Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
RK ekonom_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
66.11 Кб
Скачать

4. Нарықтың мәні және қызметтері, үлгілері, субъектілері?

Рынок (нарық) – бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу арқылы жүзеге асырлатын ұйымдық- экономикалық қатыстардың жүйесі.

Нарықтың субъектілеріне жататындар: сатушылар мен сатып алушылар (үй шаруашылығы, фирмалар, мекемелер мемлекет). Нарық объектілеріне жататындар: тауарлар мен ақшалар. Тауарларға жататындар: өндірілген өнім мен қатар өндіріс факторлары (еңбек, жер, капитал) мен көрсетілетін қызметтер.

Нарық мынадай негізгі қызметтерді атқарады:

1. Ақпараттық қызмет;

2. Делдалдық қызмет;

3. Баға белгілеу қызметі ;

4. Реттеушілік қызметі

5. Санациялық қызмет.

5. Кәсіпкерлік түсінігі, түрлері. Қр денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлік?

Кәсіпкерлік– азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңи тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңи тұлға құрмай немесе заңи тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.

Кәсіпкерлік қызметтері

-дәстүрлі сипатта (дәстүрлі кәсіпкерлік);

-инновациялық сипатта (инновациялық кәсіпкерлік қызмет, инновациялық кәсіпкерлік).

Сонымен, тауарлардың тікелей өндіріс орталығында, кәсіпкерлік дәстүрлі және инновациялық тауарларды өндіру мен әкелуге бейімделе алады. Іс жүзінде, кәсіпкерлік қызмет өзінің кез келген түрінде өзіне инновациялық үдерісті енгізеді. Жоғарыда аталған кәсіпкерлік қызметтің тұрпаттарға бөлінуі, дәстүрлі тауарларды өндіру мен рынокқа әкелу, өндірісті ұйымдастырумен, өндірістің техникалық элементтерімен немесе өндірілетін тауардың сапалық сипаттамаларының өзгеруімен байланысты әлде - бір жаңа әдістемелер мен әдістерді пайдаланып жүргізіледі деген нанымға негізделеді.

Коммерциялық кәсіпкерлікте кәсіпкер басқа тұлғалардан сатып алған даяр тауарларды тұтынушыларға, сатып алушыларға сатып, коммерсант, саудагер рөлінде болады. Мұндай кәсіпкерлікте кіріс, тауарды сатып алған бағадан жоғары бағамен сату жолымен құрылады.

Егер тауар заңды негізде сатып алынса, онда сауда-коммерциялық кәсіпкерлікті алыпсатарлық деп айтудың жөн еместігін және осы негізде айыптауға болмайтындығын ескеру керек. Алыпсатуға, тек қана, сауда ережесін бұзып, заңға қарсылық байқалса ғана қылмыстық алыпсатарлық деп тиым салу туралы айтуға болады.

Сатып алу-сату жұмысы ретінде ақшаны немесе құнды қағаздарды және несиені қолданатын коммерциялық кәсіпкерліктің ерекше түрі - қаржы кәсіпкерлігі.

6. Инвестиция: түсінігі, түрлері?

Инвестиция түсінігі (лат. Investire – киіндіру ) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық жә не бейматериалдық активтерге де салынады.

Инвестиция түрлері

Инвестициялардың мақсатына қарай екі түрі бар: 1) капиталды құрайтын

2) интеллектуалды

Кавпиталды құрайтын инвестициялар - бұл өндірістік және өндірістік емес қаржылық емс активтердің өсуіне бағытталған инвестициялар, яғни кірісті ұлғайтудың қамтамасыз ететін инвестициялар.

Интеллектуалды инвестициялар – маманндарды дайындауға, олардың біліктілігін көтеруге, тәжірибе алмасуға, лицензияға, ноу-хау және т.б. қаражатты салу. Қазіргі кезде интеллектуалды инвестициялардың ең көп таралған түрлері: жоғарғы және орта арнаулы білім алуға мемлекеттік және жеке несиелер болып табылады.

Инвестициялар меншік нысанына қарай екіге бөлінеді:

1) мелекеттік инвестициялар

2) жеке инвестициялар

Мемлекеттік инвестициялар бюджеттік қаражат есебінен немесе мемлекеттік кепіл негізінде алынған несие қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Жеке инвестициялар жеке немесе заңды тұлғалардың есебінен жүзеге асырылады.

Сонымен бірге инвестицияның кең таралған түрлері:

1) шетелдік инвестициялар

2) ұлттық инвестициялар

Мұндай бөлінудің негізгі – инвестицияның инвестордың елінде немесе өзге мемлекетте жүзеге асырылуы болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]