
- •1 Бөлім. Ежелгі заман өнері
- •Зергерлік өнердің пайда болуы
- •Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер мәдениеті мен өнері
- •Ежелгі Месопотамия мен Иранның мәдениеті
- •Пайдаланған әдебиет
- •2 Бөлім. Орта ғасыр өнері
- •3 Бөлім. Жаңа ғасыр өнері
- •XIX ғасырдың мәдениеті
- •4 Бөлім. Хх Ғасыр өнері
- •XX ғасыр мәдениеті
2 Бөлім. Орта ғасыр өнері
№ 9 дәріс. Батыс Еуропалық орта ғасыр өнері.
Батыс Еуропа өнері роман және готика – ХІХ ғасырда пайда болған термин. Ол Рим деген сөзден шыққан. Роман өнерінде, сәулет өнері грек-рим дәстүрінің жалғасы ретіндеқалыптасады. Дегенмен, орта ғасырлық өнерге сол кездеңдегі діникөзқарастың ықпалы күшті болып, орта ғасырлық мәдениет дінидүниетанымның негізінде қалыптасып, дамиды. Бұл кезде грек-рим өнерітұсындағы сұлулықтың идеалы діни бейнелермен алмастырылды. Роман шіркеуінің ең негізгі ерекшелігі тастан қашалған мүсіндік декор– барельеф. Бұл кезең неміс тілінде «салт атты» деген мағынаны білдіретін,рыцарлық кезеңмен тура келеді. Орта ғасырда соғыстың үнемі жиі болуы қамалдар тұрғызуды дамытты. Қамал күнделікті тұрмысқа қажетті болғанымен, олбиліктіңжәнемәдениеттіңрәмізіне айналды. Осы кездегі кең тараған құрылыс түрі -Донжон– тас мұнара, қорғаныс орны. Қалың қабырғалармен тұрғызылған, қарапайым құрылыстың ішкі жағына жарық тіпті де түспейін, түскен жағдайда өте тар терезелерінен түскен жарық өте аз болды. Тіпті барлық –монастырлар мен қалалар қамалдарға ұқсас биік қырдың үстінде орналасты.
Солай, ХІІ ғасырда төртбұрышты немесе көпбұрышты жобалы донжонқұрылыстары кең тараған сәулет түріне айналды. Қала тұрғызуда кең тараған құрылыстар түрі –ратуштар.Бұл тастантұрғызылған екі қабатты үй. Роман стиліндегі қаланың орталығы –кафедралды шіркеу. Шіркеуқ ала тұрғындарын неғұрлым көбірек сыйғызуға арналғандықтан,құрлысшылар үш негізгі мәселені шешуі керек болды: базиликаны; Христостың кресті жолын; неғұрлым кең кеңістікті сақтап қалу. Базилика –латын тілінен аударғанда «патша үйі» деген мағынаны білдіреді. Алғашқы базиликалы құрылыс кемеге ұқсас болып келді. Роман бағытының құрылысының негізгі айқындаушы ерекшелігі жартылай дөңгелекті арка. Жартылай дөңгелек арка роман сәулет өнерінің негізгі мотивіне айналды: ол кіре берісті порталдың жоғарғы жағын аяқтаптұрды, күмбез келбетінде, терезе ойықтарында, нефтің аркаларындақайталанды. Роман бағытының храмында бірінші рет жарық мәселесін ғимараттың ішкі жағын жарық түсіретін түрлі-түсті әйнекті«роза» - витражтерезелерарқылы шешті.
Витраж (лат. тілін. vitrum - әйнек, әйнекті терезе) – әйнекпен қапталғантерезе немесе есік. Витраждың көркемөнердегі мағынасы, әйнектің бетіндеорындалған сурет1. Витраждың екі жасалу әдісі кездеседі: 1) гризайль түтінге ұқсас жасыл фонға қара және сұр түспен, рельефті иллюзиялы жазылады; 2) түрлі-түстіәйнектерді бір-біріне ұқсата келтіре құрастырған сюжетті роспись. Роман бағытында негізгі декор қызметін атқаратын элемент, тастан қашалған мүсін – барьелеф. Баръелефте, яғни қабырғада орындалған тасмүсіндерді композицияларда көбіне құбыжықтардың бейнесі ойылып қашалды, оларадамға қорқынышты әсер етті. Орта ғысырда кең тараған тақырып -жақсылық пен жамандық. Роман стиліне тән құбыжықтарға ұқсас бейнелер, көрермен халықтыңбойында қорқыныш үрейін тудырды. Сондықтан адам жанының қиналысы тақырыптарынан келтірілген бейнелер, адам жанын тазарту деген сияқтытүсініктерді білдірді.
1Власов В. Большой энциклопедический словарь изобразительного искусства. В 8 т. Т. 2.– СПб.: ЛИТА, 2000. – 848 с : илл. Б – 223.
Роман бағытының көркем шығармашылығында – «Жұмақ пен тозақ» тақырыбына арналған көріністер кең тарады. «Суретшілер мен ақындар шынайы өмірді айналып кететін, олар пейзажды бейнелемеді, жеке адамдардың ерекшелігін елемеді, әртүрлі мемлекеттің және әртүрлі кезең мен ғасырларда адамдардың әртүрлі киінетініне, әртүрлі тұрғын үйде тұратыны мен басқаша қару-жарақ ұстайтынына да көңіл бөлмеді. Олар индивидуализациялау дегенді типке біріктіру деп түсінді....». Типке біріктіру немесе бөлу барлығын екі полюсте қарастырды: жақсылықпен зұлымдық. Қайғы-қасірет, азап шегу рәсімі жай қарапайым адамды өмірдің барлықазабы мен қыйындығына мойын сұнуға шақырды және болашақтағы жұмақ өмірдің бар екеніне үміт арттырды. Сондай-ақ иконографиялық бағдарламада апокалиптикалық тақырыптар да үлкен рөл ойнады. Витражда орындалған бейнелер екі дүниемен шектелді – күнәһар және қасиетті өмір. Кейінірек бейнелеу мен сәулет өнерінде жұмақ пен тозақ қатаң шарттылыққа ие болды: оң жақ құтты орынға айналды, сондықтан ол жақта жұмақ орналасты, ал солжақ – қарғыс атқан, бұл жақта тозақ орналасты.
Орта ғасырлық суретшілердің қолынан шыққан өнер туындыларын қазіргі көзқараспен қарайтын болсақ, олар өзінше ерекше. Суретшілер дүниенің тереңдігінің бар екенін, яғни дүниенің үш өлшемді екенін білмейтіндей: олкездің картиналарындағы кеңістік жазық бетпен алмастырылған.
Ортағасырлық кескіндемешінің картиналарында бірізділік әрекет симультантты 2 бейнеленген: картинадағы оқиғалар аралығы уақытпен бөлінген, бір жазықбетте бірнеше сценалар орналасады. Кескіндемедегі орта ғасырлық өнергетән бұл тип ұзақ ғасырлар бойы сақталып келді.
Орта ғасырлық франциялық шіркеулердің келбетінің қалыптасуына қажылықтың әсері мол болды. Адамдардың шіркеуге ғибадат етуге көптепкелуі, келушілер құдайға құлшылық етушілерді мазаламастан, бүйір жағындағы нефтен айналып шығып, барлық капеллалар мен қасиеттілерді қарап шыға алды. Тулуздағы Сен-Северен, Отендегі Сен –Лазер шіркеулерімысал бола алады.
Орта ғасырлық неміс сәулет өнері каралинг өнерімен тікелей байланысты (Рим императоры саксондық династия каролі). Негізгі құрылыс түрлері - үш нефті базилика. Мысалы, Мария Лаах аббадтығындағы шіркеуін келтіруге болар. Италиялық романдық бағыттағы сәулет өнері басқаларға қарағанда өзгешерек. Мысалы, қасында адамға қажетті құрылыстардың бәрі бар, Пизадағы соборь (ХІІ), үшкен кешенді құрылыстың бір бөлігі ғана. Ақмәрмәрлі мұнараны түрлі-тісті мәрмәрмен әшекейлеген.
1Гуревич. А.Я. Категория средневековой культуры. – М.: Искусство, 1984. С-534.
Франц. simultané – одновременный, бір уақытта Орта ғасырлық роман бағытын монастырлық бағыт деп те атайды. Олардың негізгі құрылыстарының орталығы шіркеулер мен клуатрлар1құрады.
Готикалық бағыт
Готика мен роман бағыттарының арасында қатаң бөлінбеген шекаражоқ. Готика орта ғасырлық өнердің жоғарғы баспалдағы және ең алғашқыжалпы еуропалық көркем бағыт. Еуропада дамыған готикалық бағыт ХІІ–ХІІІ–ХІV ғасырлар аралығыналып жатты. ХІV ғасырда неғұрлым сәнді бағытта дамыған готикалықкезеңде май шамдарды көп пайдаланғаны соншама, ол кезді «лапылдағанготика» деп те атады. Францияны Готика бағытының отаны деп атайды. Шіркеулерге ғибадатетушілерді неғұрлым көп сыйғызу үшін, готикалық сәулет құрылыстарыныңішкі кеңістігін үлкейту қажеттілігі туғанды. Үлкен ғимараттар салу бұрынғықұрылыс типтерін өзгерпестен, қосымша құрылыс конструкцияларойластырды. Құрылысшылар күмбезді жеңілдету мен қабырғаға түсетінсалмақты азайту үшін, каркасты қабырға – нервюраларды (фр. тілінде nervur- қабырға) тұрғызды. Ал оныңконтрфорсы –салмақты ұстап тұратын қосымша қондырғы. Готикалық бағыттағы құрылыстың ортаңғы нефі бүйір жанындағы нефтерденасқақтап тұратын, базиликалы формасын сақтап қалғандықтан, арнайы біріктіруші аркалар аркбутанды қолданды Готикалық шіркеулердің фасады вертикальды үш бөлікке бөлінді. Құрылыстың ішкі жағы да үшке бөлінді: астыңғы бөлік аркада, орталықнефтің аркадасы, жоғарғы терезе. Готикалық ғибадатхана құрылыстарының барлық конструкциясыжоғарыға, Құдайға ұмтылып тұрғандай әсер етті. Готикалық құрылыстардың клуатр (фр. cloître - "монастырь"), айнала құрылыстар шоғырланған. барлық жағы тұйық алаң. Әдетте клуатрдың жобасы жан-жағы жабықгалереямен қоршалған, шаршы немесе төртбұрышты болып келеді. Конструктивті ерекшелігінің бірі, олар безендіруге жақындай түсті. Оның айқын көрінісі бірден конструктивті және сәнді қызмет атқаратын,мүсін-колонналарданкөрінеді. Әсіресе, порталды безендіруге көп көңіл бөлді.
Соборлар сыртқы жағынан да, ішкі жағынан да мүсіндерге толтырылды. Тым жұмсақ пластикалы сызықтар, «готикалық қисық» деп аталып, S – ке ұқсасмайыса бұрылған фигуралар, готикалық пластикаға тән ерекшелік болыпқалыптасты. Собордың ішкі жағындағы мүсіндерге көп мән берді, боялған рельефтер және ажурлы өрнектер адамға үлкен әсер берді. Мүсіндерге тіріадамға сиынғандай ғибадат ететін болған, ал олар мүсіндердің тіріліп кетуітуралы көптеген аңыздарды шығарды. Осы кезеңде тас мүсіндермен біргебоялған ағаш мүсіндер де дамыды.
Шіркеудің интеръерінде алтарлы образға – ништа орындалған, иконағанемесе қасиеттілердің мүсініне аса құрметпен қарады. Шпалер менфитраждар да готикалық бағыттың негізгі көркем өнер бағытына айналды. Готика храмдарында қабырғаға салынған жазба суреттерге қарағандавитраждар негізгі рөл атқарады. Готикалық соборлардың арасындағы Франция храмдарының еңнегізгісі деп білетін, Париж Құдайана соборы -Нотр – Дам –де Пари.
XIII ғ. соңында тараған готикалық бағыт жергілікті ерекшелікте дамыды. Англияда готикалық бағыттың қалыптасуына франциялықбағыттың әсері мол болса, Испаниядағы готикалық бағыт мұсылман сәулетөнерінің ықпалында дамыды. Сондықтан испандық базиликалардың биіктігінефтің биіктігімен бірдей болып келді. Собордың көбіне төрт фасады даболғанымен, ешбір фасады готикалық құрылыстардағы фасадқа ұқсас асқақбола қойған жоқ. Германиядағы готикалық бағытта тұрғызылған бес нефті базиликалы Кёльн соборы, жоғарыға ұмтылған үшкір стрелкалы терезелерімен таңқалдырады. Готиканың барлық жерінде бірдей пайда болған өте талғампаз кітап миниатюра бағыты – барлық еуропалық сарайларда бірдей дамыды. Кітап ақсүйектер мен қолөнері шеберлерінде де қызығушылық таныта бастайды. Күнделікті өмірде оқуға қасиетті кітаптардан басқа, әдебиет пен ғылымикітаптар да ене бастайды. Алғашқы готикалық кітаптарды безендіруде сәулет өнерінің әсерікөрініс тапты. Кітаптар миниатюраларды, витраждарды еске түсіретіндейөрнектермен безендірілді. Қатаң роман бағытындағы шрифтерді үшкірготикалық жазбалар алмастырды. Әсем және түрлі-түсті миниатюралар готикалық мәтінді ажурлы өрнекті ете түсті.Табиғатты терең зерттеу және оған еліктеу жаңа ренессанстық әдістерге жағдай тудырып, біртіндеп заттар мен адамдардың фигуралары көлеңкелерін тастаса, ал кең кеңістік алысқа кетеді, заттар кішірейіп,сызықтар жоғала түседі.
Негізгі әдебиеттер
1.Готика: Архитектура. Скульптура. Живопись / Под. ред. Рольфа Томана. Фотографии Ахима Беднорца. – Копенгаген, 2000. – 521 стр.: ил.
2.Нессельштраус, Ц. Новая история искусста: Искусство раннегосредневековья. – СПб: Азбука, 2000.- 384 с.: ил. Щ 103/ Н-558
3.Мартиндейль, Эндрю. Готика. – М.: Слово, 2001. – 288 с.: илл.
4.Ротенберг, Г. И. Искусство готической эпохи: Система художественных видов. –М.: Исусство, 2001.- 121 с.: и.
5.Верман, Карл. История искусства всех времён и народов: Европейское искусство средних веков. – М.: ООО «Изд-во АСТ», 2000. – 944с
6.Романское искусство. Архитектура. Скульптура. Живопись. М –1996. – 481с.
7.Рагин В.Ч., Хиггинс М.К. Искусстыо витража от истоков ксовременности. М.-2001. – 287с.
Тапсырмалар:
1.Готика сәулет өнерінің конструкциялық және көркем құрылымынаталдау жасау.
2.Готика көркем өнерінің діни түсініктермен байланысы қалай көріністапты?
3.Мозаика, витраж өнері. Сәулет өнерінен мысалдар келтіре отырыпталдау жасау.
Визиантия мәдениеті (4-15 ғғ.)
Шығыс Рим Империясының ерте христиандық өнер кезеңі V-VI ғасырларды қамтиды. Тарихқа Византия деп енген шығыс христиандық жерлерде кең тарағанөнер, V-ші ғасырдан бастап эллиндік дәстүрді жалғастырушы. Ол кейінгіөнерде жалғасын тауып жаңа стильді қалыптастырды. Шығыс Римге Балкан түбегі, Эгей теңізіндегі құрылықтар, Сирия, Палестина, Қосөзеннің бір бөлігі, Армения, Мысыр, Кипр, Аравия районы, Кавказдағы Қырым жерлері кірді. Жалпы Византияның алғашқы даму кезеңіндегі жаңа бағыттың пайда болу себебін -перғам кодексідеп аталатын кітаптың пайда болуымен байланыстырады. Мысырдың патшасы Птоломей, Пергамда кітап көшірмелерінің көбейіп кетуі, Александрияның беделін түсіреді деп, пергамға папирус жіберуге тыйым салады. Сондықтан оларға өз жазба құралын ойлап табуғатура келеді – бұл пергамент кітапшасы болды. Пергамент қозы мен бұзаудың терісінен иленген жұмсақ тері. Ол бояуды өзіне өте жақсы сіңіріп алатындықтан, мәтінді бояу түрлерімен бай сәндеуге ыңғайлы болатын. Суретші кітапты безендіруге көбіне қызыл түсті көп пайдаланғандықтан – миниум (лат.), кітап иллюстрациясы миниатюра деп аталып кетті.
Өнерде жаңа формалардың пайда болған түрінің бірі – сәулет өнері. Алғашқы кездегі сәулет төртбұрышты жобалы грек сәулет өнерін қайталау болатын. Бұл кездегі діни-рәсімдерге арналған құрылыс ғимараттар, ертеректе салынғанына қарамастан сақталған. Алғашқы кездегі ең кеңтараған құрылыс типтері –базилика. Оларға мысал ретінде, Вифлеемдегі Рождества, Римдегі Санта – Мария Маджор шіркеуін келтіруге болады. Дегенмен, V ғасырда орталық құрылыстар кең тарай бастайды, оныңтуылуына сириялық мектептің ықпалы болды. Бұл кезде діни рәсімдердіжүргізу қалыптасқан болатын, рәсім кезінде оны хормен орындалатын өлеңдермен қостайтын, өлең айтушыларды арнайы басқаларынан жоғарыра қорналастыру храмның орталық бөлігін айқындап тұрды, ал бұл болашақтағы амвонаның (восхожу) алғашқы образын бекітті. Бұндай белгі орталық күмбезді шіркеу түрінің қалыптасуына әсер етті. Және бұндай құрылыстардың пайда болуына Кіші Азия мәдениетінің әсері мол еді. Мысалы, Равеннадағы равенналық ханымға арналған мавзолей. Шіркеудегі жоралғы рәсімдер мавзолейдің ішкі интерьерін көркемсәндеуді де өз қолына алды. Христиандық дәстүрге байланысты,адам сүріпжатқан шын дүние мен келесі өмірдегі дүниені байланыстырып тұруы керек. Шіркеуде бейнелеу өнерінің көмегімен Құдай образын суреттеу маңызды еді. Бұл мақсаттарға жету мынадай әдіс-тәсілдерді жетілдірді, олар:симметрия принципі, жазық композиция, фигуралардың әртүрлі масштабтылығы және ежелгі египеттіктерден алған фигураларды фронтальды орналастыру1. Бейнелеуде асқақ және ирреальды Құдай образын сомдауға неғұрлым жақынкелетін -мозаика -ерекше оптикалы әсер беретін, «керемет жалтылдағанкескіндеме» (мерцающая драгоценная живопись) тәсілін дамытты. Дөңес қисық сызықтың сфераның бетін мозаикамен қаптаған, Равенналық шеберлер, ақ түсті өрнектер мен фигуралар адамдарға алға қарайшығып тұрғандай көрінетінін байқады. Бұндай әсер тереңдігі жоқ алтын түстіфонды пайдалану арқылы күшейе түсті. Дөңес шығыңқы көрінетін фигурамен алтын түсті фон, қасиеттілердің бейнесін алға қарай шығып тұрғандай әсер беруі, құдайлар мен қасиеттілерді мінәжәт етушілермен бір кеңістікте теңестіргендей етіп жіберді. Сондай ақ, көздері бақырайа, қозғалыссыз қараптұрған қасиеттілер бейнесі мінәжәт етуші адамдарға қатты әсер етті. Бұндайбейнелеу өнердегі бастау Равеннадағы сегіз қырлы храмда жалғасын табады. Юстиниан тұсындағы Византия өнері. Италияның соғыс – администрациясының орталығы болған, Равеннада – базиликалы, Канстантинопольде – күмбезді-кресті құрылыстар Византияның барлық территориясында салынып жатты. Юстиниан тұсында жаңа храм – күмбезді базиликалы құрылыс түрлері салына бастады. Мысалы, София храмы. Бұлүлкен шіркеу маңында бірнеше аңыздар пайда болды. Аңыз бойынша, Юстиниан бұл шіркеудің планын түсінде көрген дейді. Түсінде періштелерқиын инженерлік сұрақтарды түсіндіріп, тіпті шіркеуді тұрғызуға қаржыны қай жерден табудың жолын да айтып берген деседі. Храмды тұрғызуға ежелгі дүние өнерінің ескерткіштерінен ең әдемі материалдарды алдырған: мәрмәрдан жасалған бағаналардың бір бөлігі Афинадан алынған, жанындағы портиктерді әшекейлеп тұрған бағаналар сириялық қаладағы Баалбектің күн құдайына арналған ғибадатханасынан әкелінген, коринифтік стильде жасалған сегіз бағана Эфестегі Артемида храмынан алынған.
