- •А.С. Сағымова, м.Н. Жакипова, ә.Ж. Баялиева, г.Ә. Имаханова
- •«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Қайта өңдеу технологиясы», «Биотехнология» мамандықтарына арналған оқу құралы Алматы
- •Басуға ұсынған
- •Жай сөйлемнің құрылысына қарай түрлері
- •Тамақ өнеркәсібі
- •Ірі сүт зауыттары республикамыздың қай қалаларында шоғырланған?
- •Тұрлаулы мүшелер
- •Бастауыштың жасалу жолдары
- •Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
- •Жылқы еті – шипалы тағам
- •Толықтауыш
- •Анықтауыш
- •Пысықтауыш
- •Қазақтың еттен жасалған ұлттық тағамдары.
- •Ұн тарту және жарма өнеркәсібі
- •Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы
- •Макарон өнiмдерi
- •Луи Пастер
- •Бір кесе шай
- •Тағамдық майлар
- •Шарап өнеркәсібі
- •Шампан өндірісі
- •Адам көркі күтімді қажет етеді
- •Себеп бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары:
- •3 Тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.
- •Мақсат бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары:
- •Балық және балық өнімдері
- •Көкөністің өзіндік ерекшеліктері
- •Азық-түлік өнімдерінің қазақша-орысша сөздігі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны:
Қазақтың еттен жасалған ұлттық тағамдары.
Белгілі бір ұлтқа ғана тән аспаздық тәсілмен ұлттық тағамдар дайындау өнері қай халықта да бар. Бір ұлттың аспаздық шаберлігі екінші бір ұлттың аспаздық шеберлігіне әрқашан игі әсерін тигізіп отырады, әйтсе де өзінің ұлттық ерекшелігін ешқашан жоймайды.
Еттің қазақша әр түрлі мүшелері, әр түрлі атаулары бар. Олардың негізгілері: бас, мойын, мойын ет, бұғана, қара қабырға, сүбе, қазы, төс, төс ет, төстік, омыртқа, кәрі жілік, жұмыр жілік, асықты жілік, тоқпақ жілік, жамбас, жая, белдеме, жүрек, бауыр, көк бауыр, бүйрек, қарта, тоқ ішек, ащы ішек, қарын, өкпе, сирақ.
Етке байланысты қазақтың ұлттық тағамдарына әсіп, борша, жал, жау бүйрек, жая, жөргем, қазы, қарта, қарын бөртпе, қимай, қуырдақ, бал қуырдақ, жоңқа қуырдақ, қара қуырдақ, соғым қуырдақ, құйрық бауыр, ми палау, сірне, шұжық, сүр, қазақша сорпа, шыртылдақ, үлпершек сияқты көнеден келе жатқан тағамдар бүгін де ас мәзірінің төресі.
Қазы-қарта, жал-жая – қазақтың дәстүрлі ұлттық тағамы; жылқы етінің ең таңдаулы әрі сыйлы мүшелері. Қазы – сойылған жылқының майлы сүбе қабырғасы мен төстің етек майы. Ол жылқының арық-семізіне қарай бұлт қазы, пышақ сырты, шынашақ, бармақ, бір елі, екі елі, үш елі қазы, табан, сере, сынық сүйем қазы деген, т.б мөлшерлі өлшемдермен аталады. Ал қазы аударылып болған соң, оның қабырғалы түрлерін – сыңар қазы, қос қазы, қабырғасыз түрлерін – үлдірік қазы, етек қазы, телше дейді. Ішекке сыймай қалған қазылар – дөңбек қазы, божбан қазы, би қазы деп аталады.
Ет мүшелерінің қандай түрлері болады?
Етке байланысты қазақтың қандай ұлттық тағамдары бар?
Жылқы етінің ең таңдаулы мүшелері қандай?
Қазының қандай түрлері бар?
Ішекке сыймай қалған қазылар қалай аталады?
Өз ұлтыңыздың еттен жасалған қандай тағамдарын айта аласыз?
5-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.
6-тапсырма. Мәтіннен пысықтауыштарды тауып, түрлерін ажыратыңыз.
7-тапсырма. Мәтіннен зат есімнен жасалған анықтауыштарды тауып, талдау жасаңыз.
8-тапсырма. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.
Қазы-қарта, жал-жая – қазақтың дәстүрлі ұлттық тағамы, жылқы етінің ең таңдаулы әрі сыйлы мүшелері. Қазы – сойылған жылқының майлы сүбе қабырғасы мен төстің етек майы. Ол жылқының арық-семізіне қарай түрлі мөлшерлі өлшемдермен аталады. Ішекке сыймай қалған қазылар дөңбек қазы, божбан қазы, би қазы деп аталады.
1. Толықтауышы бар сөйлемді табыңыз:
А) Қазы-қарта, жал-жая – қазақтың дәстүрлі ұлттық тағамы.
