
- •1 Бөлім. Ежелгі заман өнері
- •Зергерлік өнердің пайда болуы
- •Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер мәдениеті мен өнері
- •Ежелгі Месопотамия мен Иранның мәдениеті
- •Пайдаланған әдебиет
- •2 Бөлім. Орта ғасыр өнері
- •3 Бөлім. Жаңа ғасыр өнері
- •XIX ғасырдың мәдениеті
- •4 Бөлім. Хх Ғасыр өнері
- •XX ғасыр мәдениеті
Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер мәдениеті мен өнері
№ 5 дәріс. Ежелгі Мысыр өнері
Алғашқы қауымдық кезең өнерінің дамуының соңына қарай сәулет пен мүсін өнері монументальды композицияда дамыды. Ежелгі дүние кезең өнері алғаш рет, барлық формалардың синтезіділігі мен аяқталған, бүтін бір идеяға бағытталған бірлікке жетті. Рулық-қоғамдықтың орнына келген құл иеленушілік қоғам, болашақта өндірістік күш пен мәдениеттің дамуына жағдай тудырды. Еңбектің, ауыр және ой еңбегіне бөлінуі түрлі рухани шығармашылық формалары мен өнердің дамуына жағдай жасады. Дегенмен, мифологиялық ой-санада құрылған өнер, көркем өнердің тамыры ұлттықты сақтап қалды. Алғашқы қауымдық кезең адамы магиялық күштер мен жерлеу рәсімін салтанатты ұйымдастырды. Жерлеуге арналған төбелерді - мазарлар, палаткаларды – сарайлар, тасқа қашалған магиялық суреттерді – ғибадатханалардың қабырғаларын безендіретін циклды бейнелермен алмастырады; олар ертедегі адамдардың өмірін үлкен қызығушылықпен баяндап жеткізді, халық аңыз-әңгімелерін, мифтерін тасқа қашап бедерлеп, тарихта таңбаларын қалдырды. Қарапайым рәсімдерге арналған мүсіндерді монументальды, кейде тіпті алып мүсіндер мен рельефтерге айналдырды. Осылай бейнелеу өнерінің түрлерінің даму тарихы пайда болды: олар сәулет, мүсін, кескіндеме, қол өнері. Бұл өнердің түрлері бір-бірімен тығыз байланыста дамыды. Өнердегі синтез – ежелгі дүние мәдениетіндегі ең маңыздысы болып қалыптасты. Діни сенім бойынша жануарларға деген сенім аяқталып, адамға ұқсас құдай туралы неғұрлым жоғары түсінікке өту үрдісі жүреді.
Жалпы ежелгі дүниелік қоғамның құрылуына екі форма тән: біріншісі -шығыс, екіншісі – антикалық құл иеленушілік.
Ежелгі Мысыр өнері
Мысыр – әлемдегі ең көне мемлекет, ал оның өнері – Ежелгі Шығыс мәдениеті тарихына ең алғашқы болып үлес қосқан ел. Терииториясын басып жатқан құм, оларды қарсылас жауларынан сақтап қалып отырды. Ніл өзенінің бойында 4-ші ғасырдың соңында біріккен, алғашқы құл иеленушілік деспотты мемлекет құрылды. Қазіргі кезге дейін адамды таң талдыратын, керемет ежелгі мысырлық бейнелеу өнері, алып сәулеттік құрылыстары осы кезеңнен басталады. Осы кезге дейін еш жерде осындай таңқалдырарлық және керемет жетілген мүсіндік портреттер, монументальды сәулеттік құрылыс формалары бұрын соңды болған емес. Ежелгі Мысырда перғауындар мен атақты адамдарды құдайға айналдыру мен жоғары дәріптеу басым болғанымен және адам образы діни рәсімдермен тығыз байланысты болғанымен, суретшілер өздерінің шығармаларында адамның ішкі сезімі мен күшін, мінезін керемет шеберлікпен бере білді.
Мысырлық пирамидалар, мен ғибадатхана қабырғаларын толтырған рельефті қабырға жазбалары тек жер мен аспандағы қасиеттілерді дәріптеп қойған жоқ, онда сондай-ақ ең ежелгі адамдардың шеберлігінің үлкен куәсі болып, адам табиғатының әсемдігі мен өмірі жайында өнер арқылы қызықтыда, әсерлі жеткізіп, оны мәңгілікке айналдырды.