1Емохонова Л.Г. Мировая художественная культура: Учебное пособие для студ. Сред.Пед. Учеб. Заведений / Емохонова Л.Г. – 5-е изд. М.: издательский центр «Академия»,2005. -544 с. Б-141
Ғибадатхананың салтанатты ашылуына Юстиниан төртатты арбасымен келеді. Ғибадатханаға кіре «құдайға шүкір, Саламон мен сеніжеңдім» деп айқай салыпты. Юстиниан тұсында ғибадатхананы сәндеудегі өнердің бір түрі -иконаболды. Тақтайға жазылған иконалардың шыға бастауды VI ғасырдағы осыкезеңмен байланысты.Иконаның ең алғышқысы, біздің э.д. IV ғасырларда Мысырда пайда болған фаюм портреттері деп саналады. Бұл уақыттарда мумиялар бұрынғымәнін жоғалтады, олар тірі кезінде ағаш тақтайшаға энкаустика (восккеараласқан бояу) немесе темпера (жұмыртқаның сары уызымен) әдісіменсалынған бейнелерді қайтыс болғаннан кейін адамның бетіне қойған,ондағысы өлген адамның жаны ұшып кетпестен өлі денеге қайта қонсындегені еді. Бұндай түрлер Фаюм жерінен алғаш табылғандықтан ваюмдік деп аталып кеткен. Иконаны құдайдың бейнесі деп қарастыруға болмайды, оны құдайобразы деп түсіну керек, сондықтан онда оның бет бейнесі емес келбетобразы бейнеленді.Македония тұсында ғибадатхана типтері классикалық деңгейге дейінжетілді. Кресті-күмбезді ғибадатхананың негізгі төртбұрышты планнаншығыңқы бөлігі –апсидадеп аталды.ХІ–ХІІ ғасырларда ғибадатхананың кеңістігіне байланысты көптегенрәміздер туылды.Космостық рәміздерғибадатхананы қабылдауда оны Әлемніңкішірейтілген моделі деп қарады, онда күмбездер аспанды білдірді, ал еденгежақын кеңістік жерді, алтарь - жұмақтың рәмізі болса, ал батыс жақ тозақтыбілдірді. Осыған орайросписьтерде орын алды.Византияны түріктер басып алғанға дейінгі кездіпалеологовтыренессанс деп атайды. Бұл кезде діни шығармалармен бірге тарихитақырыптар да жазыла бастайды. Адамдардың фигурасымен қатар табиғаттыбейнелеу де басым бола түседі.
Негізгі әдебиеттер
1.Банк А. В. Искусство Византии в собрании Государственного Эрмитажа / Ред. М.И. Артамонов. – Л.: Гос. эрмитаж, 1960. -132 с.
2.Колпакова Г.С. Искусство Византии. Раний и средний периоды.– СПб.: Азбука-классика, 2004, - 528 с.: илл.
Сәулет өнері
XI ғасырда Батыс Еуропада үлкен құрылыс басталды. Байыған шіркеулер сансыз діндарларды сыйғызу үшін храмдарды ұлғайтты. Қарапайым ағашпен жабылған жайдақ төбелерін тас күмбездермен алмастырды. Оны қалың қабырғалар ғана көтере алатын еді. Сол уақыттағы құрылысшылар Ежелгі Римнің сәулет өнерінен көп үлгі алды, сондықтан да ХІ-ХІІ ғасырлардағы ғимараттарды роман (латын сөзі Рома - Рим) ғимараттары деп атайды. Роман храмы қабырғасы тегіс, биік мұнаралы, алып ғимараттар еді. Күмбездерінде, терезелерінде, храмның кіре берісінде доға тәрізді аркалар қайталанып отырады. Роман храмдары өзінің сұстылығымен және күрделілігімен қамал тәрізденіп, католик шіркеуінің құдіретіне сенім туғызуға тиіс болды. Олар үйсіз-күйсіз, қашқан-пысқан халыққа баспана қызметін де атқарды.
XII ғасырдың аяғынан бастап мырзалардың өктемдігінен құтылған қала тұрғындары сауда үйлерін, ратушалар, соборлар, ауруханалар, қонақ үйлерін сала бастады. XII-XV ғасырлардағы құрылыстар готикалық деген ат алды. Құрылысшы шеберлігінің одан әрі өсе түсуі ауыр доға тәріздес күмбездерді неғүрлым жеңіл, шошақ күмбезбен алмастыруға мүмкіндік берді. Енді қалың қабырғаның керегі болмай қалды. Қаракөлеңке роман храмынан өзгешелігі - готикалық соборлар үлкен терезелерімен жарқырап көрінеді. Қайталанып келетін аркалары, сәнді құрама күмбездері, тіреулермен безендірілген биік мұнаралары - осылардың бәрі аспанмен тілдескендей әсер беретін. Ең үлкен готикалық собор мұнараларының биіктігі 150 метрге жетіп, Египет пирамидаларынан да асып түсті. Сәнді, аса үлкен собордың ішінде діндарлар құдіретті Құдай алдында өздерін дәрменсіз және мүсәпір сезінуге, өздерінің бүкіл ойын, сезімін соған арнауға тиіс болды. Сонымен бірге келушілер собордың сәулеттілігі мен әсемдігін сүйсіне тамашалады. Собор үзақ уақыт бойы калалардағы бірден-бір үлкен ғимарат болды. Онда тек шіркеу жоралғылары ғана емес, сонымен қатар кала халқының жиналыстары өткізілді. Діни тақырыптағы театр ойындары көрсетілді, мұнда профессорлар дәріс оқыды, мемлекеттер арасындағы келіссөздер жүргізілді. Ортағасырльщ ғимараттар қазірдің өзінде де оны жасаушы шеберлер ой-қиялдарының шексіздігімен сүйсіндіреді. Готикалық соборларды салуға көптеген адам, тіпті сәулетшілердің, тас қалаушылардың, ағаш шеберлерінің, әйнекшілердің бүтіндей ұрпағы қатынасты.
Мүсін өнері
Орта ғасырлардағы мүсін өнері сәулет өнерімен тығыз байланысты болды. Соборлар құдайларды, епископтарды, корольдерді бейнелейтін жүздеген, тіпті мыңдаған бедерлермен және мүсіндермен безендірілді.
Дінбасылардың пікірі бойынша, өнер сауатсыздар үшін «інжіл» міндетін, христиан кітаптарында айтылатын окиғаларды бейнелеу, суреттеу, сенімін арттыру, тозақ азабымен үрейлендіру қызметін атқаруға тиіс болды. Өнер шығармалары шіркеудің тапсырмасы бойынша жасалды, бірақ оны халықтан шыққан шеберлер тудырды. Діни тақырыпқа арналған мүсіндер арқылы олар өмір жөніндегі өз түсінігін көрсетті, адамның адамгершілігін және сезім байсалдылығын дәріптеді. Шеберлерде әсіресе, ананың балаға деген сүйіспеншілігін суреттеуге құштарлық басым болды. Бұл Құдай-ананың көптеген бейнелерінен көрінді (Батыс Еуропада оны «мадонна», «менің қожайы- ным» деп атады). Адам денесінің сүлулығын дәріптеген антикалық өнерге қарағанда, орта ғасыр суретшілері адамның ой байлығын, сезімі мен көңіл күйін ашуға көбірек ұмтылды. Роман шеберлері адам денесін көбіне жүдеу, бет-бейнесін кескінсіз, титықтаған етіп бейнеледі. Адамның қиналысын немесе шаттығын барынша жеткізу үшін олар адам бейнесіне көбіне рабайсыз пішін берді. Роман мүсіндеріне қарағанда, готикалық мүсіндерде адам бейнесі дәлірек берілген, киім қыртыстары, адам денесінің кескін-пішіні айқын байқалады. Дарынды шеберлер өмірде көргендерін нанымды бере білген. Адамның сырт келбетімен қатар, ішкі сұлулығына зейін қоюшылық байқалады.
Бейнелеу өнері
Роман храмдарының қабырғалары суретке толы болатын, ол суреттерден құлшылық етушілерге «әулиелер» мен құдайдың сұсты бейнелері карап тұратын. Ал готикалық соборлардың кабырғаларында бейнелеу өнеріне орын аз берілді. Аса үлкен терезелері қорғасын құрсаулармен бекітілген мөлдір шыны сынықтарынан құрастырылған суретті әшекейге толы болатын. Витраж арқылы храм ішіне түскен күн сәулесі колоннада, төбе мен еденде жалт-жұлт ойнап, храмға ерекше салтанатты көрік берді. Бейнелеу өнерінің аса зор жетістігі кітап миниатюрасы болды. Ашық салынған суреттерде орта ғасырлар адамы өмірінің барлық жағы бейнеленді. Суретшілер көпке дейін болжай алмай, алыстағы мен жақындағыны көлемі жағынан бірдей етіп бейнеледі, сондықтан да нәзік нөрсенің өзі де түрпайы сияқты болып көрінетін. Витражда, миниатюраларда шаруалар мен қолөнершілердің еңбек үстіндегі жағдайы көрсетілді. Халықтың өз еңбегінің маңыздылығын және бағалылығын түсінуі осыдан көрінді.[1]
Пайдаланған әдебиет
Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-625-9
№ 10 дәріс. Шығыс өнері. Араб және Үндістан елдері өнері.
Араб өркениеті – ислам дінін ұстанып, араб тілін ғылыми және әдеби тілге айналдырған араб және басқа да халықтар өркениеті. Ғылымда «араб мәдениеті» деген атпен белгілі. Орта ғасырларда Таяу және Орта Шығыста, Солтүстік Африка мен Оңтүстік-Батыс Еуропада өркен жайған. Ғылымды дамытуға және оны басқа елдерге таратуға тікелей әсер еткен араб өркениеті Батыс, Оңтүстік және Солтүстік Арабияда туып, қалыптасты. Бұрын сабей тілінде сөйлейтін Оңтүстік Арабия халқының көне мәдениеті, өзіндік жазуы болған. Сирия, Ливан, Палестина, Ирак елдеріндегі арамей халықтарының мәдениеті сияқты сабей мәдениеті де араб өркениетінің дамуына негіз болды. 4 ғасыр шамасында пайда болған араб жазуы, арамей жазуының дамытылған түрі еді. Шапқыншылық соғыстар нәтижесінде ұлан байтақ империяға – халифатқа айналған Арабиядағы қатынас құралы осы жаңа жазуы бар араб тілі болды. Исламды енгізген Мұхаммед пайғамбардың уағызы бойынша барша қауым осы жаңа дінді мойындай отырып ілгері дамуға, жаңа аймақтарға осы бағыттың артықшылығын түсіндіруге, уағыздауға тиіс болды. Халифат құрамына Шығыс, Солтүстік Африка, Ирак, Ауғанстан, Пиреней түбегінің басым бөлігі, Кавказдың оңтүстігі мен Солтүстік-Батыс Үндістан кірді. Осы жерлердегі халықтардың мәдениетімен қоса көне грек, эллин, рим, үнді мәдениетінің жетістіктерін бойына сіңірген, анағұрлым озық мәдениет жасалды. Оған парсылар, сириялықтар, Орта Азия мен Кавказ халықтары зор үлес қосты. Осылайша қалыптасқан араб мәдениеті Батыс Еуропа халықтарына және дүниежүзілік мәдениетіне игі әсер етіп, оған орасан зор үлес қосты. Арабтардың астрономия саласындағы еңбектері Еуропа астрономиясының негізін қалады. Осы күнге дейін көптеген жүлдыздардың аттары, ғылыми, мәдени терминдер араб тіліндегі атауын сақтап қалған. Араб өркениетінің негізі де, қайнар бастауы да араб философиясы болды. 827 ж. араб ғалымдары меридиан шеңберін өлшеп, жердің көлемін анықтады. Негізін үндіден алып, санаудың ондық жүйесін, оның сәйкесті цифрлары мен нөлді пайдаланудың жолын тапты. Тригонометриялық функцияны (әл-Баттани, 858 – 929) енгізді. 1- және 2-дәрежелі алгебралық теңдеуді шығарудың бірнеше жолын тауып, бүкіл математиканың дамуына жол ашты. Медицина ғылымына, оның ішінде офтальмология саласына айрықша үлес қосты. Соның нәтижесінде геометриялық оптика үлкен жетістіктерге жетті. Медицинаның, онымен тікелей байланысты фармакологияға қажетті химияның дамуына жағдай жасады. Алхимия кең тарады. Қатты денені буға, буды қатты денеге айналдыру, кристалдандыру, сүзу тәсілдері де арабтардан бастау алады. Шығыста пайда болған компас, қағаз, оқ-дәрі, т.б. арабтар арқылы Еуропаға тарады. Осы сан салалы ғылым Орта Азияның ұлы ғалымдары Әбу Әли ибн Сина мен Әбу Райхан Бирунидің араб тіліндегі еңбектерінде одан әрі дамытылды және басқа елдерге танылды.
Араб өркениетінің дәуірлеген шағы 8 – 11 ғасырлар болды. Оның көрнекті үлгілері сәулет және бейнелеу өнерінде көрінді. Мешіт, медресе, тұрғын үйлердің жаңа үлгілері жобалық шешімімен, айшықты өрнектерімен, эстетикалық әсемдігімен ерекшеленді. Ислам діні адамдар мен жануарларды бейнелеуге тыйым салды. Меккедегі Қағба ғибадатханасы, Иерусалимдегі 692 ж. салынған әл-Ақса мешіті (1969 ж. Израиль фанатиктері өртеп жіберген), Дамаскідегі Бани-Омейя мешіті (8 ғасыр), тұрмыс-салт тақырыбында әшекейленген Кусейр-Әмре қамалы мен Әмре мешіті (641 ж.). Араб өркениетінің сәулет өнеріндегі озық үлгілеріне жатады. Батыста (Алжир, Испания, Марокко, Тунис) Мавритания өнері аталған сәулет өнерінде тамаша үлгілер туғызды. Оның осы кезге дейін сақталған озық туындысы Гранададағы Альгамбра қамалы. Азиядан тыс жерде араб өрикениеті Египет пен Сирияда өте жоғары дамыды. Әсіресе, Египетте күні бүгінге дейін сақталған ибн Тулун (876 – 879 ж.), әл-Әзхар (970 – 972), әл-Хаким (990 – 1013 ж.) мешіттерінің жобалық үлгісі, әшекей-нақышы, құрылыс бөлшектерін өрнек түрінде пайдалану тапқырлығы қазірге дейін таңқалдырады. Каир қаласындағы осы үш мешітке жұма намазға жиналған бүкіл қала халқы сыйған. Ал 15 ғасырда әл-Әзхар мешітінде ашылған кітапханада араб Шығысының мәдениеті мен тарихына байланысты 60 мыңнан астам кітап пен 15 мыңдай қолжазба сақталған. Бұл кезеңде мешіттермен қатар керуен-сарайлар, моншалар мен тұрғын үйлер салынған. Орта ғасырдағы араб музыкасы Испанияның, Португалияның музыка өнеріне, кейбір Еуропа елдерінің музыка аспаптарының қалыптасуына әсер етті. Бұл кезде арабтардың музыка ғылымы да жақсы дамыды. 11 ғасырдың ақырына таман халифаттың ыдырауы, салжұқтардың жаугершілігі мен крест жорықтарына қарсы күрес, 13 ғасырдағы моңғол шапқыншылығы, 16 ғасырдың басындағы түрік жаугершілігі, 19 – 20 ғасырдағы Еуропа отаршылдығы араб өркениетінің дамуын күрт бөгеді. Бірақ кезінде қатты дамып, жан-жақты қалыптасқан араб өркениетінің Батыс пен Шығысқа еткен әсері өзіндік өшпес ізін қалдырды.Шығыс Орта ғасыры мен Қайта Өрлеу мәдениеті. Орта ғасырлық араб мәдениеті арабтандыруға ұшыраған, исламды қабылдап, классикалық араб тілі көп уақыт әдебиет пен дін тілі ретінде билік құрған елдерде өркендеді. Барлық орта ғасырлық араб мәдениеті, адамдардың күнделікті тұрмысы мен өмір салты, қоғамдағы мораль нормалары VII ғ. Араб түбегіндегі тайпаларда пайда болған ислам дінінің әсерінен дамыды.
Үнді орта ғасыр өнері
Гупттар дәуірінен кейін, VI ғасырда үнді мәдениетінің дамуында жаңа кезең басталады. Осының алдындағы кезеңдегі қалалық және сарайлық мәдениетке барған сайын мейлінше дінге сүйенетін, елдегі ұсақ та ірі әкімдер күштеп енгізген мәдениет түрлері қарсы қойыла бастағаны атап көрсетіліп жүр. Олар өз биліктерін діни нышандармен байланыстырып отырған. Үнді мемлекеттеріндегі басты рольді енді діни қызметкерлер атқаратын болып алады, бұл кезде ескі дін – буддизм бірте-бірте ығыстырылып, индуизм жетекші дінге айналады. Маурьялар мен Гупттар әулеттерінен шыққан әкімдерге тән Үндістанды бірыңғай мемлекетке біріктіруге деген ұмтылыс ұмыт бола бастайды. Ұсақ князьдіктердің аса әйгілі атаққа ие әкімдерінің өзара соғыс, қақтығыстары мен тартыстары біртіндеп асқына түседі де, мұның өзі ішкі және сыртқы саудаға күшті ықпалын тигізеді; шығыстағы сауда қытайлардың, ал батыстағы сауда арабтардың қолына өтеді.
