- •А.С. Сағымова, м.Н. Жакипова, ә.Ж. Баялиева, г.Ә. Имаханова
- •«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Қайта өңдеу технологиясы», «Биотехнология» мамандықтарына арналған оқу құралы Алматы
- •Басуға ұсынған
- •Жай сөйлемнің құрылысына қарай түрлері
- •Тамақ өнеркәсібі
- •Ірі сүт зауыттары республикамыздың қай қалаларында шоғырланған?
- •Тұрлаулы мүшелер
- •Бастауыштың жасалу жолдары
- •Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
- •Жылқы еті – шипалы тағам
- •Толықтауыш
- •Анықтауыш
- •Пысықтауыш
- •Қазақтың еттен жасалған ұлттық тағамдары.
- •Ұн тарту және жарма өнеркәсібі
- •Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы
- •Макарон өнiмдерi
- •Луи Пастер
- •Бір кесе шай
- •Тағамдық майлар
- •Шарап өнеркәсібі
- •Шампан өндірісі
- •Адам көркі күтімді қажет етеді
- •Себеп бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары:
- •3 Тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.
- •Мақсат бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары:
- •Балық және балық өнімдері
- •Көкөністің өзіндік ерекшеліктері
- •Азық-түлік өнімдерінің қазақша-орысша сөздігі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны:
Жылқы еті – шипалы тағам
Жылқы етін тамаққа тұтыну тарихи ғасырлар тереңіне кетіп жатыр. Сонау ерте заманда, бұдан миллион жылдай бұрын, алғашқы қауым адамы басқа хайуандармен бірге жабайы жылқы да аулаған. Профессор Ю.Н.Барминцев бастапқыда адамдар жылқыны еті үшін қолға үйреткен деп санайды. Азия мен Еуропа елдерінде жылқы шаруашылығы біздің заманымызға дейінгі ІV мың жылдықта пайда болған.
Жылқы етінің, бие сүтінің, ірімшік пен іркіттің аса бағалы тамақтық өнім екендігі жөнінде ежелге грек ойшылдары Герадоттың, Страбонның еңбектерінде, сондай-ақ Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Әли ибн-Синаның еңбектерінде айтылады.
Шығыс халықтары жылқы, сиыр, қой еттерін қашан да жоғары санаған, тамаққа арнайы өсірілген жылқы тұқымының етін пайдаланған. Олардың дастарханында әрқашан жылқы еті басым болып отырған. Жылқы етінен ыстық тағамдар жасап, оны сүрлеп, тұздап алатын болған. Қазы, шұжық, сүт, ет, жал, жая, қарта сияқты жылқының етінен жасалған жоғары сапалы құнды да құнарлы тағамдардың рецептілері бізге ғасырлар тереңінен жетіп отыр.
Қазіргі кезде емдік, диеталық жағынан пайдалануға болатынын дәлелдейтін жылқы етінің физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері жөнінде көптеген ғылыми мәліметтер жинақталып отыр.
Еліміздің ірі ет комбинаттары Қазақстанда, сондай-ақ халықаралық нарықта үлкен сұранымға ие болып отырған жылқы еті өнімдерінің көптеген түрлерін шығарады.
Құрамында әр түрлі дәрумендер, гормондар, ферменттер мен басқа да биологиялық белсенді құрамалар болғандықтан, кейбір өнімдердің емдік, шипалық қасиеттері болады. Оларды белгілі бір дертке шалдыққан адамдарды емдейтін кешенді емнің құрамдас бөлігі ретінде арнаулы диетаның қатарына қосады. Мұндай тамақ өнімдері диеталық өнімдер деп аталады. Оларға мәселен, ақ ірімшік, өсімдік майы, қара құмық, сондай-ақ «Геркулес» сұлы жармасы, жеміс-жидектер және басқа да өнімдер жатады. Солардың қатарына адам ағзасына қажетті белоктардың, майлардың, көмірсулардың және басқа да заттардың қайнар көзі – жылқы етін де жатқызуға болады.
Жылқы етінен «Антрекот», «Таңсық ет», «Орама ет», «Тұздықты құлын еті», «Тұздықты жылқы тілі» сияқты консервілер, «Алып» деген шикілей ысталған шұжық, пісіріліп ысталған төстік, жанышталған жылқы еті тағы басқа өнімдер жасалады.