Мысырлық мәдениеттің даму жолы баяу жүрді. Көнеде қалыптасқан ережелер (канондар) мен дәстүрлер, мыңдаған жылдар бойы сақталып, атадан балаға өзгертілместен беріліп келді. Ежелгі Мысыр мәдениетін келесі кезеңдерге бөліп қарастыруға болады:
1.Династияға дейінгі кезең (б.з.б. 4 мың ж.)
2.Ежелгі патшалық (20-23 ғ. б.з.б.)
3.Орта патшалық (22-18 ғ. б.з.б.)
4.Жаңа патшалық (16-11 ғ. б.з.б.)
5.Кейінгі патшалық (11ғ -332 ж. б.з.б.)
Династияға дейінгі кезең (б.э.д. 4 мың ж.) Мысырдың гүлденуі, немесе өздерінің жерін Кемет (Қара жер) деп атаған мысырлықтардың мәдениеті неолит және энеолит кезеңінен басталады. 1История зарубежного искусства: Учебник /Под ред. М.Т. Кузьминой, Н.Л. Мальцевой, -М.: Изобразительное искусство, 1983. – 488с. Б – 22
Б.з.б. 4 мың жылдықтарға созылған аралықта ежелгі мысырлық қоғам құрылды. Жеке облыстардан (ном) құрылған мысырлықтар үнемі бір-бірмен қақтығыста болып Солтүстік және Оңтүстік патшалығын құрды. Ежелгі діни түсініктерге байланысты әрбір номның өзінің жебеуші құдайлары – крокодил, ибис (ұзын тұмсық құс), жылан және т.б. болған.
Жерленген табыттардан табылған рәсімдерге арналған шифр тақтайшалармен қыш ыдыстардан, біртіндеп негізгі діни-мифологиялық түсініктердің қалыптасып келе жатқанын көруге болады, олар кейінірек хайуанаттар мен өлілер рәсіміне айналды. Бұндай құмыралардағы бейнелер – Ніл бойымен жүзіп бара жатқан сюжеттер – қайтыс болған адамның келесі дүниеге саяхатын білдіреді.
Б.з.б. IV ғ. соңы мен III ғасырдың аяғына таман суреттермен толықтырылған бес жүздей иероглифтер бар болған1. Солтүстікті Оңтүстік Мысырлықтардың жаулап алуы мемлекетті перғауын патшалығының қол астына біріктіріп ескі түсініктерді өзгертті. Тақтайшаларда орындалған жануарлар бейнесі адамдардың жебеушісі ғана болып қойған жоқ, олар құдайға теңеген жоғарғы билеуші әміршінің күшін бірде бұқа бейнесінде, ал енді бірде жауын шайнап жатқан арыстан бейнесінде баяндады. Мысырлықтар үшін адам образы да негізгі орында тұрды. Мүсін өнері мен кескіндемеде ұзақ уақытқа сақталған ережелер қалыптасты.
Фараондар мен әміршілердің орны оны басқа адамдардан неғұрлым үлкен асып түсетін өлшемімен, басқалардан ерекшелендірді. Сондай жұмыстың бірі I Нармер династиясының перғауны – Жоғарғы Мысыр патшалығының Төменгі Мысырды жаулап алуы, яғни жауын кескілеп жатқан перғуын фигурасы салыстырмалы түрде басқаларынан неғұрлым үлкен етіп берілген, перғауын Нармер (б.з.б. 4 мың жылдықтардың соңы) тақтайшасын айтуға болады. Кішірек өлшеміне (биіктігі 65см) қарамастан, монументальды орындалған тақтайша. Мысырлық өнерге тән фигураларды жазық бетке орналастыру әдісі қалыптасқан, мысалы, кең және күшті иықтары алға (фас) бұрылған, аяғы мен басы сүйір бет келбеті – профильге (жанына) қараған. Рельефтегі композицияда бір эпизод екіншісінің артында орналасып, горизонтальды жазықтармен құрылады, сондықтан ол қатаң бірізділікті бұзбастан ашылатын, әңгіме ретінде қабылданады. Бұл ерекшеліктер біртіндеп дамып, шыңдала түсіп, кейініректегі мысырлық рельефке тән қолтаңбаны қалыптастырды2.