Индуизм ықпалы
Орта ғасыр дәуірінде бүкіл Үндістанда индуистік храмдық сәулет өнері мен пластика гүлденеді. Жекелеген әкімдер мен олардың діни ортадан шыққан кеңесшілері арасындағы өзара бәсеке біртіндеп бірінен-бірі өткен сән-салтанатты храмдар тұрғызуға жеткізеді.
Бұл дәуір бірқатар оңтүстік және солтүстік әулеттердің – Ориссадағы Паллавтар мен Раштракуттардың, Палдар мен Чанделлдердің, Бхаумакарлардың, Кесарилер мен Гангтардың билігімен тығыз байланысты, ал олардың орнын кейініректе, мәселен, Оңтүстік Үндістандағы Чолдар әулеті сияқты құдіретті әулеттер басты. Бұл дәуір шіердің ірі көлемді туындылары – Оңтүстік Үндістанның шығыс бөлігінде Махабалипу рамда салынған мүсіндік әшекейлі құрылыстар, Батыс Декандағы Эллора мен Элефант аралындағы үңгірлік монастырьлар, Чанделлдер әулетінің билігіне жататын Бхуванешвер (Орисса) мен Кхаджурахо храмдық қалалары сияқты тұтас жатқан ескерткіш-қалалар арқылы ерекшеленеді. Палдар әулеті Бенгалия мен Бихарда аса көлемді монументтер қалдырмаған, алайда олар билеген кезден (бұлар буддалық әкімдердің ішіндегі ең соңғы және индуистік гис пластикалары мен құрылыстары мол буддалық университет сияқты) ічжерткіш-куәлар сақталған.
Бұл сияқты ортағасырлық индуистік храм құрылысы бүкіл Үндістан жерінде кең өріс алған. Осы елдің тек бір ғана ауданында – Гуджаратта джайндік діни қауымдар күш алып, өздерінен кейін назар аударуға тұрарлықтай көптеген джайндік құрылыстар қалдырған. Бұл дәүір индуистік өнердің Үндістанға мұсылман жаулаушылары басып кіріп, біртіндеп оның солтүстігі мен Деканды иеленуі алдындағы өріс жая гүлденуінің соңғы кезеңі болатын. Индуистік өнер тек қана қиыр оңтүстікте дербес дами берді. Чолдар әулетінен шыққан әкімдер өз мемлекетін солтүстікке және оңтүстікке қарай кеңейте түсті, қайсыбір кезеңде тіпті Цейлонды да басып алып, Оңтүстік-Шығыс Азияға да тікелей ықпал жасады. Олардың храмдық сәулет стилі Солтүстік Үндістан стилінен, ең алдымен, құрылыстардың монументальдылығы, гопурлар деп аталатын үлкен қақпалары, сол сияқты пластиканың, әсіресе діни қола мүсіндерінің, ерекше тәсілмен дамытылуы арқылы ерекшеленеді. Бұған дейін де Хойсалдар әулетінен шыққан әкімдер Майсурада (Декан) үнді өнері ескерткіштерімен танысушыларды күні бүгінге дейін таңғалдыратын әшекейлі мүсіндері қисапсыз, өзіндік ерекшеліктері мол храмдар салған.
Махабалипурам өнері құрамында Айхоле, Бадами және Паттадакал ескерткіштері енетін Чалукьялар кезеңі өнерімен тығыз байланысты. Алайда, бұл жерде, Үндістанның оңтүстігінде, шығыс жағалауға жақын жерде жергілікті дәстүрлер де сақталып қалған, соның арқасында діни сәулет үлгісінде де, пластикада да өзіндік ерекше туындылар жасалып отырған.
Махабалипурам (немесе Мамаллапурам) қаласы Паллавтар әулетінен шыққан, кейде Махмалла деген атқа да ие I Нарасимхаварман патшаның тұсында салынған. Паллавтар әулетінен шыққан әкімдер VII және VIII ғасырларда бүгінгі күндерде де көркемдік кұны аса зор өнер туындыларын қалдырған. Бұл өнердің ең таңдаулы үлгілері мыналар: индуистік үңгір-храмдар; тұтас жартастардан ойып жасалған ратха деп аталатын храм үлгілері; жартастарға ойып салынған бедерлі зор суреттер, олардың ішіндегі ең елеулісі «Ганганың жерге төмен түсуі» деп аталатын әйгілі бедері сол сияқты Махабалип-урамдағы үлкен жағалау храмы.
Бұл жерде ең алдымен жартасқа ойып салынған бас ратханы, эпостық қаһармандар мен кұдайлар атымен сақталған Арджуна, Бхима, Дхармараджа, Сахадева және Ганеша ратхаларын атаған жөн. Сол жартастан Шиваға табынуға байланысты шыққан қасиетті жануарлар – піл, арыстан, бұқаның зор бейнелері де ойып жасалған. Бұл ратхалардың ішіндегі ең шағыны Арджуна ратхасы – төрт жағынан да қисайта салған күмбез тәрізді төбесі бар, шаршы көлемді, қалың қабырғалы біртұтас ғимарат. Осыған ұқсас құрылыс жартасқа ойып салынған «Ганганың төмен түсуі» атты бедерлі суретте де тақуаның тұрғын жайы ретінде бейнеленген.
Бхима ратхасы «бөшке тәрізді» күмбез болып келетің, бір қабатты, қырлы құрылыс ретінде салынған. Қушықтау жағындағы есігі көне буддалық чайтьяның терезесіне ұқсас. Сахадева ратхасында да «бөшке тәрізді» күмбез бар. Бұл ғимарат көп қабатты етіп салынған, әр қабаты бірінің үстіне бірі орналасқан және олар жоғарылаған сайын целла мен вестибюльден тұратын үнді храмына тән қалыпта қырланып, кішірейе түсіп, қайталана береді. Дхармараджа ратхасы шаршы бейнелі, үстіңгі жағы пирамида тектес қондырғымен ұштасады. Осы ратхалардың бәрі де көп сатылы (көп қабатты) құрылысқа ұқсатылып салынған және көптеген бір тектес сәулеттік детальдар сәнді түрде қайталанып отырады.
Бүкіл осы ратхалар тобы тұтас алғанда храмдардың тастан жасалған шағын үлгілері комплексін көргендей әсер қалдырады. Алайда, бұлар – сәулет пен сәндік өнердің шын мәнісіндегі қазыналары. Махабалипурамдағы үңгір-храмдар да Шиваға арналып салынған. Бұлар жартастардан ойып жасалған, колонналар ұстап тұрған веранда формалы вестибюлі бар үңгірлер болып табылады. Олар мейлінше әдемі салынған ірі бедерлі суреттермен безендірілген және бұлар Паллавтар кезеңіндегі пластикалық өнердің шебер жетістіктерінің қатарына жатады. Мысал ретінде Кришну құдайды бейнелейтін аумақты бедерлі суреті бар бес ағалы-інілі Пандавтар үңгірі Панча-Пандава-Мандапаны, сол сияқты Шиваға арналған бейнелері бар Тримурти храмын атауға болады. Бұрын да бірнеше рет аталған жартастағы зор бедерлі сурет «Ганганың төмен түсуі» пішіндік бейнелерге өте бай. Құдайлар, адамдар мен жануарлар аспаннан жерге, жартас ортасындағы табиғи құлама су нобайын бейнелейтін жарыққа түсіп келе жатқан өзен тәңіриясы Ганганы қадағалап, құттықтап тұр. Ақыр соңында Махабалипурамдағы Жағалау храмын алайық. Мұның табаны – шаршы целла, оның үстінде мұнара тәріздес қондырғы көтерілген. Алдында – вестибюль және өтпелі бөлме, сол сияқты колонналар ұстап тұрған, жиналыстар өткізілетін үлкен зал бар. Храм түгелдей тас қорғанмен қоршалған, оның үстіне Шиваға арналған Нанди бұқалары орналасқан.
Паллавтар кезеңінің ескерткіштері Махабалипурамнан сырт жерлерде де баршылық. Бұл жерде Паллавтардың ескі астанасы Канчипурамдағы үлкен Кайласанатхи храмын ғана атап кетпекпіз. Құрылыстың түрлі бөлектерінің арақатынасы өз мөлшері жөнінен Жағалау храмын еске түсіреді. Мұндағы басты ғимарат та жоғары қарай тарыла түсіп отыратын тік ярусты, пирамида бейнелі қондырғысы, ұшында мұнарасы бар. «Бөшке бейнелі», пирамида тәрізді төбелер оңтүстік үнділік храм үлгілерін мұнара үстінде тіп-тік жоғары көтерілетін солтүстік үнділік шикхара үлгісінен ерекшелеп гұрады. Алайда, солтүстік үнділік храм үлгісі жұпыны, шағындау келетін болса, Паллавтардың соңғы кезеңіндегі және одан кейінгі кезеңдердегі оңтүстік үнділік сәулет мейлінше аумақты храмдық комплекстерге бет бұра берген, бұл кезеңдерде жекелеген храмдардан біртіндеп аса зор қақпалы алып тас дуалдармен қоршалған храмдық тұтас қалаларға көшу өріс алған. Паллавтар стилі сәулет өнері дамуының көп кейінгі дәуірлеріне – түбектің қарама-қарсы батыс бөлігінде орналасқан Айхоле мен Паттадакаладағы Чалукьялар кезеңіне дейін ықпал жасаған. Алайда, ол тек Раштракуттар өнерінде, ең алдымен, Эллораның үңгірлік және жер үсті сәулетінде барынша гүлдене түскен. Раштракуттар әулетінің әкімдері өздерінің бұрынғы билеушілері Чалукьялардан азаттық алғаннан кейін, 750 жылдан кейін іле-шала аса алып қүрылысты бастап жібереді. Олар өз тұсындағы құдіретті үнді әкімдері болып табылады және X ғасырға дейін билеп тұрды, алайда орта ғасыр өнері олардың астанасы Маньякхетадан (осы заманғы Малкхед) көп ештеңе сақталмаған. Сол себепті де олар билеген кезеңнен қалған бірден-бір алып құрылыс – махабалипурамдық ратхаларға ұқсас Эллорада" жартастан ойып салынған Кайласанатхи храмы. Бұл ешқандай да үңгірлік храм болмағанмен, оны әдетте Эллорадағы үңгір храмдарының қатарына жатқызып, 16-номермен белгілеп жүр. Храмды жасау жұмыстарын Паллавтар сәулетшілері жүргізгенімен де Канчипурамды Раштракуттар жаулап алған соң орын алған деген болжам бар. Кайласанатхи храмы ұзақ уақыт салынған. Дантидурга кезінде басталып, I Кришнараджа тұсында кеңейтілген. Храм метрден астам тереңдікте жартастан ойылған көлемі 58X51 метр алаң ортасында түр, ал оның аумағы 55X36 метр, төртбүрышты зор ғимарат. Махабалипурамдағы ратха сияқты бұл храм да өзінің бейнелік және сәндік барша әшекейлерімен тұтастай жартастан ойып жасалған. Көлемі мен мықтылық құдіреті жағынан Кайласантты храмы айрықша жоғары бағаланады. Дейр-эль-Бахридағы (Египет, Жаңа патшалық, біздің дәуірімізге дейінгі XVI–XV ғасырлар) жартастан ойылған египеттік аса әйгілі Хатшепсут храмымен ғана салыстыруға болар.
Пайдаланған әдебиет:
↑ Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8
↑ Мәдениеттану негіздері: Оқулық. - Алматы: Дәнекер, 2000. ISBN 9965-485-34-8
№ 11 дәріс. Қытай және қиыр Шығыс елдерінің өнері.
Орта ғасырлардағы қытайдың мәдениеті мен өнері
Қала, қолөнер және сауда
III-VII ғасырлар аралығында Қытай мемлекетінде қалалар көбейе бастады. Үздіксіз соғыстарда қалалар қирап,орнына қайтадан жаңа қалалар бой көтеріп отырды. Қалалар негізінен сауда жолдарында, теңіз жағаларында салынды. Ежелгі Қытай мемлекетінде Чанъань, Лоян, Тайюань, портты қала Гуанчжоу өсіп жетілді Қалалар көркейіп, қолөнер мен сауданың орталығына айналды. VII-IX ғасырларда темір өндіру ұсталық өнердің күшеюіне әкеліп, темірден шеге, кемелерге керекті зәкір, ауыл шаруашылығына қажетті құралдар шығарыла бастады. Мата тоқу өндірісі кең етек алды. Мата мақтадан тоқылды. Ежелгі қыш өндірісімен қатар фарфор өндірісі жедел өркендеді. Қытай фарфоры күні бүгінге дейін дүние жүзіне әйгілі. Сонымен қатар кітап басу ісі тез дами бастады. Қағаз өндіріліп, баспаханалар салынып, кітапты көптеп шығару қолға алынды.
VI-VIII ғасырлар аралығында сауда жедел дамыды. Қалаларда жәрмеңкелер ұйымдастырылып, ішкі сауда күшейді. Қала саудасы тұрақты дүкендер мен жайма базарында жүргізілді. Сонымен бірге жекелеген тауарлар сатумен айналысатын базарлар да болды. Мысалы, жібек базары, дәрі-дәрмек, мал, киім, зергерлік бұйымдар сататын базарлар жұмыс істеп тұрды.
Ішкі саудамен қатар, сыртқы сауда да дамыды. Монғолиямен, Оңтүстік Сібір елдерімен сауда жүргізілді. Дүние жүзіне әйгілі болған Ұлы Жібек жолымен Жоңғария, Қашғария және Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан арқылы Батыс Еуропа елдерімен сауда жасалды. Сауда керуендері Қытайдан жібек мата, шай, қағаз, алтын және күмістен жасалған тауарлар, сырлы қыш ыдыстар, дәрі-дәрмек т.б. артып, ұзақ қиырларға сапар шекті. Қытай теңіз арқылы да әр түрлі елдермен сауда жасады. Теңіз саудасының орталығы Цзяжу, Чжаньцзян, Гуанчжоу портты қалалары болды. Теңіз арқылы үнді, парсы, араб елдерімен сауда жасасты. Тынық мұхит аралдары және Жапония елімен сауда жүргізді. Сауда кеме өндірісінің өсуіне әкелді. Ірі сауда кемелері 600-700 адамға дейін алып жүре алатын дәрежеге жетті. Сауда ақша айналымын өсірді. Қытай - ежелден теңге шығарып келген ел. XI ғасырдың басында Қытайда қағаз ақша шыға бастады.
V-IX ғасырлардағы Қытай мәдениеті
V-VI ғасырларда Қытай мемлекетінде өнер, әдебиет және ғылым дами бастады. Адамдардың табиғат жөніндегі танымы кеңейіп, халық емшілігі, аспан әлемі туралы көптеген ғылыми жаңалықтар ашылды. Жоғарыда айтқанымыздай, Ежелгі Қытайда кағаз жасау, кітап шығару, шөптердің құрамын біліп, дәрілер әзірлеу ерте дамыды. Халық емшілігі ғылымы дүние жүзіне әйгілі бола бастады.
Будда дінінің таралуы жаңа дүниетаным тудырып, идеалистік көзқарас қалыптасты. Материалистік танымның негізін қалаған философ Фань Чжэнь еңбегінің маңызы зор болды. Қытай жиһангерлерінің еңбегі жаңа жерлерді білуге мүмкіндік ашты. Қытай географтары Үндістанға, Орта Азия елдеріне сапар шегіп, ондағы тұрғын халықтар өмірінен еңбектер жазды. 645 жылы Үнді жеріне барған Сюань Цзянь үнді халықтарының тарихы туралы кітап жазды.
Ян Цзянь мен Ян Гуан император сарайында кітапхана жинақтады. Қытайда каллиграфиялық жазудың негізі қаланды. Қытай мәдениеті будда идеологиясының ықпалында дами бастады. Будда шіркеуінде және оның маңында Будданың бейнесін салу, пагода тұрғызу (бірнеше қабат биік мұнаралар) қолға алынды.
VIII-X ғасырлар аралығында Қытайда білім беру, оқу ісі дами бастады. Көптеген мектептер ашылып, халықты жазу, окуға үйрету қолға алынды. Қытайда ақындар мен жазушылар көбейді. Ақындар Ли-Бо (701-762), Ду Фу (712-770), Бо Цзюй-и (772-846) еңбектері дүниежүзілік классикалық қорға қосылды. Қытай жазушысы Хань Юй (768-824) будда дінін сынап еңбек жазған. Адам тағдыры, әлеуметтік теңсіздік оның өлеңдері мен романдарының негізгі арқауы болды. Бұл кезеңде Қытайда будда және даосизм ілімдерін уағыздаушы конфуцийлік ағым кең етек алды.
Жапон өнері
VI–VIII ғасырлар жапон елінің феодализм дәуіріне аяқ басқан кезі. Жас Жапон мемлекетінің дамыған Корей және Қытай елдерімен қатынасы арта бастады. Олардан мемлекет құрылысын, жер өлшеу, өңдеу шаруашылығы мен хат тануды үйренді. Соның ішінде айта кететін жай – буддизмнің келуі. Буддизм жапон халқының ауызбірлігіне және басқа Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасының дамуына себебін тигізді. Жапон жерінде бұл өзгерістер үлкен рөл атқарды. Осы VI–VIII ғасырларда сырттан келген жаңа идеялар ағымын кайта өңдеу аркылы жапон өнері жаңа сатыға көтерілді. Сөйтіп, өзінің жеке көркем дамуы басталды. VI ғасырдың соңы жапон өнеріндегі жаңа көркем образдар ағымы кезеңі болды. Бұл образдардың барлығы буддизммен қатысты еді. Буддизм монастырьлары, храмдары құрылысы жылдам жүргізіле бастады. Бұл құрылыстардың негізгі типі Қытайда, Кореяда калыптасқан. Бірақ Жапонияның өзіндік ерекшеліктеріне байланысты өзгерістер жасалды. Ең үлкен және ең монументальді будда ансамбльдерін салу VIII ғасырдан басталды. Бірінші рет Орталық қала – астана Нара бастапқыда Қытай үлгісінде салынған еді. Нара қаласының жобасы тік төртбұрыштан тұрды, ұзындығы 10 км. Негізгі магистраль оны екіге бөліп тұрды. Олардың әркайсысы кварталдарға бөлінді. Солтүстік аумағын император сарайы иемденіп жатты. Сол кездегі ең үлкен құрылыс – Дайбуд (үлкен будда) храмы қаланың шығыс бөліғінде орналаскан. Бұл храмда 16 метрлік Будда статуясы бар. Храм құрылысына 20 жыл ішінде көптеген адамдар қатысқан. Бұл храмның ашылуына әр елден қонақтар келген. Оның даңқы әлемге сол кездегі ең үлкен ағаштан салынған храм ретінде танылды.
