Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazyaz_dlya_FPP.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
763.39 Кб
Скачать

3 Тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.

Карамель өнімдері

Тәтті тағам өндірісі тамақ өнеркәсіптерінің құрамында ежелден елеулі орын алады. Тәтті тағамдардың тағамдық құндылығы және сіңімділігі өте жоғары, хош иісті және өте дәмді болады. Осы көрсеткіштер тек тәтті тағам бұймымдарына тән.Тәтті тағамдар өндіру үшін қолданатын шикізаттар: қант, крахмал сірнесі, бал, әр түрлі жеміс дайындықтары, ұн, сүт және сүт өнімдері, жұмыртқа, майлар, кофе, какао өнімдері, жаңғақ дәні, хош иістендіруші заттар.

Тәтті тағам өнімдері негізгі екі топқа бөлінеді: қантты және ұнды. Осы топтарда даяр өнімдердің бірнеше түрлері құрайды. Қантты өнімдерге халуа, карамель, кәмпиттер, ирис, шоколад, какао-ұнтақ, мармелад, пастиланы жатқызса, ұнды тәтті өнімдер – печенье, пряниктер, крекер, вафли, кекстер, торттар жатады.

Біздің елде өндірілетін тәтті тағамдар ассортименті өте жоғары дамыған. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты жаңа тәтті тағамдар өнімдері өндіріле бастады. Мысалы, өндірісте ағым бойынша үздіксіз технологиялық үрдістер енгізілді: карамель шырынын дайындау, қантты қамырын үздіксіз илеу, қажетті қысымда пастилді массаларды үздіксіз бұлғау, шоколад массасын ағым бойынша дайындау және т.б. Яғни, тәтті тағамдарды өндірудің негізгі үрдістері алдыңғы қатарлы технология және техникалар қолданған. Осының нәтижесінде тәтті тағамдардың ассортименті кеңіді және сапасы жақсарды. Даяр өнімдердің биологиялық құндылығын арттыру үшін, ақуыз, дәрумендер және әдетте қолданбаған шикізаттар пайдалануда.

Карамель – қатты консистенциялы, толығымен карамель массасынан немесе карамель массасы мен салмадан жасалған кондитер өнімдері. Карамель массасының ылғалдылығы төмен (1-3%), толығымен көмірсудан тұрады, сондықтан энергетикалық құндылығы қантпен бірдей. 100 г карамельдін калориялығы 370-440 ккал құрайды.

Карамель (фран. caramel) – хош иістендіргіштер, бояғыштар қосып қант пен сірнеден дайындалынған қатты конфет түрі; кондитер өнімдерін бояуға арналған күйдірілген қант. Кондитер фабрикаларында карамелдік конфеттер алу үшін құмшекер, сірне және суды араластыру арқылы карамель шарбатын алады да, оны қайнату қазандарында қайнатып қою шырын етіп вакуумды орам түтікті қайнату аппараттарында өңдеп, карамель массасын алады. Оның құрамындағы құрғақ заттардың мөлшері 90% -дан асады. Осы карамель массасы суытылып, хош иіс, бояу беретін заттармен араластырылып, созғыланылып, карамель батонына айналдырылып, арасына салма салынып, арнаулы кесу машиналарына пішінделініп, суытылады да, қағаздарға оралады. Карамель конфеттерінің аттары оларға салынатын салмалардың түріне байланысты болады. Кондитер фабрикаларында карамель конфеттерін шығаруға арналған көптеген желілер бар.

Карамель өндірісінің шикізаты қант, сірне, жаңғақ, шоколад, сүт, майлар, бал, шарап, тағамдық қышқылдар, эссенциялар, бояғыштар болып табылады. Салмасы бар карамель өндірісі келесі операциялардан тұрады: карамель массасы мен салманы дайындау, салманы карамель массасының ішіне енгізу, карамельді қалыптау, суыту, бетін қорғап өндеу, дайын өнімдерді орау. Мұз карамельді карамель массасын білем түрінде басу арқылы алады.

Карамель өндіру – карамельдің мұздақты, салмалы жеміс-жидекті, балды, далапты, ликерлі, сүтті, жаңғақты, шоколадты, салқындатқыш, (бұлғанған) болады. Құмшекер өндіріске әкелінгеннен соң еленіп, бөгде қоспалардан тазаланып, араластырғышқа түседі. Осы араластырғышқа құмшекерден басқа сірне мен су мөлшерленіп төгіледі.

