
- •120 Forever superior!!!
- •1. Экономиканың мазмұны, мәні, даму кезеңдері?
- •2.Ақшаның пайда болуы, қызметтері мен түрлері?
- •3. Нарық экономикасы жүйе ретінде және оның элементтері?
- •4. Нарықтың мәні және қызметтері, үлгілері, субъектілері?
- •5. Кәсіпкерлік түсінігі, түрлері. Қр денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлік?
- •6. Инвестиция: түсінігі, түрлері?
- •7. Тауар: мәні, қызметтері. Еңбек құн теориясы?
- •8. Өндірістің атқаратын қызметтері, түрлері факторлары?
- •10. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететін факторлар?
- •11. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететін факторлар?
- •13. Нарықтық тепе-теңді, тепе-теңдік қисығы?
- •14. Бәсеке: мәні, атқаратын қызметтері, түрлері?
- •15. Меншік: түсінігі, түрлері. Қр меншіктің қалыптасуы?
- •16. Монополия: түсінігі, түрлері. Мемлекеттің монополияға қарсы саясат?
- •17 . Экономикалық жүйе түсінігі ,типтері?
- •18 .Капитал.Ауыспалы айналым мен айналым?
- •19. Өндіріс шығындары ;түсінігі ,түрлері ?
- •20 .Натуралды шаруашылық :оның белгілері мен ерекшеліктері ?
120 Forever superior!!!
1. Экономиканың мазмұны, мәні, даму кезеңдері?
Экономикалық теория-Бұл қызмет түрлері туралы ғылым,айырбас және адамдар арасындағы ақшалай іс-әрекетке байланысыты.
Экономикалық теория-адамдардың сирек немесе шектеулі өндіргіш ресурстарын қолдану арқылы және әртүрлі тауарды өндіру мен тұтыну мақсатында, оларды қоғам мүшелері арасында бөлу туралы ғылым.
Экономикалық теория-адамдардың өмірлік қызметінің күнделікті іскерлігін және өздеріне өмір сүру мүмкіндігін таба отырып және осы жолды қолдану туралы ғылым.
Экономикалық теория-адамзаттың тұтыну мен өндіру саласындағы өзінің міндеттерімен қалай айналысатыны туралы ғылым.
Экономикалық теория-әлеуметтік экономикалық қатынастарды экономикалық заңдар мен экономикалық категорияларды бейнелеу және дамыту ақылы оқытады.
Даму кезеңдері:
-Меркантилизм – Ең алғаш экономикалық ілім XVI-XVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды. Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.
-Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді.
«Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.
-Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.
а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талданды. Қосымша құнның теория мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты.
б) Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрос математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.