Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БКМ-УМКОнерТарих20_01_12.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.65 Mб
Скачать

4 Бөлім. Хх Ғасыр өнері

XX ғасыр мәдениеті

Адамзат тарихында XX ғасыр мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс соғыстарға, санқилы дағдарыстарға толы сындарлы заман болды. Ғылым мен техниканың қарышты қадамы, жарқын болашаққа деген сенім өркениетті дамыған елдерде біртұтас жалпы адамзаттық мәдениеттің дамып, қалыптасуына әсерін тигізбей қойған жоқ. Ғасыр аяғында планетамызда парасаттылық пен ізгіліктің кеңінен өріс алуы жалпы адамзаттық мәдениеттің дамуына және оның ұлттық түрлерінің нәрленуіне, олардың өзара қарым-қатынастарының жаңа арнаға түсуіне ерекше әсер етті. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, XX ғасыр мәдениетінің мазмұнын ашып көрсетуде екі басты мәселеге баса назар аударғанды жөн көрдік. Оның біріншісі, XX ғасыр мәдениеті дамуының басты бағыттары (XX ғасыр мәдениетінің қалыптасуының сабақтастығы мен дәстүрлері, қазіргі заман мәдениетінің тоқырауға ұшырауы мен одан шығу жолдары және бұл процестің түрлі мәдени концепцияларда көрініс табуы және т.б. мәселелері), екіншісі, XX ғасыр мәдениетінің жалпы адамзатық және ұлттық сипаты (жалпы адамзат мәдениеті қалыптасуының басты себептері және оның құндылықтары, жалпы адамзаттық және ұлттық диалектика және т.б.).

Бүгінгі таңда дүниежүзінде 200 мемлекетке жетіп, мыңдаған халықтарға бөлінген, саны жағынан 6 млрд. жеткен адамзат баласы 2 млн. жуық өсімдіктер мен жануарлардың бір түрі ғана. Адам баласы өмір сүрген кезден бастап мыңға жуық ұрпақ ауыстырған екен. Осынша халықтың ішінде екі адамның бір-біріне мүлде ұқсас болмай, өзіндік қайталанбас ерекшеліктерінің болуы да таңқаларлық жайт. Адам бір-бірінен жеке тұлға есебінде ерекшеленіп қана қоймайды, сонымен қатар топтық айырмашылықтарға да (жанұялық, жыныстық, жасына, мамандығына, ұлтына және т.б. қарай) тәуелді болып келеді. Осыншама айырмашылықтар бола тұрса да адамзат баласының басын біріктіретін не нәрсе? Ол – ең алдымен дүниенің тұтастығына негізделген «жалпы адамзаттық мәдениет».

«Дүниенің тұтастығы» дегеніміз – дүниежүзілік көлемде өндірісті дамыту мен әлемдік мәселелердің туындауы негізінде пайда болған адамдар мен халықтардың өзара тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. «Дүниенің тұтастығы – қазіргі замаңцағы адамзат пен бірыңғай жалпы адамзаттық мәдениеттің қалыптасуына негіз болды. Демек, адамзат баласының басын біріктіретін «жаңа заман мәдениетінің» тағдыры – адамзаттық құндылықтарға, гуманизмге, адам құқын қорғау қозғалысын дамытуға, ғылыми білім мен алдыңғы қатарлы технологияны дамытуға, ұлттық мәдениеттердің өзара байланысына, қоршаған орта мен өмірге, экологиялық қатынасқа тікелей байланысты. XX ғасыр дүниежүзінде түрлі мәдениеттердің өмір сүретіндігін жоққа шығарған, бірыңғайға келтірілген «гуманистік моно-мәдениеттің» екі үлгісін бастан кешірді. Оның біріншісі – «дүниежүзілік пролетарлық революция» (сталинизм) идеясы. Ол таптық құндылықтарды асыра бағалауға негізделген. Екінші модель, бір ғана ұлттық мөдениеттің, бір ғана ұлт пен мыңжылдық рейх (герман фашизмі) мемлекетінің үстемдігіне негізделді. Бұл жағдайлардың салдарынан миллиондаған адамдар қазіргі заман мәдениетінің жалпы адамзаттық сипаты туралы идеяны басқаша қабылдады. Осы себепті мәдениеттің «қарсы мәдениетке» айналуы етек алып, әлеуметтік қозғалыстың бұрмаланған түрі пайда болды. Осы орайда, жалпы адамзаттық мәдениетке апаратын қозғалыстың өте күрделі процесс екендігін ерекше атап өткен жөн. Орын алған қарама-қайшылықтарды шешуде түрлі мәдени бағыттарды, көзқарастарды, пікірлерді есепке алмасқа тағы болмайды. Жалпы адамзаттық мәдениет-жолындағы қайшылыққа толы алғашқы «Біз – Олар» жолы – өте күрделі процесс, ал бұл формулаға сүйенсек тағылық заманға қайтып оралған болар едік.

Жалпы адамзаттық мәдениет – көркемдік-поэтикалық, ғылыми, өндірістік қызметтің ең жетілген түрлері, әр түрлі халықтар мен ұрпақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір мен шындықты және дүниені танып білуінің бірыңғай тәсілдері. Адамзат баласы осы қағидалардың негізінде таптық және нәсілшілдік өшпенділігіне жол бермейтін, адам мен халықтар құқы бұзылмайтын, қайыршылық пен сауатсыздық, экономикалық және мәдени отаршылдықтан ада біртұтас өркениет қүруға бағытталуда. Мәдениеттің бүл үлгілері мәдениетті қалыптастыруда басты бағдар болып отыр. Адамзаттық мәдениеттің қалыптасуын халықаралық қауымдастық мүшелерінің құндылықтарының белгілі бір жүйесін жай ғана қабылдау деп, дәлірек айтқанда, түрлі мәдениет салаларын бірыңғайлау деп қарастыруға тағы болмайды.

Өйткені, мәселе аймақтық және ұлттық мәдениеттердің өзара рухани байланысуының өсуі туралы болып отыр. Уақыт өткен сайын түрлі халықтар мәдениеттерінің арасындағы байланыстардың арнасы кеңейе түсуде, бір мәдениет саласындағы өзгеріс басқаларына да өз ықпалын тигізуде. Ғаламдық мәдени жетістіктер дүниежүзіне кеңінен тарауда. Ендеше, біз ғылымдық гуманистік қүндылықтардың дамуының мүлде жаңа кезеңіне өткенімізді мойындауымыз керек. Біртұтас әлемдік өркениеттің қалыптасуының негізі – саяси-экономикалық және мәдени байланыстардың белең алуында жатыр. Соның негізінде жаңа сапалы жүйе – жалпы адамзаттық мәдениет қалыптасып, түрлі елдер мен халықтардың арасындағы байланыс нығая түсуде, тіпті біртұтас өркениеттің бір жағында болған мәдени тоқырау құбылыстары немесе жетістіктері басқа жақтарға да өз әсерін тигізбей қоймады. Мұндай құбылысқа қарап, дүниені қабылдау тәсілдері бір ізге салынып, мәдени нормалары бірыңғай жүйеге келтіріліп, ұлттық сипат жойылып бара жатыр деген ұғым туып қалмауы керек, өйткені әрбір ұлт, әрбір әлеуметтік топ жалпы адамзаттық мәдениет қорынан тек өзіне қажеттісін ғана, өзінің даму дәрежесіне сай келетін мәдени құндылықтарды өз мүмкіндігіне байланысты ғана қабылдайды. Ұлттық мәдениет дәстүрлерін сақтап қалу бағытының ерекше етек алып отырғандығы да жоғарьща айтылған ойымызды айқындай түсетін сияқты. Әрине, қазіргі өркениетті түрлі ғаламдық өркениеттердің басын жай ғана біріктіре салу деп түсіну мүлде қате болған болар еді. Бұл процесс әрі күрделі және толып жатқан қарама-қарсылықтарға толы болып келеді. Оған дәлел ретінде, қазіргі замандағы Батыс мәдениетіне Жапония мен Таяу Шығыстың басқа да елдерінің «өндірістік мәдениетінің» зор ықпалын келтіруге болады. Шындығында да, бұл аталған елдердің мәдениетіне негізделген қызметтің өндірістік түрлерінің Батыстың дәстүрлі құндылықтарымен салыстырғанда көптеген артықшылықтары бар екендігі айқын аңғарылады. Еңдеше, кәзіргі жалпы адамзаттық мәдениетті қалыптастырып, дамытуда мәдени құндылықтарды өзара байланыста игеру, мәдениетті дамытуды ғалымдық дәрежеге көтеру – бүгінгі таңдағы басты мәселе болмақ. Ал адамзаттың «біртұтас ғаламдық мәдениеті» мәселесінің ерекше қойылуының басты себептері қандай?