Бастапқыда Ежелгі мысырлықтардың эстетикалық сезімі көркем қолөнерінде қалыптасты. Ыдыстар мен зергерлік сәндік әшекейлер, үй жиһаздарында қарапайым геометриялық фигураларды шебер пайдалану, оларға монументальды ерекшелікті тән етті.
1Виноградова Н.А., Каптерева Т.П., Стародуб Т.Х. Традиционное искусство Востока.Терминологический словарь / Под ред. Т.Х. Стародуб. – М.: Эллис Лак, 1997. – 360. Б-6
2История зарубежного искусства: Учебник /Под ред. М.Т. Кузьминой, Н.Л. Мальцевой, -М.: Изобразительное искусство, 1983. – 488с. Б – 23
Әртүрлі өлшем мен әдісте орындалған бұйымдар мен әртүрлі материалдар – саз балшықтан, піл сүйегінен, алтыннан, тас пен ағаштардың түрлерінен, жолаққа орындалған өрнектер мен жазбалар, жануарлардың бейнесі және т.б үйлесімділік тапты. Ежелгі патшалық (20-23 ғғ.б.з.б.) кезеңінің өнері мемлекет болып біріккеннен кейінгі б.з.б. 3 мың жылдықтардан басталады. Бұл кезде перғаундар өздерін күннің баласы деп жариялады, яғни олар тірілердің құдайы ретінде саналды, ал өлілердің құдайы Осирис болды.
Ежелгі египеттіктердің қоғамында құдайға айналған перғаунды рәсімнің маңызы зор болды1. Ежелгі мысырлықтардың көркемшығармашылығы негізінен перғаунды жерлеу мен мемлекетті басқару рәсімдеріне бағытталды. Мысырлықтар адамның бірнеше рухы бар дегенге сенді. Олар «ка» егіз жанға сенді, ал онымен бірігу болашақтағы (қайтыс болғаннан кейінгі) өмірді білдірді. Өлген адамның денесін жанның қайтып оралып, жанмен қосылатын тұрағы деп, мүсіндермен алмастырды. Сондықтан да Ежелгі Мысырлық мүсіндер жерлеу рәсімімен байланысты болғандықтан, ең бастапқы кезден-ақ портреттік ұқсастықта бейнелеуге ұмтылған.
Жануарларға немесе денесі адам да, басы жануарға ұқсас құдайларға құлшылық ету, мысырлықтардың ең әйгілілері құдайлар пантеоны болды: Гор – Исиданың баласы, тірі перғаундардың жебеушісі, олар сұңқардың бейнесінде бейнеленді. Ал, Сет – жауыздықтың бастауы, бөтен жердің құдайы, адам денелі бірақ, басы есектікі. Анимус – бальзамдау құдайы, ежелгі мысырлық некропольдің патшасы, өлген адамның жанын шығарып салушы. Ит басты адам ретінде бейнеленді2. Осы сияқты бірнеше құдайлардың бейнелері ежелгі мысырлық өнерде көптеп кездеседі.
Б.з.б. 3 мың жылдықтардағы перғауынды құдай деп санаған рәсім бойынша сәулет өнерінде алып зираттар тұрғызу дамыды. Бұндай зираттар көне тұрғын үйге ұқсас болып келді. Олар екі бөліктен тұрды: табыт қойылатын жер асты бөлмеден және жер бетіндегі төбе –мастабадан. Өнерде зираттар мен ғибадатханалардың құрылыстары бірінші орында болды, ал өнердің қалған түрлері оларды толықтырып тұрды, олар бірге біртұтас кешене құрды.
Ежелгі Мысыр тарихшысы Герадоттың айтуынша, мысырдың бірінші перғауыны Менес (б.з.б. 3 мың) Ніл өзенінің батыс жағалауында Мемфис қаласын тұрғызды.
