- •А.С. Сағымова, м.Н. Жакипова, ә.Ж. Баялиева, г.Ә. Имаханова
- •«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Қайта өңдеу технологиясы», «Биотехнология» мамандықтарына арналған оқу құралы Алматы
- •Басуға ұсынған
- •Жай сөйлемнің құрылысына қарай түрлері
- •Тамақ өнеркәсібі
- •Ірі сүт зауыттары республикамыздың қай қалаларында шоғырланған?
- •Тұрлаулы мүшелер
- •Бастауыштың жасалу жолдары
- •Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
- •Жылқы еті – шипалы тағам
- •Толықтауыш
- •Анықтауыш
- •Пысықтауыш
- •Қазақтың еттен жасалған ұлттық тағамдары.
- •Ұн тарту және жарма өнеркәсібі
- •Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы
- •Макарон өнiмдерi
- •Луи Пастер
- •Бір кесе шай
- •Тағамдық майлар
- •Шарап өнеркәсібі
- •Шампан өндірісі
- •Адам көркі күтімді қажет етеді
- •Себеп бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары:
- •3 Тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.
- •Мақсат бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары:
- •Балық және балық өнімдері
- •Көкөністің өзіндік ерекшеліктері
- •Азық-түлік өнімдерінің қазақша-орысша сөздігі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны:
Тамақ өнеркәсібінің қандай салалары бар?
Тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізат көзі дегеніміз не?
Тамақ өнеркәсібінің базасы шикізатты пайдалану сипатына, түріне қарай неше, қандай топқа бөлінеді?
Тамақ өнеркәсібі салаларын орналастыруға әсер етуші негізгі факторлар қандай?
Ірі сүт зауыттары республикамыздың қай қалаларында шоғырланған?
Елімізді балық консервілерімен қамтамасыз етуші зауыттар қай жерде орналасқан?
Қант өнеркәсібі егін шаруашылығының қай түрімен байланысты?
4-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.
5-тапсырма. Өзіңізді тексеріп, шын, жалған екенін дәлелдеңіз.
Үлгі: Тамақ өнеркәсібі халықтың тағамға деген сұранысын қанағаттандырады (шын).
Тамақ өнеркәсібі халықтың тағамға деген сұранысын қанағаттандырады. Ауыл шаруашылығы тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізат көзі болып табылмайды. Тамақ өнеркәсібі өнімдері еліміздегі азық-түлік қорының 50 %-ын құрайды. Тамақ өнеркәсібін он екі салаға бөлуге болады. Наубайхана, сыра шайқау, сүт, консервілеу, крахмал – шикізат көзіне жақын орналасқан салалар. Тамақ өнімдерін шығаратын кәсіпорындар заман талабына сай жаңа техникамен және технологиямен жабдықталған. Бүгінде Қазақстан өнеркәсіп өнімінің көлемі жөнінен Ресей мен Украинадан озып, 1-ші орында тұр.
6-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен хабарлы, лепті, бұйрықты сөйлем құраңыз.
Тамақ өнеркәсібі, тағам, сұраныс, ет, ұн тарту, жарма, қант өнімдері, азық-түлік, балық, кәсіпорындар, заман талабы, жаңа техника, ауыл шаруашылығы, шикізат, өнім, наубайхана.
7-тапсырма. Берілген хабарлы сөйлемдерді толықтырыңыз.
Тамақ өнеркәсібі – халықтың ... деген сұранысын ... . Біздің елімізде ... ет, ұн тарту, жарма, қант өнімдері, балық, кондитер, шарап жасау т.б. ... дамыған. Ауыл шаруашылығы тамақ ... негізгі шикізат ... болып табылады. Тамақ өнеркәсібі өнімдері ... азық-түлік қорының ... құрайды. Қазіргі кезде тамақ өнімдерін шығаратын кәсіпорындар ... сай жаңа техникамен және ... жабдықталған. ... шаруашылығы шикізаттарынан ұзақ мерзімге сақталатын өнім дайындалады. Ал тез ... тамақ өнімдері тамақ өндірісі кәсіпорындарындағы ... жоғары тоңазытқыштарда сақталады. Тамақ өнімдерінің ... қайтадан ауыл шаруашылығында пайдаланылады.
8-тапсырма. Ас туралы мақалдарды толықтырып, жаттап алыңыз.
Ас тұрған жерде |
ауылдастан аяма |
Ат адамнаң қанаты |
тойға барсаң, тойып бар |
Асы бар аяқтан |
ауру тұрмайды |
Асың боса, дос көп |
ас адамның қуаты |
Айға жетпес асыңды |
аттама |
Асқа барсаң, аш бар |
атың болса,той көп |
9-тапсырма. Төменде аталған өнеркәсіп салаларының ең басты ерекшеліктерін өз сөздеріңізбен жазыңыз.
Тамақ өнеркәсібі ................................................................................................
Балық өнеркәсібі ..................................................................................................
Сүт өнімдері өнеркәсібі .......................................................................................
Ұн тарту, жарма өнеркәсібі .................................................................................
Ет өнеркәсібі .........................................................................................................