Біріншіден, адамзат тіршілігінің түрлері мен тәсілдерінің үлгілерінің терең өзгеріске ұшырауына байланысты ұлы әлеуметтік революция жүзеге асты. Оған дәлел ретінде, XX ғасырда дүниежүзілік көлемде дәстүрлі қоғамға тән «жеке еңбек етуден» – жалданып еңбек етуге, коллективте (ұжымда) еңбек ету және бақылау арқылы еңбек етуге көшу жүзеге асырылды. Жаппай урбанизация жағдайында адамдардың өмірді, қоршаған ортаны қабылдау тәсілдері мен түрлері өзгерді, халықтың өмір салты адам айтқысыз өзгерістерге ұшырады. Сөзіміз дәлелді болу үшін цифрлар келтірейік. XX ғасырдың басында Батыстың ең алдыңғы қатарлы тоғыз еліндегі өнеркәсіп саласында еңбек етушілер халықтың 43%-і болса, XX ғасырдың ортасында бұл көрсеткіш, яғни жалданып жүмыс істеушілердің саны 60%-ке жетті, өз кезегінде бүл көрсеткішпен қатар мүндай мемлекеттердің саны да арта түсті. Мұндай құбылыс дамушы елдерде етек алды, тіпті жалданып жұмыс істеушілердің саны жағынан олар Батыс елдерін басып озды. XX ғасырдың басында дүниежүзіндегі қала халқы адамзат баласьгның небәрі 3%-ін ғана құраса, XX ғасырдың ортасында олардың үлесі 28%-ке, ал 9 210 жылдары 40%-тен асып кетті. Кең байтақ мегополистер пайда болды. Мысалы, АҚШ-тың солтүстік-шығысында (көлемі 100 мың шаршы км., халқы 15 млн.), ЖапониядаХоккайдода (70– 50–700) және т.б. Қала мәдениеті жағдайында адамның мәдени жандүниесі күрделі өзгерістерге ұшырады.[2]. Қала халқының алдында өзіндік өзгеше өмірдің есігі айқара ашылды. Адам телевидение және компьютерлік жүйелер арқылы толассыз хабарлар алу мүмкіндігіне ие болды, өмір салты, еңбек ету айтарлықтай өзгерістерге ұшырады, білім берудің мазмұны мен түрлері жаңа сатыға көтерілді. Сөйтіп, ауыл-село халқының көпшілігі қалаға қоныс аударды, ал бұл жағдай түрлі ұлтгардың өзара жақындасуына, мәдени байланыстарының кеңеюіне әсер ете отырып, оларды біртұтас жалпы адамзаттық мәдениет арнасында тоғыстырды.

Екіншіден, XX ғасырда адамның мәдени құндылықтарды игеру бағытында, жалпы адамзаттық біртұтас негіздердің қалыптасуында айтарлықтай өзгерістер болды, ал олар өз кезегінде жанұяға деген көзқарастың өзгеруіне, адамның жан-жақты қалыптасуына айтарлықтай әсер ететін алғашқы әлеуметтік ұжымға тікелей байланысты болды. Дәстүрлі неке институты өзгеріп, жаңа жанұя мүлде жаңаша мазмұнға ие болды. Ұлттық мінез өзгешеліктеріне, жанұяның өз ішіндегі қарым-қатынастардың өзгеше ліктеріне қарамастан, өз дамуында постинду стриалдық кезеңге аяқ басқан көптеген елдерде түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды. Жанұялардың өз қажеттіліктерін қанағаттандырып табысқа қол жеткізушілік, яғни жанұя мүшелерінің өмірлерінде алға басушылық байқалды. Патриархалдық жанұяда балалар еңбекке ерте араласты, күнкөріс қамын ересектермен бөлісті. Ал XX ғасырда балалық шақтың созылуы, оларды жанұяның басты құндылығы деп санау, оларға айрықша қамқорлықтың жасалуы жастардың дүниежүзілік мәдениетке деген қүштарлығын арттырып, мүлде жаңаша адамгершілік, сезімдік және интеллектуальдық құндылықтарды өз бойлары- на тереңірек сіңіруіне себепкер болды. Бұл кезеңде жастар жалпы адамзаттық мәдениеттің қайнар бұлағына сусындап, рухани азық алды, сөйтіп олардың бойында заман талабына сөйкес жаңа ізгі қасиеттер қалыптасты. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер өмір сүрудің жаңа түрлерін, мәдени стериотиптерді өмірге келтірді.

Мәдениеттің біртұтас дамуы – қарама-қайшылықтарға толы процесс болды. XX ғасырда дүниежүзілік мәдениеттің қалыптасуына ұлттық мәдениеттердің өркендеуі жолындағы қуатты қозғалыстарымен қабаттас келді. Қазіргі кезеңде мәдениетке «еуроцентристік көзқарастың» шектеулі екендігіне көзімізді жеткізіп отырмыз. «Техногендік еуропа мәдениеті» ерекше дәріптеліп, оны ұлттық және аймақтық мәдениеттерге негіз етіп кәрсетілді. Қазіргі заман тәжірибесі Шығыс елдерінің Батыс мәдениетінің құндылықтарын, қол жеткен табыстарын өздерінің өндіріс және білім беру жүйесінде кеңінен қолданып отырған- дығын көрсетіп отыр. Тынық мұхит елдері бүгінгі таңда ғылыми-техникалық прогрестің қозғаушы күштерінің біріне айналды. Адамзат санасында қалыптасқан «Шығысты Батысқа қарсы қою» идеясы (Батыс – ол Батыс, Шығыс – ол Шығыс, сондықтан да олар бір-біріне үйлеспейді) қалыптасқан жағдайды есепке алмайды. Мұндай көзқарас сөзсіз біртұтас «жалпы-адамзаттық мәдениет» идеясын жоққа шығарған болар еді. Кезінде М. Вебер «протестанттық мәдениеттің» негізінде Батые Еуропада нарықтық экономиканы қабылдау мен үйрену нәтижесінде қалыптасқан ұлттық мәдени дәстүрлердің орнына ерекше мән берген болатын. Оған дәлел – нарықтық экономиканың әрекеті мен жер шарындағы мемлекеттердің мәдени айырмашылықтары жайында жүргізілген белгілі ғалым Хофстедтің классикалық зерттеулерінің қорытындылары болып табылады. Бүл қорытындылар дүниежүзінің 100 еліндегі трансұлттық компанияларының қызметкерлерінің арасында жүргізілген сұрақ-жауаптарға негізделген. Дамыған елдердің алғашқы қатарынан нарықтық экономикасы мен кәсіпкерлік қызметі шарықтап дамыған елдер орын алған. Олардың өзі екі топқа бөлінген. Біріншісіне – Ұлыбритания мен Канада жатқызылған. Бұл елдер мәдениетінде индивидуализм үстемдігі айқын байқалады. Индивидуалистік мәдени дәстүрде адамдар ұжымнан тысқары, жеке әрекет еткенді қалайды. Мүндай жағдайда – ең бірінші кезекте жеңіске бағдар алу, алға қойған мақсатқа жету және о л мақсат жолында кездесетін бәсекеге, қиындықтарға төтеп беру басты орынға қойылады. Екінші топқа – Швеция мен Жапония сияқты мемлекеттер жатқызылған. Мұнда біршама коллективтік (ұжымдық) құндылықтар үстемдігі айқын аңғарылады. Шаруашылықты жүргізудегі көптеген ұқсастықтарға қарамастан, бұл екі блок елдерінің арасында келіспеушілік пиғылдар да бар. Мысалы: Американдықтар швед кәсііікерлерінің іс-қимыл стилін жақтырмай, олардың жұмысын көргенде бастары ауыратындығын жасырмайды. Үжымдық мәдениетке тән нәрсе – нақты шешім қабылдауда бүйрық беруден бас тартып, бір шешімге ақыл-кеңес арқылы келу. Кәсіпкерліктің мұндай жолын американдықтар босаңдық таныту, олай болса мүндай жағдайда басшы адамның беделі жойылады деп есептейді. Демек, АҚШ-та мәдени идеал – өз күшіне сенген, қандай мәселе болса да жеке дара шешетін, заң алдында жауап бере алатын, алдына қойған кәсіпкерлік мақсатына жете алатын жеке адам болып саналады. Керісінше, жоғарыда байқағанымыздай Скан¬динавия көсіпкерлері коллективтік іс-қимылды – табыстың басты көзі деп санайды. Осы орайда техногендік жағынан үлгілі елдердің қатарына жататын Жапония мемлекетінің жетістіктері мәдени дамудың ұлттық түрлеріне негізділген. Мұнда «техногендік өркениет» ерекше мәдени орта жағдайына қарамастан өзіндік үйлесімділік тапқан. Жапон мәдениетіндегі ғасырлар бойы қалыптасқан табиғат, адам мен қоғам арасындағы ерекше қарым-қатынастар елдің нарықтық экономика саласындағы қомақты табыстарына тікелей әсер етіп отырғандығын мойындамасқа болмайды. Міне, сондықтан да Жапонияда мәдениеттің ерекше ұйымдастырушылық түрлері пайда болды. Жапондардың ұлттық-мәдени бет-бейнесінің ерекшелігі – еңбекті ұжымдық тәсілмен ұйымдастырудан-ақ айқын байқалады. Мысалы, кәсіпорын басшысы шешім қабылдамас бұрын, оны қарамағынағылармен келісіп-ақылдасып алады. Жапондықтардың ұжымдық мәдениеті, олардың еңбек саласында демократиялық басқару тәсіліне бой ұрғандығын байқатады. Олардың басты ұраны: «барлығымыз да біргеміз және бәріміз де теңбіз». Сондықтан да болар өнеркәсіп басшысы мен қатардағы маманның алатын жалақыларының мөлшерінде айтарлықтай айырмашылық болмайды. Тіпті кәсіпорын директорлары қажет болған жағдайда станокке, конвейерге тұрып, немесе қажетті іс-қағаздарын өздері іздестіруге ешқашан да арланбайды. Ұлттық мәдениеттердің әр түрлерінің – Скандинавиялық (Швеция, Норвегия), романдық (Бельгия, Франция), синтоистік (Жапония), азиаттық (Гонконг, Тайвань, Сингапур), англосаксондық (Канада, Австралия, Ұлыбритания) пайда болуы ғылыми білімге, өндірістің жоғарғы тәсілдеріне негізделген нарықтық экономиканың қалыптасуына және оның шарықтап дамуына әсер етті.

