Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazyaz_dlya_FPP.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
763.39 Кб
Скачать

Шампан өндірісі

Совет шампаныкөпіршікті шараптар ішінде ең кең тараған түрі.

Шампан өндірісі тұмшаланған жабық резервуарда, не бөтелкеде (шөлмекте) екінші рет ашытылып, көмірқышқыл газымен қанықтырылған көпіршікті жүзім шарабы. Шампан шарабын бөтелкеде дайындау үшін дайындалған арнаулы шарапты есептелген мөлшерде ликер қосып араластырылады. Оны беріктігі жоғары арнаулы бөтелкелерге құяды да, бөтелкелердің аузын тығынмен мықтап тығындайды. Ары қарай бөтелкелерді ауыз жағымен төмен қаратып қойып 3 жыл бойы жертөледе (12, 14°С) сақтайды. 3-4 айдан соң бөтелкедегі қоспа сұйық ашиды. 3 жылдан соң бөтелке тығыны және оған жиналған тұнба алынып тасталады. Шараптың түсі мөлдірленеді. Бұдан кейін шарапқа тағы да белгілі бір мөлшерде ликер құйып, бөтелке аузын жаңа тығынмен тығындайды да, тығын сыртын сыммен орап бекітеді. Дайын шарап тағы да бір ай сақталады да, сауда орнына жіберіледі.

Шампан шарабындағы көмірқышқыл газы асқазан сөлінің бөлініп шығуына себепші болады, ас қорыту үрдісін жақсартады және адамның асқа тәбетін арттырады.

Шараптағы канттың мөлшеріне байланысты: аса құрғақ (қанты 1,5% ), құрғақ (қанты 3%), жартылай кұрғақ (қанты 5%), жартылай тәтті (қанты 8%), тәтті (канты 10%) түрлері шығарылады. Шампан шарап материалдары арнайы сортты жүзімдерден алынған жас асханалық шараптар болып табылады. Оларға шардоне, совиньон, силванер, рислинг, кабарне шараптары жатады.

Өндіру әдісі мен мерзіміне байланысты Совет шампаны жай және бабына келтірілген болып бөленеді.

Қант мөлшері бойынша (г/100 мл) жай Совет шампанын келесі типтерге бөледі: Брют(0,3), ең кұрғақ{0,8-1,3), құрғақ (3-3,5), жартылай құрғақ (5,0-5,5). Тұрғызылған совет шампанын Брют, өте құрғақ, құрғақ және жартылай құрғақ деп бөледі. Барлық типті шампандарда спирт мөлшері 10,5-12,5% болады.

  • Шарап өнеркәсіп өнімдерін атаңыз

  • Шараптарды қалай сақтайды?

  • Көпіршікті шараптар дегенді қалай түсінесіз?

  • Шараптағы канттың мөлшеріне байланысты түрлерін атаңыз.

4-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын айтып беріңіз.

5-тапсырма. Сөйлемдердің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін табыңыз.

1. Совет шампаны— көпіршікті шараптар ішінде ең көп тараған түрі. 2. Шампан өндірісі ашық бөтелкеде екінші рет ашытылады. 3. Шампан өндірісі көмірқышқыл газымен қанықтырылған көпіршікті жүзім шарабы. 4. 3жылдан соң бөтелке тығыны және оған жиналған тұнба алынады. 5. Шараптың түсі мөлдірленеді. 6. Дайын шарап тағы он ай сақталады да, сауда орнына жіберіледі. 7. Өндіру әдісі мен тұрғызу мерзіміне байланысты Совет шампаны жай және бабына келтірілген болып бөленеді.

6-тапсырма. Берілген сөйлемдерді толықтыыңыз.

1. Қаланың тамақ дүкендерін аралағанда, ... . 2. Мен «Бахус зауытына барған кезде, ... . 3. Оқытушы дәрісханаға кірген шақта, ... . 4. Халуа зауытына жаңа басшы келгелі, ... . 5. Емтихандарды тапсырып болғаннан соң, ... . 6. Жұмысшылар шарап жасау технологиясын үйреніп келгелі, ... . 7. Зығыр өндіретін кәсіпорын құрылғалы, ... 8. Дүкенде шұжық бұйымдары сатылғанша, ... . 9. Көктем жақындаған сайын, ... . 10. Қаламызда сүт зауыты жұмыс істегелі, ... . 11. Мен үйге жеткенше, ... .

7-тапсырма. Мына айтылған жайттармен келісесіз бе әлде келіспейсіз бе?

келіспеймін келісемін

1 . Совет шампаныкөпіршікті шараптар ішінде

ең кең тараған түрі.

2 . Шарап өнімдерін халық тұтынбайды.

3 . Көшпелілер мәдениетінде тамақ өнеркәсібі болған.

4 . Совет шампаны жай және бабына келтірілген

болып бөленеді..

5 . Коньяктар біртекті, маркалы және коллекциялық

болып бөлінеді.

6 . Жүзім шараптарын езіндісі бар немесе езіндісіз

жүзімді ашыту арқылы алады.