1Виноградова Н.А., Каптерева Т.П., Стародуб Т.Х. Традиционное искусство Востока.Терминологический словарь / Под ред. Т.Х. Стародуб. – М.: Эллис Лак, 1997. – 360. Б-7
2Емохонова Л.Г. Мировая художественная культура: Учебное пособие для студ. Сред.Пед. Учеб. Заведений / Емохонова Л.Г. – 5-е изд. М.: издательский центр «Академия»,2005. -544 с. Б-69
Оның куәсі – жеті мастабалы баспалдақты Жосер пирамидасы. Саккарадағы ең жетілген алып пішінді, биіктігі 60 мердей пирамида, жеті қабатты тас баспалдақтардан тұрғызылған, перғуын Жосер (б.з.б. 28 ғ.) пирамидасы. Бұл құрылысты тұрғызушы Имхотеп, күрделі алаңдар мен ғибадатхананы ансамблдің ортасына орналастырды. Оның жоғырылаған сайын кішірейе түсетін баспалдақтары, қозғалысты жоғарыға бағыттады. Мастабалы-баспалдақты пирамидан кейін оның конструкциясы жетіле түскен, үш қабырғалы пирамидалар салына бастады. Олар Гизадағы –«әлемнің жеті кереметінің» бірі, алдында 20 мертлік - Үлкен сфинкс орналасқан, Хуфу, Хафра, Менкаура пирамидалары.
Үшеуінің ішіндегі ең алыбы – Хеопс пирамидасы. Оның биіктігі 146,6м, тұғырының ұзындығы – 223 м. Ол әр қайсысы 2,5- ден 30 тоннаға дейін жететін екі миллион үш жүз мың кесек (блок) тастардан тұрғызылған пирамида. Пирамиданың барлық сыртқы қабырғаларының беткі жағы оған ерекше таза өң беретіндей, жылтыр әк тастармен қапталған.
Дегенмен, Гизадағы пирамидалар алып ансамльдің жоспарының бір бөлігін ғана құрды. Олар Ніл өзенімен ұзын коридор арқылы байланыста болған. Ал, Хефрен пирамидасының алдында орналасқан алып сфинкс, ансамбльді толықтырып, олар өзара үйлесімділік баланыс тапты. Арыстан денелі, басы перғауынның дәл бет әлпетінің көшірмесін қайталайтын сфинкс пирамидалы ансамбльдің негізгі құрамы болып табылады.
Ғибадатхана мен зираттардың ажырамас бөлігі перғауындар, ақсүйектер мен сарай маңындағы жазумен айналушылар мүсіндері еді. Құдайға сенім рәсімдеріне байланысты барлық мүсіндер қатаң канонда орындалды. Көп жағдайда – сол аяғын алға қадам басқан қалпындағы тұрған адам бейнесі немесе қолдарын денесіне қысқан фронгтальды отырған және тұрған қалпындағы адам фигурасы. Дегенмен, ежелгі мысырлық мүсіндер реалисті орындалуымен ерекшеленеді. Мүсіндерді ашық түстермен бояу мен көздеріне тастар орнатып инкрустациялау бет келбетін одан да жандандыра түседі. Бақырайған көздері мен еріндерін қатты тырыстыра жұмған, аяқтарын айқастыра молдас құрған Каи (б.э.д. 3 мың жылдықтар, Париж, Лувр) мүсіні портреттік ұқсастықта орындалған. Таяққа сүйенген ақсүйек Каапераның (б.з.б. 3 мыңжылдықтың ортасы, Каир, музей) ағаш мүсін де сондай шыншылдығымен ерекшеленеді. Кейде табыттарда жанұя портреттері де кездесіп жатады. Мысалы, Рохотеп және оның жары Неферт (б.з.б. 3 мыңыншы жылдықтар, каир, Музей) жүр мүсіндерді орындаудың жетілген түрі. Олар арқаларын тік ұстап, куб формалы тас орындықта отырған оларды тек ара қашықтығы ғана емес, сондай –ақ олардың алға қараған көздерінің бағыты да бөліп тұр. Дәстүр бойынша, ер адамның мүсінін қызыл-қоңыр 32 түспен, ал әйел адамның мүсінін - сарғыш түспен, ал шаштарын – қара, киімдерін – ақ түспен бояйтын болған1.
Ежелгі египеттіктерде, өнерде сымбатты пластикалық жүйе негіз болды: сәулет өнерінде – жұмырлық, масса, ал релъеф пен кескіндемеде - жазықтық, сызық, түстердің дақтары, мүсінде - тастың, ағаштың, саз балшық фактурасын беру шеберлігі арта түсті. Өте ертеде (б.з.б. 2700-2200 ж.) тұрғызылған Мысырлық пирамидалар мен ғибадатханалар тарихты зерттеушілер мен сәулет мамандарын әлі күнге дейін таң қалдырып келеді. Соңғы кезде пирамида құпиясын зерттеуге басқа да сала ғылымдарының қызығушығы арта түсуде. Қосөзен территориясында ғимараттар балшықтан, күйдірілген кірпішпен салынып, сырты қапталып отырса, Мысырда олар кесек тастан қаланды. Б.з.б. 2200-1500 ж. Фива қаласы астана болған тұста, жартасқа жартылай үңгіп салынған құрылыстар пайда болды.