Дүниежүзілік өркениеттің даму барысының өзі-ақ ұлттық мәдениеттердің маңыздылығы бүгінгі таңда бұрынғыдан да артып отырғандығын және әрбір мәдениет дүниежүзілік дамудың түрлерін өз қажетінше қабылдауымен қатар, жалпыадамзаттық мәдениеттің қалыптасу процесіне өздерінің қомақты үлестерін қосып отырғандығын көрсетіп отыр. Қазіргі дәуірге тән ерекше қасиет – ұлттық мәдениеттердің тұйықтықтан арылып, бір-бірімен байланыстарын жаңа сапалық дәрежеге көтеруі болып табылады. Жоғарыда көрсетілген Шығысқа тән құндылық «коллектившілдік (ұжымшылдықты)-индивидуалистік мәдениеттің ең жоғарғы дәрежеде дамыған елі АҚШ-та қабылдауға мәжбүр болды, өйткені қазіргі заманда өнеркәсіпті басқарудың авторитарлық әдісінің тиімсіздігін өмірдің өзі-ақ дәлелдеп берді.

Осы орайда мәдениеттің әр саласындагы өзгерістерді бір елден бір елге жайдан-жай көшіре салуға болмайтындығын ескере кеткен жөн. Оған дәлел ретінде басқа елдерді қойғанда, қазақ халқының кеңес дөуіріндегі мәдениетінің тағдырын айтсақ та жеткілікті сияқты. Мәдениеттің, не өмірдің белгілі бір саласының элементін механикалық көшіре салу ешбір нәтиже бермейді. Сөзіміз дәлелді болу үшін нақты мысал келтірейік. Жапонияда өнімнің сапалылығы жолындағы күреске жұмысшыларды кеңінен тарту мақсатында арнайы «сапа үйірмелері» ұйымдастырылды. Ерекше атап өтетін жайт, бұл қозғалыс жапон халқының мәдени-психологиялық құндылықтарына негізделген болатын, өйткені жапондықтар екі моральдық-құндылықтар ризашылық парызы мен адалдық парызының рухьшда бала кезінен-ақ тәрбиеленген. Ӏс-әрекеттің осындай ұлттық-мәдени стериотиптің ықпалымен жапондық жұмысшы өз күшіне сенеді, бос уақытын да аямайды. 70-і жылдары дөл осындай «сапа үйірмелері» АҚШ-та пайда бола бастады. Бірнеше жылдардан соң бұлар 230 американ компанияларында өз жұмыстарын жүргізе бастады. Бірақ, өкінішке орай, олардың 8 ғана жоғары дәрежеге жетіп, қалғандары айтарлықтай табысқа ие бола алмай қалды. Осы бір шағын мысалдың өзі-ақ жоғарыда айтылған ойымызды айқындай түссе керек. Американдықтардың индивидуализмі мен кәсіпкерлік рухының тамыры сол елдің өткен тарихында, оның күрделі этникалық және географиялық құрылымында жатыр. Еңбек сүйгіш неміс халқы мен оның экономикалық жетістіктерін неміс мемлекетінің тарихын білмей тұрып, ол халықтың өзіндік ұлттық қасиеттерін ескермей еш уақытта түсінуге болмайды. Мысалы, Қытай мәдениетіне оптимистік дүниетаным, өмір мен өлімге табиғи тұрғыдан қарау тән. Адамдар жер бетінде тіршілік етеді, ондағы тірілер мен өлілер өзара тығыз байланыста. Бүл барлығы үшін ортақ дүние, ортақ тылсым. Бұл – философиялық даналық. Қытай халқының салт- дәстүрлерінде, наным-сенімдерінде кеңінен көрініс тапқан Еуропалықтарды таң қалдырған қатты ауруға шалдыққан адамға сыйға табыт тарту дәстүрі – ауырған адамға құрмет көрсету мен оған деген шынайы сезім белгісі болып табылады, өйткені өліп бара жатқан адам алые сапарға шығып бара жатқан жолаушымен пара-пар. Еуропалық мәдениеттегі батыл қадамдармен қайта жаңғыртушылар, түбегейлі өзгерістер бір жағынан прогресті тығырыққа тіреді. XX ғасырдың ұлы ойшылы А. Швейцер технократтық мәдениеттен бас тартып, дамудың ең жоғарғы сатысына көшу қажеттігі туралы ойға келді. XX ғасырдың дүбірлі оғиғалары, қантөгіс қырғиқабақ соғыстар, экологиялық апаттар және т.б. негізінде ғылым«технократизм мен технократтық ғылым» – мәдениетті идеялардың құрбандығына, рухани жөне сезімдік ақыл-ой қысымына, жалпы мәдениеттің тоқырауына өкелді деген қортындыға келді. Ұлы ойшыл жаңа жалпы адамзаттық мәдениеттің тағдыры үшін «өмірді қастерлеу» принципін ұсынды. Бұл принцип – мәдениетті дамытудың үлгісінен жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген мүлде жаңаша даму бағытына көшуге меңзейді. Ал бұл жол ізгілік жолы, адамдарды жарқын болашаққа апарар даналық жолы.

Пайдаланған әдебиет

  1. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8

  2. Драч Г.В. Культурология. — Ростов-н/Д., 1995. — С. 308)

Мәдениет – қоғамның өмір сүруінің қозғаушы күші.

Рухани мәдениетіміздің зерттелу тарихын дәл мына уақыттан басталды деп басып айту қиын. Халықтық мәдениет қаншалықты көне болса, оның зерттелу тарихы да соншалықты тереңге таратады. Сол сияқты рухани мұрамыздың жиналу, саралану, насихатталуы да тереңге тамыр созады.

Мәдениет – қоғамның өмір сүруінің қозғаушы күші. Қазақстанның мемлекеттік басшысы Н.Ә. Назарбаев: «... бүгінгі таңда біздің төл мәдениетіміздің міндеттерін өзіміз айқындай алатын мүмкіндігіміз бар. Оны шешу мәдени санаткерлеріміздің еншісінде екенін атап көрсетті. Қазақ мәдениетінің үш мың жылдық тарихы ұрпақтарға жалғастық пен сабақтастық арқылы жетіп отыр. Мәдениеттің басты таратушылары болған көшпенді ата-бабаларымыз рухани қазынаны ең биік құндылыққа қоя алғандықтан және өздері сол рухани құндылықты бойына жинақтай да білді. Қазіргі бізге жеткен ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптардың қайсысын алып қарасақ та осыны аңғарамыз. Кешеге дейін өткеніміз бен бүгінгіміз жалғастырған нәзік жіп үзілмей, ұрпақ пен ұрпақты байланыстырып келеді. Сәби кезімізден анамыздың әлдиі мен әжеміздің ертегісін тыңдадық. Демек, ұрпақтар сабақтастығы үзілген жоқ. Мәдениетіміз тірі, оған серпін мен ырғық керек. Ғасырлар бойы екшеленген мұраларды бір сәт те естен шығармаған абзал» - деген.

Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол- өзара қарым-қатынас нәтидесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.

Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады.

Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.

Мәдениеттің тұрақты жағы – мәдени дәстүр, соның арқасында тарихтағы адамзаттық тәжірибесіне сүйеніп, оны кемелдендіреді, дамытады.

Адамдар арасында келісім, ауызбіршілік, бірлік болмайынша, тұрақты дамуды бағдар тұтқан қоғамды қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан еліміз үшін басымдық танытушы идеяға айналған мәселе әлеуметтік-экономикалық қиындықтардан, әр түрлі тарихи кедергілерден мемлекетіміздің тұтастығын сақтай отырып, өркениетті елдер қатарына қосылу болып табылады. Бұл жерде мәдениеттің гуманистік –адамгершілік принциптеріне сүйену, рухани бағдарды ұстануы терең мағынаға ие болды. Өйткені мәдениеттің құлдырауы адамның рухани дүниесін аздырады, оның шынайы даму жолынан ауытқуына әкеліп соқтырады. Бұл еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің түп негізіне әсер ететін құбылыс болып табылады.

Өмірдің заңына сәйкес мәдениет үнемі жаңғыруды қажет етіп отырды. Өзен өзінің мөлдірлігін суы ағып жатқан кезде сақтайды, тазалығымен адамды тәнті етеді, әлемділігімен табиғатты құлпыра түседі. Сол сияқты кез келген мәдениет жаңа толқынға, жаңа мағынаға ұмтылады, оған зәрулік танытады. Әрине, бұл дегеніміз ғасырлар сынағынан өткен дәстүрлі құндылықтарды түбегейлі жоққа шығару дегне сөз емес. Өйткені, тарихи сабақтастықтың логикасына сәйкес мәдениеттің ілгері үлгілері болады, онсыз ұлттық мәдениеттің қабырғасы сөгіледі, іргесі шайқалады. Міне, сондықтанжаңа үлгілерге жаппай бетбұрыс жасаудың өз қисыны, өз ырғағы, өзіндік келбеті бар. Сондықтан, өтпелі кезеңнің мәдени өзгерістерінен дәстүрлік пен жаңашылдықтың ерекше синтезін, симбиозын іздеуіміз қажет сияқты. Әрбір жаңа нәрсені ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып қабылдаған абзал.