Рецептура мен дайындау әдісіне қарай карамель мұз карамель, салмалы, сүтті, жұмсақ, дәруменделген, емдік болады. Карамель массасын өңдеу тәсіліне қарай созылмаған, созылмалы, сызықты болады. Салма мөлшері мен орналасуына қарай бір немесе екі салмалы, карамель массасымен қатпарланған карамель болады.

Мұз карамельді тек карамель массасынан дайындайды. Батон, цилиндр түрінде оралған (Дюшес, Театральная, Барбарис); фигуралы таяқшамен немесе таяқшасыз (Фигурная, Петушки және т.б. ашық, орамасыз өте майда өнімдер түрінде (Монпасье, Цветной горошек және т.б.) шығарады.

  • Тәтті тағамдарды өндіру үшін қандай шикізаттар қолданады?

  • Карамель өндірудің қандай түрлері бар?

  • Тәтті тағамдар өндіру үшін қандай шикізаттар қолданады?

  • Карамель өндірісі қандай операциялардан тұрады?

  • Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.

4-тапсырма. Сөйлемдерді тәртіп бойынша орналастырыңыз.

1. биологиялық құндылығын өнімдердің арттыру үшін және қолданбаған шикізаттар пайдалануда. 2. Даяр ақуыз, дәрумендер әдетте. болады созылмалы, тәсіліне массасын. 3. Карамель сызықты өңдеу қарай созылмаған көптеген желілер. 4. Кондитер бар фабрикаларында карамель конфеттерін арналған шығаруға. 5. Өндірісі карамель бар келесі салмасы тұрады операциялардан. 6. Тәтті тағамдардың тағамдық құндылығы және сіңімділігі өте жоғары болады. су басқа құмшекерден сірне мен төгіледі мөлшерленіп. 7. тек карамель мұз карамельді дайындайды массасынан. 8. құрғақ заттардың оның 90% -дан асады құрамындағы мөлшері.

5-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлем құрастырыңыз.

Карамель, тағам, қант, май-балауыз, салмағы, салма, желелі, иістендіргіштер, тәтті, өндіру, өнімдер, қоспа, жеміс-жидек, салма, хош, қатты, сүтті

6-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, көршіңізбен сұқбат құрастырыңыз.

Тәтті тағамдар өндіру үшін

Карамель массасының ылғалдылығы

Карамель өндіру

Салмасы бар карамель

Мұз карамельді

Кондитер фабрикаларында

Карамель массасын өңдеу тәсіліне қарай

Кондитер фабрикаларында

Карамелдік конфеттер алу үшін

1.Себеп бағыныңқылы сабақтастың аудармасын табыңыз: “Так как последнего урока не было, мы пошли в библиотеку”

А) Көктем келіп, күн жылынды

Ә) Соңғы сабақ болмағандықтан, біз кітапханаға бардық

Б) Әкесі қатыгез болғанмен, шешесі өте мейірімді адам еді

В) Мен келгенше, сен ешқайда кетпе

Г) Баласы жақсы оқысын деп, әкесі көп оқулық әкеліп берді

2. Себеп бағыныңқылы сабақтастың аудармасын табыңыз: “Так как у меня не было времени, я не пошла в гости”

А) Ол кеткелі, біз оны көрмедік

Ә) Уақытым болмағандықтан, қонаққа бармадым

Б) Ел сүйсінетіндей етіп, ол керемет ән салды

В) Сен көмектессең, біз жұмысты тез бітіреміз

Г) Дала салқын болғанмен, үй іші жылы

3. Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз

А) Сабақ аяқталған соң, біз үйге қайттық

Ә) Жұмысқа тез жету үшін, мен таксиге отырдым

Б) Асан ауырып қалағандықтан, біз онымен кездесе алмадық

В) Жұмыс бітпей, ешкім үйге қайтпайды

Г) Ерте тұрғанмен, ол сабаққа кешігіп қалды

4. Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз

А) Ол бұрын бізде болғанмен, бүгін үйімізді әрең тапты

Ә) Ол үйімізге алғаш рет келгендіктен, өзін ыңғайсыз сезініп отыр

Б) Ол бұрын бізде болмаған соң, жолда адасып кетіпті

В) Ол бізде бұрын болмаса да, бүгін басқаларға жол көрсетті

Г) Ол бізді жақсы танымаған соң, қонаққа келмеді

5. Сабақтас құрмаластың түрін ажыратыңыз: “Дүкенге барайын деп, автобусқа отырдым”

А) қимыл бағыныңқылы

Ә) мақсат бағыныңқылы

Б) себеп бағыныңқылы

В) салдар бағыныңқылы

Г) сын бағыныңқылы

СОӨЖ: Карамельдің сапасына қойылатын талаптар

Салмасы бар карамель оның массасынан жасалған қабағы мен салмадан тұрады. Карамельді салма түріне байланысты топтайды: жеміс-жидек салмалы – үгілген жемістер мен жидектерді қантпен және басқа қоспалармен қайнату арқылы алынады (Яблоко, Лимончики, Пуншевая, Светофор және т.б.). Сонымен қатар, желелі салмамен жеміс-жидек езбесін қосып алынған желе мармеладына ұқсас, шоколад салмамен (какао өнімдері қосылған), жүгері салмамен (қант, май, какао ұнтағы қосылған жүгері ұнын қуырып алады) және т.б. түрлері өндіріледі. Сүтті карамельді қант-сірне сиробын сүтпен қайнатып алынған сүтті карамель массасынан жасайды. Оларға Буратино, Молочная, Му-Му, Сказка карамелдері жатады.

Оралған карамельде берік боялған суретті зат белгісі болу керек. Өнім беті құрғақ, жарылмаған, салма іздерсіз, пішіні- дұрыс, түсі – біртекті, бір түсті немесе көп түсті, дәмі мен ароматы – айқын білінетін, атына сәйкес, бөтен дәм мен иіссіз болу керек.

Карамельде ауыр металл тұздарының мөлшері шектеледі, ал жеміс-жидек салмалы өнімдерде күкіртті қышқыл мөлшері шектеледі. Ақаулары: бөтен дәм мен иіс, бетіндегі дақтар, жарылу, жабысқақтық, деформация, сұрлануы.

Карамельді әртүрлі ыдыстарға буып-түйеді. Карамель оралған және ашық, өлшеп, буып түйілген, өлшенетін және дара түрде шығарылады. Ашық карамельді оның ылғалдануын болдырмайтын ыдыстарға: қаңылтыр, қағаз немесе картон банкілер, ішіне полимер үлдірлер төселген қораптар мен жәшіктер, полимерлі материалдан жасалған пакеттер мен банкілерге салады.

Қорғап өңделген ашық карамельді, оралған және өлшеп буып- түйілген карамельді ағаш, фанерлі жәшіктерге немесе гофрирленген картон жәшіктерге карамель түріне байланысты 5-22 кг-нан салады.

Карамельді тауарлық көршілестікті қадағалай отырып 180С дейін температурада 75% салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтайды. Сақтау мерзімі – 6 ай. Сүтті, ликерлі, араластырылған, майлы-қантты салмамен оралған карамельді – 3 айға дейін, қосыдысы бар және желе, жаңғақ, ликер салмалы карамельді – 2 ай сақтауға болады.

Сақтау кезінде карамельдің бұзылуы ылғалдануымен тууы мүмкін, бұл кезде түйірлер, жабысқақтық пайда болады; карамель пішінін жоғалтып ағып кетуі мүмкін. Майы бар салмалы карамельдерде май ашуы нәтижесінде жағымсыз дәмі пайда болуы, шоколадпен глазурьленген карамель бетінде май немесе қант тұнуы мүмкін.

Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалар:

  • Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіз

  • Мәтінге жоспар құрыңыз

  • Берілген мәтіннен себеп бағыныңқылы және мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыз

СӨЖ: Карамель өнімдері тақырыбына тұсаукесер дайындаңыз

14- тақырып

Грамматика: Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

Лексика: Балық және балық өнімдері.

Құрамындағы бағыныңқы сыңар басыңқыда айтылған ойдың мақсатын білдіретін сабақтастың түрін мақсат бағыныңқылы сабақтас (СПП с придаточным цели) құрмалас сөйлем дейміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]