- •А.С. Сағымова, м.Н. Жакипова, ә.Ж. Баялиева, г.Ә. Имаханова
- •«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Қайта өңдеу технологиясы», «Биотехнология» мамандықтарына арналған оқу құралы Алматы
- •Басуға ұсынған
- •Жай сөйлемнің құрылысына қарай түрлері
- •Тамақ өнеркәсібі
- •Ірі сүт зауыттары республикамыздың қай қалаларында шоғырланған?
- •Тұрлаулы мүшелер
- •Бастауыштың жасалу жолдары
- •Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
- •Жылқы еті – шипалы тағам
- •Толықтауыш
- •Анықтауыш
- •Пысықтауыш
- •Қазақтың еттен жасалған ұлттық тағамдары.
- •Ұн тарту және жарма өнеркәсібі
- •Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы
- •Макарон өнiмдерi
- •Луи Пастер
- •Бір кесе шай
- •Тағамдық майлар
- •Шарап өнеркәсібі
- •Шампан өндірісі
- •Адам көркі күтімді қажет етеді
- •Себеп бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары:
- •3 Тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.
- •Мақсат бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары:
- •Балық және балық өнімдері
- •Көкөністің өзіндік ерекшеліктері
- •Азық-түлік өнімдерінің қазақша-орысша сөздігі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны:
Ұн тарту және жарма өнеркәсібі
Ұн тарту және жарма өнеркәсібі – тамақ өнімдерінің ет өнеркәсібінен кейінгі ең ірі саласы. Оған ұннан жасалатын нан, кондитер және макарон өнімдері, ұн, жарма жатады. Бидайды тасымалдау ұнды тасымалдаудан анағұрлым тиімді. Сондықтан ұн тарту және жарма өнеркәсіптері аумақ бойынша тұтыну көздеріне жақын орналастырады. Ұн тарту еліміздің астықты және индустриялы экономикалық аудандарында, яғни Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында дамыған. Мысалы, қазіргі кезде Астана, Тараз, Қапшағай, Қостанай ұн тарту комбинаттары елімізді жоғары сапалы ұнмен қамтамасыз етуде.
Қазақстанда ұн және жарма технологиясы 1917 жылдан кейін дамуын бастады. Оғанға дейін нанды әр отбасы өз үйінде және ұсақ наубайханаларда ғана пісірген. 1925 жылдан бастап тұтыну қоғамдарында нан пісіріле бастады. Алғашқы механизацияланған ұн зауыттары Орал, Алматы, Семей қалаларында салынды. Оларда конвейерлі пештер, қамырды мөлшерлеп бөлетін машиналар қойылды.
Өңдеу өндірістері тың және тыңайған жерді игеруден кейін облыс орталықтарында, ірі қалаларда және халқы көп аймақтарда кезегімен салынды. Қазіргі ұн және жарма зауыттары күрделі жабдықтармен, автоматты бақылау және басқару жүйелерімен жабдықталған.
Көптеген жылдар бойы ұн техникасы мен технологиясы дамуда және жетілдіруде. Теория мен практиканың дамуына екі жағдай әсерін тигізді. Сондықтан диірмен – техникалық ойдың объектісі. Басқа өндірістерге қарағанда диірмен өндіріс түрін ертерек қабылдады. Барлық техникалық жаңалықтар, сонымен қатар энергия ошақтары алдымен диірмендерде жүзеге асырылады. Осы заманғы жаңа ғылым – кибернетиканың пайда болуы ұн тарту практикасына борышты.
Адам қабылдайтын тағамдардың ішінде нан, т.б. ұннан істелген тағамдар ерекше орын алады. Жан басына шаққандағы нан тағамдарын тұтынудың орташа көрсеткіші 120 кг құрайды екен. Адам нансыз басқа тағамдарды қабылдай алмайды. Нан құрамындағы дәрумендердің адам организміне тигізетін әсері баршаға белгілі. Олар ферменттердің құрамына кіріп, ас қорыту, денсаулық сақтау, өсіп-өну үрдістерінің бәрінің негізін салады.
Ұн және жарма зауыттарының ассортименттерінің көп болуы – негізгі талаптардың бірі. Ұн ерекше болып, тұтынушылардың сұранысына жауап беруі қажет. Тәтті тағамдар жасау үшін ұн крахмалды, ал ақуызы аз болғаны жарамды. Соңғы жылдары ұн зауыттарында наубайханалық қасиеттерін көтеру үшін, ұнды топтауда түрлі қоспалар қосады. Бұл нан пісірушілердің үрдісті жүргізуін жеңілдетеді.
Ұн тарту және жарма өнеркәсібіне не жатады?
Ұн тарту саласы еліміздің қай облыстарында дамыған?
Қазақстанда ұн, жарма технологиясы қай кезде дами бастады?
Механизацияланған нан зауыттары қашан пайда болды?
Қандай жаңа ғылым ұн тарту практикасына борышты?
Нанның адам өміріндегі рөлі қандай?
4-тапсырма. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.
1) Ұн ... және ... өнеркәсібі – ет өнеркәсібінен кейінгі ең ірі ... . 2) Оған ... жасалатын ..., ... және ... өнімдері жатады. 3) Жан басына нан тағамдарын ... орташа көрсеткіші 120 кг құрайды. 4) Бидайды ... ұнды ... анағұрлым тиімді. 5) Сондықтан ұн тарту еліміздің ... және ... экономикалық аудандарында дамыған. 6) Қазіргі ұн зауыттары ... жабдықтармен, ... бақылау және ... жүйелерімен қамтамасыз етілген. 7) Барлық ... жаңалықтар алдымен ... жүзеге асырылады. 8) Тәтті тағамдар жасау үшін ұн ..., ал ... аз болғаны жарамды.
5-тапсырма. Мәтіннің жоспарын құрып, мазмұнын айтып беріңіз.
6-тапсырма. Төл сөзді сөлемдердің тыныс белгілерін дұрыс қойыңыз.
1) Қазақстан астыққа бай өлке деді саяхат жүргізуші. 2) Ғалым адамдар бұдан 6 мың жыл бұрын бидайдан нан пісірген деді. 3) 1920 жылға дейін деп түсіндірді оқытушы нанды әр отбасы өз үйінде пісірген. 4) Инженер 1935 жылдан кейін ірі қалаларда механизацияланған нан зауыттары салына бастады деді. 5) Оларда конвейерлі пештер, қамырды мөлшерлеп бөлетін машиналар қойылды деп хабарлады директор. 6) Адам деді әжем нансыз басқа тағамдарды қабылдай алмайды. 7) Наубайханаларыңызда ұлттық нан түрлері шығарыла ма деп сұрады тілші. 8) Сақталу мерзіміне қарай деді диірменші ұнның сапасы не жақсарады, не нашарлайды.
7-тапсырма. Берілген сөздерден төлеу сөзді сөйлемдер құраңыз.
Ақуыз, бидай, дән, диірмен, ұн, жарма, крахмал, қоспа, наубайхана, өндіріс, шикізат.
8-тапсырма. Төменде берілген мақалдарды ретімен қойып, олармен төл сөзді сөйлем құрастырыңыз. Мақалдарды жаттап алыңыз.
Жердің сәні – егін |
Батыр жарақ таңдамайды |
Егінші жылда арманда |
Қаңсық басқа білім жұқпас |
Егін ексең, тыңға |
Балықшы көлін мақтайды |
Орақшы орақ таңдамайды |
Ердің сәні – білім |
Қатты жерге егін шықпас |
Балықшы күнде арманда |
Диханшы жерін мақтайды |
Шықтым дей бер шыңға |
1. Сөйлеушінің өз сөзінің ішінде біреудің сөзін ешқандай өзгеріссіз айтуы қалай аталады?
А) автор сөзі;
Ә) алғыс сөз;
Б) төл сөз;
В) төлеу сөз;
Г) қаратпа сөз.
2. Төл сөзді де, төлеу сөзді де жеткізіп, оған түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзін қалай атайды?
А) айқындау сөз;
Ә) анықтау сөз;
Б) алғы сөз;
В) автор сөзі;
Г) амал сөз.
3. Біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілуін не дейміз?
А) төл сөз;
Ә) төлеу сөз;
Б) автор сөзі;
В) хабарлама сөз
Г) қаратпа сөз
4. Төл сөзді сөйлемді табыңыз.
А) Жердің сәні – егін.
Ә) Атам маған жердің сәні егін екенін айтты.
Б) Атам менен жердің сәні не екенін сұрады?
В) Жердің сәні егін екенін атам айтқан.
Г) «Жердің сәні – егін», - деді атам.
5. Төлеу сөзді сөйлемді табыңыз.
А) Назым: «Бұл кітапты оқығанмын»,- деді.
Ә) Назым бұл кітапты оқығанын айтты.
Б) «Бұл кітапты оқығанмын»,- деді Назым.