(Р.Х. Қадырова, Р.А.Шакиева. Жылқы еті – шипалы тағам)
Жылқы етінің тамаққа тұтыну тарихы туралы не білдіңіз?
Жылқы етінің құрамында не бар?
Диеталық тағам деген не?
Жылқы етінен қандай өнімдер жасалады?
Жылқы етінің қандай пайдалы қасиеті бар?
Өзіңіз жылқы етінен жасалған қандай тағамдар жеп көрдіңіз?
4-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз
5-тапсырма. Берілген сөйлемдердің тұрлаулы мүшелерін тауып, қандай сөз табынан болғанын айтыңыз.
Жылқы еті, бие сүті, ірімшік пен іркіт – аса бағалы тамақтық өнім. Жылқы етін тамаққа тұтыну ғасырлар тереңіне кетіп жатыр. Азия мен Европа елдерінде жылқы шаруашылығы біздің заманымызға дейінгі ІV мың жылдықта пайда болған. Шығыс халықтары жылқы, сиыр, қой еттерін қашан да жоғары санаған. Тамаққа арнайы өсірілген жылқы тұқымының етін пайдаланған. Олардың дастарханында әрқашан жылқы еті басым болып отырған. Жылқы етінен ыстық тағамдар жасайды. Қазы, шұжық, сүт, ет, жал, жая, қарта сияқты жылқының етінен жасалған тағамдардың рецептілері бізге ғасырлар тереңінен жетіп отыр.
6-тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріңіз, олармен сөйлем құрастырыңыз.
Бие, жабағы, тай, құлын, құнарлы, қазы, шұжық, жал, жая, қарта.
7-тапсырма. Мәтінді оқып, жай сөйлемдердің баяндауышын табыңыз. Оларды құрамына қарай талдаңыз.
Сіз білесіз бе?
Диеталық тұрғыдан алғанда жылқы етінің майы аса бағалы. Мал майының ішінде жылқы еті 17-28 С-та ериді, ал сиыр майы еру үшін 50С жоғары болу керек екен. Жылқы еті В1 тобындағы дәрумендерді жеткізуші болып табылады. Олар дәрумендердің, ақуыздардың, майлардың алмасуына қатысады.
Жүйке жүйесінің, ас қорыту, қан түзілуі, сондай ақ әр түрлі ферменттер қызметін реттеп отыратын заттардың құрамына кіреді. Бұл дәрумендер дайын күйінде тек мал өнімдерінде ұшырасады, ал сәбіз, асқабақ, қызанақ сияқты өсімдіктерде оның өзі каротиндер түрінде ғана болады. Жылқы майында А дәрумені дайын күйінде де, каротин күйінде де кездеседі. Бұл жылқы майына сарғыш түс беріп тұрады. Адам ағзасында А дәрумені тапшы болған жағдайда жас ағзаның өсуі баяулайды. Ал кексе ағзаның терісі, көз жанары дертке шалдығады. Жылқы етінде Е дәрумені бар, ол жасушаның тыныстануына қатысады, ішкі секреция бездерінің қызметіне ықпал жасайды. Семіру, атеросклероз, қант диабеті, бауырды диеталық терапия жолымен емдеуге пайдалануға болады. Жылқы еті – калий, магний, натрий, темір, мыс, мырыш, кобальт сияқты микроэлементтердің қайнар көзі. Калий жүрек пен қан тамырларының қызметін реттеуге, темір анемияға ұшырамауға, қандағы гемоглабинді қалыпты ұстауға тікелей байланысты.
8-тапсырма. Мәтін бойынша сұқбат құрастырыңыз.
9-тапсырма. Берілген сөйлемдерге талдау жасаңыз.
Жылқы етінің майы аса бағалы! Жылқы еті В1 тобындағы дәрумендерді жеткізуші болып табылады. Олар дәрумендердің, ақуыздардың, майлардың алмасуына қатыса ма? Жылқы еті – адам ағзасына пайдалы көптеген микроэлементтердің қайнар көзі. Ол саған базардан жылқы етін сатып алуға көмектесін.
