халық санына байланысты ұлғаюы

С) нақты ұлттық өндіріс көлемінің артуы

D) экономикалық коньютураның ауытқуынан

Е) шығарылған өнімнің бір данасына шаққандағы нақты ЖҰӨ өсуі

Ж) инфляция деңгейінің төмендеуінен

Н) техника мен технологияның даму деңгейінен

І) экспорттың ұлғаюымен

81. Несие мына қызметтерді атқарады:

А) қайта бөлу

В) айналым шығындарын үнемдеуіне әсер етеді

С) капиталдың орталықтандыруын және шоғырландыруын тездету

D) бөлушілік

Е) реттеушілік

Ж) мобилизация

Н) фискалды

І) монетарлық

82. Банктің пассивті операцияларына жататындар:

А) жеке құнды қағаздардың шығарылымы

В) басқа банктерден кредит алу

С) құралдарды (средства) орналастыруға байланысты операциялар

D) сақтандыру және депозиттік салымдарды тарту

Е) депозиттік есеп шотын енгізу операциясы

Ж) қаржылық активтердің шоғырландырылуы

Н) кредиттердің шаруашылық субъектілеріне берілуі

І) құнды қағаздар сатылымы

83. Несие беру қағидаларын атыңыз

А) қайтарымдылық

В) ақылылық

С) мерзімділік

D) төлемділік

Е) қор жинаушылық

Ж) айналымдылық

Н) қайтарымсыздық

І) ұзақ мерзімділік

84. Төменде көрсетілгендерден мемлекеттік бюджет шығындарының бабын атаңыз:

А) әкімшілік —басқару шығындар

В) мемлекеттік қарыздар бойынша төлемдер

С) әлеуметтік қызметтерге шығындар: жәрдем ақы, зейнетақы, білім беру, қорғаныс, сақтандыру

D) елдін қорғаныс қабілетін күшейту

Е) банкке салынатын салымдар

Ж) салықтар

Н) операциялардан түсімдер

І) халықтың тұтыну шығындары

85. Мемлекеттік бюджет тапшылығы кандай жағдайда қалыптасады:

А) мемлекеттің активтерінің сомасы оның міндетті төлемдерінен басым болғанда

В) мемлекет шығындарының сомасы салық түсімдерінің сомасынан басым болғанда

С) мемлекеттің шығындары жоғарылағанда

D) салық түсімдерінің сомасы кысқарғанда

Е) салық түсімдерінің соммасы мемлекеттік шығындар соммасынан асып түскенде

Ж) мемлекет шығындары оның кірісінен жоғары болғанда

Н) трансферттік төлемдердің ұлғаюында

І) міндетті төлемдердің артуында

86. Мемлекеттік қарыз қандай экономикалық салдарға әкелуі мүмкін:

А) ұлттық экономиканың өндірістік мүмкіндіктерінің қысқаруы

В) өмір сүру деңгейінің төмендеуі

С) ұлттық байлықтың қоғам мүшелерінің арасында қайта бөлінуі

D) инфляция деңгейінің өсуіне

Е) дағдарыстың қайталануына

Ж) ЖҰӨ-нің төмендеуіне

Н) Ұлттық байлықтың артуына

І) ЖІӨ-нің артуына

87. Аталған қай функциялар салықтың ел экономикасындағы функциясын атқарады;

А) фискалды

В) шоғырландыру

С) реттеуші (экономиканың мемлекеттік реттелуі)

D) қайта бөлу

Е) қаржыны орталықтандыру

Ж) бөлу

Н) ынталандыру

І) ақпараттық

88. Төменде көрсетілген қай салықтар жанама салықтарға жатады:

А) сыйлықтарға және мұраға салықтар

В) бірлестік пайдасына салық

С) қосымша құн салығы (НДС)

D) жеке табысқа салық

Е) жылжымайтын мүлік салығы

Ж) баж салықтары

Н) акциздер

І) табысқа салынатын салықтар

89. Төменде көрсетілгендердің қайсысы мемлекеттік бюджет табысына жатпайды:

А) мұраға салықтар

В) еркін капитал нарығындағы құралдарды тартудан түскен таза түсімдер

С) халыққа берілетін трансферттік төлемдер

D) баж салықтары

Е) қосымша құн салығы

Ж) әлеуметтік мақсаттарды көздейтін төлемдер

Н) ғылым, білім саласын дамытуға бөлінген қаржылар

І) бірлестік, кәсіпорын пайдасына салық

90. Табыстар индексациясы бұл:

А) еңбек өнімділігіне жағдай жасайды

В) әртүрлі әлеуметтік категориядағы адамдар табыстары теңсіздігінің қысқаруына мүмкіндік туғызады

С) белгіленген табысы бар адамдардың өмір сүру деңгейін қолдау үшін пайдаланады

D) әлеуметтік теңсіздікті күшейтуге апарады

Е) жеке тұлғаның қалыпты дамуына әсер етеді

Ж) өндірістік салаларда белгіленген табысы бар адамдардың тұтыну бағалары мен жалақының өсу индекстерінің айырмасына байланысты жүргізілетін іс- шара

Н) бюджет сферасында жұмыс істейтіндердің табыстарының орнын толтыруға бағытталған

І) күнкөріс минимумын ескерген кездегі іс-әрекет

91. Экономикалық циклдің тоқырау фазасының негізгі белгілерін атаңыз

А) жаппай жұмыссыздық

В) төмен еңбекақы

С) несие капиталының төменгі деңгейі

D) инвестициялардың өсуі

Е) жинақтаудың төмендеуі

Ж) инфляция деңгейінің төмендеуі

Н) кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы

І) халықтың тұрмыс деңгейінің қалыпты болуы

92. Кәсіпкерлік – бұл:

А) меншіктен ажыратылмайды.

