- •А.С. Сағымова, м.Н. Жакипова, ә.Ж. Баялиева, г.Ә. Имаханова
- •«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Қайта өңдеу технологиясы», «Биотехнология» мамандықтарына арналған оқу құралы Алматы
- •Басуға ұсынған
- •Жай сөйлемнің құрылысына қарай түрлері
- •Тамақ өнеркәсібі
- •Ірі сүт зауыттары республикамыздың қай қалаларында шоғырланған?
- •Тұрлаулы мүшелер
- •Бастауыштың жасалу жолдары
- •Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
- •Жылқы еті – шипалы тағам
- •Толықтауыш
- •Анықтауыш
- •Пысықтауыш
- •Қазақтың еттен жасалған ұлттық тағамдары.
- •Ұн тарту және жарма өнеркәсібі
- •Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы
- •Макарон өнiмдерi
- •Луи Пастер
- •Бір кесе шай
- •Тағамдық майлар
- •Шарап өнеркәсібі
- •Шампан өндірісі
- •Адам көркі күтімді қажет етеді
- •Себеп бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары:
- •3 Тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.
- •Мақсат бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары:
- •Балық және балық өнімдері
- •Көкөністің өзіндік ерекшеліктері
- •Азық-түлік өнімдерінің қазақша-орысша сөздігі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны:
Жай сөйлемнің құрылысына қарай түрлері
1) Тұрлаулы мүшелерінің қатысына қарай жай сөйлем жақты (личные) және жақсыз (безличные) сөйлем болып бөлінеді.
Бастауышы сөйлем ішінде тұрған немесе баяндауыш арқылы жасырын бастауышын тауып алуға болатын сөйлемді жақты сөйлем дейміз. Мысалы: Қалқаммен жолыға алмадым. Сағындым.
Атау тұлғада тұрған бастауышы жоқ және оны баяндауыш арқылы тауып алуға да болмайтын сөйлемді жақсыз сөйлем дейміз. Мысалы: Істеуге тура келді. Жазушыға көп адамдармен кездесу керек.
2) Тұрлаусыз мүшелерінің қатысына қарай жай сөйлем жайылма (распространенные) және жалаң сөйлем (нераспространенные) болып бөлінеді. Жалаң сөйлем тек тұрлаулы мүшелердің қатысуымен жасалады да, жайылма сөйлемге тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де қатысады.
3) Жай сөйлем құрылымының толықтығына қарай толымды (полные) және толымсыз сөйлем (неполные) болып бөлінеді. Тұрлаулы мүшелері түгел қатысқан, мазмұны толық берілген сөйлемді толымды, ал ойды айтуға тікелей қатысы бар тұрлаулы мүшелердің біреуі кейде екеуі де түсіп қалып айтылған сөйлемді толымсыз сөйлем дейміз.
1-тапсырма. Сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгілерін қойып, айтылу мақсатына, құрылысына қарай талдаңыз.
Абай туралы не білесің Қазақстанның шығысында орналасқан қалаларды атаңыз Кең - байтақ туған елім, мен сені сүйемін Анаң жаңа қаладан келді Алматының қысы қандай әдемі Мен отаныма қызмет етемін Әкең үйде ме Келші, балам, маңдайыңнан бір иіскейін Өнер білім бар жұрттар, тастан сарай салғызды Досы көпті жау алмайды Ол өзі қандай адам Інім отан алдындағы борышын өтеп жүр Емтиханға дайындығың қалай Па, шіркін бұрымы қандай ұзын Алматы қандай әдемі Тәуелсіз Қазақстан Республикасы жасасын Астанам, менің мақтанышым Төрлет, достым Қош келіпсіз
2-тапсырма. Сұқбатты рөлге бөліп оқыңыздар. Тыныс белгілеріне назар аударыңыз. Сұқбатты пайдаланып өз ұлтыңыздың дастарқаны туралы айтып беріңіз.
– Қандай ғажап бөлме!
– Ия, өте әдемі бөлме: түрлі-түсті төсеніштер, кілемдер, дөңгелек үстел, үлкен теледидар, бірақ бірде-бір орындық жоқ.
– Үстел үлкен болғанмен, тым аласа екен.
– Біз жерге отырамыз ба?
– Сіз экзотиканы жақсы көресіз ғой!
– Біз сіздерге қазақтың қонақты қалай қабылдайтынын көрсетейік деп едік.
– Дастарханға келіңіздер. Мынау қазақтардың сыйлы қонақтарына беретін ұлттық тағамы – бесбармақ.
– Мен ол тағамды жегенмін, өте дәмді: жұқа жазылған нан, үйме табақ ет және тұздық.
– Әдет бойынша бұл асты қолмен жеу керек. Қазір ол дәстүрді қарттар ғана ұстайды.
– Бесбармақтан соң сорпа беріледі.
– Сорпаны шай сияқты кесемен ішеді. Оған қатық қосуларыңызға болады.
– Туу! Қандай дәмді тағам, сорпасы да керемет екен!
– Дастарқан түрлі дәмге толы – осының бәрі қазақтың ұлттық тағамдары ма?
– Иә. Мынау – бауырсақ. Бауырсақ – қазақ дастарқанының басты асы. Мыналар – қазы, қарта, талқан, жент, май шелпек, құрт, ірімшік.
– Алматыда түрлі көкөністер, жеміс жидектер өседі, сондықтан қазіргі ұлттық дастарқанда жаңа тағамдар пайда болуда. Мына салаттардан алып отырыңыздар.
–Ал енді сіздерге дәстүр бойынша қымыз ұсынуға рұқсат етіңіздер.
– Керемет, мен бұрын қымызды ішіп көрмеп едім.
– Мен де ішпеп едім, керемет екен!
– Қымыз – денсаулыққа өте пайдалы сусын.
А
стық
–
бидай,
тары, арпа т.б. дәнді дақылдардың жалпы
аты.
База –жиналып қалған қордаланған белгілі бір заттар.
Деңгей –белгілі бір мөлшер, шама.
Жабдық – 1) қажетті құрал-сайман, әбзел, керек-жарақ;
2) іске қажетті нәрсе, бұйым.
Жарма – дәннің майдаланып жарылған түрі, майдасақ.
Қалдық – бір нәрсенің қалған бөлігі, сарқыншағы.
Тамақ – ішіп-жем, тағам
Технология – материалды өңдеу мен дайындау тәсілінің жиынтық аты.
Өнім – 1) егілген дақылдардан алынатын түсім (астық, жеміс-жидек, көкөніс);
2) малшаруашылығынан түсетін пайда, табыс (ет, сүт, жүн);
3) өнеркәсіп орындары өндіретін зат.
Шикзат – өндірілмеген зат
3-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
