Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
RK ekonom_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
66.11 Кб
Скачать

15. Меншік: түсінігі, түрлері. Қр меншіктің қалыптасуы?

Меншік– жеке адамдарға немесе ұжымдарға тиесілі өндіріс құрал-жабдығы мен өнімдері, қаражат.

Меншік құқығы әдетте нақты субъектінің нақты объектіге (мүлікке) құқығы сияқты құқықтық құзыретке саяды, олар – мүлікті иелену құқығы, пайдалану құқығы, билеу құқығы.

Иелену құқығы – затты нақты иеленудің және оны өз иелігінде ұстаудың заңмен берілген мүмкіндігі.

Пайдалану құқығы – мүлікті тұтыну, оның игілігін көру, кіріс алу, пайдаға жарату мүмкіндігі.

Билік ету құқығы – мүлікке өз қалауынша және өз мүддесі үшін билік ету мүмкіндігі.

Бұл құқықтық құзыреттер бір-бірімен тығыз байланысты.

Меншік мемлекеттік, ұжымдық, муниципалдық және жеке болып бөлінеді.

Мемлекеттік меншік – өндірістің жекелеген немесе барлық құралдарына мемлекеттің меншігі. Бұл термин командалық экономикада мемлекеттік меншікке қатысты қолданса да, оның басты қолданылуы-мемлекеттік меншіктегі аралас экономика секторы.

Мемлекеттік меншік — мемлекеттің жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, сақтандыру сақтық қорлары, кәсіпорындар мен шаруашылық кешендері, көлік, жоғары және арнаулы орта оқу орындары түріндегі меншігі, әлеуметтік-мәдени саладағы объектілер және басқадай мүлік.

Жеке меншік - жерге, жылжымайтын мүлікке, өндіріс құрал-жабдығына, ақшаға, бағалы қағаздарға, жұмыс күшіне, т.б. активтерге меншіктің негізгі нысандарының бірі; жеке адамның, фирмалардың оларды сатып алу, иелену, бақылау, мұраға қалдыру құқығы. Мұнда меншік объектілері жеке адамға, отбасыларына, адамдар тобына тиесілі болады. Корпоративтік, акционерлік, беймемлекеттік меншіктерді де жеке меншікке жатқызу дәстүрге айналған.

Муниципалды меншік «Муниципал» - латынның «municipals» немесе немістің «munizipalitet» сөздурінен шыққан «қаланы басқару» деген ұғымды білдіреді. Әдетте муниципалдық меншікке өкімет ұйымдары мүлік және әкімшілік – аумақтық құрылымдары басқару жатады. Қазақстан Республикасында осындай мүліктер комуналды меншік деп аталады.

Ұжымдық меншік – жоғарыда көрсетілген меншіктердің бөлінбейтін бөлігі, белгілі бір мерзімге кәсіпорын ұжымының иелігіне және ұйғарымына берілген меншік (қолданыстағы заңдарға сәйкес пайдалануға);

Меншіктің экономикалық түрлері

Жеке

Ұжымдық

Мемлекеттік

Еңбектік

Еңбектік емес

Жеке топтық

Республика меншігі

Облыстық, аудандық муниципалдық меншігі

Еңбек табысы есебінен

Мұрагерге қалдырылған мүлік есебінен табыс, сақтандыру, несие мекемелеріне салған қаржылар: акция, облигация және басқа бағалы қағаздардан табыс.

а)жалгерлік меншік

ә)ұжымдық кәсіпорын меншігі (сатып алынған)

б)кооперативтік меншік

в) акционерлік

г) қоғамдық ұйымдарының меншігі

ғ)діни ұйымдарының меншігі

д) шаруашылық қоғамы меншігі

е) бірлестіктер (ассоцияциялар)

ж) шетел мемлекетінің меншігі (концессия)

з) біріккен меншік (шетел мемлекеті кәсіпорыны)

Республикалық меншік (жер қойнауы сулар, өсімдік әлемі, жануар әлемі, әуә кеңістігі).

Коммуналдық меншік (тұрғын үй, мәдениет және денсаулық, халыққа білім беру, жергілікті бюджет қорлары).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]