В) тәуекелділікпен байланысты іс-әрекет.

С) өндіріс факторларын өзара қосатын және жаңашылдық пен тәуекелдікті қажет ететін қызметті түрі.

D) болжамсыз қызмет.

Е) кез келген бизнес

Ж) экономикалық еркіндігі мен жауапкершілігі бар, заңға қайшы келмейтін қызмет

Н) шағын бизнес

І) орта, ірі бизнес

93. Трансферттік төлемдерге жатқызуға болады:

А) Мемлекеттің тауар алуына кеткен шығындар

В) Мемлекеттің қорғанысына кеткен шығындар.

С) Зейнетақы

D) Мемлекеттің бюджеттен төленетін жалақылық төлем

Е) Мемлекеттік басқару аппаратына кеткен шығын

Ж) стипендия

Н) әлеуметтік мақсаттағы жәрдемақылар

І) экономиканың кейбір салаларына бөлінетін қаржылар

94. Аралас экономикада:

А) тауар мен қызмет мемлекеттік кәсіпорындарда да, жеке меншік кәсіпорындарды да өндіріледі

В) өкімет билік етеді немесе барлық компанияларды басқарады

С) экономикалық шешім дәстүр бойынша қабылданады

D) кедейлер мен байлар болады

Е) экономикалық мәселелер жартылай мемлекет, жартылай рынокпен шешіледі

Ж) әлеуметтік маңызы бар салалардағы мәселелерді мемлекет шешеді

Н) қоршаған ортаны қорғау және т.б. мәселелер рынокпен шешіледі

І) тек мемелекеттік нышандағы кәсіпорындар ғана қызмет етеді

95. Капиталдың ауыспалы айналымындағы капиталдың формаларын атыңыздар:

А) тауарлы

В) сауда капиталы

С) қарыз капиталы

D) жер капиталы

Е) тауарлы капитал

Ж) ақшалай

Н) өндірістік

І) авансталған капитал

96. Экономикалық интенсивті өсудің көздері:

А) жұмысшы санының өсуі

В) өндірістің жаңа факторларын қосу

С) қосымша материалдарды пайдалану

D) жаңа технологияны қолдану

Е) құрал-жабдықтың санының өсуі

Ж) еңбек өнімділігін арттыру

Н) өндірісті ұйымдастыру және басқару істерін жетілдіру

І) қосымша капиталды өндіріске тарту

97. Ұлттық табыс – бұл:

А) жалпы ұлттық өнім алынған амортизация

В) таза ұлттық өнім алынған жанама салықтар

С) жеке табыс қосылған трансфертті төлемдер

D) жеке табыс алынған салықтар

Е) тауарлар мен қызметтердің белгілі бір көлемі

Ж) қоғамдық жиынтық өнімнің жаңа құн түріндегі өндірілген бөлігі

Н) барлық өндіріс факторлары иелерінің алатын табыстарының мөлшерін сипаттайтын көрсеткіш

І) салықтарды төлгеннен кейін қалатын қолда бар табыс

98. Нарықтық экономика жүйе ретінде қалай мазмұндалады

А) жалпы меншік пен натуралды шаруашылыққа негізделген жүйе

В) өндіріс құралдарына жалпы меншік басым болатын жүйе

С) ұйымды экономикалық шешім қабылдауға негізделген жүйе

D) жеке меншікке, еркін таңдау мен бәсекеге негізделген жүйе

Е) экономиканы орталықтан басқаруға негізделген жүйе

Ж) шаруашылық субъектілерінің еркіндігіне, бәсекелі ортаны дамытуға негізделген жүйе

Н) жеке меншік пен тауарлы шаруашылыққа негізделген жүйе

І) салт-дәстүрлер мен натуралды шаруашылық түріне негіздлген жүйе

99. Коммерциалық банктер қызметіне жатпайды:

А) іскерлікті несиелендіру.

В) қағаз-ақша белгілерін эмиссиялау.

С) халықты несиелендіру.

D) кәсіпорынның ағымдағы шоттарын жүргізу.

Е) депозиттік операциялар.

Ж) әртүрлі несие түрлеріне байланысты қызмет көрсетулер

Н) алтын-валюта резервін сақтау

І) ашық рыноктағы операциялар

100. Ауыстыру (трансакциялық) шығындары – бұл:

А) өңдеу (трансформация) шығындары.

В) мәлімет іздеу, келісім – шарт жасау.

С) өндіріс шығындары.

D) тұрақты және өзгермелі шығындар.

Е) жоспарлау шығындары

Ж) меншік құқығын қорғау

Н) сақтандыру шарттары

І) тасымалдау шығындары

101. Әкімшілік-әміршілдік жүйенің негізгі белгілеріне не жатпайды?

  1. Мемлекеттік қордың әлеуметтік қорғалуға жұмсау

  2. жеке меншік өнім өндірісі

  3. мемлекеттік меншіктегі экономикалық ресурстар және өндіріс нәтижесі

  4. ұлттық өндіріс көлемін жоспарлау

  5. ұжымдық және мемлекеттік меншік негізіндегі экономика

  6. бизнесті қолдау шаралары

  7. бәсекелік ортаны дамыту

  8. қатаң реттелген баға белгілеу жүйесі

102. Жекешелендіру саясаты-бұл: