Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazyaz_dlya_FPP.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
763.39 Кб
Скачать

Мақсат бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары:

Бағыныңқы

баяндауышы

Тұлғалық белгісі

Сұрағы

Мысалы

Етістіктің әр түрі

-у үшін

Не үшін?

Не етпек болып?

Не (қандай) мақсатпен?

Озат бригадир болу үшін, көп оқу керек

-мақ/-мек

-бақ/-бек

-пақ/-пек

+ болып

Тапсырысты уақытында бітірмек болып,үйден ерте шықтым.

Көрмеге қатыспақ болып, бір ай бұрын дайындала бастадым.

Шартты рай тұлғалы ет-к

+ көмекші етістік деп

Білмегенімді білсем деп, талапты шәкірт тырысар.

Бұйрық рай тұлғалы ет-к

+ көмекші етістік деп

Дәмді торт (алайық деп) алайын деп, фирмалық дүкенге бардым.

Қалау рай тұлғалы ет-к

+ көмекші етістік кел

Мені қолдағысы келіп, достарым алыстан әдейі келіпті.

1-тапсырма. Сөйлемдерді үлгі бойынша мақсат бағыныңқылы сөйлем құрастырып жазыңыз.

Үлгі: Балықтан жасалған тағамдарды жасау үшін, базардан сазан сатып алдым.

Балықтан жасалған тағамдарды жасайын деп, Ардақ дүкеннен дәмдеуіштер сатып алды.

Балықтан жасалған тағамдарды жасамақ болып, Жанар мен Ардақ балық сататын дүкенге келді.

Балықтан жасалған тағамдарды жасау үшін, ... . Дүкеннен тамаққа қосатын дәмдеуіштер алайын деп, ... . Көкөністің адам ағзасына пайдасын білмек болып, ... . Айдана ас үйдегі плита майларын кетіру үшін, ... . Анам бүгінгі келетін қонақтарға дастарқан жасау үшін ... . Жұмыртқаның жарамды не жарамсыз екенін білу үшін, ... . Тәтті тағамдар өндіру үшін, ... .

2-тапсырма. І бағанда берілген сөйлемдердің сыңарын ІІ бағаннан тауып жазыңыз.

І. 1. Шайдың дәмін келтірейін деп, ... . 2. Өзендері мен көлдеріндегі балықтары туралы мағлұматты білу үшін, ... . 3. Балық сорпасын пісірейін деп, ... . 4. Тұздалған майшабақ бастырмасын пісіру үшін, ... . 5. Қазанда пісіп жатқан көкөністер күйіп кетпес үшін, ... . 6. Хош иісі сақталуы үшін, ... . 7. Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін, ... . 8. Қаймақ қалың болу үшін, ... .

ІІ. Сүтті бабымен пісіру керек, қою сүт қостым, оны салқын жерде сақтайды, аздап сорпа қосады, әр түрлі балықтарды тазаладым, шаңырақ энциклопедиясын қолыма алдым, семіз май шабақты біріңғай етке бөледі, ванильді жабық шыны ыдыста сақтайды.

Бойға жұғымдылығы – сіңімділігі, нәрлілігі, қоректілігі

Ж елбезек – балық шаян сияқты суда жүзетін су хайуанаттарының тыныс алатын мүшесі

Өрістейтін – мекендейтін

Уылдырық – балық және басқа да кейбір су жәндіктерінің жұмыртқасы

3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндап беріңіз.

Балық және балық өнімдері

Балық – желбезегімен тыныс алатын су омыртқалылары. Бұлардың Қазақстанда 150-дей түрі бар. Бұлар бекіре, тұқы, майшабақ, алабұға, тұқымдастарына жатады. Қазақстан балығы теңізден өзенге түгелдей және жартылай өрістейтін, сондай-ақ, теңіз балығы болып үшке бөлінеді. Өрістейтін балық теңізден өзенге өтіп, оның бойымен кейде жүздеген шақырым жүзеді, ал, жайылып семіру үшін теңіз қойнауларына кетеді. Бекіре тек Жайық өзенінде ғана кездеседі. Елімізде ауланатын бекіренің 80%ы осында. Жартылай өрістейтін балықтар тұщы суда ұрық шашып, теңіздің суы тұщырақ жеріне қайтып оралады.

Қазақстанда теңіз балығы көбірек, олар сонда өсіп-өнеді. Сондай-ақ республика балығы салқын суда ( форель, нәлім, ускуч) және жылы суда (сазан, тұқы, табан) өсетін балық болып бөлінеді. Кейбір балықтар ұрығын көктем мен жазда, басқа біреулері күз бен қыста шашады. Сазан, мөңке уылдырығын шөпке шашады, ал бекіре ұрық шашар алдында ағысқа қарсы жүздеген шақырым жүзіп, уылдырығын су түбіне жасырады. Балықтардың қоректенуі де түрліше.

Балық еті - дәмділігі мен бойға жұғымдылығы жағынан еттен кем емес, ал сіңімділігі жағынан одан асып түсетін ас. Ет тағамдарына қарағанда балық тағамдары, әсіресе, балық сорпасы сіңімді болғандықтан, оны пайдаланған кезде асқазан шырыны бөлініп шығады. Балық етінің құрамындағы ақуыздың көлемі 15% дан 26 % аралығында болғанда бағалы болып есептеледі. Балықтың ақуызында 20 түрлі амин қышқылы болады. Оның 8-і адам ағзасы үшін өте қажетті зат болып есептеледі. Осы амин қышқылдарының біреуі ағзаға жетіспесе, онда денсаулық бұзылады. Теңіз балықтарының көпшілігінің майында А және Д дәрумендері болады.

Теңіз балықтарын мынадай топтарға бөлуге болады: ашық теңізден ауланатын балық түрлері. Оларға: май шабақтар, сардиндер, килькалар, қамса балықтары (анчоус) албырт тұқымдас балықтар, кете, құныс балықтар (горбуша), кемиек (нерка), чавычы, сима, ақсерке, албырт балықтарының әр түрлері: макрель, скумбрия, ставрида, корифена, тунецтер: семсер балық, марлин, парусник, сайра, акула т.б жатады.

Теңіз балықтарының етінде минералдық заттар тұщы су балықтарына қарағанда көп болады. Сондықтан кейбір балықтардан ерекше йодтық теңіз иісі шығып тұрады. Теңіз балықтарының көпшілігін сауда орындарына тоңазытып жөнелтеді. Тоңазытар алдында балықты ішек- қарнынан тазартады.

  • Қазақстан балығы қалай бөлінеді?

  • Өрістейтін және теңізде жүзетін балық туралы не айта аласыз?

  • Бекіре қай өзенінде кездеседі?

  • Жартылай өрістейтін балықтар қайда ұрық шашады?

  • Теңізде жүзетін балықтар туралы не білесіз?

  • Балық етінің адам ағзасына қандай пайдасы бар?

  • Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.

4-тапсырма. Берілген сөйлемдерді ықшамдап, мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге айналдырыңыз.

Бекіре ұрық шашар алдында ағысқа қарсы жүздеген шақырым жүзіп, уылдырығын су түбіне жасырады. Өрістейтін балық теңізден өзенге өтіп, оның бойымен кейде жүздеген шақырым жүзеді. Балықтар жайылып семіру үшін теңіз қойнауларына кетеді. Теңіз балықтарының етінде минералдық заттар тұщы су балықтарына қарағанда көп болады. Сондықтан кейбір балықтардан ерекше йодтық теңіз иісі шығып тұрады. Теңіз балықтарының көпшілігін сауда орындарына тоңазытып жөнелтіледі. Тоңазытар алдында балықты ішек- қарнынан тазартады.

5-тапсырма. Мәтіннен салалас пен сабақтас сөйлемдерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.

6-тапсырма. Төменде берілген мәтінді оқыңыз. Сіз қандай балықтардың түрлерін білесіз?

Аққайран (язь) тұщы суда өседі. Еті дәмді, азықтық сапасы жоғары. Онда 19% дейін ақуыз бар. Түсі қызғылтым, қылқан сүйегі өте көп. Аққайранды тұздайды, кептіреді, консервілейді.

Ақмарқа (жерех) тұщы суда өседі. Балтық, Қара, Арал, Каспий теңіздерінде тіршілік етеді. Салмағы 2-4 кг ға дейін барады.

Алабұға (окунь) тұщы суда өседі. Қазақстанның барлық өзендері мен көлдерінде кездеседі. Еті жұмсақ, ақ, майсыз, экстрақтивті заттарға бай.

Албырт (лосось) өнеркәсіптік жолмен ауланатын балықтар тобына жатады. Тынық мұхит албырттарына горбуша, кета, нерка, сима, семга, форель, голец балықтары жатады. Бұлардың көбі өзендер мен көлдерде тіршілік етеді.

