Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazyaz_dlya_FPP.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
763.39 Кб
Скачать

Себеп бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары:

Бағыныңқы

баяндауышы

Тұлғалық белгісі

Сұрағы

Мысалы

Есімше

-ған/-ген/-қан+дықтан

-кен+діктен

неліктен?

неге?

не себепті?

Карамель өнімдерін жақсы білгендіктен, мен бұл іске бірден кірісіп кеттім.

-ған/-ген+ себепті

-қан/-кен+ себепті

Шайға арналған торт болмаған себепті, мәмпәси сатып алуға тура келді.

-ған соң, -ген соң

-қан соң, -кен соң

Жоспарды орындап болған соң, барлығының көңілі орнына түсті.

Көсемше

-ма+й, -ме+й

-ба+й, -бе+й

-па+й, -пе+й

Ол өзін тоқтата алмай, көк шайды іше берді.

1-тапсырма. Берілген сөйлемдердің бағыныңқы сыңарларын ойластырып жазыңыз.

Бояғыштарды қостық. Тортқа қаймақ қосты. Тауға гүл теруге бардық. Дәрілік шөптерді пайдаландым. Барбарис сатып алдым. Балықтан сорпа пісірді. Қазақстанның тамақ өнеркәсібі жақсы дамиды. Қауіп-қатерлер азайды. Мемлекет басшысының тапсырмалары орындалды. Түркістанға саяхатқа бардық. Әлем спортшыларының назарын аударды. Тамақ өнеркәсіп саласын дамыту қолға алынып отыр. Кәсіпкер сапалы тауар өндіруге мүдделі.

2-тапсырма. Берілген сөйлемдердің түрлерін анықтаңыз.

Шартты бағыныңқылы (а)

Қарсылықты бағыныңқылы (ә)

Себеп бағыныңқылы (б)

Мезгіл бағыныңқылы (в)

Қимыл- сын бағыныңқылы (г)

Мақсат бағыныңқылы (ғ)

а

ә

б

в

г

ғ

1

Ол жұмыстан келген соң, біден тамақ пісіруге кірісті.

+

2

Тұрмыс жақсы болу үшін көп еңбек ету керек.

3

Бұндай тағамды бұрын ішіп көрмеген сөң, таңдана қарайды.

4

Кісі қалай жүрсе, көлеңке солай жүреді.

5

Сіз тоя тамақтанып алғанша, біз сөйлесе тұрайық.

6

Палау пісірмек болып, сәбізді турай бастады.

7

Шаршап келгендіктен, тамақ ішпей жатып қалды.

8

Анасына айтпай, базардан көкөніс сатып алды.

9

Інім оянып кетес үшін, тоңазытқышты ақырын аштым.

10

Көріп қойса, ұят болады.

К арамель – (фран. caramel) – хош иістендіргіштер, бояғыштар қосып қант пен сірнеден дайындалынған қатты конфет түрі

Құндылығы – қымбаттылық, бағалылық,маңыздылық, мәнділік

Сіңімділік – бойға жақсы тарайтындық, жұғымдылық

Қышқыл – 1) құрамында сутегі бар металдармен қосыла алатын, қышқыл

дәмді химиялық қоспа.

2) ашқылтым, кермек дәмді

Сапа – белгілі бір заттың, құбылыстың, басқа бір заттар мен құбылыстардан айырылатын ерекше бір қасиеті.

Салма – карамелдің ішіне салынған қоспа.

Хош иісті – аңқыған жұпар иіс

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]