Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazyaz_dlya_FPP.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
763.39 Кб
Скачать

Адам көркі күтімді қажет етеді

Адамзат атаулының бәрі көрікті. Бұл даусыз ақиқат. Табиғат берген сұлулықты күте білу қажет. Егер ол күтіміңіз жайлы кеңес алғыңыз келсе, онда «Үркер косметик» фирмасына барыңыз. «Үркер косметик» фирмасы Алматыда жұмыс істейді. Ол шашты, бетті, денені күтуге қажетті кремдер, иіссабындар, сұйықсабындар, опа мен далаптар шығарады. Фирмада сізді білікті косметолог-дәрігер қабылдайды. Ол сізге әрбір кремнің, сұйықсабынның немесе иіссудың ерекшеліктерін түсіндіреді. Маманның кеңесінен кейін сізге өзіңізге қажетті крем немесе иіссабын таңдап алу қиындық келтірмейді. Фирманың ішінде сауда дүкені бар, одан сіз өзіңізге ұнаған кремді сатып аласыз. Бағасы да қымбат емес. Сауда дүкенінде кремдер мен далаптардың, сұйықсабындар мен иіссулардың түрлері өте көп. Сіз өзіңізге қажетін таңдайсыз. Мәселен, «Үркер косметик» фирмасы лимон шырынынан, женьшень тамырынан жасалған кремдерді ұсынады. Бал тұнбасынан жасалған кремдер әйелдерге өте пайдалы. Ол тері клеткаларын жаңғыртады, көздің айналасындағы ұсақ әжімдерді кетіреді. Фирма шығаратын өнімдер өсімдік қоспаларынан жасалады. Олар экологиялық жағынан таза шикізаттан, Іле алатауының қойнауларында өсетін дәрілік шөптер мен өсімдіктердің тамырларынан, жапырақтарынан әзірленеді. Өсімдіктер мұқият зерттеледі, егер олар жарамсыз болса, косметикалық заттар жасауға пайдаланылмайды. «Үркер косметик» фирмасының өнімдері арзан, әрі ол сіздің күн сайын көрікті сұлу болуыңызға көмектеседі.

  • Табиғат берген сұлулықты қалай күту керек?

  • «Үркер косметик» фирмасы қайда орналасқан?

  • Ол фирма нелер шығарады?

  • Қандай кремдерді ұсынады?

  • Кремдер нелерден жасалған?

  • Косметологқа барудың пайдасы бар ма?

4-тапсырма. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.

Табиғат берген сұлулықты күте білу қажет. Егер ол күтіміңіз жайлы кеңес алғыңыз келсе, онда «Үркер косметик» фирмасына барыңыз. «Үркер косметик» фирмасы Алматыда жұмыс істейді. Ол шашты, бетті, денені күтуге қажетті кремдер, иіссабындар, сұйықсабындар, опа мен далаптар шығарады. Фирмада сізді білікті косметолог-дәрігер қабылдайды. Фирманың ішінде сауда дүкені бар. Одан сіз өзіңізге ұнаған кремді сатып аласыз.

5-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз.

1. Сіз бет-ажарыңыздың күтіміне көңіл ... ? 2. Заман ... ... сәнді киінген дұрыс. 3. Қазір шетелдік сабындар мен ... , ... .... түрлері көп. 4. Олардың кейбірі сіздің ... қолайлы болмауы мүмкін. 5. Егер сізге шетелдік ... немесе ... ұамаса, онда шашыңызды шөп тұнбаларымен жууға болады. 6. Шөптердің қоспасы ... әрлендіреді, қайызғақты ... . 7. Шашты апта сайын ... ... . 8. Дүкенде сатылатын шетелдік ... сақтықпен пайдаланған ... . 9. Аптасына бір ... бетіңізге масссаж және булау ... ... . 10. Түкті сүлгімен бетіңізді ... және майлы крем ... .

6-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыз.

Көрікті, сұлулықты сақтау, косметолог-дәрігер, құрғақ шаш, майлы бет, ұзын шаш, жаңа үлгілер, сәнді киім, Қазақстанда жасалған.

7-тапсырма. Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер мен фразеологиялық сөз тіркестерін тауып жазыңыз.

1.Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтасты сұрақтарын табыңыз

А) Қалай?

Ә) Неше?

Б) Неге?

В) Не етіп?

Г) Немен?

2. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтасты толықтырыңыз: «Піскен етке қуырылған қиярды қосып,...»

А) салат жасауға болады

Ә) үйге бардым

Б) сабағыма дайындалдым

В) көрдің бе

Г) көрші

3. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтастың аудармасын табыңыз: “Олар су ішіп, шөлдерін қандырды”

А) Они искупавшись в речке, почувствовали себя бодро

Ә) Выпив воды, они утолили жажду

Б) Промокнув под дождем, они решили пойти домой

В) Пока не выпью воды, не смогу утолить жажду

Г) Вода была холодной, поэтому мы не стали купаться

4. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтастың аудармасын табыңыз: “Далада қатты аяз тұрғандай, ол қалың киініп алыпты”

А) На улице был сильный мороз, поэтому он оделся тепло

Ә) Он оделся так тепло, словно на улице был сильный мороз

Б) Мы оделись тепло, так как на улице был сильный мороз

В) На улице был сильный мороз, поэтому он остался дома

Г) На улице было тепло, поэтому он оделся легко

3. Қимыл-сын бағыныңқы баяндауышының жасалу жолын көрсетіңіз

А) ғанмен, генмен

В) -са,-се

С) а,-е,-й

Д) -у үшін

Е) -ғанда,-генде

СОӨЖ: Гарнир

Гарнирді әр түрлі жармалардан, көкөністерден, маринадталған және тұздалған т.б тағамдық азық-түліктерден әзірлеуге болады. Гарнирмен бірге негізгі тағамның құрамына қосылатын өнімдердің бәрі дәмділік жағынан да үйлесуі тиіс. Картопты ет, балық тағамдарына салған жөн. Негізгі азық-түлік пен картоп гарнирін қатар берудің кең таралған түріне мыналар жатады: қайнатып пісірген балық пен қайнатып пісірген картоп, қуырылған балық пен қуырылған картоп, қуырдақ үшін жіңішкелеп кесіліп, қуырылған картоп, пісірілген тілге, қуырылған сосискаға картоп пюресін берген жақсы. Картоп пюресімен пісірілген картопты үй құстары етінен әзірленген тағамдарға да қосуға болады. Қырыққабатты қаз етінен, мал етінен әзірленген тағамдарға қосып береді, гүлді капустаны тауық, балапан етіне, жасыл бұршақты котлетке, етке, тілге қосып береді. Шампиньондарды құс етіне, қуырылған қызанақты кәуапқа қосып берген жақсы. Ет тағамдарына май немесе томат қатқан макарон гарнирлер беріледі. Әр түрлі көкөністердің қоспасына да гарнирлер дайындайды. Мысалы қуырылған картоп, жасыл бұршақ және сәбіз қоспасынан дайындалған гарнирді ет тағамдарына қосып жейді.

Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалар:

  • Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

  • Термин сөздерді тауып, мағынасын түсіндіріңіз

  • Мәтінді пайдаланып, қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құмалас сөйлемдер құрастырыңыз

  • Құрастырған сөйлемдеріңізге синтаксистік талдау жасаңыз

СӨЖ: Косметика өнімдері туралы тұсаукесер жасаңыз

13-тақырып

Грамматика: Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер

Лексика: Карамель өнімдері

Құрамындағы бағыныңқы сыңар басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрін себеп бағыныңқылы сабақтас (СПП с придаточными причины) құрмалас сөйлем дейміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]