Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazyaz_dlya_FPP.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
763.39 Кб
Скачать

Тұрлаулы мүшелер

Бастауыш – атау септігінде тұрып, сөйлемде айтылған ойдың иесі болатын тұрлаулы мүше. Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? кіміңіз? неңіз? кімдерің? нелерің? кімдеріңіз? нелеріңіз? Мысалы: Сәбиттер осы жарыста жеңіп шықты. Бастауыш құрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді.

Бастауыштың жасалу жолдары

Атау септігіндегі кез келген зат есім: Анам келді.

Атау септігіндегі зат есімнің орнына қолданылатын есімдік: Біреу келді. Атау септігіндегі заттанған сын есім: Білімді ақылына сенеді.

Атау септігіндегі заттанған сан есім: Үш екіге қалдықсыз бөлінбейді.

Атау септігіндегі заттанған етістік: Оқу – инемен құдық қазғандай.

Бастауыш құрамына қарай екіге бөлінеді:

1) Бір сөзден тұратын бастауышты дара бастауыш дейміз. Мысалы: Жігіттер көкпар ойнап жүр.

2) Кемінде екі сөзден тұратын бастауышты күрделі бастауыш дейміз.

Күрделі бастауыштың жасалу жолдары:

Сөз тіркесінен: Мерекелік концерт басталып кетті.

Негізгі сөз бен көмекші есім байланысынан: Өнер алды – қызыл тіл.

Заттанған күрделі сын, сан есімдер және етістік тұлғаларынан: Жиырма бес маған қайтып келсе ғой. Адамды тыңдай білу – үлкен қасиет.

Баяндауыш – бастауыштың жай-күйін білдіріп, сөйлемді тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше. Баяндауыш қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрақтарына жауап береді.

Мысалдары

Сұраулары

Баяндауыш болатын сөз таптары

Бізді ешкім таныстырмады.

Ағаш көркі – жапырақ.

Оның өңі – суық.

Біз – бесеуміз.

Басқаға үлгі болатын – сен.

Біздің баратын жеріміз – алыста.

Не істемеді?

Не?

Қандай?

Нешеуміз?

Кім?

Қайда?

Етістік

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Есімдік

Үстеу

Баяндауыш құрамына қарай бір сөзден тұратын дара (Олар алыс жерден келді) және кемінде екі сөзден тұратын күрделі (Ауыл мәдениеті өсіп келеді) баяндауыш болып екіге бөлінеді. Баяндауыш есімдер мен етістіктерден құралып келсе, құрама баяндауыш деп аталады. Мысалы: Оның кәсібі – сурет салу. Ол – сараң адам екен.

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Бастауыш пен баяндауыш тыныс белгісімен бөлінбейді. Екі мүшенің арасындағы тыныс белгісі сызықша олардың мүшелік қатынастарын ажыратуға байланысты ғана қойылады. Сызықша қойылатын жерлер:

1) Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалады: Жастар біздің болашағымыз.

2) Бастауыш сілтеу есімдегінен, баяндауыш зат есімнен жасалады: Бұл – үлкен қуаныш.

3) Бастауыш 3-жақтағы жіктеу есімдігінен, баяндауыш зат есімнен жасалады: Ол – студент.

4) Бастауыш заттанған сын есімнен, сан есімнен, есімшеден, тұйық етістіктен болып, баяндауыш зат есімнен жасалады: Көп оқу – білім алудың негізгі шарты.

5) Бастауыш зат есімнен, баяндауыш тұйық етістіктен болады: Міндет – оқу.

6) Бастауыш та, баяндауыш та сын есімнен болады: Жақсы – ісімен жақсы.

1-тапсырма. Көшіріп жазып, тұрлаулы мүшелерін табыңыз, олардың қай сөз табынан екенін айтыңыз.

Назкен мен Күмісжан аналарын қатты сағынды. Сәбит Алматыда бір жылдан артық жүрді. Біздің негізгі мақсатымыз – оқу. Бор үстел үстінде жатыр. Әлімқан машинаны жөндеуде өз ісінің шебері екен. Столдың үстінде Жанардың кітабы жатыр. Балалар партада отыр. Мұғалім сыныпқа кірді. Бейбіт пен Ардақ жолдамамен Францияға саяхатқа барды. Мұғалім Балжаннан сабақ сұрады. Айдана жауап берді. Аян мен Айдана Алматыдан Семейге қайтты. Әкем ауруынан құлан-таза жазылып кетті.

2-тапсырма. Бастауыш пен баяндауышты тауып, арасына қажет жерде сызықша қойыңыз.

Мынау менің досым. Аты Жәнібек. Жәнібек батыстың жігіті. Туған жері Орал. Ол болашақ инженер-технолог. Жәнібек АТУ-да оқиды. Жәнібек оқу озаты. Өзі мемлекеттік грант бойынша оқып жұр. Ол мектептің, ата-анасының мақтанышы. Жәнібектің алдына қойған басты мақсаты оқуын қызыл дипломмен бітіріп шығу. Былтыр ол мемлекетаралық студентермен алмасу бағдарламасы бойынша Италияға барып келді. Түрлі тағамдарды әзірлеуді үйреніп, бірнеше қалаларында болыпты. Биыл Ұлыбританияға бармақшы, сондықтан қазір ағылышын тілін қосымша оқып жүр. Себебі онда барудың негізігі шарты тілді жетік білу.

Диета – адамның белгілі бір мерзімде тамақтануы, тамақ жеу тәртібі.

Қазы – жылқының майлы қабырғасын етегімен қосып тіліп алып, оны тұздап, бұрыштап, ішекке тығып жасаған ұлттық тағам.

Тағам – ас, тамақ, дәм.

Шұжық – жылқының етін турап, тұздап-бұрыштап, ішекке тығып жасайтын ұлттық тағам.

Іркіт – жинаған сүтті пісіп, майын алғаннан кейінгі қалған ақ сүт.

Ірімшік – майлы сүтті қайнатқаннан шыққан ақшыл сарғыш түсті тәтті, дәмді ұлттық тағам.

3-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]