Біз тасқа қашап салынған суреттерге қарап бейнелеу өнерінің бастауы сонау адам баласы пайда болған кезбен бірге жасасып келе жатқанын байқаймыз. Адам баласының рухани эстетикалық байлығы болып саналатын бейнелеу өнері бірнеше өнер саласының өмірге келуіне себеп болғаны да даусыз шындық. Бұл адамның айналасындағы ортаны тануына, сана-сезімінің жетілуіне, эстетикалық тәрбие алуына ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұралар қалдыруына мүмкіндік берген. Ұлттық бейнелеу өнерінің арғы-бергі даму тарихына көз жіберсек, графика, мүсін өнері жарты ғасырдан аса уақыт ішінде ерекше өркендеп, өскенін көресің. Өнер иелері өмір тынысын қылқаламмен, ұшқыр ой желісімен қағаз бетіне түсіру үшін көп ізденістер жасаған. Сөйтіп, Қазақстанның бейнелеу өнері көп жанрлы өнерге айналған. Құбылыстардың жинақтап, оны қорытып, ирек-ирек иірімдерден көркем образдарға айналдырып, одан соң көрерменге ұсынады.

Егер суретші салған сол туынды шынайы көркем шығарма болса, қараған адамның жан дүниесі мен көңіл-күйіне әсер етіп, әсемдікті бағалап эстетикалық ләззат алуына мүмкіндік береді десек, қылқалам шеберлерінің алуан түрлі бояулармен салған суреттері, әсіресе, тәуелсіздіктен кейін қайта табысқан ұлы тұлғалардың бейнелері қазір көптің көз алдында. Тіпті осыдан мыңдаған жыл бұрынғы Күлтегін тасында аталатын батыр, бағландар бейнесі де қайта жаңғырды. Бірақ сол дүниелер барлық жұртұа жете бермейтіні бар. Мемлекет тарапынан, бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан қолдау тауып,әр қырынан келіп жазып жатса, бұл бейнелеу өнеріне ден қойған жастарымыз үшін пайдалы болар еді. Өнер жайлы сөз қозғалғанда бағзы заманғы ата-бабаларымыздың тамаша туындыларын да қалыс қалдыруға әсте болмайды. Бейнелеу өнері арқылы сол кезеңдерден көп белгі сақталған. Ерліктері бейнеленіп, жаумен шайқасқан, дұшпанымен айқасқан сәттері, қару жарақтары, найза, қылыштары көрініс тапқан. Бұған қоса мыңдаған жылдар бұрын да қазақ жерінде гүлденген қалалар, әсем құрылыстар ансамбльдері болған. Есік обасында қолданбалы өнердің түрлері табылған. Олар құмыралар, тұрмыстық заттар, ат-әбзелдері және т.б. Сонау сақ заманының өзінде нүктелі техникалы өнер де болған. Оған дәлел, жартастарда ел үшін шайқасқан батырлар бейнесі осы техникамен салынған. Есік қаласынан табылған Алтан адам сол сақ заманынан сақталған археологиялық олжа ғана емес, ата-бабаларымыздың жан-жақты халық болғанын білдіріп, тарихы мәдениеті біздің бүгінгі өркениетті өсуіміздің бастауы деуге негіз қалайды. Өзге құндылықтарымыз да жетіп артылады. Қазақ халқы өте сезімтал халық, сұлулыққа жаны құмар халық. Бұлай сенімді айтатын себебіміз, ғасырлар бойына көрініс беріп кележатқан тұрмыстық заттарда, киімде, тіптен ат-әбзелдердің өзінде сәндік ою-өрнектер бейнеленгенінен көреміз. Қазақтың ою-өрнектерінің мәдениетімізде, бейнелеу өнерінде алатын орны ерекше. Ою-өрнектерді ата-бабаларымыз өз орнымен қолдана білген. Киім-кешекке, ат-әбзелдеріне, басқа да тұрмыстық заттарға өздеріне тән жеке жеке бейнелеген. Қазақ халқының қол өнері шығармашылық мәнімен бірге тәрбиелік мәні де зор. Қандай бұйымды алып қарасақ та ата-бабаларымыздың өсиетін береді. Қазақ бұйымдарындағы ою-өрнектердің бір мәні келешек ұрпақты әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеумен қатар мәдениетіміздің жоғары екендігінің бір көрінісі. Қазақ қолданбалы өнері өзгеше өрнектермен ерекшеленетін рухани әлем. Қол өнер шығармаларының өзіндік нақышы бар. Қазақ қолданбалы өнері жайлы грек рим саяхатшыларының еңбектерінде, парсы, араб жылнамаларында жазылған. Ерте кездің зерттеушілері Страбон, Геродот айтуынша, Қазақстан топырағын мекен еткен сақтар мен массагеттердің барлық заттары әшекейленген киімдерінің өзіне тән үлгілері болған. Мысалы, киізден жасалған төбесі шошақ бас киімді әшекейлі өрнектермен көмкерген. Ғалым Герадот былай деп жазған: «Олардың заты алтын мен мыстан жасалған, бас киімі мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған, сондай-ақ ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан жасалып жүген сулығы, ауыздығы алтынмен әшекейлендіріп бейнеленген» деп жазады. Қазақ халқы Ресейге қосылуынан қазақ өнерінде жаңа элементтер көрініс тапты. Өсімдіктер бейнесі әдептелген түрде және геометриялық өрнектер енгізіле бастады. Ғалым Ливинский: «Қазақтың қай кәсіпте болмасын табиғатынан қабілеттілігіне тек сүйсінесің, қарапайым құралдар мен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын күмістен әсем бұйымдар шығаратынына таңдаңбасқа болмайды. Қазақтар тіккен аяқ киім өте берік» деп жазады. Әлемде тіршілік етіп жатқан әр халықтың өз мәдениеті, өнері, ғылымы ғасырлар бойы бірде өрлеп бірде тоқырау дәуірлерін бастан кешірген. Мұндай дәуірлерді қазақ халқы да аз көрмеген. Өрлеу дәуірінен жеткен өлмес мұралар бізге жетіп отыр. Ондай құндылықтар Тараз бен Сайрам, Отырар қалаларынан көптеп табылған. Тараздан табылған арыстанның, Сайрамнан табылған тотықұстың суреті адам таңқаларлықтай әдемі. Жалпы қазақтың бейнелеу өнерінің тарихы сонау неолит дәуірінен бастау алады. Оған Ұлытау жартастарына ойып салынған өщпес бейнелер айғақ. Небір өнер шеберлерінің аттары сақталмаса да қолдарынан щыққан құнды дүниелері бізге жеткен

Өнері ғасырда ұлтымыздың бейнелеу өнері жақсы дамып, кең өріс алды. Қылқаламның құдыретін танытқан айтулы тұлғалар төрткүл дүниеге танылды. Олардың қатарында Ә.Қастеев, Қ. Телжанов, А.Ысмайылов, Қ. Наурызбаев, М.Кенбаев, Қ.Қожықов, А.Ғалымбаева, Е. Сидоркин, А. Молдабеков, С. Мәмбеев, Ж. Шарденов, Ү. Әжиев, т.б. бар.

Орта ғасыр мәдениеті

Европалық орта ғасыр мәдениеті шарықтауы мен құлдырауы бар он екі ғасырлық қиын жолды қамтиды. Ол - негізгі типологиялық белгілерден тұратын жалпы әлемдік мәдени процесс бөлігі. Нағыз мәдениет ретінде ол оны жасаған халықтардың көптеген жалпы және ерекше белгілерінен тұратын терең жеке бейнеге ие. Орта ғасырдың рухани мәдениеті үшін Абсолютке жетуге тырысу, универсализмге ұмтылу, символизм және аллегориялық, танымның діни құрылымын тудыру, беделге ие болуға, форма тұрақтылығына ұмтылу, индивидтің оны қоршаған әлеуметтік ортамен тұтастығы ретінде белгілер болды. Алайда орта ғасырлық мәдениет өзгермей тұрып қалған мәдениет болған жоқ, ол біртіндеп қозғалмалы сипатқа ие болды. Мәдени өмірдің жаңа формалары, философиялық ағымдар, көркем стильдер, әдебиет жанрлары туды. Мәдениеттегі жаңа құбылыстар бір-бірін байыта отырып, мәдени алуандықтың өсуіне мүмкіндік жасай отырып, алдыңғылармен өзара әрекет етті.

Орта ғасырлық мәдениеттің хронологиялық шеңберлері: V ғасырдың соңы, дәлірек айтсақ, 476 жыл – Батыс Рим империясының құлаған жылы, ол ерте феодалдық мемлекеттер орнында пайда болды, XVII ғасырдың екінші жартысы – Ағылшын буржуазиялық революциясының кезеңі, бұл Европада феодализмді жойып, капиталистік қатынастарды орнатуға негіз болды. Осы кезеңнің барлық мәдени өмірі көбінесе христиандықпен анықталды, бағыт-бағдардың жаңа этикасын дайындады, дүниеге және ондағы адамның орнына жаңа көзқарасты қалыптастырды. Осы дәуір ойшылдарының әсемдік туралы ілімдері барлық көрінетін формаларды жасаушы Құдайды түсінуге бағытталған. Тарих та құдайдың ниетін жүзеге асыру ретінде қабылданды. Философия – «дін іліміне қызмет көрсетуші», орта ғасырлық философтың көзқарасы бойынша оның мұндай функциясы оның жалғыз ақтайтын дәлелі бола алады. Дін ілімі орта ғасырлық адамның әлеуметтік практикасының «ең жоғары қорытындысы». Орта ғасырда математика, сәйкесінше математикалық символдар тілі болған. Алайда бұл математикалық символдар дін ілімінің символдары болған, өйткені математика «сакральды арифметика» түрінде болды, ол құдайшыл шындықтарды символдық түсіндіру қажеттіліктеріне қызмет етті.