Ә) Қазы – жылқының майлы сүбе қабырғасы мен төстің етек майы.
Б) Еттің қазақша әр түрлі атаулары бар.
В) Әйтсе де өзінің ұлттық ерекшелігін ешқашан жоймайды.
Г) Қазақтардың аспаздық өнері ежелден дамыған.
2. Тура толықтауышты белгілеңіз.
А) Қазақ халықының дәстүрі.
Ә) Дәмді тағам әзірлеші.
Б) Дастарқанға келіңіздер.
В) Шай қайнады.
Г) Базардан сатып алдым.
3. Жанама толықтауыш табыңыз.
А) Жылқының майлы сүбе қабырғасы.
Ә) Қазақтың ұлттық тағамдары.
Б) Жылқы етінен қандай тағамдар жасалады?
В) Оның қабырғалы түрлерін сыңар қазы, қос қазы деп атайды.
Г) Қазының қандай түрлері бар?
4. Анықтауыштың сұрағын белгілеңіз?
А) кімнің?
Ә) қашан?
Б) қалай?
В) не істеді?
Г) қайда?
5. Пысықтауыштың түрін анықтаңыз: «Ұялғаннан үндемей қалды».
А) мезгіл;
Ә) мекен;
Б) сын-қимыл;
В) мақсат;
Г) себеп.
СОӨЖ: Мал өсіру – халқымыздың ежелгі кәсібі.
Мал өсіру – халқымыздың ежелгі кәсібі. Мал – көлік, киім, тамақ, бір сөзбен айтқанда, барлық тіршілік малға байланысты болған. Сондықтан да малдың қадіріне жетіп, оны бағып-қағудың қыр-сырын игеріп, қажетіне қарай жаратқан. Ірі қара мал мен қой-ешкінің ұшасы қазақша бұзылып, әр түрлі мүшелерге бөлініп, қонақтарының дәрежесіне қарай тартылған.
Ет – сойылған малдың ұшасы, жеке мүшелері және ең негізгі тағамдардың бірі. Еттің дәмі әр алуан тағамдармен жақсы үйлеседі, сондықтан одан толып жатқан ас түрлерін әзірлеуге болады.
Ет бұлшық ет, май, сіңір және сүйектен тұрады. Қоректілігі жағынан ең құнды, әрі жұмсақ бұлшық ет омыртқа, арқа, белдеме, жамбас тұстарында орналасқан. Бұлшық етте орта есеппен 73-77% су, 18-21% ақуыз, 1-3% май, 1,7-2% экстрактивті азотты заттар, 09-1,2% азотсыз заттар, 08-1 минералды тұздар, сонымен бірге В1, В2, В6, РР, тағы басқа дәрумендер, адам ағзасына қажетті амин қышқылдары болады. Олар ас қорыту бездерінің қызметін жақсартады.
Ет өнеркәсібі орындары еттің мынадай түрлерін шығарады: сорғыған (ұшаны мүшелегеннен кейін табиғи жағдайда немесе тоңазытқышта 6 сағат тұрған ет), салқындатылған (0 С - 4 С салқындатылып, тоңазытқышта қатырылған).
Еттің сапасы. Жас еттің түсі ақшыл қызғылт болады, ол хош иісті, талшықтары созылмалы, саусақпен басқанда шұқырайған жері тез қалпына келеді. Бүлінген еттің түсі сұрғылт, жабысқақ, жылтыр, иісі ұнамсыз келеді.
Сиыр еті. Сиыр еті үш сортқа бөлінеді. Бірінші сортқа сан еті, жамбас, белдеме, арқа, жауырын, төс жатады. Екінші сортқа мойын мен төстік, үшінші сортқа ауыз омыртқа, кәрі жілік пен асықты жіліктердің басы жатады.
Бұзау еті. Бұзау еті үш сортқа бөлінеді. Бірінші сортқа жамбас, белдеме, арқа, жауырын, сан еттері, жаясы, екінші сортқа мойын, төс, төс етегі, үшінші сортқа жіліншік еттері жатады.
Қой және ешкі еттері. Қой және ешкі еттері екі сортқа бөлінеді: біріншісі – жамбас, белдеме, жауырын, арқа, екіншісі – мойын омыртқа, асықты, кәрі жіліктердің басы.
Мәтін бойынша орындалатын тасырмалар:
Мәтінге тақырып қойыңыз.
Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.
Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.
Тұрлаусыз мүшелерін тауып, қай сөз табынан екенін анықтаңыз.
СӨЖ: Өз ұлтыңыздың еттен жасалған тағамдары туралы тұсаукесер дайындаңыз.
4-тақырып
Грамматика: Төл сөз бен төлеу сөз.
Лексика: Ұн тарту және жарма өнеркәсібі.
Төл сөз – жазушының я сөйлеушінің өз сөзінің ішінде біреудің сөзін ешқандай өзгеріссіз сол айтылған күйінде беруі. Төлеу сөз – біреудің сөзін жазушы не сөйлеуші өз сөзінде өзгертіп беруі. Төл сөзді де, төлеу сөзді де жеткізіп, оған түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейміз.
