Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazyaz_dlya_FPP.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
763.39 Кб
Скачать

Көкөністің өзіндік ерекшеліктері

Адамның ішетін тағамы неғұрлым әр түрлі болса, ағза соғұрлым қажетті элементтермен қамтамасыз етіледі. Мұны әркім біледі. Соңғы жылдары бүкіл дүние жүзінде, әсіресе дамыған елдерде ет, сүт және қант тұтыну күрт жоғарылап кетті. Ал кез келген тағам, тіпті ең құндылары да ағзаға зиян келтіретінін де естен шығарып ала береміз. Дәлірек айтқанда, тамақты шамадан тыс мөлшерде қолдану зиян. Мысалы, етті көп пайдалану гипертония ауруына соқтыруы мүмкін. Жасы ұлғайған адамдарға да етті көп жеу зиян. Себебі, еттің құрамында құяң ауруының асқынуына себепші болатын нуклеин қышқылдары мен пуриндік негіздер бар. Тамақ рационында ірімшіктің көп болуы бүйректе тастың пайда болуына әкелсе, сүтті шамадан тыс пайдалану қанның азаюына әсер етеді.

Рационалды түрде тамақтану дегенді қалай түсінуге болады? Бұл ең алдымен ағзаны дәмді, құрамында ағзаның дамуына қажет әр түрлі әр түрлі заттары бар жақсы дайындалған тамақпен уақытылы және дұрыс қамтамасыз ету. Осы ретте дәрумендер мен минералдық заттардың қоймасы іспеттес көкөністің рөлі аса маңызды. Көкөніс тамақ рационының күнделікті және маңызды бөлігі болуы тиіс. Себебі, олардың құрамы адам ағзасының қалыпты қызметі үшін және ас қорыту үрдісін реттеу үшін қажет әр түрлі заттарға бай. Көкөніс осынысымен құнды, сондықтан да балалар тағамдары мен диеталық тағамда да кеңінен пайдаланылады. Көкөністің өзіндік ерекшелігін атап айту керек. Олардың құрамында бірнеше дәрумен болады, жемістің әр түрін үйлестіре пайдалану ағзаға жақсы әсер етіп қана қоймай, әр дәруменнің сіңімділігін арттырады. Олар бәрінен де С дәруменіне бай. Құрамында май жоқ, ақуыз аз болса да, өзі қосылған май мен ақуызға бай тағамдардың сіңімділігін арттырады. Көкөністің дәмдік сапасы оның құрамындағы қышқылдарға, минералдық тұздарға, сондай-ақ хош иісті заттарға байланысты болады. Көкөністің әр түрінен дайындалған тағамдар күнделікті пайдаланғанның өзінде де жалықтырмайды.

Көкөністен не дайын дауға болады? Бастырма да, гарнир де, әр түрлі салаттар да, қышқылтым сорпалар да, қою тағам түрлерін де дайындауға болады. Ал, қызанақ, қияр, шалғамша, қырыққабат, шалғам, сәбіз, бас пияз бен көк пияздарды әр түрлі үйлесіммен және әр түрлі тұздық құя отырып жылдың барлық мезгілінде дастарқанға қоюға болады. Бұларды, әсіресе, адам ағзасы дәрумендерді көп қажет ететін қыс пен көктемде дастарқан мәзіріне жиі енгізіп отырған жөн.

  • Тамақты шамадан тыс мөлшерде қолдану неге әкеліп соқтырады?

  • Жасы ұлғайған адамдарға етті көп жеудің зияны неде?

  • Етті, сүтті, ірімшікті шамадан тыс қолданудың зияндылығын айтыңыз?

  • Рациональды түрде тамақтану дегенді қалай түсінесіз?

  • Көністің адам ағзасына тигізер рөлін айтыңыз?

  • Көкөністен не дайын дауға болады?

4-тапсырма. Мәтіннен шартты бағыныңқылы сөйлемдерді тауып, синтаксистік талдау жасаңыз.

5-тапсырма. Мәтінді пайдаланып берілген сөйлемді толықтырыңыз.

Адамның ішетін тағамы неғұрлым әр түрлі болса, ... .

Тұзды шамадан тыс пайдаланса, ... .

Көкөністің өзіндік ерекшелігін атап айтсақ, ... .

Тамақты шамадан тыс мөлшерде қолданса, ... .

Жасы ұлғайған адамдар етті көп жесе, ... .

Тамақ құрамында ірімшіктің көп болуы бүйректе тастың пайда болуына әкелсе, ...

Көкөніс тамақ рационының күнделікті және маңызды бөлігі бола тұра, ... .

Қою тағам түрлерін дайындағанмен, ... .

Бастырма, гарнир, әр түрлі салаттар, қышқылтым сорпалар болғанына қарамастан, ... .

Шыны ыдыстарды тұзды жылы суға жуса, ... .

Хрустальдарды тұз қосылған суық сумен шайса, ... .

6-тапсырма. Берілген сұрау есімдіктерін пайдалана отырып, қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлемдер жасаңыз.

Қайтсе де? Қайткенмен? Не еткенмен? Қайте тұра? Не ете тұра? Қайткеніне қарамастан?

1. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз

А) Қыс түсіп, күн суытты

Ә) Күн жарқырап тұрғанмен, дала өте уық

Б) Мен келгенде, ол кетіп қалыпты

В) Кеш уақытында басталмаған соң, біз қатты ренжідік

Г) Сіз риза болсын деп, мен дәмді тағам әзірлеп қойдым

2. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың тиісті қосымшасын белгілеңіз: “Уақыты бол..., маған телефон соқпады ”

А) -ғандықтан

Ә) -а тұра

Б) -маса

В) -ғандай

Г) -у үшін

3. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз

А) Асан мектепті бітірген соң, институтқа түсті

Ә) Балықтың қылтаны көп болғанымен, еті ағзаға пайдалы

Б) Қазақ тілін тез үйрену үшін, әкем мені ауылға жіберді

В) Алмат озат оқушы болғандықтан, мұғалімдер оны мақтан етеді

Г) Оны біреу асықтырғандай, хатты шапшаң оқып шықты

4. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты дұрыс аяқтаңыз: “ Күн салқын болғанмен, ... ”

А) қонақтар келді

Ә) үй іші жылы

Б) ол қатал адам

В) ауа райы салқын

Г) оқуға түсті

5. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты дұрыс аяқтаңыз: “ Ерте тұрғанмен, ... ”

А) үй іші жылы

Ә) сабаққа кешігіп қалдым

Б) ауа райы суық

В) менің досым бар

Г) әкем сыйлық берді

СОӨЖ: Тұз туралы

Ас тұзы – адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуіне қажетті зат. Ол тағамның дәмін келтірумен бірге ағзадағы су мөлшерін реттеп, асқазан сөлінде тұз қышқылын түзеді. Адам ағзасына күн сайын тамақ арқылы орта есеппен 10-15 грамдай ас тұзы сіңіріледі. Тұзды шамадан тыс пайдалану да зиян келтіруі мүмкін. Жүрек-қан тамырларының кейбір аурулары қабынғанда тамаққа қосатын ас тұзының мөлшерін азайтудың да емдік мәні бар.

Ас тұзы сапасы жағынан экстра, жоғары, бірінші және екінші сорт болып төрт түрге бөлінеді. Әр сорттың ұнтақтап тарту сапасы әр басқа. Ас тұзы тағамның барлық түріне қолданылады, бірақ оны қашан және қалай қолдануын білгеніміз жөн. Мысалы, етке тұзды пісірерден отыз минут бұрын, ал балық сорпасына оның көбігі алынып, көкөніс араластырылған соң қосады. Бұршақ тұқымдастарынан пісірілген тағамдарды олардың дәні жібісімен, көкөністерден жасалған сұйық тағамдарды қайнаған кезде тұздайды. Ет пен балықтан әзірленген жартылай фабрикаттар мен балық, көкөніс тағамдарына тұзды қуырардың алдында, кортопқа қуырылып болды-ау дегенде салған жөн.

Дастарқанға әдетте шағын 45-50 грамм тұз сауыттарын қойған жөн, ал ас үйде сыйымдылығы 500 грамға дейінгі тұз салғыштарды пайдалануға болады. Тұз үнемі құрғақ болып тұруы үшін, оған аздап картоп ұнын қосып қою керек. Ол тұздың дәмін де, түрін де өзгертпейді. Тұз салынған ыдысқа су сорғыш қағаз не бір шымшым күріш салып қойса, тұз дымқылданбайды және түйіршіктенбейді.

Тұзды тағамға ғана емес, сондай-ақ үй шаруашылығының басқа да қажеттеріне пайдалануға болады. Мысалы, шыны ыдыстарды тұзды жылы суға жуып, суық сумен шайса, жалтырап шыға келеді. Тұзды сумен айна және терезе әйнектері жақсы жуылады. Мескей мен табаның күйген түптеріне қалыңдау етіп тұз сеуіп, оның үстіне аздап су құйып араластырып қойса, бірнеше сағаттан соң күйген жері тез кетіп қалады. Егер жібек пен сәтеннен тігілген түсі күңгірт киімді жуғаннан кейін ас тұзы салынған суық суға шайқап алса, ол көпке дейін өңін бермейді. Сарғыш тартқан пердені алдын-ала тұзды суға біраз уақыт салып жуса, бастапқы қалпына келеді.

Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалар:

  • Мәтінді оқып мазмұндап беріңіз

  • Жай сөйлемдерді талдаңыз

  • Құрмалас сөйлемдерді ажыратып, түрлерін айтыңыз

  • Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерді табыңыз

СӨЖ: Йодтың адам ағзасына әсері туралы тұсаукесер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]