1. Ауыспалы келер шақ етістіктен болып тұрған баяндауышы табыңыз.
А) Өнерлі балалар ән салды
Ә) Олар келсе екен
Б) Ол менен сұрап отыр
В) Мен кітапханаға барамын
Г) Кешке кел
2. Бастауышы қай сөз табынан жасалған: «Ғалымжандар өлең айтты».
А) Сын есім
Ә) Етістік
Б) Есімдік
В) Зат есім
Г) Одағай
3. Бастауыш деген не?
А) Іс-қимылдың белгісі болатын мүше
Ә) Іс-қимылдың мезгілін, мекенін, т.б сапасын білдіретін сөйлем мүшесі
Б) Предикативті әс -әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесі
В) Іс-қимылдың, белгі-сапаның иесі болатын сөйлем мүшесі
Г) Істің, сапаның, заттың объектісін білдіретін сөйлем мүшесі
4. Баяндауыш деген не?
А) Бастауыштың іс-қимылын, жай-күйін білдіретін сөйлем мүшесі
Ә) Септік жалғау формасында жұмсалатын сөйлем мүшесі
Б) Грамматикалық формасы жағынан ыңғайлас келген мүшелер
В) Сапаны білдіретін сөйлем мүшесі
Г) Сөйлемде есім сөздердің орнына жүретін сөз
5. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері қай сөз табынан болғанын көрсетіңіз:
«Айдана – оқушы»
А) Зат есім-зат есім
Ә) Сын есім-зат есім
Б) Етістік-үстеу
В) Есімдік-зат есім
Г) Үстеу -зат есім
СОӨЖ: Құс еті
Үй құстарының еті мал етіне қарағанда едәуір жұмсақ, адам ағзасына жеңіл сіңеді, онда дәнекер талшықтар аз. Ақуыз көп. Ақуыз құрамы тауық пен күркетауықтың ақ түсті етіне – 22-24%, қара етінде – 20-23%. Ірі қара малдың майына қарағанда құс майы тезірек ериді. Үй құстарының шыжғырылған майы жақсы сақталады және аспаздықта қолданылады. Құс етінің құрамындағы маңызды заттар оған ерекше дәм береді, әрі асқазан сөлінің жақсы бөлінуіне ықпал етеді. Құс етінде дәрумен де біршама мол. Құстың ішек қарны қоректік заттарға бай, әрі жеңіл қорытылады; оның құрамында 19-25% ақуыз, 5-10% май бар. Құс еті жасы мен түріне, қоңдылығына және ұшаны өңдеу әдістеріне қарай ажыратылады. Құстың түрі мен жасына қарай: балапан, тауық, үйрек балапаны, үйрек, қаз балапаны, қаз, күркетауық, мысыр тауық еттері болып бөлінеді.
Мәтін бойынша орындалатын тасырмалар:
Құс етінен жасалған тағамдар туралы не білесіз?
Құс етінің ерекше қандай қасиеті бар екен?
Құс етінің қандай түрлері болады?
Мәтін бойынша сұқбат құрыңыз
Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.
Тұрлаулы мүшелерін тауып, қандай сөз табынан болғанын айтыңыз.
СӨЖ: Ет өнеркәсібі туралы ақпарат жинап, тұсаукесер жасаңыз
3- тақырып
Грамматика: Тұрлаусыз мүшелер.
Лексика: Қазақтың еттен жасалған ұлттық тағамдары.
Тұрлаусыз мүшелер – өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүшелер. Тұрлаусыз мүшелерге толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш жатады.
Тұрлаусыз мүшелер
Толықтауыш |
кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? |
Сәбит Жанарға хат жазды. Олар қаланы аралады. Айданада шана бар. Кітапты Мирадан ал. Анасы баласымен отыр. |
Анықтауыш |
қандай? қай? кімнің? ненің? қанша? неше? |
Аян – озат оқушы. Жәнібектің шаңғысы бар. Оның екі үйі бар. |
Пысықтауыш |
қалай? қайда? қайдан? қашан? |
Арба тез жүреді. Олар далаға шықты. Жәнібек ауылдан келді. Жазда күн ыстық болады. |