(21-18 ғғ. б.з.б.) Орта ғасырлық патшалық кезеңде Египеттің саяси орталығы Ніл өзенінің жоғарғы жағындағы Фива қаласына ауысады. Жергілікті құдай - Күн құдайы, Амон болды. Кейіннен ол құдай Ра деп аталды.
Алғашқы жаңа сәулет құрылыс образының ізденістері Дейр-әл-Бахридегі Ментухотеп қабырлы-ғибадатханада көрінді. Бұл құрылыста ғибадатхана мен пирамиданы біріктіруге ұмтылыс байқалғанымен, бұндай құрылыстар болашақта жалғасын тапқан жоқ. Бірақ Ментухатеп қабыры кейініректегі күрделі ғибадатхана ансамбліне жол салды.
Қабыр қабырғаларын безендірген кескіндемеде, ескі композициялардан асып түсуге ұмтылыс байқалады. Бояу түстері неғұрлым нәзік және мөлдір бола түседі. Росписьтер кепкен грунттың бетінде темперамен орындалады. Сары алтын дененің түстері көк шөптердің, ақ киім түстермен үйлестілік табады. Суретшілер, қарапайым бір түстермен ғана шектеліп қалмастан, бірнеше түстерді араластырып, қою жағысты қолданады: контур сызықтары бірде қатты, бірде жұмсақ сызылып, жазық сұлбалар жеңіл және живописті бола түседі.
Бени-Хасанда (б.з.б. 20ғ.) Хнумхотеп II табытында Орта ғасырлық Мысыр өнеріндегі ең керемет роспись – Ніл жағалауындағы аң аулау тақырыбында жазылды.
Жаңа патшалық (б.з.б. 1500 — 1100 ж.) кезеңінде Карнак пен Луксордағы ғибадатхана кешендері салынды. Мысырдағы ең үлкен Карнак ғибадатханасы перғауын Сети 1-нің тұсында тұрғызылган гипостильді залдың ауданы 102м×51м болып келді. 1История зарубежного искусства: Учебник /Под ред. М.Т. Кузьминой, Н.Л. Мальцевой, -М.: Изобразительное искусство, 1983. – 488с. Б - 23
Дәл ортада қатар-қатар созылған үш кеңістікті ұстап түрған бағана биіктігі - 24м, қос бүйірдегі бағаналардың биіктігі - 18 м.; Жалпы бағаналар саны - 426.1700 ж б.з.б. азияттық тайпа - гиксостардың соғыс жорықтары біржарым жүз жылдыққа мемлекетті зардапта қалдырады. Гиксостармен бірге аттар мен арбалар келеді және олардың бейнелері египеттіктерде кең тарады.
Жаңа патшалық тұсында қатаң төртбұрышты планды ғибадатхана түрі дамыды. Ғибадатхананың фасады Нілге бағытталды сфинкстер мен қасиетті қойлардың мүсінімен жан-жағы қоршалған жолмен жалғасып жатты. Ніл өзенінің шығыс жағында, Фивада, Луксор мен Карнакта ұзақ ғасырларға созылған, үш құдайға арлалған ғибадатханалар құрылысы - Амон – Ра, Мут және Хонсу басталады. Осыларға қарама–қарсы, батыс жағында Дейр–әл–Бахри алқабында б.з.б. 15 ғасырда үлкен жартастардың етегінде, сәулетші Семнут үш ярусты Хатшепсут әйел фараонға арналған ғибадатхана тастан қашалып тұрғызылды.