Төл сөздің жасалу жолдары мен орын тәртібі
Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді |
Төл сөз автор сөзінен кейін келеді |
Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді |
Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып өтеді |
«Төл сөз»,- автор сөзі. |
Автор сөзі: «Төл сөз». |
Автор сөзі: «Төл сөз»,- автор сөзі. |
«Төл сөз,- автор сөзі,- төл сөз». |
«Ертең қар жауатын шығар»,- деді әкем. |
Жәнібек былай деді: «Балалардың өздері шешсін». |
Жәнібек: «Олар әзір қайтпас»,- деді |
«Олардың, - деді Жәнібек,- өздері шешсін». |
Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың ең негізгі және жиі қолданылатын ы – төл сөзде сөйлемнің тиянақты баяндауышы болып тұрған сөзге табыс жалғауын жалғау арқылы оны (төл сөзді) автор сөзімен байланыстыру тәсілі. Алдымен, төл сөздің баяндауышы болып тұрған етістік қай шақта, қай райда айтылуына қарай етістіктің есімше түріне айналады да, содан кейін барып табыс септігін қабылдайды. Мысалы: «Мен қызық кітап оқыдым»,- деді Жанар. Жанар өзінің қызық кітап оқығанын айтты.
Егер төл сөз етістіктің келер шақ (бұйрық түрінен басқа) не ауыспалы осы шақ формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда -атын, -етін, -йтін, -йтын жұрнақтары есімше арқылы беріледі. Мысалы: «Сәуле жазда келеді»,- деді Алмас. Алмас Сәуленің жазда келетінін айтты.
Егер төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық рай формасында айтылса, төлеу сөз де тұйық етістік формасына айналады. Мысалы: «Сен ертең кел»,- деді Ардақ. Ардақ оған ертең келуін айтты.
Баяндауышы есім сөзден немесе есім сөздің араласуынан болған, немесе атау тұлғалы тұйық етістіктен болса, төлеу сөзге айналғанда е етістігі көмекші болып келеді: «Шай – шөлді басатын сусын»,- деді Күмісжан. Күмісжан шайдың шөлді басатын сусын екенін айтты.
1-тапсырма. Төлеу сөздерді төл сөздерге айналдырыңыз.
1) Дана өзінің инженер-титестер екенін айтты. 2) Мен ол кісіден шайдың денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін сұрадым. 3) Ол маған өз мамандығының қызығы туралы айтып беретінін айтты. 4) А. Цуцунава көк шай тұнбасының жүрек тамыр ауруларына, қан тасу және атеросклероз сырқатын емдеуге көп көмегін тигізетінін айтты. 5) Ғалым тұнба жыныс бездерінің және қан айналым органдарының жұмысын жақсартатынын айтты. 6) Л. Толстой шайсыз жұмыс істей алмағандықтан, шайды көп ішетіндігін айтты. 7) Л. Толстой жүрегінің терең түпкірінде бұғып жатқан мүмкіндіктер шай арқылы ғана босанып шығатынын айтты. 8) Шай өсірушілердің бірі осыдан былай титестерлер шай өндіру ісіндегі басты адамдар болатынын айтты.
2-тапсырма. Төл сөздерді төлеу сөздерге айналдырыңыз.
1) Жетекшіміз: «Ертең біз Қапшағай ұн тарту комбинатына барамыз», - деді. 2) «Мен инженер-технолог болғым келеді», - деді ол. 3) «Сіздерде қажетті жабдықтар бар ма?» - деп сұрады инженер. 4) «Ұн тарту және жарма өнеркәсібі -, деді оқытушы, - ет өнеркәсібінен кейінгі ең ірі сала». 5) Жиналыста комбинат директоры былай деді: «Бидайды тасымалдау ұнды тасмалдаудан анағұрлым тиімді». 6) «Сіз қателесіп тұрсыз», - деді басшы. 7) «Біз тәжірибені наубайханада өтетін болдық», - деп хабарлады Гүлнәр. 8) «Кебек – бидай ұнының ұрпағы, қауызы», - деп түсіндірді агроном.
Бидай – астық тұқымдасына жататын ең маңызды тағамдық дақыл.
Дән – өсімдіктің ұрығы, тұқымы.
Диірмен – дәнді-дақылдарды тартып, ұн шығаратын кәсіпорын.
Жарма – дәннің майдаланып, жарылған түрі.
Крахмал – өсімдіктен алынатын ұн тәрізді майда ұнтақ.
Қоспа – әр түрлі заттардан қосылған қосынды.
Наубайхана – нан пісіретін, нан жабатын орын.
Өндіріс – тұтынуға қажетті материалдық игіліктерді, құнды заттарды жасап шығаратын өнеркәсіп саласы.
3-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