Орта ғасырларда бейнелеу өнері және ең бірінші кезекте мүсін өнері дамыды. Мүсіндер монастырьларды көркемдеу үшін орындалды, көбіне олар қоладан жасалды. 623 жылы Тори деген мүсінші қоладан өзінің шәкірттерімен бірігіп, Хорюдзи монастырының триадасы Сака Нерайды жасаған. Бұл өзі шағын, бар болғаны 86 см Құдайлар бейнеленген мүсін. Олар нақты канондарды сактап орындалған, жан-жағында екі көмекшісі бар мүсін өзінің формасымен трагедиялық комедия кұрайды. VII ғасырдағы будда образдары VIII ғасырда храмдардыц кеңеюіне байланысты будда пластикасына өзгерді. Жан-жағындағы статуялар көбейіп, олардың орындалу техникасы күрделене түсті. Жоғарғы Құдайлармен қатар статуялар, храмдарда жартылай Құдайлар фигуралары пайда бола бастады. Бұл қорғаушылар, сактанды- рушылар еді. Олар көбіне өте ашық боялған саздан сомдалған.
Утамаро
Жапония өнерінде XVI ғасырдың соңында кескіндемеге көп көңіл бөлінді. Енді храм мен монастырьлар сәулет өнерінде басты рөлді атқарған жоқ. Момояма кезеңінде Муромати кезеңінен ауысқан басшылар өздерінің күдіреттерін көрсетіп, қалаларының сыртынан күшті қорғандар салды. Олар қала қабырғаларын айналдыра, қалың сақиналы тастармен қалаған. Әшекейленген ең әдемі қорғанның бірі – Химедзидегі Хакуродзё.
Канагава, Кацусика Хокусай
XVII ғасырдың басында Киотода Нидзё үй сарайы салынды. Оның қабырғаларында түрлі жазулар бар, төбесі өрнектелген. Алтын фондағы гүл мен шөптер, үлкен жап-жасыл тоғай бүкіл қабырғаны алып тұр. Жұмсак алтындалып жазылған жазулардың жарығы бөлмені жарықтандырып тұрады. Бұл жарық сол жердегі заттардың қасиетті екенін көрсетеді. Суретшілерге қалың қабырғаларда, қағазды қыртыстарда жазу керек болды. Өте керемет талантты шеберлердің бірі – Кано Эйтоку (1543–1590) болды. Ол түрлі түсті пейзаждарды салды. Кано Эйтокудың алтындатып жасаған көптеген композицияларында бейнеленген гүл, шөптер, тал мен торғай дүниенің керемет екенін көрсетеді. Кано мектебінде табиғат көріністерімен қатар жаңа Жапония қаласының XVI ғасырдағы өмірі мен тұрмысын суреттейтін көріністер көп.
Жапон каллиграфиясы
XVI ғасырдың соңына қарай, сәулетшілік заттардан суреттерге дейін шай ішу рәсіміне арналды. Яғни, дәмді шай ішу басты рөл атқарды, сөйтіп керамикалық ыдыс өзінің көптүрлілігімен тамсандырды, Гүл қоюға арналған көзелер, сусын ішетін ыдыстар керемет талантты шеберлер қолымен жасалды. Олардың әркайсысының өз аттары болды және салмағы алтынмен теңесті. Шеберлер керамикалық заттар дайындауда көптеген жетістіктерге жетті.
"Ига" типті ыдыстар жасыл реңді болып келеді, олар сұсты көрінеді, мысты еске түсіреді. "Сино" типті ыдыстар ақ сазбен қапталған, оның үстінен жібек сызықпен еркін өрнектер арқылы қамыс көрінісі мен күзгі шөптер салынған. Әр түрлі керамикалық заттарды жасағанда шеберлертабиғаттың, тіршіліктің қозғалысын, әсемдіғін, әдемілігін көрсетуге тырысқан. XVI ғасырда жасалған заттардың көбі лакпен әсемделді. Орындықтар, қобдишалар алтын жалатқан қарама-қайшы ашық өрнектермен ерекшеленді. Осындай керемет шеберлік пен қарапайымдылықтың қосындысын феодалдық кезеңнің соңында өмір сүрген Эдо (1614–1868) стилінен байқаймыз (Эдо – Токио каласының бұрынғы атауы). Ол Жапонияның жаңа астанасының атымен аттас. Мүсін өнерінің сызбаларына кұмарлықтары Никкодағы Токугава храм кесенесін безендірулерінен байқалады. Ол XVII ғасырдың ортасында салынған
Сегундардың байлық пен білімділікті көздеуі, көрермендер арасынан қолдау тапты. Кесенелерді текқана сәулетшілер емес,ағаш шеберлері (плотниктер), дүниежүзінен жинақталған мүсіншілер,ағашкесушілер өндіретін шеберлер, көркем суретшілер және керамиктер жасады.
Негізгі ансамбльде Тосёгу (1617–1636) Емэймон қақпасының өрнектері әсемділікті аңғартады. Оның өте күрделі қиюласқан шатыры бар, оған алуан түрлі ою түсіріліп, алтын жалатылған. Карамон қақпалары да (Қытайлар қақпасы) өте керемет болған, оның үстіне лак жағылып, алтын айдаһар суреті, көркем суретті өрнектер – барлығы бір жерде түйісіп, әсемдікті көрсетті.
Сонымен XVII ғасырдың сәулет өнерінен жапон өнерінің мерекелік көріністе көбірек болғаны байқалады. Осы кездегі көркем суреттің дамуында басты рөл атқарған Киото қаласында шығармашылықтары жинақталған шеберлер болды. Солардың ішінде ең негізгісі Таварая Сотацу мен Огата Корин болды.
Гравюра өнері
Жапон өнерінің бастау алған жаңа түрі – ағаш бетіндегі гравюра. Оның орталығы XVII ғасырдың соңына қарай пайда болды, онда өнердің негізгі жанрлары жинақталған. Гравюра өнері қала халқының тұрмысын суреттеді. Демократиялық "укиё-э" мектебі XVII ғасырда дүниеге келді. Жапондық гравюра шеберлерінің шығармашылығы осы мектепте қалыптасты. Жапондық гравюраның негізін салушы Хисикава Моронобу (1618—1694). Оның гравюралары монохромды болып келіп, тірі табиғатты, тіршілікті аңғартады. Бірте-бірте гравюраның техникасы мен бейнелілік мазмұны күрделеніп, адам жан дүниесінің эмоциональдық ерекшелігін бейнелеуге тырысты.
Ақындық келбеттің жылы жүзін және жан дүниенің алуан күйін көрсеткен суретші – Судзуки Харунобу (1717 немесе 1724—1770) еді. Ол күміс, суық, жұмсақ және жылы ортақ түрлі түстерді пайдаланады. Әйел келбетін, мұңы және нәзік көңілін қимыл-әрекеті арқылы көрсету – оның шығармашылығының негізгі тақырыбы болды. Бірақ оның кейіпкерлерінің "яматоэ" кейіпкерінен көп айырмашылығы бар еді. Бұлар күнделікті тірлікпен айналысып жатқан қалалықтар болатын.
Будда
Лирикалық бейнелер әлемі XVIII ғасырда театр кейіпкерлерімен толықты. Олардың жүзінде қайрат, жауынгерлік күш-қуат, темперамент тұрды. Ең ашық, анық театр графиктерінің ішінде Тёсюсай Сяраку (XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басы) тек қана қозғалысқа қызығушылық білдірген жоқ, сонымен қатар актер шығармашылығындағы психологиялық жағдайға да көңіл бөлді. Шебер адам жүзіндегі көрініс, саусақтардың қозғалысы, киімдегі қыртыс арқылы адамның ішкі сезімін көрсетті.
XVIII ғасыр бойы гравюра шеберлері түпсіз ізденістерін жалғастырды. Олар өз замандарының сезімі мен қимыл-әрекеттерін көрсетуге ұмтылды. Жаңа сезімдер мен эмоцияны әйел бейнесінде көрсете білген Китагава Уатамаро (1753 немесе 1754-1806). Бір детальды көрсетіп, эмоцияны беру үшін шебер 10 шақты тақтайларды пайдаланады. Харунобу тәрізді ол да әйел әсемдігін бейнелеуші, көрсетуші болды, Жапондық ксилографияның дамуы XIX ғасырда басталды. Сол кезеіңнің ең үлкен шебері Кацусика Хокусайдың (1760-1849) шығармашылығы осы заманға таяу келеді. Оның өнеріне көпте бояулар, тың тыныстар, өмір құбылысын байқаудың жаңаша түрі тән. Өзінің шығармашылық диапозоны кең Хокусай өте көп шығармалар қалдырды, соның ішінде құттықтау картиналары – суримоно, ескі толғау тақырыбындағы гравюралар бар. Материалдағы өрнектерді әсемдеп салумен айналысқан әйгілішебер Огата Корин болды. Осындай әр алуан кішкентай фигуралардан – тастан, ағаштан, сүйектен жасалған бұйымдардан тірі табиғат, ертегі, қиял әлемі, фольклорлық бейнелерді көреміз.
Шай церемониясы
XII ғасырдың соңгы кезеңінде жапон астанасы Хаяна қаласынан мәдени орталық Нараға көшірілді. Оған себепкер болған екі феодал ортасындағы қанды соғыс. Минамото билікті өз қолына алып, содан соң мемлекет басшысы Минамото Еритомоны атуымен аяқталды. Ол астананы Комакуроға көшірді. Минамотоның әулеттік басқару уақыты (1185-1333) комакуро кезеңі деп аталады.
Хаянада қалған императорда тек кана шіркеуші атағы сақтады. Синостық дәстүр бойынша қызмет атқарған феодалдық қатынастағы Жапонияда көп ғасыр бойы сегурат орнап келді. Мемлекетте әскер жүйесі билік етті, ал бұрынғы ақсүйектердің орнына самурайлар келді. Олар өздерімен бірге сұлулыққа деген өзгеше көзқарас әкелді. Қанды соғыстарда шынығып қатайған тас жүрек жауынгерлерге ақсүйектердің өмірлері мен олардың өнерге деген құмарлықтары жат еді. Самурайлар ержүректікті, төзімділікті үнатқан. "Танхамен" романынан гөрі батырлар эпопеяларын жақын көрді, ал ондағы феодалдық жауынгерлер көзқарасына әсер еткен буддизм еді. Ол оқудың бұрынғыдан өзгеше бұтақтары пайда болса, жауынгерлердің өмір кешуіне көмек етіп, өлімнен қорықпауға үйретеді деді. Қытайдан келген Дзэн сектасының ілімі бүл дүниеде денені шынықтыру және рухани баю барысында күнәдан құтылу жолын көрсетті.
Жауынгерлерге сай қаталдық пен қайырымдылық комакуро өнері мен сәулет өнерінде байқалады. Сегундардың күшімен соғыс кезінде қираған Татаидзм сарайы қайта көтерілді. Нандайман монастырының қақпасы қайтадан салынып, бұрынғы түрінен көркейе түсті. Сол комакуралық өнер Дзэн монастырынан ерекше байқалады, оның құрылысы XIII ғасырда Комакурода басталған. Кунтедзи және Энкудзи монастырьлары көкорай таулы жерде орналасқандыктан, көбінесе Хаяна сарайларына ұқсас келеді. [1]
]Пайдаланған әдебиет
Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/ Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. – Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8
№ 12 дәріс. Жандану дәуірінің өнері. Солтүстік жандану дәуірі. Бертінде жандану кезеңі.
Қайта Өркендеу дәуірі (Ренесанс). Италия қайта өркендеу дәуір. Орта ғасырларда мәдениеттің орталығы қамалдарда, ғибадатханаларда, монастырларда көрініс тапты. Бірақ уақыттың өзгеруіне байланысты: қалаларда мануфактуралар пайда болып, сауда-саттық дамыды. Өмірде көрінген жаңа жағдайлар жаңа ой-сананы дымытты. Егерде орта ғасырлық христиандық моларь адамдарды нағыз жұмақ өмір келесіөмірде басталады деп сендірсе, ал жаңа дүниетаным адамның өлгеннен кейінемес жер бетінде өмір сүріп жатқан кезінде-ақ бақытты өмір сүруіне құқығыбар екендігін делдеп, бақыт дегеніміз алға қарай дамуға ұмтылыс пен білімгедеген құштарлықта және шығармашылық еркіндікте деп түсіндірді. Суретшілер әсем сұлулықты аспаннан емес, жерден іздеді. Шығармашылықтың үлгісі ретінде готикаға қарама-қарсы, антикалық өнердіалды. Қасиетті жазулардың орнына антикалық авторларды зерттеп оқибастады, солардың алғашқысы ұлы грек ойшылы Платонның еңбектер іболды. Антикалық көркем формаларды қайта жаңғырту арқылы, суретшілержеке адамның адамгершілік және эстетикалық құндылықтарын да бекітті. Адамзаттық құндылықтарды жеке адамның құндылығы деп қабылдау гуманизм деген атаққа ие болды және ол осы заманның дүниетанымдық негіздерін қалады. Осы заманның италиян философы Пико Делла Мирандолла, дүниенің дәл ортасында адам, адамға одан дүниедегі барнәрсені түгел көруге, байқауға қолайлы деп, адамның дүниедегі орнын дәлбелгілеп берген. «Құдайдың еркімен құдайдың образында» жасалған Адам өзін қоршаған ортаның сұлулығын қабылдау мен көру арқылы әдебиет пенкескіндеменің және мүсіннің негізгі тақырыбына айналды. Осылай Ренессанснемесе Қайта Өркендеу дәуірі деп аталатын мәдениет кешені пайда болды.
Қайта Өркендеу дәуірінің кезеңдері:
1.Қайта Өркендеудің қарсаңы. Проторенессанс (ХІІІ ғасырдыңекінші жарты жылдығы). Дученто.
2.Треченто (ХІV ғ. басынын мен ХІV аяғына дейін)
3.Ерте Қайта Өркендеу. Кватроченто (ХV ғ. басы)
4.Жоғары Қайта Өркендеу. Чинквиченто. (ХV ғ. аяғы мен ХVІғ.басы.)
5.Кейінгі Қайта Өркендеу. (ХVІғ. аяғы) Итальян сөзі «Rinascita» Л.Гиберти трактаттарында кездеседі, бұл сөзді суретші латынның «rinasci» – «қайта туылу» сөзінен алған. Дж Вазари, «Жизнеописаний наиболее знаменитых живописцев, ваятелей и зодчих»деген еңбегінде «rinascimento» (возрождения) өзінің алдындағы суретшілердің шығармаларын атады. Вазаридың ойынша, «Возрождение» - бұл адамның табиғатпен байланыста болған, табиғи жағдайына қайта оралуы. Сондықтан «Табиғат» - үлгі, ал ежелгі үлгі – мектеп». 1860 жылы француз тарихшысы Ж.Мишель итальян терминіне Ренессанс деген атақ берді.
Осыдан бастап «Ренессанс», «Возрождение», «Қайта өркендеу» деген сөзтіркестері орта ғасыр мен жаңа кезеңге дейінгі аралықтағы дәуірдің жалпыатауына айналды. Гуманизм идеалогиясының дамуы, идеяларды,христиандық өнердегі тақырыптар мен сюжеттерді кеңейту, көркемформаларды жаңарту Классицизмнің қарсаңы – антикалық идеалғабағытталған және «уақытқа қатыссыз» өмір сүретін, көркем бағыт болды. Бірақ өнер тарихы тек итальяндық ренессанспен ғана таныс емес. К.Г.Юнганықтамасы бойынша: «Қайта өркендеу – жалпы психикалық шынайылық:метемпсихоз (переселение душ), айналу немесе жанның қайта дүниеге келуі(ихз мертвых), қайта жаңғыру, ал қысқаша мағынада айтсақ трансформациялану үрдісі. Қайта Өркендеу, барлық жағдайдағы, руханижетілудің жаңаруы». Каралиндік Қайта өркендеудің рухтандырушысының бірі, Теолог және поэт Алкуин, Қайта Өркендеуді, «Рим қайта өркендеуі»жайында жазғанымен, діннің жаңаруы деп түсіндірген. ХІІ ғ. мен ХІІІғасырларда Римде «грек қайта өркендеу дәуірі байқалады.
Проторенесас. Ренессанстың отаны Флоренция деп саналады– ең алдыңғы қатарда кейінгі Орта ғасырлардағы, бейнелеу өнеріндегіалғашқы жаңа қозғалыстар, әдеби шығармалар байқалған Италия қаласы. (Данте, Петрарка, Боккаччо). Проторенессанс ешбір еуропалық мемлекеттер өнерінде кездеспеген,итальяндық құбылыс болды. Италияда оның етек жайуы Тоскан жәнеРиммен шектелді.Жаңа типтегі өнерге ең алғашқы болып қадам басқан, флоренциялықсуретші Чимабуэнің шәкірті -Джотто ди Бондоне (1276-1337). Джотто ди Бондоне бейнелеу өнерінің проторенессанстық кезеңінің орталық фигурасы болып есептеледі. Суретші Италиядағы көп еңбекті қажет ететін мозайканы фреска техникасымен алмастырды. Антикалық дәстүрден бастау алған, бұлтехника, ренессанстық кескіндеме талабына неғұрлым жақын келді:біріншіден, ол заттардың жұмырлығы мен жазықтығын неғұрлым дәл береалды; екіншіден, фреска арқылы көп фигуралы композиция тұрғызуғамүмкіндік туды. Қайта өркендеу дәуірінде кең тараған өнерге айналған, Джотто шығармашылығы, кескіндемедегі ұстаным – табиғатқа еліктеуді тез іскеасырды. Ол Византияда да, Ортағасыр өнерінде де кездеспеген, дәл тіріа дамнан, яғни натурадан көшіріп салуды бастаған алғашқы суретші. Джотто кескіндемеге шынайы кеңістік пен шынайы заттарды енгізді. Оның кескіндемесіндегі фигуралар жұмыр бола бастады. Ал, ол бұндай эффектіге түстерді моделдеу техникасымен жетті – «rilievo», антикалық кезеңде мәлім болған оптиакалық эффектіні қайта дамытты: адамның ашықтүсті неғұрлым көзіне жақын, ал қараңғыны неғұрлым алыс етіп қабылдауы.Д жотто бірінші болып жазық бетті бейнелеу дәстүрін бұзды. Оның фигуралары сары алтын түсті фонда емес, пейзаж немесе интеръерден орын алды. Сондай ақ, оның суреттерінде көкжиек сызығы көз деңгейінде орналасты. Джотто осы принциптердің барлығын, оның негізгі фрескада жазылған сиклді жұмыстарында орындады. Мысалы, Падуедағы Санта-Мария дель Арена капелласындағы роспись жазу үрдісінде іске асырды. Ол бұлросписьте бірінші болып, дәстүрлі християндық сюжеттерді жаңаша талдадыжәне жаңа апокрификалық (мазмұны дінді насихаттауға арналмаған,сондықтан оны шіркеу қабылдамаған, тіпті оған тиым салатын, библиялық сюжеттен алынған шығармалар) әдебиетті енгізді. Ол шіркеу капеллаларындағы екі немесе үш ярусты орналасқан росписьті циклды жекебөліктерге бөліп, бейнелеудің жаңа түрінің дамып қалыптасуының негізін қалаушысы болды. Бұндай циклді бөлу ХV ғ. Монументалистерінің барлығының шығармаларында өзгеріссіз қалды десек те болады. Джоттоның шығармаларындағы композиция құрылымы әртүрлі. Симметрия Джоттаға тән емес, ол неғұрлым еркін композицияны қолдады. Мысалы, «Қасиетті Иокимнің бақташыларға оралуы» атты картинасындағы,орталық фигура қайғыға түскен Иокимнің бейнесі болғанымен, фрескадаоның фигурасы шетінде бейнеленген, тек оған қуана жүгірген кішкентай итқана, фигураны картинамен байланыстырып тұр. Сол сияқты «Иудаишараты» картинасы да осындай композициялық шешімде жазылған. Джоттоның көркем шығармашылықтағы реформаларық жаңашылдығыөте терең және оның бейнелеу өнерінің жаңа принциптік бағыттыныңдамуына қосқан үлесі мол.