В) Назым бұл кітапты оқып жүрген.
Г) Бұл кітапты оқығанмын.
СОӨЖ: Ұн және жарма технологиясы.
Ұн және жарма зауыттарының технологиялық процестері бір-бірімен тығыз байланысқан операцияларды орындайтын машиналар мен аппараттардан тұрады. Олардың жұмыстарын, тетіктерін жете білу процесті тиімді жүргізіп, алынатын өнімдердің шығымын арттырып, сапасын жақсартады. Ұн және жарма технологиясы дәннің анатомиялық құрылысымен құрамындағы керекті және керексіз заттардың орналасу ерекшеліктерімен сипатталады. Ұн және жарма алу үшін дәнді өңдеп, оны құрамына бөліп, тек ішкі бөлігін даяр өнімге жіберу қажет. Бидай мен қара бидайдан сортты ұн тартуға ішкі бөлігін майдалап ұнға, ал сыртқы құрылымын кебекке жібереді. Жарма алуда дәнді бүтіндей ядро немесе ірі зат ретінде сыртқы қабаттарын үгітіп, бетін жылтыратып, ұрықтық және тұқымдық қабаттардан бөліп алады. Сонымен, даяр өнімдер алу технологиясының негізі – бөліп алу процесі.
Ұн – дәнді ұнтақтау арқылы алынатын өнім. Егер ол тек ішкі бөлігінен алынса, онда оны сортты, ал дәннің барлық бөлшектері түгел майдаланса, онда ондай ұн жай ұнға жатады. Ұнды бидай, қара бидай және гибрид-тратикале дақылдарын ұнтақтап алады, сондай-ақ аздаған мөлшерде жүгері, сұлы, арпа, қарақұмық және басқа дақылдардан өндіреді. Ұн өндірісінің ассортименті, даяр және жанама өнімдері қосқанда – 50-ге жуық, ал жарма өнімдері – 100 шамасында.
Жарма – гүлді қауызынан және ұрықтық, тұқымдық қабықтарынан айырылған дәннің ядросы немесе оның ірі майдаланған бөлшектері. Қарақұмық, күріш, тары, арпа, сұлы, бидай, жүгері, ас бұршағы, сорго дақылдарынан жармаларды алады.
Технологиялық процесс – ғылыми тұрғыда дәлелденген және практикада тексеріліп, шикізаттан жоғары сапалы өнімдер алатын амал. Технологиялық процестің тиімділігі алдына қойылған мақсаттың жүзеге асыру дәрежесіне байланысты. Тиімділіктің негізгі көрсеткіштері – даяр өнімдердің шығымы, сапасы және меншікті эксплуатациялық шығыны .
Мәтін бойынша орындалатын тасырмалар:
Мәтінге жоспар құрыңыз.
Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.
Мәтін бойынша сұқбат құрыңыз
Қарамен берілген сөздерге түсіндірме сөздікті пайдаланып, түсініктеме беріңіз
СӨЖ: Қант өнеркәсібі туралы ақпарат жинап, тұсаукесер жасаңыз
5 - тақырып
Грамматика: Салалас құрмалас сөйлем. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер.
Лексика: Макарон өнiмдерi.
Салалас құрмалас сөйлем (ССП) деп, құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысатын сөйлемнің түрін айтамыз. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдері өзара екі жолмен байланысады:
1) Мағыналарының жақындығына қарай іргелес тұрып, интонация арқылы: Макарон өнiмдерi жақсы сақталады, олардан түрлі тағамдар дайындауға болады.
2) Жалғаулық шылаулар арқылы. Олар:
- ыңғайлас мәнді (да, де, және, та, те, әрі, мен);
- қарсылықты мәнді (сонда да, әйтсе де, сөйткенмен, ал);
- себеп-салдар мәнді (себебі, сондықтан, сол себепті, неге десеңіз);
- талғау мәнді (не, немесе, яки, не болмаса);
- кезектес мәнді (кейде, бірде, біресе).
Құрамына енген жай сөйлемдердің өзара бір-бірімен мағыналық қатынаста жұмсалуына қарай мынадай алты түрге бөлінеді: ыңғайлас салалас, қарсылықты салалас, себеп-салдар салалас, түсіндірмелі салалас, талғаулы салалас және кезектес салалас құрмалас сөйлемдер.
Құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ой өзара мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде, қарым-қатынаста айтылған салаластың түрін ыңғайлас салалас құрмалас дейміз. Мысалы: Дүкенге бардым да, түрлі макарон өнімдерін сатып алдым.