Реформаторлық батылдықпен, архитектуралық–кеңістікті жаңаша шешумен ерекшеленетін және адам көңіл-күйіне көбірек көңіл аударған амарн өнері кезеңі келеді. Ол кездің фараоны –Аменхотеп төртінші болды. Аменхотеп IV адам құдаймен тікелей сөйлесуіне болады деген. Осыған байланысты өзін Эхнатон - «Атон рухы» - деп, ол өз атын да өзгертті. Эхнатонның реформатырлығы Мысыр өмірінде көптеген өзгерістерді әкелді. Мысырдың орталығы Фивадан Ахетатонға ауысып (Тель-ел-Амарн, «амарн өнері» осыдан шыққан), жаңа жергілікті шеберлердің көмегімен қайта тұрғызылды.
Амарн кезеңінің шығармалары адамшылыққа, шын өмірге ұқсастығымен ерекшеленді. Жаңа айқындаушы әдіс-тәсіл ізденістер Эхнатонның канондардан алшақтап, шынайы өмірге жақындай түсуімен байланысты.
Бұл кезеңде ең керемет жасалғандардың қатарына қосылатын, –Эхнатон мен әйелі Нефертитидің мүсіндік портреті. Атон құдайдың күн дискісі барлық жерде оларға нұрын шашып, олардың махаббаты мен әрекеттеріне батасын беріп тұрғандай. Ерекше ақсүйектік талғамымен, мүсін мен кескіндеменің сәнділігімен ерекшелінетін және осы кезге дейін тоналсамтан сақталған фараон Тутанхамон табыты.
Мысыр өнерінің жоғарғы гүлдену кезеңі Рамсес патшалық еткен кезеңге тура келеді. Бұл кезде Фивада – 134 бағаналы гипостильді храм тұрғызылды. Б.з.б. 332 жылдары Мысырды Александр Македонский басып алғаннан кейін көркем өнер саласында біршама өзгешеліктер жүрді. Ұлы қолбасшы Ніл өзенінің аяқ жағында, Жерорта теңізі жағалауында, өз атымен аталатын –Александрия қамалын тұрғызды. Онда грек архитекторы Книдтан шыққан Соктрат үлкен шам (маяк), «әлемнің жеті кереметінің бірі»- су иесінің мүсіні Пасейдон бейнесі бар, 120 метрлі үш ярусты мұнара тұрғызды.
Мысыр өнері мыңдаған жылдар бойы өзгерместен мызғымай тұрды. Мысырлықтарда «Барлық нәрсе уақыттан қорқады, тек уақыт қана пирамидадан қорқады» деген мақал халық аузына тарап кеткен екен. Мысыр бейнелеу өнеріндегі канон - тірі адам бейнесін – сол аяғын алдыға, бір қолы денесіне жабысқан қалпында тік тұрған адам бейнесі, ал, «өлген адам» бейнесі – мумияға ұқсас құндақтала оралған, екі қолы көкірегіне айқасқан, көздері бақырайа ашылған қалпында бейнеленді. Қатаң фронтальдық, қарапайым фигура және инкрустацияланған көздері ежелгі египеттіктерге ерекше таңқаларлық күш береді.
Мысырлық өнер шеберлері тері, сүйек, папирус пен зығырдан тоқылған мата өңдеді және ерекше аталатын египет фаянсын жасады. Ежелгі мысырлық көркемөнер дәстүр мен діннің гректермен, кейінен римдік өнерімен байланысы өзіндік ерекшелігі бар шығарманы, файюм портреттерін әкелді, ал Мысыр жеріне христиандықтың енуі – ерте ортағасырлық копттық өнердің дамуына әсер етті.
Негізгі әдебиеттер
1.Гнедич, П. История искусство: Египет. Передняя Азия. Эллада.Рим. Арабы. / Репритное воспроизведение издания 1908 года. – Третье издание.- Кпасноярск: Российский фонд культуры ХТО «Краевед» совместное с ТОО «Интеграл», 1994 – 495 с.: илл.2.Любимов, Л.Д. искусство Древнего мира. – 4-е изд., перераб. Идоп.- М.: ООО Издательство АСТ, 2002. – 234 с.: илл.
Тапсырмалар:
1.Мысыр сәулет өнерінің дүниетанымдық түсініктермен байланысын түсіндір.
2.Мысырлық мүсін өнеріндегі канондық жүйеге мысалдар келтіре отырып талдау.
3.Әлемнің жеті кереметтерін атап шығу және оларға көркем талдаулар жасау.
№ 6 дәріс. Мессопотамия өнері. Ежелгі Шумер, Ассирия, Вавилон өнері. Ежелгі Иран өнері.