ТРЕЧЕНТО. ХІV ғ. соңына қарай проторенессанстық кезең өнерінетреченто кезең өнері келеді.Бұл Италиядағы готикалық бағыттың кең тараулуынан, папа орнынафранцуздың келуімен байланысты. Папа резиденциясының Авиньонға көшуі – католиктік шіркеуді францияға бағынышты етіп қана қойған жоқ, тіптіФранция мен Италияның арасында экономикалық та, мәдени де жағынанбағынышты етті.Италия үшін готика кейінге қайта оралу болды. Проторенессанстыбасынан өткізген Итальяндықтар үшін, готикалық бағыт шіркеулердіңфасады мен ішкі интеръерін безендірумен тығыз байланыста дамыды.Ұштары үшкірленіп аяқталатын аркалар, мұнаралар, роза-терезелер – жазықбеттегі готикалық сурет қана.
Осыған мысал, Флоренциядағы Санта – Крочемен Санта – Мария Новелла шіркеуі, Дож Сарайы және Венециядағы қасиетті Марк соборы. Италияда бұл жат элементтер болғанымен, готикалық бағыт тек Сиенада ғана мойындалды. Готикалық формалар, әсіресе терезелер меншарғыға ұқсас мұнаралар, көптеген сарайларда қайталанды. Сиенадағы течентоның ең жоғарғы жетістіктері Дуомо кафедралды соборында көрініс тапты. Көркемөнердің нағыз кереметі–Сиеналық соборды инкрустацияланған едені, мәрмәрда орындалған кескіндеме. Сиеналық еңмықты суретшілер орындаған, суреттер, граффит техникасында жасалды,яғни жалпы ақ фонға түрлі-түсті мәрмәр ендірмеленген жіңішке қарасызықтардан құрылған, мәрмәр таста орындалған аса ірі гравюра1.Сиеналық кескіндеменің негізін қалаған суретшілер Дуччо ди Буонинсенья (1255-1319) мен Симоне Мартинилер(1284-1344) еді. Дуччоөзінің шығармаларында ескі готикалық манераны готикамен жалғастырды. Оның жұмыстары керемет сәнділігімен таңқалдырады: піл сүйегі мен алтынтүстес фонда, асыл бағалы тастарға ұқсас, бояу түстері жарқырап тұрды («Маэста», Құдай ана кішкентай бала Христоспен). Симоне Мартиниге белгілі бір түстердің гаммасы тән, ол көк жәнеқызыл түстердің үйлесімділігі мен алтын түстерді көп пайдаланған; алтынтүсті фон мен жазық бетті бейнелер; композицияны екі бетті (диптих) немесеүш бетті (триптих), үшкір аркамен аяқталған және готкалық өрнекпен (крестігүлдермен, үш жапырақты гүл) ойылған жиектің ішінде орындалған. Суретшінің бағыты ең әйгілі жұмысы «Благовещенияда» іске асқан. Ағаш тақтайшаға орындалған бұл алтарлы композиция, жоғарғы жағыбедерленген оюмен (резьбамен) ойылған, керемет туындылар қатарынажатады. Флоренциялық кватроченто – ерте қайта өркендеу. ХV ғасырдағы Кватречентоның алғашқы рөлі Флоренцияда жақсы көрінді. Қала, ежелгі Вилландар мәдениеті, кейіннен этрустар, IV ғасырда християндықты қабылдаған жерде негізделді. ХII ғасырда қала-коммуна болып қалыптастырған және ағайынды Гизано мүсіндерін, данышпан Данте менДжотто өнерде өз іздерін треченто өнерінде қалдырған. Кватречентозаманында Флоренция ренессанстық мәдениеттің орталығына айналды. 1434жылы Флоренция билігі банкирлік династияны қалыптастырған герцег-меценат Козимо Медичи қолына өтеді.ХV ғасырда Флоренция сәулет өнері тек ордерлі жүйедегі антикалық өнермен ғана байланысты емес, онда итальяндық роман стилінің қайта өңделген «инкрустациялау» стилі де дамиды. Рим архитектурасының негізгі ерекшеліктерінің бірі - жазық бетке архитектуралық элементттерді жапсыру,тегістеу: пилястралар, карниздер, калонналарды пайдалану. Жаңа бағыттың негізін қалаушы -Филиппо Брунеллескидің (1377-1446) шығармашылығының орталығы ретінде, бірнеше он жылдарға кейін қалдырылған Санта – Мария дель Фьера соборының күмбезін жалғастыруды мысалға айтуға болады. Брунеллески калонна мен арканы біріктіріп, тереңашық лоджия мотивін П – ге ұқсас Тәрбие үйінің фасадында пайдаланды. Екіқабатты үй қарапайымдылығымен, жеңіл өлшемділігімен және горзонтальды сызықтардың дәлдігімен ерекшеленді.
1Емохонова Л.Г. Мировая художественная культура: Учебное пособие для студ. Сред.Пед. Учеб. Заведений / Емохонова Л.Г. – 5-е изд. М.: издательский центр «Академия»,2005. -544 с. Б-252
Аркалардың аралықтарында Андрееделла Роббидің құндақталған бала бейнеленген керемикалық медальондары орналасқан.Тәрбие үйіндегі сәулет өнеріндегі конструкциялық және декоративтілік жетістіктерді Флоренциядағы Санта Кроче шіркеу жанындағы Паццикапелласында іске асырды. Ордерлік жүйеде капелланың ішкі кеңістікмәселесі де шешілген. Олардың қабырғалары пилястралармен бөліктерге бөлінген, ништермен және медальондармен безендірілді. Пилястралар жартылай дөңгелек күмбездермен және карниздермен аяқталып тұр. Мүсінді сәнді элементтер мен әсем графикалы сызықтар, кереғарлы түстердің үйлесімі мен керамикадан жасалған медальондар жазық бетті айқындай түсіп, жарық интеръердің біртұтастығынан хабардар етеді. XV ғасыр италияндық сәулет өнеріндегі ең бір басты мәселе палаццо(қала сарайы) құрылысының негізгі принциптерін ойластыру болды. Осы кезде жабық тұтас объемды есіктері ауладан шығатын бірнеше бөлмелерібар, төртбұрышты планды, үлкен құрылыс ғимараттың түрі пайда болды. Брунеллеский атымен Питти палаццосы байланысты. Мұндағы тастардыңүлкен өлшемі архитектуралық формалардың алыптығын айқындай түскен. Горизонтальды бөлінген сызықтар ғимараттың үш қабаттан тұратынын анықкөрсетіп тұр. Ал, үлкен сегіз метрлі терезе порталдар ғимаратты асқақтататүседі. Ренессанстық сәулет өнерінің даму кезеңі, энциклопедист-теоретик,өнер жайындағы бірнеше трактаттардың («Десять книг о зодчестве») авторы, сәулетші Леон Баттист Альберти(1404-1472) шығармашылығымен байланысты. Ішкі ауласы бар төртбұрышты планды, үш қабатты ренессанстық дәстүрмен салынған Флоренциядағы Ручеллаи палаццосында Алберти әрбірқабатты бөліктерге бөлген, антаблемент және қабырғалары жеңіл сыбақ жүргізген –рустовкалау менпиллястра жүйесін енгізді. Оныңқұрылыстарында антикалық мұра жаңаша көрініс тапты. Бірінші рет палаццо композициясы фасадына ордерлі архитектураның негізгі элементтері енгізілді.
Мүсін өнері. Ренессанстық дәуірде мүсін өнері, сәулет өнері ансамблінің тең құқықты компонеті ретінде енеді. Мүсін өнері өмірге және шынайы өмір шындығына бет бұрады. Мүсіншілер, християндық мифологиялық образдар мен антикалық объектіні сақтай отырып осызаманда өмір сүріп жатқан адамдарды және осы заман кейіпкерлеріне мән-мағына береді. Бұлар портрет жанрының, салт атты мүсіндердің және қала алаңдарының безендірулерін дамытады. XV ғасырдың атақты мүсіншісіЛоренцо Гиберти (1381-1455) зергерлік шеберханада қол өнерінің негіздерін үйренеді. Оның шығармашылығы флоренциялық баптистерийді безендіруге арналған. 1401жылы баптистеридің қақпасына жарияланған жарысты жеңіп шығып, солтүстік қақпаны жиырма жылға созылған уақыт аралығында безендіреді. Готикалық дәстүрде ойластырылған бұл қақпада, діни сюжетті композицияны жиырма сегіз рельефті квадрифолияға (төртбұрышты)сыйғызады. Оларды Микеланджело – «Жұмақ қақпасы» деп атаған, Флоренцияның мақтанышына айналған, Гиббертидің баптистеридің шығысқақпасы тіптен басқаша ойластырылған. Он ірі көп фигуралы рельефтіготикалық квадриолияны, бірнеше жобалы кескіндемелік композиция алмастырған. Италияндық ренессантық мүсін өнерінің нағыз реформаторы Доноттеллоның (ок. 1386-1466, толық аты – Донато ди Бетто Барди) көзалдында баптистеридің солтүстік қақпасының рельефтері жасалып жатады,ал, ол өзі Гибертидің шеберханасында тәрбиеленеді. Оның мүсін өнеріндеренессанстық иделға жеткізген, бірінші жалаңаш денелі мүсіні мен Қайта Өркендеу дәуірінің итальяндық ренессанстық пластикасына айналған Давидмүсіні (1430 жж. Флоренция, Ұлттық мұражай) еді. Ол ұлы жеңімпазГолиафты жеңген, антикалық геройларға ұқсас жалаңаш бейнеленген, жасбақташы бала мүсіні. Жас баланың дене бітімі қатты соғыстан кейінгідемалыс кезіндегі жайды бейнелеген. Доноттеланың Римге сапары антикалық өнерді одан да терең түсінуінекөмектесті, ал оның дәстүрлері Флоренциялық собор кафедрасындағы рельефті шығармаларында көрінді. Салт атты қолбасшы Эразом да Нарни, Гаттамелат (1447-1453) депаталып кеткен. Оның мүсінін жасау үшін мүсіншіге Марк Аврелияныңантикалық мүсінінің әсері болса керек. Бұл Қайта Өркендеу дәуірінің антикалыққа қарағанда өзгеше берілген алғашқы атты мүсіні. Алып атынанық отырып, қолына қолбасшының аса таяғын (жезл) сенімді ұстанғанақылды да қатал Кондлтъер, оның бет бейнесінде, - ырқына бағындаған еркімен күші берілген, портретті ұқсастықта бейнеленген, атты мүсін. Гаттемелатмаңғаз басқан аттың жүрісімен бірге қабылданады. Кескіндеме өнері. Бейнелеу өнеріндегі жаңа ізденістер Флоренциядағы Санта Мария дель Кармин шіркеуінің жанындағы Бранкаччи капеллафрескасында «Бір бақыр ақшаның құдіреті» («Чудо со Статиром»), «Жұмақтан қуылу» («Изгнания из рая») картиналарында көрініс тапқан. Мазаччоның бұл шығармаларында фигуралар мен пейзажды біріктіруге шешуші қадам басты және бірінші рет кесідемеде ауа перспективасын енгізді.Дәстүр бойынша, көп фигуралы «Бір бақыр ақшаның құдіреті»композициясында, Христос пен оның шәкірттерінен қалаға кірер алдындапошлин - статирталап етеді, картинада сол аңыздың әртүрлі эпизоды бейнеленген; Христостың әмірі бойынша Петрдің көлден ұстап алған балығы және оның аузында қақпашыларға берген ақша болады. Дегенмен, бұл балықұстау мен төлем төлеу екі эпизод та – қалаға кірейін деп тұрған, апостолдар ұжымына қарағанда – композицияның орталығы бола алмайды және оларға көп мән берілмеген. Ал, апостолдардың фигуралары асқақ, массивті, олардың бет-бейнлері халық арсындағы адамдардың жеке тұлғалық келбетіне келеді.Тіпті кейбір ғалымдардың айтуынша картинаның сол жақтағы шеткісін Мазаччоның өзінің портреті деп те жүр. Қолдың кәдімгі табиғи қозғалысы, қимыл-қозғалыс, Петрдің тиынды іздеу жанрлы мотиві мен дәріптеп жазылған пейзаж сол заманды бейнелеген. Флоренциялық кватроченто – ренессантық ерте кезең - Қайта өркендеу дәуірінің ең керемет кезі, ал Сандро Боттичелли(1445-1510) оның еңжоғарғы өкілі болып белгіленді. Оның өмірі жайында мәліметтер көп емес,бірақ суретші өз заманының руханилық мазмұнын жоғары деңгейде бейнеледі. Оның шығармашылығында екі кезең анық байқалады. Біріншісі –бұл уақыт Джулиана Медичи, Симонетта Веспуччи, ЛоренцоВеликолепныйлармен байланысты. Сол кезеңде суретшінің шығармашылығы «Көктем» және «Венераның туылуы», «Венера және Марс», «Гранат ұстаған Мадонна» және т.б көркем туындыларда айқын көрініс тапты. «Венераның туылуы» атты картинасында теңіз көбігінен жаралған, жалаңаш әйелдің ойшыл образы, ал бұл ұялшақ Венераның классикалық образы, ол махаббаттың екі жағын да білдіреді: байсалдылық (оның символы Ора нимфалар) және сезімталдық (Оның символы Земфира). Боттичеллидің екінші кезеңі – Савонарола кезі және Италияға сол кездетөнген тархи кезең, бөтендердің енуі кезіне тұстас келді. Бұл кезеңде суретші шығармашылығынан антикалық сюжеттер жоғала бастайды, ал суретшініңөзі Джироламо Савонароланың «плакс» сектасының мүшесінің біріне айналады.Сол кездегі мәдениетке бағытталған, діни-мистикалық уағыздар, Боттичелли санасына өте қатты әсер етті. Осының салдарынан Боттичелли өзінің жалаңаш фигуралы бейнеленген картиналарын отқа апарып жақты.
XV ғасырдың соңғы үшінші жартысындағы көрнекті мүсінші және кескіндемеші Андрее Верроккьо (1435/36-1448), көбіне Медичи тапсырыстарымен жұмыс жасаған. Оның ең әйгілі жұмысы Венециядағы Сан Джовани алаңында орнытылған «Кондатьер Коллеони» мүсіні. Қайта Өркендеу дәуірінде дүниеге келген Донателлоның «Гаттамелатасы» мен Верроккьоның «Коллеони» атты мүсіндері өнердің классикалық үлгісіне айналды.
XVI ғасырдың бірінші жарты жылдығы. Тоскан және Рим. XVIғасырдың басындачинквеченто, - итальяндық өнердің шарықтап даму кезеңіжәне дүниежүзі өнерінің ең дамыған кезеңдерінің бірі. Бұл кезең Леонардода Винчи, Микеланджело, Рафаэль және Тициан, Корреджо жәнеДжорджоне, солтүстікте – Дюрер, Хольбейн және басқа да өнердің майталман шеберлерінің шығармашылықтарымен байланысты. Перспектива заңдылықтары мен адам анатомиясынан ашылған ғылыми еңбектер, суретшілердің шығармашылық көкжиегін аша түсті. Енді олар кез келген тапсырыстарды орындауға дайын болды және олар қарапайым шеберлер ғана болып қалмады. Олар табиғаттың әмбебап заңдылықтарын зерттеудің нәтижесінде, өз ісінің нағыз шебері болып қабылданды. Әринебұл кезде де суретшілер өз заманындағы қоғамға көңілдері тола қоймады.Бұл кезде де антикалық грекия кезеңдеріне ұқсас бүкіл бедел интеллектуалды еңбегі үшін поэттерге арналды, ал қол еңбегіменайналысатын суретшілерге ондай сәт келе қоймаған. Осыған жауап беретінкез жетті. Ол суретшілердің барлық жоғарғы өнерден жоғары дәрежеде алдаболуын талап етті және қоршаған ортаны таң қалдыруға деген құштарлығы оянды. Сутершілер тек байлардың шеберханасында ғана емес, олар жалпыерекше күшті дарынды екендіктерін дәлелдегісі келді. Әрине бұндай деңгейге жету оңайға түсе қойған жоқ. Дегенмен оларға сол заманныңадамдарының өздері көмекке келді. Көптеген Итальян княздары өздерініңаулаларын өз атақтарына сай асқақтатып көрсеткісі келді. Таңқаларлық ғимараттар тұрғызу, мазар салдыру, фрескаларға тапсырыс беру, барлығынатанымал шіркеулерге жаңа алтарь ұсыну - бұнымен ол кезде бұ заман мен озамандағы өміріңе атақ жинап алуға болатын еді. Көптеген қалалар менкейбір адамдарға жеке суретшілер қызмет көрсеткендіктен, олар өздегендерін ұсынды.Брунеллески негізін қалаған, бағыт, ордерлерді дұрыс тұрғыза алудыталап етті. Итальяндық сәулетшілер бір-біріне бағынышты болған жоқ,оларды жеке сұлулық функциясы –пропорциялық, сыртқы объем жәнеішкі кеңістікрухтандырды. Оларды симметрия және реттілік қызықтырды.1506 жылы папа Юлий II-нің шешімімен ежелгі қасиетті Петр базиликасын бұзып орнына жаңа құрылыс тұрғызуға бұйрық береді. Бұл жоспарды орындауғаДонато Брамантеге (1444 - 1514) сенім білдіріледі. БрамантегеТемпъетто(кішкентай ғибадатхана) деп аталған бұл капелланыклассикалық стильде көтерген ұстамды, монастырлық қабырғалармен қоршауды ұсынады. Капелла дөңгелек павильонды (ротонду); олбаспалдақты подиумға көтерілген және ол дориилік калонналармен айнала қоршалып, күмбезбен аяқталып тұр. Карниздің астындағы балюстрада ғимаратты өте жеңіл етіп тұр, ал калонналармен безендірілген ішкі жағының үйлесімділігі нағыз антикалық сәулет өнерінің үлгісімен тең келе алады.