1. Хабарлы сөйлем
А) Хабарлау, суреттеу, баяндау мақсатымен айтылатын сөйлем
Ә) Біреуден жауап алу мақсатымен айтылатын сөйлем
Б) Айтушының түрлі көңіл-күйін білдіру мақсатында айтылатын сөйлем
В) Біреуге бұйыру, тілек, өтініш ету мақсатында айтылған сөйлем Г) Бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем
2. Хабарлы сөйлемді көрсетіңіз
А) Сонымен, Луи Пастер кім
Ә) Ол Алматыдан ба
Б) Сіз кешкі сағат алтыға дейін жұмыс жасайсыз ба
В) Дүниеде ұлы тұлғалар көп
Г) Жә, тоқтат
3. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз
А) Ашытқы қантты ажыратады
Ә) Дүниеде ұлы тұлғалар бар
Б) Ол Алматыдан екен
В) Қандай дәмді тағам
Г) Ол «пастеризация» деген әдісті ұсынған ба
4. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз
А) Осы жағдай әр уақытта сенің есіңде болсын
Ә) Мен шебер бола алар ма екенмін
Б) Тамақ өнеркәсібін үш салаға бөлуге болады
В) Мәселесі шешілді
Г) Луи Пастер қашан дүниеге келді
5. Жай сөйлемді табыңыз
А) Мен жүгіріп келсем, бәрі басталып кетіпті
Ә) Оны танығанмен, Асан танымады
Б) Ауыл қыстауға көшкенде, ол қалаға кетіп еді
В) Астанадан келсем, Алматыда күн жылынып, қар еріп кетіпті
Г) Бүкіл адамзат оған бас иеді.
СОӨЖ: Ас – адамның арқауы
Адам әр уақыт тамақ ішпей тұрмайды. Ол алуан түрлі болып келеді. Тамақ арқылы ағза қажетті мөлшерде ақуызбен, маймен, көмірсумен, минералдық заттармен, түрлі дәрумендермен және сумен қамтамасыз етіледі.
Сендер әдетте тауық жұмыртқасының ақуыздан тұратынын жақсы білесіңдер. Ірімшік пен сүзбе – таза ақуыз. Сондай-ақ ет пен балық та таза ақуыздан тұрады. Ғалымдар ақуызды «протеин» деп атайды. Ол грекше «бірінші орын алушы» дегенді білдіреді. Шындығында да ақуызсыз өмір сүру мүмкін емес. Дененің барлық бөлігі осы ақуыздан құралады.
Ал, енді майға келейік. Олар да әр түрлі болады, мәселен, сары май жылқының, сиырдың, шошқаның майы деген сияқты. Өсімдіктен алынатын сұйық майлар да аз емес, олар: зәйтүн, мақта, күнбағыс, бадам, зығыр майлары болып кете береді.
Тамақтың үшінші бір құрамдас бөлігі – көмірсулар. Олар өздеріңе таныс қант пен крахмал. Көмірсулар әсіресе ботқаның, нанның, картоптың, жеміс-жидектің, көкөністің құрамында көп болады. Организмде майлар мен көмірсулар ыдырап, көмір қышқылы мен суға айналып кетеді. Сөйтіп олар біздің дене мүшелеріміз бен бұлшық еттеріміздің жұмыс істеуіне қажетті қуат береді. Олар неғұрлым көп жұмыс істесе, соғұрлым көп мөлшерде май, әсіресе көмірсу керек.
Минералдық заттар дененің өн бойына аса қажет. Денеміздің бір де бір мүшесі, бір де бір клеткасы натрийсіз, калийсіз, фосфорсыз және басқа минералдық заттарсыз өмір сүре алмайды. Әдетте олар тұздардың құрамында, сонымен қатар ақуыздар мен басқа күрделі қосылыстардың құрамында кезігеді.
Дәрумендер көкөніс пен жеміс жидекте, сүтте, етте және басқа тағамдарда болады. Олар ағза клеткаларының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Ал біздің әрқайсымызға тәулік сайын кем дегенде екі литр су қажет. Өйткені, адам денесінің шамамен алғанда 2/3 бөлігі судан тұрады. Егер оның қорын үнемі толықтырып отырмаса, үш төрт күннен кейін өліп қалуы мүмкін. Адамға күніне қаншалық тамақ керек? 100 г ақуыз, 85 г май, 400 г көмірсу қажет екен. Сендер неғұрлым әр түрлі тамақ ішсеңдер, организмді соғұрлым барлық минералдық заттармен және дәрумендермен қамтамасыз етесіңдер. «Ас – адамның арқауы» деп бекер айтылмаған.
Мәтін бойынша орындалатын тасырмалар:
Мәтінге жоспар құрыңыз.
Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.
Мәтін бойынша сұқбат құрыңыз
Қарамен берілген сөздерге түсіндірме сөздікті пайдаланып, түсініктеме беріңіз
СӨЖ: Өнеркәсіп салаларына тұсаукесер жасау.
2-тақырып
Грамматика: Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы мүшелер.
Лексика: Жылқы еті – шипалы тағам.
Сөйлем мүшелері дегеніміз – сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер. Сөйлем мүшелері тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер болып екі топқа бөлінеді. Тұрлаулы мүшелер сөйлем құрауға негіз болады, оларға бастауыш пен баяндауыш жатады.