Орта ғасыр алғаш рет уақыт рухындағы өнер арқылы кешенді беру тәсілі ретінде көркем стиль жасайды. Роман стилі бірінші жалпы европа стилі болып саналады, ол VIII-XII ғ.ғ. тараған және ежелгі рим сәулет өнерінің ерте үлгілерімен ұқсастығы үшін европалық орта ғасырдың екі жетекші сәулет стильдерінің бірі. Жабындыларды көтеріп тұрған жуан қабырғалы және бойница түріндегі терезелері бар роман стилінің ғимараты өзінің типі бойынша бекініс ғимараты болды. Бұл ұқсастықты дөңгелек бақылау мұнаралары толықтырып тұрды. Роман өнері жасаған негізгі құрылыс – қорған-бекініс, монастырь-бекініс, қала-бекініс. Қорған – рыцарьдың бекінісі, шіркеу – Құдайдың бекінісі және т.б. Қорқыныш тудыратын, бақылау мұнаралары бар тауда орналасқан тас ғимарат роман өнеріне тән құрылыс. Роман соборының сырты өте жарасымды. Артық, деструктивті ештеңесі жоқ. Бірақ храмның ішінде әдеттен тыс, толқытатын бейнелер көп. Роман соборларының капительдерінде, бағаналардың аяқ жағында, терезелерде, қабырғалар мен есіктердің рельефтерінде кентаврлар, арыстандар, жартылай кесірткелер, жартылай құстар, әр түрлі химерлер бейнеленген. Бұл жәндіктер оюлап ойып жасалып, жиектерге отырғызылған.

Роман стилін XII-XIV ғ.ғ. тараған готика ауыстырады, ол қалалық орта ғасыр мәдениетінің дамуымен тығыз байланысты. Бұл аты шартты түрде: ол Қайта Өрлеу дәуірінде пайда болған және «готтар өнері», яғни варварлар деген мағынаны берген. Жебе тәрізді аркалары мен терезелері, мұнаралары, төбелері бар готикалық ғимараттар мен ордалар ортағасырлық лас көшелерден бөлініп шығып, аспанға, Құдайға ұмтылады. Төбелері биік готикалық құрылыста ауа кең болды. Бүкіл қабырғаны алып тұрған түсті витражды терезелерден бөлменің ішіне кемпірқосақтың барлық түстерімен құбылып тұрған күн сәулесі түседі. Осының бәрі орган музыкасымен үйлесімде діндарлардың ерекше эмоционалды-шаттық күйін тудырды: барлық линиялардың аспанға ұмтылысын, тастың дематериализациясы адамға жерге қатысты басқа әлемде тұрғандай сезім тудыратындай әсер ету керек болатын. Готикалық сәулетте бірінші рет көшеге немесе алаңға шығатын, әшекейлеу жағынан ғимараттың басқа бөлігінен ерекшеленетін әшекейленген фасад қолданылды. Готикалық собор христиан сенімінің сұлулық пен гүлдену үлгісі ғана емес, қаланың сәттілік символы болды. Париж Құдай Анасының соборы, Франциядағы Рейм және Шартр соборлары, Германиядағы Кельн соборы, Англияда Солсберри аббаттылығы және Вестминстер аббаттылығы готика құрылыстарының жауһары болып саналады.

Адамзаттың рухани бірігу құралы мектеп болды, онда әр текті халық жалпы ойлауды және жалпы өмір сүруді үйренді. Орта ғасырлық мектеп антика мектебінен бастау алады. Оны ұйымдастыруға антикалық білімі бар ерте орта ғасыр қайраткерлері үлкен роль атқарды. VI ғ. өмір сүрген Боэций Платонның «жеті еркін өнерін», яғни орта ғасырлық оқу орындарында оқытылатын жеті міндетті пәнді тұжырымдады. Өз кезегінде «жеті еркін өнерді» екі бөлікке бөлу қабылданды: тривиум (үш бастапқы білім – грамматика, риторика және диалектика), және квадривиум (төрт білім жолы: геометрия, арифметика, астрономия және музыка).

Орта ғасырлық қалалардың гүлденуі білімді адамдарға деген қажеттілікті тудырды, бұл мектептердің базасында университеттердің пайда болуына әкелді. Бірінші университеттер Болонияда (ХІ ғ соңы), Кембриджде, Оксфордта (ХІІІ ғ. басы) және басқа европа орталықтарында пайда болды. Оларда жетекші факультет дін ілімі болғанмен, басқа факультеттер феодалдық қоғамда ақсүйектер білімінің таралуына мүмкіндік жасады. IX-XIV ғ.ғ. билік жүргізген философия схоластика, орта ғасырлық діни философия деген атқа ие болды, оның негізгі мақсаты – діни дүниетанымға теориялық негіздеме беру, дәлелдердің логикалық әдістерімен діни догмаларды ұтымды дәлелдеу. Атауы «схола» деген (мектеп) сөзден шыққан, бұл оның мектептік-дидактикалық сипатын көрсетеді. Схоластиканың ішінде бірнеше бағыттар дамыды. Олардың арасындағы дау алдымен жалпы ұғымдар проблемасына шоғырланды. Бағыттардың бірі – реализм жалпы ұғымдар заттардан тыс өз бетімен болады және әлем мен танымда оның алдында болады деп тұжырымдаған. Номинализм деп аталған басқа линия жалпы ұғымдардың өз бетімен өмір сүруін теріске шығарды және тек жалғыз заттарды ғана мойындады. ХІІІ ғ. схоластиканы жүйелендіруші белгілі философ Фома Аквинский болды.

Ақсүйектер мәдениеті де болды, онда рыцарлық мәдениет ерекше орын алады. Рыцарлар ортасы этикеттің ерекше шеңберлерін жасады. Рыцарь құдайға сыйынып, күнәдан, менмендіктен және нашар қылықтардан бойын алыс салып, шіркеуді, жесірлер мен жетімдерді қорғап, қол астындағыларға қамқор жасау қажет. Ол батыр, адал болып, оң іс үшін ғана күресу керек. Ол өзінің ханымы үшін турнирлерде күресе білетін, жиһанкез болу керек. Бұл рыцарьдың әсем ханымға деген махаббатынан қатты байқалады.

Литургиялық драма пайда болды, ол соборда ойналып, қызмет бөлігі болып саналды, ол храм папертиінде болып, латын тілінде емес, жергілікті диалектіде жүргізілді. Кейіннен миракль (христиан сенімінің қарапайым адамдарға, оның ішінде күнәлілерге игілікті әсері туралы ғажайып аңыздар), мистерия (керемет мерекелік ойындар, олар бірнеше күнге созылады, христиандық сюжеттерді насихаттағанмен, ақсүйектер ұйымдастырады), моралите (христиан рақымшылдарын мадақтайтын аллегориялық көріністер) сияқты жанрлар қалыптасады.

Готика кезеңінің әдебиетінде ваганттар поэзиясы ерекше орын алады, бұл поэзияны таратушылар кезбе студенттер болды. Олардың еркін ойлы поэзиясы орта ғасырдың аскетикалық (тақуа) идеалдарынан алыс болды; ваганттар таза ақсүйек әдебиетін құру жолымен жүрді. Олар уайым-қайғысыз салтанат өмірді әндеріне қосты: «Барлық білгірлікті, оқуды тастап, жастық шақта рахат алу – біздің міндетіміз…». Олардың поэзиясында сатиралық антиклерикальды нота басым болды. Кейде ваганттардың өлеңдерінде баспанасыз, тапшылық өмірге деген наразылықтары да болды. «Пайдасыз өмір, сауық-сайран үшін емес, мен оқуды қайыршылықтан тастадым».

ХІ-ХІІ ғ.ғ. батырлар эпосы жазылды, бұл осы уақытқа дейін ауызша дәстүрде ғана беріліп келген. Халық ертегілерінің қаһармандары әдетте өз елі мен халқын қорғаған жауынгерлер болды; эпикалық аңыздарда ерлік, күш, адалдық, қаһармандық дәріптелді. Француз эпосының ең зор ескерткіші - «Роланда туралы жыр», оның кейіпкері патриот Роланд болып табылады, оның өмірлік мақсаты император мен «сүйікті Францияға» қызмет ету. Немістің батырлар жырының ірі ескерткіші – «Нибелунгтар туралы жыр». Эпостың негізі «ұлы қоныс аудару» кезіндегі ежелгі неміс аңыздары, бірақ жырдың барлық сипаты ХІІ ғ. феодалды рыцарьлық Германиямен байланысты. Осы кезде «Беовульф» ағылшын батырлар эпосы және «Үлкен Эдда» скандинавиялық эпикалық мұрасының ескерткіші өмірге келеді.