Тосканда дүниеге келген, Қайта Өркендеу дәуірінің ең атақтысуретшілерінің бірі Леонардо да Винчи (1452-1519) атақты флоренциялық суретші Андреа дель Верроккьо (1435-1488) шеберханасында тәрбиеленді. Верроккьоның атты мүсіні оның Донотелло дәстүрін жалғастырушы екенін көрсетеді. Ол аттың анатомиясын терең зерттеген мүсінші Коллеонийдің бетінің бүкіл қатпарларына дейін дәл көрсертен. Осындай шығармалардыдүниеге әкелген, шеберханада, жас Леонардо көп нәрселерді үйренді. Олтемір соғу мен құюдың құпия сырларымен танысып, жалаңаш денелерден және маталардың қатпарларынан нобайлар салу әдістерін меңгеді. Ол өсімдіктер мен сирек кездесетін жануарлардың суреттерін салу, олардың перспективасын тұрғызуды және бояуды дайындаудың жолдары мен әдістерінің негіздерін үйренді. Сол кезде Верроккьо шеберханасы шын мәнісінде өте жоғары деңгейдегі кескіндеме мен мүсін өнері шеберханалардың бірі еді. Дегенмен, Ленардо тек жай ғана шәкірт болғанжоқ, ол өте дарынды, қай кезде болмасын адамды өзінің дарындылығымен таң қалдыратын ерекше жан болды. Оның шығармашылық деңгейі Леонарданың жазба кітапшасындағы колжазбаларында көрінеді.Табиғаттың әрбір құбылысы оның қызығушылығын тудырды. Ол алғашқы болып ана құрсағында эмбрионның даму құпиясын зерттегендердің бірі. Адам денесінің құрылысын скальп арқылы зерттеген. Ол сутолқынының заңдылықтарын зерттеп, құстар мен шыбын-шіркейлердіңұшуын ұзақ бақылаған және оны талдап, болашақта іске асатынына толықсенімді болған, ұшақ аппаратының идеясына тоқталған. Леонардо әртүрлі эксперименттерді көп жасағандықтан, оның кескіндемеделік жұмыстарының көбісі сақталмаған. Оның соңына дейін жазып жеткізген, бірақ өте нашар сақталған, жұмысы – «Құпия жиын». Композиция Миландағы Санта Марияделле Грацие монастырының қабырғасында орындалған. Бұл картинаевангельдік сюжеттің, леонардолық түсініктегі көрінісі. Ол жұмысалдыңғылардан өте қатты ерекше. Бұл сюжеттің дәстүрлі құрылымы бойынша апостолдар бір қатарға, ал Иуда – басқалардан алшақ орналасқан. Композицияда әрқайсысы бір-бірімен тығыз байланысты, үш-үшперсонаждан, он екі фигураны төрт топқа бөліп орналастырған.
Леонардоның кіші замандасы Рафаэль Санти (1483-1520) өзіне дейінгі суретшілердің жетістіктерін синтездеді және ол жан-жағын пейзажбен, сәулеттік ғимараттармен қоршалған, үйлесімділікте дамыған, өзінің сұлулық идеалын ұсынды. Рафаэль Урбинада алғашқы сурет мектебінінің суретшісі, қарапайымкескіндемеші жанұясында дүниеге келді. Кейінірек ол Тиотеода жәнеПеруджинодан дәріс алды, он жеті жасында шығармашылықтың жоғарғыжетістігіне жетеді. Оның ең ертеректегі шығармалары «МадоннаКонстебль», (шамамен 1500-ші жылдар, Ленинград, Эрмитаж) лирикалық сезімталдығымен және нәзік руханилығымен басқалардан ерекшеленді. Бұл картинада Урбин пейжазының фонында бейнеленген жас ана образы бейнеленген. Кеңістікте фигураларды еркін орналастыра білу, оларды бір-бірімен және қоршаған ортамен байланыстыра алуы «Марияның некелесуі» (Обручение Марии, 1504, Милан, Брер галереясы) композициясында көрінеді.
Пейзажды алыс, әрі терең етіп беру және сәулеттік ғимараттардың формаларының гармониялылығы, композицияның әрбір бөліктерінің біртұтастықта орындалуы Рафаэльдің Жоғарғы Қайта Өркендеу дәуірінің шебері ретінде қалыптасқанын көрсетеді. Флоренцияға келген Рафаэль флоренциялық суретшілердің мектебінің тәжірибелерін сіңіре бастайды. Оның шығармашылығында лирикалы, аналық махаббат мазмұны, оның негізгі тақырыптарының бірі болып қалды. Дегенмен, суретші оған ерекше мағына береді. Мысалы, «Көкке оранған Мадонна» (1504, Вена, Музей), «Мадонна жас баламен» (Флоренция, Уффицы) т.б. Шын мәнісінде олардың барлығы да бір тақытыптағы Мария, жасбала Христос пен Шоқындырушыны, Леонарданың ойлап тапқан, яғниауыл пейзажының фонында орналасқан пирамидалы композициялы топ үнемі қайталанады. Табиғи қозғалыс, формалардың жұмсақ пластикасы, түсінікті және ашық пейзаж фоны, идеалды Мадонна сұлулығы бұл композициялардың поэтикалы образды құрылымын асқақтата түсті.
1508 жылы Юлий ІІ–нің шақыруымен Римге келген Рафаэль мұндада шеберлігін шыңдай түседі. Рафаэльдің монументалистік және безендірушілік (декораторлық) дарындылғы «Диспут» пен «Афинмектебі» (Станца делла Сеньятур росписі) немесе қысқаша «Парнас»росписінде көрінеді. «Диспуттан» жұмысынан сол кезеңнің замандастарын кездестіруге болды – Данте, Фра Беато Анжеликолар. «Афин мектебі» композициясы, адамзатты биікке көтерген адам санасы және антикалық ғылым мен философия тақырыбында жазылған. Композиция орталығындағы фигура идеалистік пен материалистік философияның рухтандырушылары - Платон мен Арестотель. Рафаэльдің ертеректегі неғұрлым лирикалы мадонналарына қарағанда «Сикст Мадоннасының» образы мүлдем басқаша. Рафаэль өзінің досы Кастильонге жазған хатында, ол өзінің сұлуәйелді жазу үшін бірнеше сұлу әйелдерді көруім керек деген екен. Яғни,ол өз образдарын сол кездегі әйелдердің арасынан таңдап алатын болған екен деген ойды айтуға болады. Рафаэль көптеген картондарын бітірместен, отыз жеті жасындақайтыс болады. Жоғарғы Қайта өркендеу дәуірінің кульминациясы ғана емес, ренессансты аяқтаушы, яғни ренессанстың келесі титаны –Микеланджело Буонарроти(1475-1564). Суретші шығармашылығыжетпіс жылдайғы ұзақ тарихи қарбалас кезеңмен тұстас келді. Суретшінің адам мен өмір үшін күресң, адамның бостандық құқығын бекітті, ал, ол оның шығармашылығының негізгі мотивіне айналды. Атақты микеланджелолық terribilita - «рухтың күші» - мүсінде, кескіндемеде, еңкеремет образдарын дүниеге әкелді. Өзінің негізгі тақырыбы – материя мен рухтың күресін бейнелеу. Микеланджело бірінші рет мүсінші ретінде тарихта дене сұлулығы мен рухани идеяны біріктірді, оны«Давид» мүсінінінен көреміз. Өзінің алдындағы мүсіншілер Донотелло мен Верроккьодан айырмашылығы, Микеланджело Давидттің ерлік жасау алдындағы кезін сомдаған. Келесі күрделі жұмысы мавзолейге ұқсас ойластырған, папа ЮлииІІ- нің табыты, оның жан-жағын жалпы саны қырыққа жетерліктей мәрмәрмүсіндермен және қола рельефтермен қоршаған. Бірақ, бұл жоба папаЮлии ІІ – ші қайтыс болғаннан кейін, оның мұрагерлерімен шартты қайтақарап жалғастырды. Мысалы Моисей мүсіні. Жоғарғы Қайта өркендеу дәуірін аяқтайтын шығарма ретінде, папа Климант өзінің ұрпақтарын мәңгі сақтап қалдырғысы келген, Флоренциялық Медичи капелласы болды.Қаладағы ең көне шіркеу, Сан-Лоренцо шіркеуінде бір-біріне қарама-қарсы герцог Ждулиано мен Лоренцоны орналастырды. Алтарға қарама – қарсы тұсына Мадонна мен Медичи ұрпағы бейнеледі.Джулиано мен Лоренцо табытында Микеланджело бұрынғы қайтысболған адамның портреті бейнеленген табыт дәстүрден алшақтады. Тереңойға шомылған, Джулиано мен Лоренцо Медичи мүсіндерін ништарғаорналастырды. Ал олардың табыттарына тез зымырап өтіп жатқануақыттың символы, аллегориялық мүсіндер – Лоренцо табытында «Таң»,«Кеш», Джулиано табытында «Күндіз» бен «Түн» шығармалары қойылды. Келесі жұмысы Сикс капелласы қабырғасына жазылған кескіндеме. Күрделі ренессанстық бағдарлама бойынша жазылған роспись – оңтүстікпен солтүстік қабырғаға жазылған, Моисей мен Христостың жердегі өміріне арналды. Бірнеше бөліктерге бөлінген ғимараттың флофонындағы оныңорталық композициясы дүниенің жаратылуы мен алғашқы адамның пайдаболуы туралы библиялық тақырыптарға арналған: тұмақтан жарықтыңбөлініп шығуы, жұлдыздар мен планеталардың жаратылысы, жердің суданбөлінуі, Адам ата мен Хауаның жаратылуы, алғашқы күнә және адамныңжұмақтан қуылуы, кеменің құрылысы, дүниежүзілік су тасқыны, Нұхпайғабар т.б. тақырыптарда бейнеленді. Сикст капелласында адамды тағы бір таңқаларлықтай жайғатүсіретіндей әсерлі жазылған роспись «Қорқынышты сот» (Страшныйсуд). Микеланджело, өз шығармашылығында діни тақырыптардағыадамзаттық трагедияны космостық масштабта көрсетті. Бұл тақырыпәділеттің зұлымдықты жеңетіні жайында болғанымен, фреска дүниежүзілік апат образында қабылданады. Сиксткапелласының флафоны Микеланджело шығармашылығындағы рухани және тән сұлулығын дәріптейтін, еңкереметерінің бірі болып қалды. Өмірінің соңына қарай Микеланджело сәулет өнеріне көп көңілбөледі: Римдегі қасиетті Петр соборына күмбез ойластыру, Капитолий төбесіне арналған баспалдақ пен алаң, Флоренциядағы Лауренцияна кітапханасына арналған баспалдақтар және т.б. Микеланджелодан кейінгі келесі суретші шамамен 1477-1510 жылдар аралығында өмір сүрген. Джорджоне кескіндемелерінің бояутүстерінің әрбір қабаттары мөлдір жазылып, терең лирикалы бола түсті. Суретші шығармашылығындағы ерекшелік - адам мен табиғат арасындағыбайланыстың үйлесімділігі. Ол композицияларында өте нәзік әуендіритмді таба білді. Картинада шырай да өте үлкен рөл ойнады. Суретшімайлы бояудың мүмкіндіктерін жақсы пайдалана білді. Көптеген реңдермен тондар оған жұмырлықтың, жарық пен түстердің және кеңістіктіңбіртұтастығын бере білуге көмектеседі. «Юдифь» жұмысы оған мысалбола алады. Джорджоне нағыз шығармашылық шарықтау кезінде өмірденқайтты. Ол өзінің ең әйгілі жұмысы «Ұйқыдағы Венера» атты картинасынаяқсыз қалдырғанымен оны Тициян аяқтайды. Венецияндық мектепті жалғастырушыТициан,бақытты ұзақжылдар өмір сүрді. Тициан шығармашылығы Леонардо да Винчи шығармашылығы сияқты екі ғасырға тән. Ол Жоғарғы Қайта өркендеу дәуірінің шарықтау шыңын білдіреді. Дегенмен суретшінің шығармашылығының соңғы кезеңі кейінгі Қайта Өркендеу кезеңіне жатады. Кадор жерінде дүниеге келген Тициан, бүкіл өмірін Венецияда өткізді. Сонда – алғашқыда Беллиниден, содан кейін Джорджонеден оқыпкөркем өнерден білім алады. Суретші ретінде қалыптасып, атағы шыққан кездері, ол аз уақытқа Римге шақырумен барып тұрды. Дегенмен ол үйреншікті жағдайда, яғни өз үйінде жұмыс жасағанды ұнатты. Тицианның алғашқы жұмыстарында джорджоналық дәстүрге еліктеу сезіледі. Тицианның ең алғашқы жұмыстарының бірі -«Періштелік және пенделік махаббат» (Любовь земная и небесная), бұл жұмыста сюжеттің құпиясын ашу емес, Джорджонеге ұқсас сезім мен көңіл күйдіберу, ал бұл картинаның негізгі керемет жақтары еді. Пейзаждың жұмсақ және тыныш өңі, сан құбылған жалаңаш дене, әдемі киімдердің кереметбай түстері, фигураның грацияға толы қимыл-қозғалысы «джорджоналық тыныштыққа» толық бағыттайды. Оның екі образды мінезді бейнені кереғарлықта қойған жұмысы – «Төлем ақы» (Динарий кесеря). Шығармашылық шарықтауы жетілген кезінде Тицианның бірнеше алтарлы образдары, портреттері мен мифологиялық композициялары дүниеге келеді. Мысалы, «Марияны көкке көтеру» (1518, Венеция, Санта Мария деи Фрари шіркеуі).1530-40 жылдары суретші шығармашылығында діни–мифологиялықтақырыптарда өмірден алынған ұлттық типтер пайда болады. «Храмғаену», «Урбиналық Венера» және т.б. Тицианның бүкіл шығармашылық өмірінде осы тақырыптар жаңашылдық тапқан және ол портрет жанрына да көп көңіл бөлген. Оның алғашқы жылдардағы «Жігіт потреті» картинасында образдыбейнелеуден жеке адамды суреттеуге ауысады. Бұл нағыз Қайта өркендеукезеңі адамының типтік образында бейнелеген портрет. Біртіндеп Тициан шығармашылығында адам мен оны қоршаған ортасы арасындағы керіспайда болады. Мысалы, «Ипплито Риминальди портретін» айта аламыз.1540-50 жылдар аралығында бай бояу түстер мен жарықты және көлеңкенің бірлігін меңгерген суретші шығармашылығының кескіндемелік жағы күшейе түседі. «Айна алдындағы Венера», «Даная» картиналары суретшінің осы кезеңіне жатады. Тицианның шығармашылығы және оның кейінгі замандастары Веронеза мен Тинторетто Қайта өркендеу дәуірін аяқтайды. Дегенмен, бұл дәуір мықты шеберлерді шығарғанымен, дәл осы Тициан шығармашылығы кейінгі буын суретшілердің, яғни XVII ғасырдың реалистік кескіндемесінің дамуына әсер етті. Кейінгі қайта өркендеу дәуірі кезеңі. Тицианмен қатарлас, шығармашылығы осы заманда аяқталатын, кейінгі Қайта Өркендеудің көрнекті өкілдері Паоло Веронезе (1528-1588) мен ЯкопоТинтореттолар. Веронезе шығармаларында барлық күш, венециандық сәнді-монументальды майлы кескіндемеге бағытталады. Венециандық кескіндемеге тән барлық нәрселер, дәстүрлі византиялық және грекиялық әсем және мерекелік атрибутикалар, бай жиһаздар мен маталар, шығыстық сән, тойлар, қара нәсілді құлдар мен алтын шашты әйелдер Веронезе шығармашылығында айқын көрініс тапты. Оның копозициялары венециандыққа тән әсем. Веронезаның персонаждары қымбат барқыт пенпарчаға оранған және оларды салтанатты ғимараттың фонынаорналастырды. Веронезе екі жүзге жететін, көп фигуралы композицияны ұнатты.Сондықтан да, «Левия үйіндегі той», «Канадағы некелесу» сияқтыкопозициялары керемет театралдылық әсер береді. «Канадағы некелесуде» көбісі танымал сол заман адамдары, 130 персонаждан құрылған.Веронезе шығармашылығына драмалылық жат болғанымен, оның«Крестен түсіру», «Жоқтау» атты кенептері осы тақырыпта жазылған еңкеремет шығармалар болып табылады.Дегенмен суретші шығармашылығының орталығы болып, өмірдіңтек мерекелік жақтарының көрінісі, тойлар мен салтанаттар болып қалады.XVI ғасырдың нағыз ірі шебері Тинторетто(1518-1594). Тиртореттоның қолы тимеген Венецияда ешбір шіркеу жоқ делінеді.Тинтореттоның библиялық тақырыптағы кескіндемелеріне, көрерменді картинадағы оқиғаға қатыстырып жіберетіндей, оларға қаттыэмоционалды әсер беретін, өзінің жазу манерасын ойлап тапты. Оған Тинтореттоның «Қасиетті Георгиидің айдаһарлармен шайқасы» (шамамен1555- 1558), («Обретения тела Святого Марка» (шамамен 1562)), жұмыстарнан көз жеткізуге болады.Тинторетто үшін картинаны бүге шігесіне дейін жазу тән емес.Тегіс, жатық жазу оның манерасына кереғарлы, өйткені шектен тысбөлшектерге аса мән беру адамның көңілін сценаның драмалылығынан бұрып жіберер еді. Суретшінің шығармашылығы тек қайғылы сюжеттермен ғана шектеліп қалмаған, ол қиял әлемінен де көптеген картиналар жазды. Осындай жұмыстары, «Сусанна мен қарттар», «Қасиетті Георгий» жәнет.б.