7-тапсырма. Берілген балық атауларына байланысты сөйлемдер құрастырып, балықтардың аттарын жаттап алыңыз.

Үлгі: Біздің Алакөлде алабұға, ақмарқа, көксерке, табан, мөңке, шабақ балықтар мекен етеді.

Бекіре балықтар(осетровые рыбы), жайын (сом), бақтақ (форель), жылан балық (угорь), көксерке(судак), май шабақ (сельд), таутан (ерш), табан балық (лещ), шортан (щука), шармай (маринка), тұқы (карп), қаяз (усач), нәлім (треска), оңғақ (линь), сылан (нельма), тарақ балық (елец), теңіз мөңкесі (морские караси)

1. Мақсат бағыныңқы сабақтастың сұрағын табыңыз

А) неліктен

В) не мақсатпен

С) неғұрлым

Д) небір

Е) не етсе де

2. Мақсат бағыныңқы сабақтастың сұрағын табыңыз

А) қайтсе

В) не үшін

С) не себепті

Д) қалай

Е) қашан

3. Мақсат бағыныңқы сабақтастың сұрағын табыңыз

А) қашан

В) не етпек болып

С) не етсе де

Д) қайткенмен

Е) қайтіп

4. Қандай сөйлемді мақсат бағыныңқы сөйлем дейміз

А) бағыныңқысы басыңқыдағы істің шартын білдіретін

В) бағыныңқысы басыңқыдағы істің мақсатын білдіретін

С) бағыныңқысы басыңқыдағы істің себебін білдіретін

Д) бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіретін

Е) бағыныңқысы басыңқыдағы істің қалай орындалғанын білдіретін

5. Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мақсатын білдіретін сабақтас қалай аталады

А) себеп бағыныңқы

В) мақсат бағыныңқы

С) қимыл-сын бағыныңқы

Д) қарсылықты бағыныңқы

Е) мезгіл бағыныңқы

СОӨЖ: Жұмыртқа

Жұмыртқа (тауық жұмыртқасы) - дәмді де нәрлі тағам. Қабығы аршылған жұмыртқаның орташа химиялық құрамы: 73,6% судан, 12,8% ақуыздан, майлардан, көмірқышқылдардан, минералдық заттардан, (кальций, фосфор т.б) тұрады. Сонымен бірге жұмыртқаның құрамында тіршілік үшін маңызы зор амин қышқылдарындарының бүкіл жиынтығы да бар.

Жұмыртқаның неғұрлым құнды бөлігі - сары уызы. Ол майлар мен ақуыздарға, көмірқышқылдарға, минералды заттарға ғана емес, сонымен бірге дәрумендерге (А, В, Д, Е, т.б) бай сары уыздың түсі (сарғыш түстен қызғылт-сары түске дейін) құстың жеген жеміне, сондай-ақ тауықтың жұмыртқа салу маусымына байланынысты өзгеріп отырады. Жұмыртқа диеталық тағамға жатады. Оның сары уызы (шикі, шала, және қатты етіп қабығымен пісірілген) жақсы қорытылып, жеңіл сіңеді. Шикі ақуыз нашар қорытылады да, ағзаға сіңуі қиындайды.

Пісірілген жұмыртқа ақуызының сіңімділігі едәуір артады. Сол себепті сырқат әрі әлсіз адамдарға шикі жұмыртқа беруге болмайды. Жұмыртқа ұзақ сақтауға келмейді. Қабығындағы саңылаулардан ауа мен бірге микробтар еніп, оны тез бұзады. Ол құрғақт температурасы 2С тан төмен емес, қоңыр салқын жерде сақталады. Дұрыс сақталмаса (қабығы лас болса, сақталатын орын ылғал тартса) белогы сұйылады да сары уызы қалқып, қатты қабыршағының ішкі жағына жабысып қалады. Сөйтіп жұмыртқа өңезденіп, шіриді. Егер жұмыртқа ұзақ сақталса ақуызы мен сары уызы араласып, дәмі бұзылады. Ол температураның күрт өзгерісіне де шыдамайды. 21С және одан да ыстық температурада ұрық жетіле бастайды да, сары уыздың бетінде сақина тәрізді дөңгеленген қан тамырлары пайда болады. Мұндай жұмыртқадан тағам әзірлеуге болмайды. Жұмырқаның жарамды не жарамсыз екенін білу үшін, оны жоғары жағынан алақанмен жауып тұрып, жанып тұрған шамға тақау керек, сонда ескі жұмыртқа күңгірт тартып тұрады. Ал бұзылған жұмыртқадан мүлде жарық өтпейді. «Жатып қалған» жұмыртқа шайқалады, яғни қолға ұстап қозғағанда ішіндегі белогы мен сары уызы араласып кетеді (мұндай жұмыртқа шайқалған жұмыртқа деп аталады). Бұл - ұзақ сақтағандықтан оның ылғалының біраз бөлігі кеуіп, құрғауының салдары. Әдетте мұндай жұмыртқаның ақуызы мен сары уызы араласып кетеді.

Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалар:

  • Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз

  • Мәтінге жоспар құрыңыз

  • Мәтіндегі сабақтас құрмалас сөйлемдерді талдаңыз

СӨЖ: Балық өнеркәсібі туралы тұсаукесер дайындаңыз.

15-тақырып

Грамматика: Қарсылықты бағыныныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

Лексика: Көкөніс туралы.

Құрамындағы бағыныңқы сыңар мен басыңқы сыңар бір-біріне қарсы мағынада қолданылған сабақтастың түрін қарсылықты бағыныңқылы сабақтас (СПП с уступительными придаточными) құрмалас сөйлем дейміз.

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары

Сұрағы

Жасалу жолы

Мысалы

Қайтсе де?

Не етсе де?

1. Шартты райлы етістікке -да, -де шылауы тіркесінен болады: -са да

-се де

Көкөніс әбден піссе де, жинап алған жоқ.

Қайткенмен?

Не еткенмен?

2. Көмектес септік тұлғасындағы есімшеден болады: -қанмен,-кенмен

-ғанмен,-генмен

Күн жарқырап тұрғанмен, қатты аяз.

Қайте тұра?

Не ете тұра?

3. Көсемше тұлғалы (-а,-е,-й, -ып,-іп,-п) күрделі етістіктен болып, көмекші етістік тұра, тұрып сөзі болады.

Күн жарқырап тұра, қатты аяз.

Палауға сәбізді көбірек қосу керектігін біле тұрып, аз турапты.

Қайткеніне Қарамастан?

4. Шығыс септік тұлғасындағы болымсыз есімше түрінен болады.

Ағзаға пайдалы болуына қарамастан, көп қолдануға болмайды.

Қайткенше?

Не еткенше?

5. –ша/-ше тұлғалы есімшеден болады.

Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл.

1-тапсырма. Берілген сөйлемдерден 5 түрлі жолмен қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасап, оларға әр түрлі басыңқыларын ойлап табыңыз.

Үлгі: 1) Бауырсақ пісірсе де, біз оны жібермедік.

2) Бауырсақ пісіргенімен, дастарханға қойылмай қалды.

3) Бауырсақ пісіре тұра, нан сатып алыпты.

4) Бауырсақ пісіргеніне қарамастан, күтпей кетіп қалды.

5) Бауырсақ пісіргенше, шыдамай кетті.

1. Бауырсақ пісірді. 2. Мен аспаздық бөлімге бардым. 3. Өндіріс орнында аспаздық пештерді жөндетті. 5. Ол өте білімді маман. 6. Мен бүгін сағат жөндетемін. 7. Гүлнараның асханасында жақсы қызмет көрсетіледі. 8.Біздің мамандар қазақ тілін жақсы біледі. 9. Базарда көкөністер қымбат тұрады. 10. Шарынға барағанда көкөністерді көбірек алайық.

2-тапсырма. Берілген сөздерді қатыстырып қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыз.

Сары өрік, апельсин, банан, қауын, қарбыз, барбарис, бүлдірген, құлпынай, таңқурай, шырғанақ (облепиха), алхоры (слива), қызыл шие, қара жидек, қарлыған (крыжовник).

Өсу, күту, бағу, пайдалану, қарау, бұзылу, болу, жүргізу, көрсету, сату, жүрмеу, тастамау, беру, апару, жасау.

Ағза – дене мүшесі

Ақуыз – жан-жануар мен өсімдіктер организмдерінің құрамындағы күрделі органикалық зат.

Құяң – жұлын талшықтарына суық тиюден пайда болатын бел ауруы, радикулит.

Мәзір – дастарқандағы, асханадағы тағамдардың жиынтық көрінісі.

3-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]