Шығыста, Византияда христиан шіркеуі күшті империялық билікке тәуелді болды. Византия императорлары V ғ. бастап шіркеу өмірінде маңызды роль атқарды; тіпті шіркеу соборларын шақыру құқығын да император шешті, ол қатысушылар құрамын анықтап, олардың қаулыларын бекітті. Батыста шіркеу мемлекетке бағынбағандығымен қатар ерекше орынға да ие болды. Рим папасы маңызды саяси фигура да болды. Батыс пен Шығыс шіркеулерінің арасында қарама-қайшылықтар пайда болып, уақыт өте келе принциптік сипатқа ие болып, тереңдей берді. ІХ ғ. ортасында филиоква (филоква) – католик шіркеуінің Қасиетті Рухтың Құдай-әкеден ғана емес (Шығыс шіркеудің позициясы), Құдай-ұлдан (Батыс шіркеудің позициясы) шығуы туралы дауы болды. 1054 ж. шіркеулер бір-бірінен толық тәуелсіздігін жариялаған кезде біржолата бір-бірінен қол үзді.

Ерте ортағасырлық кезеңге ересейлердің – христиан шіркеуінің негізгі постулаттарына қайшы келетін ерекше ілімдердің пайда болуы жатады. Олардың әр түрлі идеялары болды. Олармен күрес жолының бірі инквизиция – католик шіркеуі құрған сот-полицей мекемесі болды, ол ХІІІ ғ. үнемі шіркеуі соты ретінде жұмыс жасады. Инквизицияның ресми құрылған жылы және бірінші инквизициялық процесс жылы 1229 жыл саналады.

Орта ғасырдың соңғы ақыны мен жаңа кезеңнің алғашқы ақыны Данте Алигьеридің поэтикалық жаңашылдығы дүниеге және поэзияға ортағасырлық көзқараспен қатар болды. Оның поэзиясына тән белгілер аллегория мен символика болды. Алайда Дантенің кейіпкерлері өзінің өміршеңдігімен жаңа дүниетанымға, әлем мен адамға деген жаңа қатынасымен жол ашты. Кескіндемедегі түпкі ренессанс белгілерін Джотто жұмыстарынан көруге болады, бұл композицияның алуандығы мен өміршеңдігі, тұрмыстағы нақты заттарды, жағдайды, костюмдерді, перспективалар мен анатомияны ескере отырып, нақты кеңістікте кейіпкерлердің табиғи орналасуын көрсетуге тырысуы.

Шығыс Орта ғасыры мен Қайта Өрлеу мәдениеті. Орта ғасырлық араб мәдениеті арабтандыруға ұшыраған, исламды қабылдап, классикалық араб тілі көп уақыт әдебиет пен дін тілі ретінде билік құрған елдерде өркендеді. Барлық орта ғасырлық араб мәдениеті, адамдардың күнделікті тұрмысы мен өмір салты, қоғамдағы мораль нормалары VII ғ. Араб түбегіндегі тайпаларда пайда болған ислам дінінің әсерінен дамыды.

Араб философиясының пайда болуы каламарационалды діни ғылымның алғашқы өкілдері – мутазилиттердің («жекеленгендер») қызметімен байланысты. ІХ ғ. арабтар антиканың ғылыми-жаратылыстану немесе философиялық мұрасымен кең танысады. Аристотель философиясы басты назарда болады. «Неоплатондалған» аристотелизм орта ғасырлық араб философиясы – «шығыс перипатетизмінің» басты бағыты ілімінің негізі болды. Осы бағыттың негізін қалаушы араб философы, астрологы, математик және дәрігер әл-Кинди болды. Шығыс перипатетизмнің әрі қарай дамуы әл-Фараби және Ибн Сина есімдерімен байланысты.

Әл Фараби (870, Фараб – 950, Дамаск) - Шығыс философы, ғалым-энциклопедисті, шығыс аристотелизмінің ірі өкілі. Халеб пен Бағдат қалаларында философиялық және ғылыми білім алған. Фараби философиясының негізі – Біртұтастан жеке заттардың шығуы, эманация туралы неоплатондық іліммен аристотелизмнің үйлесімі. Әлеуметтік-этикалық трактаттарында Фараби діни қауым көшбасшысы, билеуші-философ басқаратын «рақымшыл қала» туралы ілімді дамытты. Фараби идеалды құрылысқа теріс адамгершілік қасиеттерді көрсететін «мәдениетсіз қаланы» қарсы қояды.

Фараби Аристотель (осыдан оның «Екінші ұстаз» атты құрметті атауы шыққан) мен Платон шығармаларына берілген комментарийлердің авторы. Фарабидің «Музыка туралы үлкен трактаты» - Шығыс музыкасы мен ежелгі грек музыка жүйесі туралы деректердің маңызды көзі. Фараби Ибн Синға, Ибн Баджуға, Ибн Туфаилға, Ибн Рушдаға, және де ортағасырлық Батыс Европаның философиясы мен ғылымына әсер етті.

Орта ғасырдағы атақты ғалым тәжік философы, дәрігер, жаратылыс тану ғылымдарын жетік меңгерген, ақын және белгілі музыка танушы – Абу Әли Ибн Сина (Батыс Европада Авиценна деп атаған, 900-1037 ж.ж.). Ибн Сина әлемдік мәдениет тарихында белгілі орын алады. Философиялық шығармаларының ішінде ең белгілісі - "Китаб-аш-шифа" («Сауығу кітабы»). Ибн Сина философ-рационолист болған. Ол тәжірибеге, шындықты фактілермен, практикамен сынап тексеруге үлкен мән берді. Ол антика философтарының көзқарастарын дамытты, оның прогрессивті көзқарастары ислам қағидаларына қайшы келді және мұсылман дінбасыларының орынсыз шабуылдарын тудырды.

Араб философиясының әрі қарай дамуы Ибн Баджу, Ибн Туфаиль және Ибн Рушд есімдерімен байланысты, олардың шығармашылығы араб философиясының шыңы болды. Ибн Рушд аристотельдік ілімді кейінгі неоплатондық өзгешіліктен тазартып қана қойған, натуралдық пантеизмге бейімделген дербес жүйені құрды. Ибн Рушд сенімнен ақыл-парасаттың басымдылығын дәлелдеді және діндарлардың философиялық проблемалармен айналысуының заңсыз екендігін дәлелдеді. Орта ғасырлық араб ғылымының орталықтары Бағдат, Куфа, Басра, Харон қалалары болды. Әсіресе Бағдатта өмір қызу қайнап жатты, онда «Ғылым үйі» - академиялардың, обсерваториялардың, кітапхана мен аудармашылар алқасының өзіндік бірлестігі құрылды.

Шығыс ислам әлемінің көркем мәдениеті айрықша. Онда кескіндеме жоқ, өйткені Алла мен құдайға қатыстының барлығын бейнелеуге рұқсат етілмеді. Нәтижесінде бейнелеу өнері кілем тоқуда жақсы дамыды, оған тән белгілер түрлі-түстілігі мен өрнектілігі болды. Араб сәулет өнері ерекше дамиды, ол арабтардың ең алдымен барлық грек, рим, иран көркем дәстүрлерін қайта өңдеу негізінде дамыды. Сол кезеңнің ең белгілі сәулет ескерткіштері Фустаттағы Амра мешіті мен VII-VIII ғ.ғ. салынған, Куфадағы собор мешіті. Осы кезеңде мозайкамен және әр түрлі мәрмәр таспен өңделген Дамаскідегі «Құз күмбезі» храмы салынды. Кейіннен мешіттерді әсем өсімдік және геометриялық өрнектермен безендіре бастады, оған стильденген жазу- араб вязі қосылды. Мұндай өрнекті европалықтар арабеска деп атаған, ол өрнектің шексіз дамуы мен ырғақты қайталануы принципі бойынша құрылды.

Орта ғасырлық араб мәдениетінде поэзия мен проза тығыз байланысты болды: өлеңдер табиғи түрде махаббат жырларында да, медициналық трактаттар мен батырлар жырларында да кездеседі. Халифтар, сұлтандар, шахтар өзіне сарай ақындарын алу үшін қаражаттарын аямады. Поэзияны олар өзін-өзі таныту, мадақтау құралы ретінде қарады. Бұл жағынан ұлы парсы ақыны, «Шах-намэ» («Патшалар кітабы») өшпес эпопеясын жазған Фирдоуси (993-1030 ж.ж.) шығармашылығы белгілі. Мұнда ол иранның мифтік және тарихи патшаларын жырға қосқан. Ең басты кейіпкер - өз халқының ұлы, эпикалық қаһарман Рустам. Поэма әділдік пен ізгілік идеяларына толы.

X-XV ғ.ғ. әлемге танымал араб халық ертегісі «Мың бір түн» жазылды. Оның негізін парсы, үнді, грек ертегілерінің қайта өңделген сюжеттері құрады.

Парсы ақыны, математик, философ Омар Хайямның (1040-1123 ж.ж.) шығармашылығы көпшілікке белгілі. Философиялық төрт жол өлең – рубаилар оны танымал етті, оның әрқайсысы тұлға еркіндігіне, антиклерикальды еркін ойға, гедондық мотивтерге толы кішкене поэма. Поэзияның әрі қарай дамуы парсы-тәжік ақыны Низами, Джами (1414-1492 ж.ж.) және өзбек әдебиетінің негізін қалаушы Әлішер Навои (1441-1501 ж.ж.) есімдерімен байланысты.

Жаңа заман мәдениеті. Итальян қайта өрлеуі.

«Жаңа заман мәдениеті» ұғымы XIV ғасырдан қазіргі уақытқа дейінгі тарихи кезеңді қамтиды.