Тинтореттоның Венециандық Дож сарайында оған дейін ешкім дежасамаған, өте үлкен «Меркурии және Грациялар», «Миневра мен Марс»,«Бахус және Ариадна» картиналары дүниеге келді. Ол образды беруде, картинаның кескіндемелік мәселесіне көп көңілбөлді.Тинторетто көптеген аспаптарда ойнаған және музыка жазған,жақсы музыкант та еді. Итальяндық ренессанстың соңғы суретшісі,Тинторетто өнері замандастарының ортасында қатты сүйіспеншілік тудырды. Маньеризм. Микеланджелоның манерасына еліктеуді «маньеризм» деп атады. Микеланджело, Рафаэль, Тициан мен Ленардолардың барлықмақсаттарын олардан кейінгі суретшілер іске асырды, тіпті олардың ешқайсысы да өнердің тоқырауға ұшырағанына сенгісі де келмеді. Өнердегі тоқыраудан шығудың жолдарын үшін суретшілер жаңашаформаларды іздестіруге кірісті. Нағыз маньеристік заманның өкілі – флоренциялық мүсінші жәнезергер Бенвенуто Челлини (1500-1571). Челлинидің өмірі мен шығармашылығы – алдыңғылардың жетістіктеріне қызғанышпен қарап экстраординарлы жарысқа түскен, заманының көрінісі. Бұндай маньеристік еліктеулер Пармиджанино (1503-1540) шығармашылығында да көрінді. Дегенмен маньеристік тенденциялар, басқа бағыттың келуіне жағдай жасайтынын біз өнер тарихынан білеміз. Италияда XVII ғасырда бәріненбасым, барокко бағыты келді.
Негізгі әдебиеттер
1.Гнедич, П.П. История искусств: Италия эпоху Возрождения.Нидерланды. Испания. Германия. Репритное воспроизведение издания 1908 года. Красноярск: Российский фонд культуры ХТО «Краевед» совместно с ТОО «Интеграл», 1995 – 619 с.: илл.
2.Вёльфлин Генрих. Искусство Италии и Германии эпохиРенессанса / Перевод Л.И. Некрасовой; ред. В.В. Павлов; Вст. статья Л.И.ремпеля. – Л.: ОГИЗ, 1934. – 389 стр.
3.Искусство Итальянского Ренессанса. Архитектура. Скульптура.Живопись. Рисунок. Под редакцией Рольфа Томана. М-2002. -460с.
4.Рагин В.Ч., Хиггинс М.К. Искусстыо витража от истоков ксовременности. М.-2001. – 287с.
5.Гомбрих Э. История искусства.
Тапсырмалар: 1.Қайта Өркендеу дәуірі коркемөнеріндегі жаңа принциптер.Джоттаның новаторлығы мен шығармашылығы.
2.Ренессанстық сәулет өнеріне көркем талдау.3.Леорандо да Винчи, Рафаэль Санти, Микеланджело шығармашылықтарына реферат жазу.
Солтүстік қайта өркендеу дәуірі Италияға қарағанда өзгешерек жүріп отті. Оңтүстіктегі суретшілер үшін жетістікке жетудің мақсаты, үшөлшемді кеңістікті иллюзиялы бейнелеу болса, Солтүстік суретшілер үшінжаңа шындықты іздестіруге ұмтылған, жаңа бағыттардан көрінді. Итальяндық суретшілер ескі, орта ғасырлық сюжетті жаңа гумандытүсінікте бейнелеуде басымдылық көрсетсе, Солтүстік Еуропалықтар үшінескі тақырыптар бұрынғысынша негізгі рөлде қалды.
Нидерланд Қайта Өркендеу дәуірі мәдениеті ескі мен жаңа кезеңдердің қақтығыстарында құрылып дамыды. Нидерландық өнер ұлттық дәстүрде көрініс тапты. Онда фольклорлық ерекшелік, әсіресе әртүрлі таптық жағдайларды бейнелеу суретшілершығармаларында негізгі көрініске айналды. Нидерланд мәдениетінің келесібір ерекшелігі, онда орта ғасырлық дәстүрлердің әсері тұрақты сақталыпқалды. Сәулет және мүсін өнері XVI ғасырға дейін орта ғfсырлық готикадәстүрін сақтап қалғанымен, бейнелеу өнерінде қондырғылы кескіндеменің пайда болуы өнерге өзгешеліктер әкелді. Бұрынғы қабырға жазбалары менвитраждардың орнын қондырғыда орындалған шығармалар алмастырды. Нидерландық суретшілер үшін көркемде негізгі рөл атқарған айқындаушы құрал - шырай. Нидерландықтар заттардың фактурасы мен оптикалық эффектілерді - металдың жылтын, әйнектің мөлдірлігін және т.б. материалдарды керемет шеберлікте орындады. Майлы бояудың техникасынжетілдіруші суретші деп Ян ван Эйкті айтады. Қондырғылы кескіндемеде бор жағылған грунттың бетіне жұқалап жағылған бояу түстері қанық, әріоның тереңдігін бейнелеп көрсету әдісінің дамуы арта түсті.Губерт және Ян ван Эйк. Ағайынды Ян ван Эйктер Нидерландреализмінің негізін қалаушылар. Жаңашыл, аналитик Ян ван Эйк (1390-1441) натураны зерттеу арқылы өмірдің әртүрлі және жалпы біртұтастық сипатынашты. Алып, екі бөлікте жабылатын - Гент алтарында - қатар орналасқанкартиналар бір идея мен тектоникаға бағынған және оның композициялықмазмұны Апокалипсис, Библия және евангельдік мәтіндерден алынған. Ян ван Эйк портрет жанрын жеке шығарма етіп қалыптастырады. Суретші схемалы профильді героикалы итальяндық әдістерден бас тартып,бет бейненің үштен төрт бөлігін бейнелеу арқылы, картинадағы бейнені көрерменге жақындата түсті. Оған Альбергати кардиналы 1431, Вена, Музей, портреті мен «Қызыл тюрбанды Адам» (Человек в красном тюрбане) (1433,Лондон, Национальная глерея) керептері мысал болады. Арнольфина жан ұясы портретінде – үйлену той үстіндегі бір–бірінесерт беріп жатқан кез бейнеленген. (1433, Лондон, Ұлттық галерея). Бұнда жарық Арнольфина бейнесін айқын көрсетіп тұр. Орта ғасырлық дәстүргетән заттардың рәмізді мәнін ашуға тырысқан. Ондағы жанып тұрған шам-тойдың, ит- адалдықтың, терезе алдындағы апельсин - жұмақтың белгісі жәнет. б. келтіруге болады. Ян Ван Эйктің қуанышты поэзиядан басталған нидерландықкескіндеме өнері, қоқынышты үрей тудыратынИероним Босх(шамамен1460-1516) өнерімен аяқталады. Тек қана Босх, өз шығармаларындазаман кеселіне, көмескі және трагедиялы адам психикасына терең бойлаудабатылдық танытты. Суретші сондай-ақ барлық нидерландық суретшілер бас тартқан,ортағасырлық, адам өмірін қорлық деп қарастыру тұрғысынан баға берудісақтап қалды. Ол адамның жер бетіндегі тіршілігінің барлығы күнәға бату, яғни Адам ата мен Хауана жұмақтан қуылғаннан бері өмірі қисық жолғатүсті, ал алжасу оның шегі – қорқышышты соттың жақын қалғандығыныңбелгісі деп білді. Оның шығармаларында тозақ пен жұмақтың шекарасыжойыла бастайды. Оның бірнеше керемет жұмыстары – «Құмарлық бағы», (Сад любострастия) «Қорқынышты сот» (Страшный суд), «Пішен тасу» (Возсены) осының куәсі.Босхтың композициялары бір схемада құрылды: триптихтің сол жағынаХауананың жаратылуы мен оның күнә жасау және жұмақ бағынан қуылуы; ортасында адамның өмірі; оң жағында тозақ өмір бейнеленген. Суретші тұрмыстық тақырыптардағы картиналардан ба бас тартпаған. Мысалы, «Кресті алып жүру» (Несение креста), «Ақымақтар кемесі»(Корабль дураков), «Адасқан бала» (Блудный сын) тақырыбы жағынанәртүрлі талданатын картиналар. Босх Орта ғасырлық сандырақ дүниетанымды жүзеге асырды, бірақоның өміршеңдік күшінің кепілі, ұлттық дәстүрмен шығармашылық байланыстылығында еді. Питер Брейгель Старший (шамамен 1525-1569) XVI ғасыр Нидерланд бейнелеу өнерінде адам образы мен оны қоршаған шындық болмыс пен тұрмыстық жанрлары негізгі орын алды. Олар жалпы біртұрастықты, итальяндық ренессанстан қарастырды. Осының негізінде романизм( романдық-римдік деген сөзден) ағымы пайда болды. Дегенмен тек сыртқы классикалық формаларды ғана бейнелеу, өнерге ешқандайжаңалық әкеле қойған жоқ. Керісінше романизм және сарай маңында дамып жатқан маньеризмбағытына қарағанда тереңұлттық дәстүрденнәр алған, реалистік өнербағыты дамып беки түсті. XVI ғасыр өнерінде тек діни бағыттар өзгеріп қанақоймай онда көпшілік қоғамға арналған тұрмыстық жанрлар қалыптасты. Нидерландықтарда адам тобырын бейнелеуге бағытталған шығармаларнеғұрлым кең дами бастады. Осы тақырыпты дамытушы суретшісі Брейгель, оның шығармаларында әрбір фигура басқа фигуралармен бірге бірігіп, түсінікті мағынаға ие болды. Оның картинасындағы көңілді адамдар үнемі қозғалыста берілген. Бірақ Брейгель кейіпкерлері тек көңілді ғана емес, ондажан күйзелерлік жағдай да бар, яғни гротескалы – бұл Босх үшін өмірмағынасыз қарбалаң сияқты. «Балалар ойыны» (1560, Вена, Мұражайында) деген шығармасында сол кездің жүздеген ойынын топтап бір картинаныңішіне жинақтаған. Картинадағы топ балалар массасы есепсіз кішкентайдөңгелектерде айналып, дөңгелеп барып, олардың қозғалысы біртіндепкөшенің тұманды перспективасында тоқтайды. Әрбір жеке топтардың формалары да – дөңгелек және дөңгелеп бара жатқандай1. Брейгель ешқашан да күліп тұрған балаларды бейнелемеген, оныңкартинасындағы балалардың бет бейнелері өте қатаң берілген. Сондай-ақ, картина кейіпкерлері ойынды ойын ретінде қабылдамайды. Бұл олардыңөмірі, үлкен адамдар өміріне ұқсас. «Вавилон мұнарасы», «Ақылынан алжасқан Грета» (Безумная Грета). (Ағаш, майлы бояу. 1564 ж. Антверпен, Бельгия) картиналары суретшінің«төңкерілген дүние» идеясына негізделген шығармалар қатарына жатады. Брейгель шығармалары соғыстың шын мәнісіндегі ішкі мәнін (жанын)ашуға тырысқан. «Есінен алжасқан Гретадағы» - сараңдықты кейіптеген,онда ұрлап алынған дүниелерін тығу үшін жолды талғамастан ұшып баражатыр, ал оның барар жері – тозақ. «Кресті алып жүру». (Ағаш тақтайша, майлы бояу, 1564 ж. Вена, Австрия. өнер тарихы мұражайы) «Орақ немесе егін ору» (Жатва). (Ағаш,майлы бояу, 1565ж. Нью-Йорк, АҚШ. Метрополитен мұражайы). Құдайжерді жаратты, Голландықтар голландияны жасады - дегенді суретші жерлестері жақсы көретін. Ал олар – осы пейзажды тудырушылар. «Жалқаулар әлемі» (Страна лентяев) атты копозициясындажазушылар, солдаттар, молшылық пен тыныш мемлекетке келіп түскенадамдар, бірақ олар біраз уақыттан кейін-ақ жалқаулар қатарына қосылады. Өйткені адамдар оңай жолмен жердің байлығына кенеледі. Отто Бенеш: «Брейгелдің өзінің образды интерпретациялау табиғаттысолтүстік натурфилософиялық пантейзмді сақтап қалады және оныдамытады» дей келе, «Соқырлар» картинасы туралы былай деген: «Ол Қайтаөркендеу дәуірінің идеалынан мүлде ада, еуропалық өнердің дамуына дейінгіжүз жылдықтарға дейін келген, жаңа адамгершілік принциптер меншындықты эстетикалық сезінуді керемет шығару» 2. «Соқырлар» (Кенеп, темпера.1568 ж. Неаполь, Италия. Ұлттық мұражай) кенебіндегі соқырлар, «төңкерілген» адам санасын мысалға келтірген. Суретші соқырлар арқылы жер бетінде сандалып жүген физикалық және рухани соқырлардыбейнелеген.
1Бенеш Отто. Искусство Северного Возрождения: Его связь с северными духовными иинтеллектуальными движениями. – М.: Искусство, 1973. – 122 с. - Б 143.2Бенеш Отто. Искусство Северного Возрождения: Его связь с современными духовнымии интеллектуальными движениями. – М.: Искусство, 1973. – 122 с. Б 33.
Негізгі әдебиеттер
1.Мировое искусство. Мастера Северного Возрождения. /Сот. И.Мосин. Изд.: СПб.: Кристалл, 2006 г. – 176 стр.
2.Всеобщая история живописи. / Сост. М. Рихерд. Изд.: Эско,ЭКСМО-Пресс. 2007г.-335стр.
Тапсырмалар: 1.Бенеш О. Искусство Северного Возрождения: Его связь с северными духовными и интеллектуальными движениями. – М.:Искусство, 1973.-122с. (кітапты оқып шығып, конспектілеу)
2. Ян Ван Эйк шығармашылығындағы рәмізді белгілерге көркемталдау.
3.Питер Брейгель мен И. Босх шығармашылығындағы ұлттық бастауларға талдау.
НЕМІС ӨНЕРІ ( Қайта Өркендеу дәуірі) XV ғасырдың бірінші жарты жылдығының соңы мен XVI ғасырда Қайта өкендеу Германияда дамиды. Итальяндық суретшілердің мол тәжірибесі неміс суретшілерінің алға жылжуына көмектеседі. Итальяндықтарға қарағанда, олар адам өміріндегі руханилыққа, іштей күзеліске, психологиялық кереғарлыққа көңіл бөледі. XV ғасырда Италияда материалды дүнині ғылыми дәлелдер мен түсіндіруге ұмтылған болса, Нидерландыда – дүниенің көрінетін сұлулығын беруге тырысты, ал, Германияда – көрінгенді дәл ұстап қалу және оныүйрету. Итильяндықтардың ғылыми жаңалықтары адам санасының шексіздігіне көз жеткізді. Неміс өнерінде жеке адам тағдыры маңызды рөлатқарды. Күрделі тарихи кезеңде, терең идеялық жетістігі көркемөнерде көріністапқан суретші -Альбрехт Дюрер(1471-1528). Ұлы неміс ойшылы және суретшісі Дюрер неміс бейнелеу өнеріне жаңа бағат әкелді. Дүниенің иделдыгармониялы сұлулығы мен табиғаттан рационалды сұлулықтың заңдылықтарын іздеген суретші адамдарды терең ұлттық типтік образда бейнеледі. Дюрердің ең бірінші ұстазы табиғат болды. Ол математика, перспектива, анатомия және гуманитарлық салаларды да зерттеді. Ол екі рет Италияға сапар шекті. Суретшінің бейнелеу өнеріне қосқан жаңалығы Оңтүстік Германияға,Швейцарияға, Венецияға сапары кезінде жазған жұмыстарында байқалады. Ол қайтып оралғаннан кейін өз шеберханасын ашады. Дюрер портреттер жазады, неміс пейзаж жанрының негізін қалады, дәстүрлі евангельдік және библиялық сюжеттерді қайта қалыптастырады. Суретшіні әсіресе гравюрасаласы ең алдымен оны ксилография, содан кейін мыста орындалған гравюра көбірек қызықтырады. Кітап баспаларының пайда болуы, көптеген антикалық кітаптардың кеңтаралуына әсер етті. Дюрер, Себастиан Брандттың «Ақымақтар кемесі»кітабын безендіреді Итальяндықтардың ықпалының әсерінен адам анатомиясын тереңзерттеген, Германияның нағыз итальяндық суретшісі тіпті Дюрердің өзі де,тәжірибеде адам фигураларын деформациялады. Дюрердің тақырыптары да, басқа неміс суретшілері сияқты терең дінисенімдерден қозғады. Осы тақырыптағы жұмысы - «Апокалипсис». «Меланхолия» жұмысы терең ойға берілген, қолына циркуль ұстағанәйелді бейнеленген. Бұл жасырын сыры бар гравюра деп саналады. Кез-келген шығармашыл адамға тән екі жақтылық: ол үлкен мүмкіндіктерінжасырғанымен, бар талантымен мәңгілік сұлулық құпиясының сырын ашаалмайды. Бұл генидің өзінің «меланхолиялық күйі», оны суретші жұмбақ Меланхолия образында бейнелеген. Оны Дюрердің «рухани автопотретті» деп босқа айтпаса керек. Ағашта және мыста орындалған гравюрадан басқа Дюрер портреттер де, алтарлы копозициялар да жасады, бірақ барлығында оның шығармаларына тән ерекшелік – рационализм байқалды. Дюрердің портретті образдарына әдемі емес, асиммертиялылық, ойғашомған бет бейнелер тән. Оларға мысал, «Автопортреті», «Жас әйелпортреті», «жас жігіт портреті» т.б. Дюрередің өзінің адам туралы көзқарасы орныққан, портретті жанрда жазылған ең терең картинасы, диптихі - «Төрт апостол».Нағыз колорист, фигуралардан жарқырап шыққан жарық сәулесінкеремет бере білген суретші Матиас Грюневальд (1480-1528) еді. Готикалық бағытты жалғастырушы Грюневальд шығармаларында ренессантық жетістіктің тәжірибелерін кең қолданған. Шығармашылығы алдымен Швейцарияда, кейіннен Англияда өткен, неміс Қайта Өркендеу дәуірінің атақты келесі суретшісі Кіші Ганс Гольбейн(1497/98-1543).
Гольбейн ойдан туған сәулеттік элементтері бар, көп планды, антикалық және жанрлы сюжетті, күрделі перспективалық ракурста орындалған фрескаларды модаға енгізді. Гормониялы композиция жәнетүстерді сезіну оны итальяндықтармен жақындата түскенімен, кейінірек шынайылылықты шегелеп көрсету оның нағыз неміс суретшісі екенін айқындады. Өте шынайы орындалған оның Христос бейнесі осының куәсі.Өлім, оның шығамашылығында белсенді көрініс табады. Оның неміс щедеврлеріне айналған «Өлім биі» (Пляски смерти) – ағашта орындалған гравюрасында, ол өзінің саяси-қоғамдық көзқарасын бейнелеген. Гольбейн шығармашылығында портрет жанры да айтарлықтай негізгі рөл ойнады. Гольбейн ренессанстық дәуірдің кесек тұлғасын айнытпай жазды. Дегенмен оның кескіндемесі керемет дәлдікте орындалды: ауырбарқыт, үлпілдеген тері жүні, мөлдір шыны, жалтылдаған алтын, нәзікқалампыр жапрақтары – бұлардың барлығы жаңа заман суретшісінің беделін арттыра түсті. Қайта өркендеу дәуірі өмірді, қиялды, шынайлықты, мәдениет пенөркениетті де емес, ең біріншіден ақылды қайта құру заманы.
