- •А.С. Сағымова, м.Н. Жакипова, ә.Ж. Баялиева, г.Ә. Имаханова
- •«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Қайта өңдеу технологиясы», «Биотехнология» мамандықтарына арналған оқу құралы Алматы
- •Басуға ұсынған
- •Жай сөйлемнің құрылысына қарай түрлері
- •Тамақ өнеркәсібі
- •Ірі сүт зауыттары республикамыздың қай қалаларында шоғырланған?
- •Тұрлаулы мүшелер
- •Бастауыштың жасалу жолдары
- •Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
- •Жылқы еті – шипалы тағам
- •Толықтауыш
- •Анықтауыш
- •Пысықтауыш
- •Қазақтың еттен жасалған ұлттық тағамдары.
- •Ұн тарту және жарма өнеркәсібі
- •Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы
- •Макарон өнiмдерi
- •Луи Пастер
- •Бір кесе шай
- •Тағамдық майлар
- •Шарап өнеркәсібі
- •Шампан өндірісі
- •Адам көркі күтімді қажет етеді
- •Себеп бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары:
- •3 Тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.
- •Мақсат бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары:
- •Балық және балық өнімдері
- •Көкөністің өзіндік ерекшеліктері
- •Азық-түлік өнімдерінің қазақша-орысша сөздігі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны:
Тамақ өнеркәсібі
Тамақ өнеркәсібі – дәм-тағам өнімдерін, темекі, сабын және жуғыш заттар, парфюмериялық-косметикалық өнім шығаратын өнеркәсіп салаларының жиынтығы.
Тамақ өнеркәсібі халықтың тағамға деген сұранысын қанағаттандырады. Біздің елімізде тамақ өнеркәсібінің ет, ұн тарту, жарма, қант өнімдері, балық, кондитер, шарап жасау т.б. салалары дамыған. Ауыл шаруашылығы тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізат көзі болып табылады.
Тамақ өнеркәсібі өнімдері еліміздегі азық-түлік қорының 90%-ын құрайды. Қазіргі кезде тамақ өнімдерін шығаратын кәсіпорындар заман талабына сай жаңа техникамен және технологиямен жабдықталған. Ауыл шаруашылығы шикізаттарынан ұзақ мерзімге сақталатын өнім дайындалады. Ал тез бұзылатын тамақ өнімдері тамақ өндірісі кәсіпорындарындағы қуаты жоғары тоңазытқыштарда сақталады. Тамақ өнімдерінің қалдықтары қайтадан ауыл шаруашылығында пайдаланылады.
Тамақ өнеркәсібінің базасы шикізатты пайдалану сипатына, түріне қарай үш топқа бөлінеді: өсімдік шарушылығының шикізаттары, мал шаруашылығының шикізаттары, өндіріс шикізаттары. Тамақ өнеркәсібі салаларын орналастыруға әсер етуші негізгі факторлар – шикізат көздері мен тұтынушылар. Осы факторлардың әсер ету дәрежесіне қарай тамақ өнеркәсібін үш салаға бөлуге болады:
– шикізат көзіне жақын орналасқан салалар (наубайхана, сыра шайқау, сүт, консерві, крахмал);
– тұтынушыға жақын орналасқан салалар (наубайхана, сыра қайнату, сүт, макарон, кондитер өнімдері т.б.);
– шикізат көзіне де, тұтынушыға да жақын орналасқан салалар (ет, ұн тарту, шарап жасау, темекі өңдеу т.б.).
Ет өнеркәсібі – тамақ өнімдерінің ірі саласы. Ол тамақ өнімдерінің 14%-ын құрайды. Мал өнімдерінің сапасы құрамында жоғары сапалы нәруыз бен басқа да құрауыштардың балуымен анықталады. Еліміздегі ет тағамдарына деген сұраныстың өсуі – халықтың тұрмыстық деңгейінің жоғарылауын көрсетеді. Қазақстанның барлық экономикалық аудандарында ет өнеркәсібінің дамуы мал шаруашылығының аумақ бойынша біркелкі таралуымен түсіндіріледі. Әсіресе Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс Қазақстан облыстары ет өнімдерін шығаратын негізгі аудандар болып есептеледі.
Ұн тарту, жарма өнеркәсібі – тамақ өнеркәсібінің екінші саласы. Оған ұннан жасалатын нан және макарон өнімдері, ұн, жарма жатады. Бидайды тасымалдау ұнды тасымалдаудан анағұрлым тиімді. Сондықтан ұн тарту және жарма өнеркәсіптері аумақ бойынша тұтыну көздеріне жақын орналастырылады. Ұн тарту еліміздің астықты және индустриялы экономикалық аударында, яғни Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында дамыған. Мысалы, қазіргі кезде Астана, Тараз, Қапшағай, Қостанай ұн тарту комбинаттары елімізді жоғары сапалы ұнмен қамтамасыз етуде.
Қант өнеркәсібі. Қант – маңызды тағам түрлерінің бірі. Қант өнеркәсібі құмшекер және шақпақ қант шығарады. Қант өнеркәсібін салуда шикізат көздеріне жақын орналастыру факторы маңызды рөл атқарады. Себебі қант қызылшасын ұзақ уақыт сақтауға шыдамайды және алыс қашықтыққа тасымалдау оның сапасын төмендетеді. Республикада бірнеше қант зауыттары жұмыс істейді. Қант зауыттары қызылша егу шаруашылығымен айналысатын Жамбыл, Алматы облыстарында орналасқан. Боралдай, Тараз, Шу, Мерке, Қарабұлақ қант зауыттары құмшекермен қатар қант шығарады.
Сүт өнімдері өнеркәсібі – тамақ индустриясы салаларының ішінде 3 орында. Сүт, қаймақ, ірімшік, айран, ашытқы шығаратын сүт зауыттары мен сүт комбинаттары еліміздің әрбір қаласында салынған. Ірі сүт зауыттары Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шымкент қалаларында орналасқан.
Балық өнеркәсібі – балық аулау және балықты өңдеуден тұрады. Қазақстандағы балық өнеркәсібі Каспий теңізінің солтүстігінде орналасқан Атырау облысында шоғырланған. Каспий теңізінің солтүстігінен қара уылдырық беретін бекіре, қызыл балық және ит балық ауланады. Балық өңдейтін ірі кәсіпорындарға Атырау, Баутино, Балықшы, Зайсан, Приозерный, Балқаш балық зауыттары жатады.
Қазақстанда тамақ индустриясының қосымша салалары кондитер тағамдары, шарап жасау, темекі өндірісі де қарқынды дамып келеді. Бүгінде Қазақстан өнеркәсіп өнімнің көлемі жөнінен Ресей мен Украинадан кейінгі 3-ші орында. Қазіргі кезде тамақ өнеркәсібі салаларын дамыту үшін жетілдірілген технологиялар, шағын зауыттар мен басқа құрал-жабдықтар сатып алу жөнінде Қазақстан Республикасы бірқатар мемлекеттермен келісім шарт жасады.