«Қайта өрлеу» (Ренессанс) термині XVI ғ. бейнелеу өнеріне қатысты қолданыла бастады. Ренессанс антика ғылымдары мен өнерлерінің қайта өрлеуі ретінде сипатталады. Бұл жалпы дұрыс. Алайда Ренессансты тек бір антикаға ғана жатқызуға болмайды, бұл Ренессанста бастыны байқамау болып саналады. Кейіннен «Қайта өрлеу» ұғымы кең мағынаға ие болады. Ренессанс мәдениетіндегі ең бастысы – адамзат тұлғасын дәріптеу теориясы мен практикасы.

Итальян Қайта Өрлеуі іштей кезең-кезеңге бөлінеді: түпкі ренессанс (XIII-VIV ғ.ғ.), ерте Қайта Өрлеу (XV ғ.), кемелденген немесе жоғары (1550-1530 ж.ж.), кейінгі (XVI ғ. ортасы).

Түпкі ренессанстың жалпы сипаттамасы.

Түпкі ренессанстың өтпелі кезеңін түсіну үшін ең тамаша материал – Данте Алигьери (1265-1321 ж.ж.) шығармашылығы. Оны Орта ғасырдың соңғы ақыны және жаңа дәуірдің алғашқы ақыны деп атайды. Данте 1300 жылды адамзат тарихының ортасы деп санаған және сондықтан әлемнің жалпы және қорытынды сипатын беруге тырысты. Мұны ол «Ғажайып комедияда» (1307-1321 ж.ж.) тамаша бейнелеген. Поэманың антикамен байланысы «Комедиядағы» негізгі кейіпкерлердің бірі – рим ақыны Вергилий екендігінен көруге болады. Ол - жер бетіндегі даналықтың, ағартушылықтың, өнегеліктік символы. Антика әлемінің атақты адамдары – пұтқа табынушылар Гомер, Сократ, Платон, Гераклит, Гораций, Овидий, Гектор, Энейді ақын тозақтың алғашқы тоғыз шеңберлерінің біріне орналастырған.

Франческо Петрарканы (1304-1374 ж.ж.) Европадағы бірінші гуманист және әдебиетші деп санайды. Петраркидің барлық өмірі - өз мүддесі мен өзін-өзі ғана ойлайтын жеке адамның өмірі. Бұл жағынан ол әдебиеттегі бірінші индивидуалист. Петрарка өзінің сүйіктісі Лаураға арналған сонеталарымен белгілі.

Осы кезеңде лирикалық поэзия гүлденеді. Джованни Бокаччо (1313-1375 ж.ж.) бұл жағынан ерекше орын алады. Ол өз шығармашылығында жаңа адамгершілік принциптерін айқындайды. Әдебиет ісімен айналыспас бұрын ол алты жыл құқықты зерттеген, бірақ ол негізінен классикалық мифологиямен шұғылданды. Бокаччоның көркем шығармасы «Декамеронда» (1350-1353 ж.ж.) өзінің биік шыңына жетті. Адамзат табиғатының барлық байлығы антикадан кейін алғашқы рет ақсүйектік және тұрмыстық жағынан көрінеді. «Декамерон» махаббат оқиғаларының көптігімен таң қалдырады. Енді әйелжандылық кінәланбайды, ғашықтардың тапқырлығы дәріптеледі.

Бокаччо ғашықтық ісінде сословиелік шектеулерге қарсы болған: дворяндар қызметшілерімен, ақсүйектер атшыларымен құмарлық жолындағы бөгеттерді табысты жеңе біледі.

Орта ғасыр кезінде флорентиялық Джотто ди Бонде, қысқаша Джотто өнері белгілі болды. Джоттоның әлем өнерінің алдындағы басты еңбегі ол өзінің шығармашылығында орта ғасырлық тұрақтылықтан ауытқып, эллинистік әлемді кеңістіктік қабылдауды жаңғыртты. Джотто өнерінің жаңа реалистік тұжырымдамасы екі басты көркем принципке негізделеді: үш өлшемді кеңістікті перспективті беру принципіне және жарық көлеңкесінің көмегімен пластикалық фигураны көлемді түсіндіру принципіне.

Ерте Қайта Өрлеудің жалпы сипаттамасы.

Италиядағы Ерте Қайта Өрлеудің сипаттамасына көше отырып, келесіні атап көрсету қажет. XV ғ. басында Италияда жас буржуазиялық тап өзінің басты белгілеріне ие болды. Ол дәуірдің басты әрекет етуші тобы болды. Ол өмірде өзінің нақты орнын алып, нық тұрды, өзіне сенді, байып, дүниеге басқа көзқараспен қарады. Италия қалалары кішкентай болды, ал қоғамдық өмір қызуы, саяси әуестік иірімі күшті болды. Осы отта инициативті, энергиясы мол адамдар шынықты.

Адам санасындағы бұл жылжуды Қайта Өрлеудің маңызды қайраткерлерінің бірі, Мирандола республикасының билеушісі, тарихта Пико делла Мирандола есімімен белгілі болған Пико (1462-1494 ж.ж.) байқады. Ол «Адамның қасиеті туралы» трактатын жазды, онда адамның белсенділігі, адамның өзін-өзі жаратуы туралы ілім баяндалады. Өзін-өзі жасайтын универсальды адамның – іс пен ой титанының бейнесі идеалды болып саналады. Ренессанс эстетикасында бұл құбылыс титанизм деген атауға ие болған. Қайта Өрлеу адамы өзіне бірінші кезекте абсолютті тұлға түріндегі жасаушы және суретші ретінде қарады.

Европа мәдениетінің тарихы Ерте Қайта Өрлеуге ізгіліктің пайда болуымен міндетті. Ол қайта өрлеу мәдениетінің философиялық-практикалық типі ретінде болады. «Гуманизм» (ізгілік) терминін (оның латын формасы – studia humanitatis) Ерте Қайта Өрлеудің «жаңа адамдары» антика философы мен шешені Цицеронды өздерінше түсініп, енгізген. Термин адамның алуан табиғатының толықтығы мен бөлінбейтіндігін білдірді. Ерекше мәдени орта –гуманистер тобы тез қалыптасты. Олардың құрамы бастапқы кезде өте алуан болды: шенеуніктер мен тақсырлар, профессор мен көшірмешілер, дипломаттар мен дін басылары. Бұл европаның зиялы қауымының дүниеге келуі болды. Гуманистердің оқу сабақтарының ең салмақты нәтижелері адамзат даралығын теориялық дәлелдеу, адамның ішкі әлемін ашу және айрықша концепцияны жасау болды.

Неоплатонизм Қайта Өрлеу философиясы болды. Онда идеялар әлемі адамзаттың барлық тұлғасын анықтап, ұғындырады және ұйымдастырады деген ой басты орын алды. Қайта Өрлеу дәуірінде идеялар әлемі туралы ілім Әлемдік Ақыл мен Әлемдік Жан туралы ілімдер формасында болады.

1470-1480 ж.ж. Лоренцо Медичидің бастауымен Платондық академия деген атпен де белгілі Флорентиялық академия гүлденеді. Ол клуб, ғылыми семинар мен діни секта арасындағы орын болды. Академия мүшелері ғылыми диспуттармен, басқа сабақтармен, серуендеуде, жиындарда, антика авторларын зерттеумен және аударумен уақыт өткізді. Академия қабырғасында өмірге, табиғатқа, өнерге, дінге деген емін-еркін қатынас дамыды.

Ренессанстың даралығы гуманизмнің әсерінен секулярланған – шіркеу ықпалынан босатылған болды. Алайда қайта өрлеушілерді атеисттер деп айта алмаймыз. Атеизм қайта өрлеу идеясы болған жоқ, бірақ шіркеуге қарсылық нағыз қайта өрлеу идеясы болды. Қайта өрлеу дәуірінің адамы рухани болып қалғысы келді.

Бейнелеу өнерінде Ерте Қайта Өрлеу бастаушылары суретші Мазаччо (1401-1428 ж.ж.), мүсінші Донателло (1386-1466 ж.ж.) және сәулетші Брунелески болып саналады. Олардың бәрі Флоренцияда өмір сүрді.

Мазаччо Джоттоның ұмытылып бара жатқан дәстүрін қолдап, кескіндемемен үш өлшемді кеңістікті бейнелеу ісін соңына жеткізді. Өнер танушылар Мазаччоның үш өлшемділік негізінде қадірлі және өзіне сенімді адамды, немесе лирикалық, ал кейде назды адамды бейнелеуін бірінші орынға қояды. Осыдан оның кескіндемесі скульптуралық әсер тудырады. Осы көлемділік үшін антика бейнелері қажет.

Өнерде европа пластикасының көптеген проблемалары – дөңгелек мүсінді, монументті, ат монументін жүз жыл алға шешіп тастаған мүсінші Донато ди Никколо ди Бетто Барди болды, ол тарихта Донателло деген есіммен белгілі (1386-1466 ж.ж.). Шебердің көптеген жұмыстарының ішінен оның қола Давидін атап көрсеткен жөн.

Брунелескидің Флорентия республикасы соборының үстіндегі алып сегіз қырлы күмбезімен атағы шықты (1420-1436 ж.ж.). Ол адамдардың бірігу символы ретінде қабылданды, өйткені онда «барлық тоскан халқы жинала алатындай» салынды.

Ерте Қайта Өрлеу – эксперимент жүргізуші кескіндеме уақыты. Дүниені жаңаша сезіну – оны жаңаша көру дегенді білдірді. Шындықты қабылдау тәжірибемен тексеріліп, ақылмен бақыланады. Осы кезең суретшілерінің бастапқы мақсаты – қалай көреміз солай бейнелеу. Осы уақыт үшін бұл революциялық төңкеріс болды.