Орта ғасырлардағы қазақ мәдениеті
Орта ғасырлардағы қазақ мәдениетінің орталығы болған негізгі қалалар Отырар – Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі. Қаланың қалдығы Отырар төбе деген атпен белгілі, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Шәуілдір елді мекенінің жанында орналасқан. Отырар қаласы туралы көшпеген саяхатшылардың жазба деректерінде айтылады. Тарихи деректерге үңілер болсақ, Отырар кезінде Фараб деген атпен де белгілі болғанға ұқсайды. Алғаш сол аймақтың аты Фараб атанып, астанасы Отырар болған, ал кейіннен қаланың өзі де Фараб атанған (ҮІІІ ғасырда). Сонымен бірге қала ІХ ғасырдың басында Тарбан деп де аталған. Қаланың мұндай аты Білге Қағанға арналған ежелгі түрік руникалық жазуында кездеседі. Ал ХІІІ ғасырдан өмір сүруін тоқтанғанға дейін қала Отырар атанған. Отырар қаласының атының дәуірлеп шыққан кезі Шыңғыс хан жаугершілігі тұсында 1218 жылы Шыңғыс хан Қайырхан басқарған қазақ қаласына 450 адамнан тұратын саудагерлер елшілігін жіберді. Саудагерлер керуені Отырарға келген кезде Қайырхан олардың арасында “жансыздар” бар екенін естіп, сенімсіздік білдіреді де, тұтқынға алып жазалайды. Осы уақиға монғолдардың қазақ даласына жаугершілік жасауына себепші болады. 1219 жылы құмырсқадай қаптаған монғол қолы Отырарды қоршап алып, бес ай бойы жанкешті ұрыс жүргізеді. Ақырында өз іштерінен шыққан әскери басшы Қарашақожаның сатқындығынан қала монғолдары ойранына ұшырап, қайсар да ержүрек басшы Қайырхан қолға түседі. Осындай есеңгіреткен қырғыннан кейін де Отырар қайтадан ес жиып, бұрынғы қалпына келіп отырды. Бір жағынан тоғыз жолдың торабында – Жібек жолының бойында орналасқандықтан, қала экономикалық жағынан тез өркендеп өсті. 1248 жылы қалада алғаш рет Отырар белгісімен ақша соғылды. Ұлы ғұлама, данышпан бабамыз Әбу-Нәсір әл Фарабидің туған қаласы көптеген ғасырлар бойы батыс пен шығысты байланыстырып тұрған күретамыр орталығы болған. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері көрсеткендей, бұл қала сол кездің өзінде–ақ озық ойлы жобалармен тұрғызылғаны анықталды. Қаланың бір елең еткізетін, мамандарға ой салатын жері - оның су жүйелерінің қазіргі қалалардағы жүйелерге тән ұқсастығы. Онда үйлердің әр бөлмесіне су құбырлары жүргізілген. Құбырлардың жасалуы да әрі ықшам, әрі әдемі, ернеулеріне нақышты өрнектер салынған. Үй мен үйдің арасын жалғайтын құбырлар бұлардан едәуір жуандау болып келеді. Сонымен қатар кейбір бөлмелерде жуынып шайынатын бұрыштар, тіпті ванналар кездеседі – деді 1975 жылы археологиялық қазба жұмысына қатысқан зерттеуші, өнер танушы Әбдуәли Төлебиев. Отырарда сонымен қоса ғажайып үлкен қыш ыдыстар – хумдар көптеп кездеседі. Олардың кейбірінің үлкендігі адам бойындай зор болып келеді. Ол ғажайып ыдыстарда, құмыраларды астық, жем сақталатын болған. Қазір Отырар қазынасының аса бір көзге елеулі көрінетіні – оның керамикалық ыдыстары, күміс, қола құмғандары және түрлі қыш қақпақ дастархандары. Әсіресе Отырар керемикалары өзінің комозициялық құрылымы жағынан, Ою-өрнектерінің күрделігі, ерекшелігі жағынан назар аударады. Қаншама ғасыр өтсе де табақтардағы бояулар өз сапасын жоймаған. Бояу түрлерінің бір-бірімен жымдасуы, әдемі нақышты өрнегі, жасалу сапасы берік.
Кейінгі қазба жұмыстарының нәтижесінде Отырарда сәулетті сарай, мешіттердің болғанын дәлелдейтін олардың қалдықтары аршылып алынады. Бұл жағынан Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы археология, тарих және этнография институтының Оңтүстік Қазақстан кешенді экспедициясының 1970 жылдан басқарып, жемісті еңбек істеп келе жатқан атақты археолог ағаларымыз Кемел Ақышев пен Кирл Байпақовтың ашқан жаңалықтарының арқасында Отырар қазынасы жалпақ жұртқа әйгіленді. Тараз. Қазақ халқының көне тарихының көзіндей өмір сүрген қаланың бірі-ежелгі Тараз. Қала жазба деректерде сонау Ү ғасырдан белгілі. Көне жылнамалар түрік 568 жылы Юстинианың (Юстиниан –Византия империятр) Земарх Киликийски басқарған елшілігі келгенін баяндайды. Елшілік сол кезеңдегі қаған Дизабулмен кездескен. Сонау көне заманнан бері қарай Тараз қаласы Шығыстағы елге мәлім ірі қаланың бірі болған. Ірі керуен жолының бойында тұруы, жанындағы Талас Алатауының қойнауынан күміс кенішінің жұмыс істеуі қаланың тез өркендеуіне әсер етті. Х ғасырда қалада болған араб жиһангері Макдиси былай деп жазады. “Тараз – ірі қорғанды, көптеген бау-бақшалары бар, халық жиі қоныстанған қала. Оның төрт қақпасы бар, қала ортасынан өтетін өзен оны екіге бөлген, оларды байланыстыратын көпір бар. Орталық базарда жиналмалы мешіт орналасқан”. Қала Х-ХІІ ғасырларда өзінің өркендеуін басынан өткерді. Ал монғол шапқыншылығы кезінде Хорезмшах Мухаметтің бұйрығымен қала қиратқызылады. Көз жауын алатын әсем қаланы жау қолына бергенше, билеуші амалсыздан осылай істеген еді. Содан қала ХІІІ ғасырда өмір сүруін тоқтатады. Таразда Х-ХІІІ ғасырларда тұрғызылған әсем сәулет сарайлары, мешіттер сақталмаған. Бірақ ондағы аршылып алынған Шығыс моншасы жұрнағының, табылған түрлі керамикалық ыдыстарының өзі және қала маңында сол дәуірлерде тұрғызылған кесенелер оның ежелгі даңқын жоққа шығармайды. Қала орталығында аршылған монша құрылысы өзіндік ерекшелігімен көзге түсті. Оның бөлмелерінің еденіне түрлі-түсті 50х50см шаршы плиткалар төселген, ал жуынатын ванна бөлмесінің керегелері әр түсті глазурлы кірпіш-плиткалармен көмкеріліп сегіз бұрышты өрнектермен айшықталған. Өрнектер қара сызықтармен жиектелініп қызыл фонға салынған. Ал ваннаның өзі су өткізбейтін сылақпен сыланған, кірпіштермен өрілген. Моншаны жылытатын бу, су құбырлары еденнің асты арқылы өтіп, жуынатын бөлмелердің еденін белгілі бір жылылықта ұстап тұрған. Алматыдағы Арыстан Моншасының шығыс бөлігі осы тараз моншасының жүйесіне сүйеніп салынған. Тараздың керамикалық ыдыстарының басқа қалалардан табылған табақтардың өзіндік ерекшеліктері бар. Мұндағы ыдыстарда символикалық белгі - өрнектермен қоса, жан-жануар бейнесі жиі кездеседі. Х-ХІІ ғасырларда қала маңында салынған ескерткіштер Тараз мәдениетінің, сәулет өнерінің шарықтаған кезеңі екенін дәлелдейді. Енді осы сәулет ескерткіштеріне қысқаша шолу жасайық. Айша-бибі кесенесі ХІІ ғасырда тұрғызылған қазақ сәулет маржаны, қазақтың Тәж-Махалы. Өзінің сәулеттік сымбатымен, өрнекті керегелерінің айшықтығымен бүкіл Орта Азия мен Қазақстанда теңдесі жоқ құрылыс. Қазіргі ғалымдар “Айша бибіге” осындай баға беруде. “Айша бибіні” тұрғызған сәулетшінің аса кемеңгер шебер екеніне көз жеткізу қиын емес. Ол үшін құрылыстың әр бөлігін, әр кірпішін аса кірпияз шеберлікпен оймыштап, дестелеп жасағанын байқасаң болғаны. Орта Азия мен Қазақстанда кездесетін тамаша сәулет кешендері баршылық. Олар Шир-Дор ансамблі, Қожа Ахмет Иассауи ғимараты және тағы басқалары. Бұлар да көрерменді таңдандырып, айтса ауыздың суын құратын ұлы ескерткіштер, бірақ та соған қарамай, білгір ғалымдар, сәулетшілер “Айша-бибіні” солардан жоғары қояды, бірегей туынды дейді. Неге? Өйткені бұл құрылыстың өн бойы бедерлеме тәсілімен ойылып жасалған өрнекті текше плиткалардан құралған. Әр кірпіштің өзі бір өнер туындысы. Сондықтан да кесене іргесі қыздың кестесіндей құрылып, адамды табындырады, нәзіктігімен таңдандырады. Мұнда Орта Азия мен Қазақстан сәулетіндегі бар айшықтар және қазақ нақышты ою-өрнегі түгелімен топтасқан, сондықтан кесене қазақ өнерінің символы болып, ғасырдан ғасырға жасай бермек. Бір өкініштісі – ескерткіш толығымен сақталмаған, мамандардың айтуынша, кезінде төбесі күмбезбен жабылғанға ұқсайды. Бірақта қазіргі жартылай құлаған қалдығының өзі алтынның сынығындай құлпырып, өлмес мұраға айналған. Ежелгі ел аузындағы аңыз бойынша, құрылысты қараханиттер әулетінің билеушісі өзінің сүйікті қалыңдығы Айша бибіге тұрғыздырған дейді. Аңыз желісі былай шертіледі. Екі жасқа арналған той қамы дайын болады, бірақ уәделескен күні әскери жорықта жүріп, жас батыр жете алмайды. Бір жағынан сағыныштан, екіншіден махаббаттың нәзік сезімі тағат таптырмай, қалыңдық сүйіктісін қарсы алу үшін жолға өзі шығады. Тағдырдың жазғаны солай шығар, жолдың ауыртпалығын көтере алмай ауырып, жас ару қайтыс болады. Сүйікті жарының адал да кіршіксіз махаббатына тәнті болған батыр өз махаббатын мәңгілік есте қалдыру үшін оның басына осы кесенені тұрғызуға әмір еткен. Ақылды сәулетші мен шебер қолды құрылысшылар махабаттың символы болған ескерткішті өзіндік шеберлікпен өре білген. Тараз қаласы аймағында “Айша-бибіден” басқа, одан ертеректе тұрғызылған тағы бір әйелге арналған ескерткіш бар. Ол – Бабатша қатын кесенесі (ХІғ). Ескерткіш құрылысы өте қарапайым, күйдірілген кірпіштен қаланған. Кезінде төбесі сан қырлы күмбезбен жабылған. Қазіргі кезде күмбездің тек тұқылы ғана сақталған. Бұл ескерткіш – көшпенділердің бірегей ескерткішінің бірі, кейінгі ғасырларда салынған талай сәулет кешендеріне үлгі болған классикалық құрылыс. Бірақ ескерткіштің кімнің басына орнатылғаны туралы ешқандай дерек те, аңыз да сақталмаған. Түркістан. Орта ғасырлардағы Қазақстан қалаларының бірі – Түркістан. Оның бұрынғы ежелгі аты Шабғар. Шабғар кезінде мықты қорғанысы бар сол аймақтың орталығы болған. Тұрған жері қазіргі Түркістанның жанында Сырдария сағасының маңайы. ХІІ-ХІІІ ғасырларда қала өзінің бұрынғы маңызды атақ-даңқынан айырылып, ел кетіп, елеусіз қалады. Аймақтың орталығы Яссы- Түркістанға көшіріліп, бұрынғы кішігірім елді мекен өсе келе ірі сауда-саттығы өркендеген қалаға айналады. Кейіннен осы Түркістан қаласы Қазақ мемлекетінің орталығы, қазақ хандарының ордасы – резинденциясы ролін атқарады. Қазақ тарихының негізгі уақиғалары, игі жақсыларының өмірі осы шаһармен нығыз байланыста болып келді. ХІІ ғасырда Түркістанда Орта Азия мен Қазақстанда мұсылман дінін уағыздаушы, Мұхамбет Пайғамбардан кейінгі екінші адам атанған Қожа Ахмет Иассауиге кесене орнатылады. Бірақ ескерткіш Тоқтамыс ханның жаугершілігі тұсында бүлініп, кейіннен Ақсақ Темір билік құрған дәуірде құрылыс қарқыны қайтадан қолға алынады. Заманында Қожа Ахмет Иассауи әулиелігімен, пайғамбарлығымен қарапайым халық арасында үлкен беделге ие болған адам. Әсіресе оның данышпандық қағида өлеңдері халық арасында “Диуани хикмет” (Даналық кітабы) атты еңбегі арқылы кеңінен тараған. Ахмет Иассауи адамдарды ізгілікті, кішіпейіл болуға, үлкенді сыйлап, құрметтеуге, пайдакүнемдік пен нысапсыздықтан жиіркенуге уағыздайды. Мұсылман дінінің қағида, шарттарын ұстануға шақырады. Осындай әулие адамның қадір-қасиетін көтеру үшіун, бытырап жүрген көшпенді халықты бір дінге, бір орталыққа бағындыру үшін және де өзінің билік, беделін нығайту мақсатында Ақсақ Темір оның басына зәулім де айбынды мемориалдық кешен салдырады. Бұл құрылысты мемориалдық кешен дейтініміз- мұнда бірнеше қызметтерге, мақсаттарға арналған бөлме-сарайлар бар. Онда мешітпен қатар медресе, кітапхана, хан сарайлары, тағы да басқа бөлмелер болған. Түрлі мақсаттағы бөлмелердің бір кешенде біріктіріле салыну сол заман үшін үлкен жаңалық, прогресс еді. Оған дейінгі тұрғызылған мұндай кешен Орта Азия мен Қазақстан аясында жоқтың қасы, әдетте олар жеке-жеке салынатын. Сонымен қатар Иассауи сәулет ғимараты өзінің көлемділігімен, сәулетті айшықтарымен де көзге түседі. Оның ұзындығы 65 метр де, ені - 46,5 метр. Қасиетті қола қазан тұрған Қазандық күмбезінің ұшар басына дейінгі биіктігі – 38 метр. Қазандық күмбезі Орта Азиядағы ең үлкені, оның диаметрі 18,3 метрге жетіп жығылады. Сәулет ғимараттарын салу барысында сол кезеңдегі сәулеттік тәжірбиенің қалыптасқан озық үлгерімінің бәрі қолданылған. Ғимараттың іші-сырты керегінше беті жылтыр түрлі-түсті мадайкалы өрнектермен, жазулармен көмкерілген. Жалпы алғанда Иассауи сәулет ғимараты – қазақ сәулетінің классикалық көне ескерткіші. Қазіргі кезде әлемдік маңызы бар ескерткіштер қатарына Қазақстаннан тіркелген бірден – бір ғимарат. Бұл туралы көптеген еңбектер жазылған, әсіресе қазақтың белгілі суретшісі Нағым Нұрмұханбетов көп зерттеген. Ол кісінің еңбектерін оқыған адам Қожа Ахмет Иассауи сәулет ғимаратынан толық мәлімет алады.
Дерекөзі:
Аманжолова М.К., Беркінбекова А.М., Әбілқасов Ғ.М. Мәдениеттану (барлық мамандықтардың студенттеріне арналған). Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2004. 117 б.
Таңбалы тас Бетпақдала сахарасының ортасын қия кесіп, ұзынынан созылған таңбалы тікжартас, Сарысу өзеннен 20 км-дей жоғарырақ, қызыл жыңғыл орманына қарама-қарсы, Биік Нұраның іргесінде орналасқан. Мұндағы тас өте жұмсақ болғандықтан, жазуға да сондай қолайлы. Көне дәуірден келе жатқан Таңбалы тас жазуында ғасырлар бойы Қазақстан өлкесін қоныстанған тайпалардың тасқа жазып түсірген мыңдаған танбалары және ел басқарушылардың қол қойған аттары, ұрандар, тасқа қиып түсірген әдемі өрнектер, «қошқармүйіз », «түйе табан», «кісінің ізі», «аттың ізі» т. б. таңбалар көптеп кездеседі. Мұндай қалың жазулармен таңбалардың тұрған жерін қазақтар ерте заманнан бері қарай «Таңбалы тас», «Таңбалы жар» немесе «Таңбалы Нұра» деп атаған. Жартасқа түсірілген таңбалардың ең көнесі шамамен XI ғасырдан басталады да, XIX ғ асырға дейін жалғасады. Таңбалы тастың зор атаққа ие болу себебі бұл жерде қазақтар ұлы мереке жасап, ұран шақырып, бірел болып қосылған жері. Сондықтан бұл Таңбалы тасты алғаш ашқан ғалымдар «тарихтың зор куәлігі» деп атаған (А.И. Шренк). Ол таңбалар Орхон-Енисей жазба ескерткіштері таңбаларымен еңдес белгілер болып табылады. «Біз бұл таңбалы тастан Сібірдегі қия тасқа түсірілген жазу үлгілері сияқты белгілерді табуға үміттендік, ол үмітіміз босқа кетпеді . Ондағы орхон жазуына ұқсас алфавиттен бірнешеуін түсіріп алдық» деп жазады ғалым А. И. Шренк. Бетпақдаланы зерделей зерттеген атақты инженер Ю. Шмидтің бақылауынша Таңбалы тас қазақтың жантәнімен ардақтайтын бір киелі тасы. Ел аузындағы кене деректерде Таңбалы таста XVIII ғасырда , дәлірек айтқанда 1710 жылында жоңғарларға қарсы соғыста үш жүздің баласы басқосып үлкен жиын еткізген. Бұл жиыңда Таңбалы тасқа әр рудың таңбалары басылып, басылғантаң бақұрым киізге ойылып таратылған, сонда қай ру таңбасы артық қалса, сол әскер келмегендігін білдірген. Сондай - ақ бұл жерде кектемгі уақытта үш жүздің баласы бас қосып , таңбаларын алып, жаз жайлау, қыс қыстауларын белгілеп жер белісіп отырған.[1]
Дереккөздер:
Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5