Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
RK ekonom_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
66.11 Кб
Скачать

14. Бәсеке: мәні, атқаратын қызметтері, түрлері?

Бәсеке (лат. соқтығысу) – нарықты экономикаға қатысу­шылар арасындағы өндірістің, тауарларды сату және сатып алудың ең жақсы жағдайына күрес.

Бәсеке нарықтық экономиканың басты ерекшелігі болып табылады. Бәсекелік жағдайларға кәсіпорындар саны мен көлемі, өнім түрлері, бағаны бақылау, салаға кіру немесе одан кету мүмкіндіктері жатады.

Бәсекенің классикалық түрін еркін немесе жетілген деп бөледі. Мұнда баға құрылымының еркін механизмі экономиканы жүргізудің өте тиімді тәсілі ретінде бағаланады. Адам Смит бәсекенің еркін теориясының негізін қалаған. Бәсекенің классикалық түрі нарықтық экономикасы бар елдерде XVIII-ші ғасырда XIX-шы ғасырдың соңғы ширегіне дейін байқалды. Демек, бәсеке өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында монополиялық бірлестіктердің (картель, синдикат, концерн) тууына дейін болған.

Классикалық бәсекенің орнына еркін емес, монополиялық бәсеке келді. Бәсекелік күрестің нақты өзгеруі монополиялық бәсеке теориясында айқын көрінеді. Оның негізін қалаушы американ экономисі Чемберлин Эдворд Гостинге (1899-1967жж) болды. Ол монополиялық бәсекенің негізгі ережесін жасады.

Кәсіпкерлердің нарық бағасына әсер ету мүмкіндігіне байланысты бәсеке жетілген және жетілмеген болып бөлінеді.

Жетілген бәсеке нарығының субъектілеріне кәсіпкерлер, өндірушілер, фермерлер, бизнесмендер жатады. Жетілген бәсеке немесе таза бәсеке қалыптасу үшін келесідей жағдайлар қажет:

-кез келген бірдей немесе ұқсас тауар өндіретін көптеген фирмалардың болуы;

-салаға басқа кәсіпкерлердің қосылуына немесе бұдан басқа салаларға кетуіне ешқандай кедергінің болмауы, яғни капитал бір саладан екінші салаға еркін ауыса алуы;

-тұтынушылар сатып алатын тауардың сапасы, бағасы, өндіріс ресурстары мен технологиясы жайында ақпаратпен қамтамасыз етілуі;

-бірде бір сатушы жеке дара сұранымды, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды, себебі сатып алушы өзіне тауарды қажетті мөлшерде нарықтық бағамен еркін сатып алады.

Жетілмеген бәсекелі рыноктың үлгісі қоғамның барлық ресурстарын барынша ұтымды пайдалануды, өнім өндіруге жұмсалған қоғамдық шығындарды мейлінше азайтуды көздейді. Жетілмеген бәсекелі рынок жетілген бәсеке жағдайында қалыптасқан тепе-теңдік қалыптан ауытқуды білдіреді. Сондықтан, қоғам шаруашылық өмірдің монополиялануынан белгілі бір залал шегеді. Түбінде монополия мәселесі жетілген бәсеке жағдайындағы жеке тауар өндірушінің еркі мен санасынан тәуелсіз бағаға билік мәселесіне айналады. Бағаға билік — жетілмеген бәсекелестің, не монополистің қолындағы өте нәзік құрал.

Таза бәсекелік нарық екі күрделі мәселені шешеді: а) фирмалар тұтынушыға қажетті, пайдалы өнімдер шығарады; б) тауарларды минималды шығын жұмсап өндіреді.

Жетілген бәсекеге қажетті жағдайлардың кем дегенде біреуі орындалмаса, онда нарық жетілмеген бәсекеге көшеді. Жетілмеген бәсекенің құрамына монополиялық бәсеке, олигополия, таза монополия жатады.

Монополиялық бәсеке нарығы көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әр текті өнімді сатуынан құралады. Өнімдері бір-бірінен сапасы, қасиеті, сыртқы безендіруі бойынша ажыратуға болады. Сатып алушылар осындай ерекшелігін көре тұра тауарларға жоғары бағаны төлеуге дайын тұрады. Ірі фирмалардың бағаға әсер етуі мүмкін: өнім көлемін өсіру арқылы бағаны кеміте алады және тауарларына сауда белгісін қойып жарнама арқылы өнімдерін жылдам өткізуі. Мысалы, жеңіл автомобиль мен қатар оның бөлшектерін шығарып сату, машинаның әртүрлі моторларын жасау.

Олигопия салада бірнеше ірі фирма болып олар үстемдік жасайтын жағдайды көрсетеді. Бұлардың әрқайсысы нарық бағасына әсер ете алады. Салада үлгілі және күрделі өнімдер шығарылады. Басты ерекшеліктері: а) фирмалардың аздығы мен өнім өндірудегі үлестерінің молдығы; б) салаға қосылуға немесе одан кетуге кедергілердің молдығы; в) жалпыға бірдей өзара тәуелділік, яғни фирмалар саны аз болғандықтан бір- бірінің қадамын бақылап, қалмауға әрекет жасайды, әсіресе өндіріс көлемін анықтауда және баға белгілеуде. Мұны олигополистік өзара байланыс деп атайды.

Дуополия- олигополияның қарапайым түрі, онда белгілі бір тауарды өндіруші екі фирма болады және әрқайсысы бұл өнімге сұранысты қанағаттандыра алатындай болады. Мұндай нарықтық құрылым аймақтарда жиі кездеседі.

Таза монополия нарықтың сондай түрі, онда бір ғана өндіруші бір текті өнімді 100%-ға сатуды жүзеге асырады. Таза монополияның ерекшеліктері: а) салада жалғыз өндіруші немесе қызмет көрсетуші фирманың болуы; б) фирма шығаратын өнімнің немесе көрсететін қызметтің орнына жүре алатын басқа өнімдер мен қызметтердің болмауы; в) өндіріс көлемін қысқарту арқылы бағаны көтеруі. Таза монополия «табиғи» және «жасанды» болып бөлінеді. Табиғи монополияға коммуналдық қызмет көрсететін мекемелер жатады. Мысалы, жылу, су, жарық беретін мекемелер, «Казактелеком». Ал жасанды монополияға мысалы «Қазақстантеміржолы», «Казпочта», «ЭирКазахстан» немесе бір жалғаз елді мекенде қызмет көрсетуші дүкеннің, бензоколонканың, дәріхананың болуы.

Бәсекенің атқаратын қызметтері:

Реттеу- бәсекеге қарсы тұру үшін кәсіпкердің өндірген өнімі сапалы және тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыратындай болу қажет. Бұл қызмет арқылы бәсеке нарыққа қажетті және пайдалы өнімдердің шығарылуын реттейді.

Ынталандыру- бәсеке жағдайында кәсіпкерлер тәуекелге бару арқылы пайдасын молайтып ұтады немесе шығынға ұшырау арқылы ұтылып өзінің қызметін тоқтатады.

Бақылау қызметінде бәсеке арқылы кез келген кәсіпорынның экономикалық күші шектеледі және бақылауға алынады, яғни тұтынушыларға тауардың сапасы мен бағасына қарай сатушыларды таңдау еркіндігін береді.

Сауықтыру қызметінде нарық қоғамға пайдасыз, тиімсіз шаруашылықтан тазартылып отырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]