Ерте Қайта Өрлеу кескіндемесі сол кезеңдегі итальяндық нәзік сезімді, сезімді әсемдік пен грацияны бейнеледі. Осы құбылысты көркем ұғынудың керемет үлгілерін Сандро Ботичелли (1444-1510 ж.ж.) берді. Оның шығармашылығында гуманистердің жан мен дененің теңесуі туралы түсініктері жүзеге асырылды.

Жоғары Қайта Өрлеудің жалпы сипаттамасы.

Түпкі ренессанс Италияда 150 жылға, Ерте Қайта Өрлеу 100 жылға, Жоғары 30 жылға созылды. Итальян Қайта Өрлеуінің алтын ғасыры, итальян өнерінің ең жоғары кезеңі Италиядағы қиын кезеңмен, итальян қалаларының тәуелсіздік үшін күресі кезеңімен сәйкес келеді.

Коперниктің, Галилейдің, Кеплердің ұлы жаңалықтары адамның құдіреті туралы армандардың күл-талқанын шығарды. Коперник пен Бруно жерді адамның көзінің алдында мәнсіз дүниеге айналдырды. Ренессанс мәдениетінің дағдарысы саясат сферасында да айқын байқалды. Ренессанстың саяси өмірі қарқындылығымен және көп жоспарлығымен ерекшеленді. XV ғасырдағы-XVI ғасырдың басындағы итальян режимдерінің бірде-бірі тұрақтылығымен ерекшеленбеді және билік тирандардың қолына көшіп отырды. Даралықтың қоғамдық идеологияда билік құруы саяси практикаға да әсер етті. Бұл Николо Макиавеллидің (1469-1527 ж.ж.) шығармашылығы мен қызметінде айқын көрінеді. “Князь” (немесе “Монарх”, “Государь”) трактатымен атағы шыққан Макиавелли орташа демократиялық және республикалық құрылысты қолдады, бірақ өзінің демократиялық және республикалық көзқарастарын болашақ заман үшін ғана насихаттады.

Ренессанс құндылықтарының дағдарысы байқалуының қызықты формасы утопизм болды. Идеалды қоғамды құру алыс және белгісіз уақытқа жазылған, бұл авторлардың идеалды адамды шұғыл жасау мүмкіндігі утопиясына сенбеуін растайды. Томмазо Кампанеллланың Күн идеалды Мемлекетінде (1568-1639 ж.ж.) автордың Қайта Өрлеудің гуманистік құрылысынан бас тарта отырып, адамдардың барлық өмірін қатаң белгілеудің ұсақ бөлшектеріне дейін таң қалдырады.

Жоғары Қайта Өрлеу өнері өмірдің тамаша жақтарының гармониялық синтезіне ұмтылу, жалпы бейне үшін жекеліктен, шамалы нақтылықтардан бас тартады. Бұл - Жоғары Қайта Өрлеудің Ертеден басты айырмашылықтарының бірі.

Осы кезеңнің европа мәдениеті үшін мәнін түсіну үшін үш есімді атау жеткілікті: Леонардо да Винчи, Рафаэль, Микельанджело, олардың шығармашылығы итальян қайта өрлеуінің басты құндылықтары – зерде, үйлесім, қуатты бейнелейді.

Леонардо да Винчи “Үңгірдегі Мадонна” картинасында толысқан шебер ретінде көрінеді. “Кеш құпиясы” оның шығармашылығының шыңы болып саналады. Леонардоның қылқаламынан шыққан Мона Лиза портретінде классикалық, яғни қайта өрлеу белгілері – кескін айқындылығы, сызықтардың көзге көрінетін иілімділігі, физиономия тұрғысынан көңіл-күйдің мүсіндік құлпыруы және жартылай қиял түріндегі пейзажы бар қарама-қайшы және белгісіз болашаққа шақыратын портреттің үйлесімі айқын көрінеді.

Рафаэль сұлулық табиғаттың тазарған және жетілген формасы түрінде болады деп сенген. Ол адам көзіне көрінеді, суретшінің міндеті оны көрсете білу болып табылады. Рафаэльдің “Сикстин мадоннасы” өзіне тарту қасиетінің тереңдігімен ерекшеленеді. “Афина мектебінде” гуманист, антика мәдениетін тамаша білгір ретінде көрінеді.

Микельанджелоның батырлық титанизмінің жалғыз фигурасы – бұл Давид (1501-1504 ж.ж.). Оның атақты “Қорқынышты сот” фрескесінде Микельанджело жердегі барлық пайдасыз істерді, тәннің бұзылуын, адамның тағдыр алындағы шарасыздығын көрсетеді.

Жоғары Ренессанс суретшілерінде адамзат тұлғасы барлығынан биік қойылған. Бұл практиканы венециандықтар ғана бұза бастады, оның ішінде алдымен Джорджоне, оның пейзажы адамзат фигуралары бейнеленген терең гармониялық үйлесімде болады (“Ұйқыдағы Венера”).

Тициан сюжеттің эмоционалдық мазмұнына көңіл аударумен ерекшеленеді. Бұл “Кесарь динарийі” атты атақты картинасында жақсы көрінеді.

Айтылғандардан қорытынды шығара отырып, Қайта Өрлеу жаңа европалық мәдениетті қалыптастырудың ұзақ, күрделі және қарама-қайшы процесі ретінде көрсетіледі. Оның кейінгі орта ғасырдың әлеуметтік және рухани өмірінің терең алғышарттары болды, ол өз кезеңінің көптеген нақты экономикалық, саяси, идеологиялық факторларымен негізделеді. Бұл процесс ескі орта ғасырлық әлеммен күресте және ымыраға келуде болды. Соңында оның дамуы “шіркеудің рухани диктатурасын” бұзып, гуманистік дүниетанымды бекітті, идеология мен мәдениеттің барлық облыстарының революциялық өзгеруіне әкелді.

Итальян Ренессансының өз бастауы, өз жетілуі, өз соңы бар. Ренессанс дағдарысы оның идеялық бағдарламасының, оның рухани идеалдарының әлеуметтік шындықпен қақтығысуынан туған. Барлық Ренессанс жаңа заманның адамзат тұлғасының индивидуализмінің бірінші формасының жеткіліксіздігін және аяқталмауын ұғынудан туады. Екі стихия Ренессанстың рухани өмірін және өнерін көрсетеді. Бір жағынан, Қайта Өрлеу ойшылдары мен суретшілері адамзат қайғысын түсінуде және көркем бейнені терең ұғынуда шексіз күш пен мүмкіндікті сезеді. Екінші жағынан, олар адамзаттың шектелуін, табиғат өзгерістеріндегі, көркем шығармашылықтағы оның шарасыздығын әрқашан сезініп отырды. Сондықтан Ренессанс адамның антропоцентризмінің қуатты негіздемесін тұрақты іздестіру ретінде көрінеді.

Дерекөзі: Аманжолова М.К., Беркінбекова А.М., Әбілқасов Ғ.М. Мәдениеттану (барлық мамандықтардың студенттеріне арналған). Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2004. 117 б.

Негізгі әдебиеттер

1.Бенеш Отто. Искусство Севернего Возрождения: Его связь ссовеременными духовными и интеллектуальными движениями. – М.:Искусство, 1973. – 122 с.

2.Вёльфлин Г. Искусства Италии и Германии эпохи Ренессанса. М.,1934.3.Гомбрих. История искусств.

Тапсырмалар: 1.Италия Қайта өркендеу дәуірі мен Солтүстік Қайта өркендеудәуіріне салыстырмалы талдау (картиналарды пайдалана отырып)

2.Суретші А.Дюрердің шығармашылығына реферат жазу.

3.Солтүстік Қайта өркендеу дәуірінің көркемөнеріндегі руханиқұндылықтар бастауы.

Қосымша әдебиеттер

1.Алпатов М. Всеобщая история искусств. М., Л., 1948. Т 1.

2.Андахази, Ф. Фламандский секрет: [роман] / Федерико Андахази; пер. сисп. К. Корноносенко. –М.: АСТ: ЛЮКС, 2005. -237.

3. Байжігітов Б.К. Бейнелеу өнерінің философиялық мәселелері: кеңістікпен уақыт ырғағындағы тұрақты сурет үлгілері.-Алматы.: Ғылым-Өлке,1998.-192 б.

4.Вёльфлин Г. Ренессанс и барокко. СПб., 1913.

5.Ильин И.А. История искусства и эстетика. М., 1983.

6.Каган М.С. Пространство и время в искусстве как проблемаэстетической науки. – В кн.: Ритм, пространство и время в литературе иискусстве. -Л.: Наука. Ленинградское отделение. 1974.

7.Можейко. И.В. 7 и 37 чудес. Изд. 2-е испр. и дополнен. М., Главнаяредакция восточной литературы издательства «Наука», 1983. – 335 с.,ил.

8.Муратов П.П. Образы Италии.- М., 1964.

9.Пановский Э. Перспектива как «Символическая форма». Готическаяархитектура и схоластика / Пер. с нем. И. Хмелевских, Е Козиной; сангл. Л. Житковой. – СПб.: Азбука-классика, 2004.-336 с.: ил.

10.Панфский Э. Смысл и толкование изобразительного искусства. СПб.,1999.

11.Прус Б. Фараон: Пер. с польск. Е. Троповского. / Предисл. Е. Уыбенко; Послел. и примеч. И. Каснельцона; Ил. О. Гроссе.-М.: Правда, 1988.-720., ил.

Ф ЕҰУ 703-01-11 Дәрістік кешен. Екінші басылым