1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтасты дұрыс толықтырыңыз: “...., құстар жылы жаққа ұшып кетеді”

А) Көктем келгенше

Ә) Күз болғанда

Б) Жаңбыр жауғандықтан

В) Кітап оқып

Г) Олар адамдар еститіндей

2. Мезгіл бағыныңқылы сабақтасты дұрыс толықтырыңыз: “...., концерт әлі басталмапты

А) Күз болғанда

Ә) Біз театрға келгенде

Б) Есікті біреу тақылдатты

В) Сұрақтарға жауап беру үшін

Г) Тауға шығып

3. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз

А) Ғалия қалаға оқуға түскендіктен, жолдастарын көрген жоқ.

Ә) Ғалия қалаға оқуға түскеннен бері, жолдастарын көрген жоқ.

Б) Ғалия қалаға оқуға түссе де, жолдастарын көрген жоқ.

В) Ғалия қалаға оқуға түсу үшін, жолдастарын көрген жоқ.

Г) Ғалия қалаға оқуға түсіп, жолдастарын көрген жоқ.

4. Мезгіл бағыныңқылы сабақтасты дұрыс толықтырыңыз: “...., екі жыл болды”

А) Күз түсіп

Ә) Ол шетелге кеткелі

Б) Сұрақтарға жауап берсең

В) Күн жылынды

Г) Кеш түсіп

5. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз

А) Ерте тұрғанмен, ол сабаққа кешігіп қалды

Ә) Сабақ аяқталған соң, біз үйге қайттық

Б) Жұмысқа тез жету үшін, мен таксиге отырдым

В) Жұмыс бітпей, ешкім үйге қайтпайды

Г) Асан ауырып қалағандықтан, біз онымен кездесе алмады

СОӨЖ:Табиғи шырындардың пайдалы қасиеттері

Жеміс-жидек және көкөніс шырындарында нәрлі заттар көп және олар адам ағзасына оңай сіңеді. Тамақта дәрумендер тапшы болатын көктем мен қыс айларында жеміс пен көкөніс шырындары өте бағалы тағам болып табылады. Шырынның құрамында жас өнімнің қасиеттері толық сақталады. Олардың кейбіреулері қант қосудың нәтижесінде айтарлықтай жақсарады.

Өнеркәсіптік жолмен шығарылатын араластырылған және қойтылған шырындар жоғары тағамдық маңыздылылығымен және жақсы дәмдік қасиеттерімен ерекшеленеді.

Су. Түріне қарай әрбір шырынның құрамына 50-ден 70%-ға дейін су қосылады, сондықтан да барлық шырындар төмен калориялы.

Көміртектер: фруктоза, глюкоза, сахароза, полисахаридтер және басқалар, барынша маңызды қоректік заттар болып табылады және адам ағзасының қызметінде маңызды роль атқарады.

Шырындардың құрамындағы фруктоза глюкоза мен сахарозаға қарағанда көбірек, сондықтан бұлшық еттер мен ішкі органдардың қалыптасуы мен өсуіне, бауыр клеткалары үшін өте пайдалы. Фруктозасы көп көкөністер мен жемістер ағзадағы майдың алмасуын реттейді.

Органикалық қышқылдар барлық жемістер мен көкөністерде бар. Алма, алмұрт, айва, шие, өрік, қызанақтар алма қышқылына бай. Өз кезегінде, мүкжидек, қарақат, бүлдірген және цитрустар – лимон қышқылында. Шарап қышқылы жүзімде және қызыл қарақатта бар. Мүкжидек пен шие салицил қышқылының көзі болып табылады. Органикалық қышқылдар ас қорыту процесіне белсене қатысады және ыстық түсіруші, қабынуға қарсы, сондай-ақ бактерияға қарсы әсер етеді.

Дәрумендер. Көкөніс және жеміс шырындары – бұл әрбір шырында бар дәрумендердің негізгі тасымалдаушылары. Ағза дәрумендерді өз бетімен шығара алмайтын болғандықтан, біз оларды үнемі сырттан алып отыруымыз керек. Ағзадағы дәрумендерді үнемі толықтырып отыру мүмкіндігімен бізді күнделікті көкөніс және жеміс шырындарын ішіп отыру қамтамасыз етеді.

Минералды заттар. Көкөніс және жеміс шырындары минерал заттарға бай, сондай-ақ біздің ағзамызға өте қажетті аминқышқылдарының, минерал тұздардың, ферменттер мен дәрумендердің көзі болып табылады. Шырынның белгілі бір түрін ғана ішумен шектелмеу керек. Жеміс шырындарының ағзаны тазартатынын, ал көкөніс шырындарының оны қалпына келтіретінін ұмытпау керек. Кейбір жемістер мен көкөністерді құрамында лимонен секілді қатерлі ісікке қарсы заттар бар.

Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалар:

  • Мәтінді оқып мазмұнын айтып беріңіз

  • Әр бөліміне сұрақ қойыңыз

  • Мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып, талдаңыз

  • Мәтінді пайдаланып, мезгіл бағыныңқылы сабақтас құмалас сөйлемдер құрастырыңыз

СӨЖ: Сусын зауыттары туралы тұсаукесер дайындаңыз.

12- тақырып

Грамматика: Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.

Лексика: Адам көркі күтімді қажет етеді.

Бағыныңқысы басыңқыдағы істің, амалдың қалай орындалғанын білдіретін сабақтастың түрін қимыл-сын (амал) бағыныңқылы сабақтас (СПП с придаточными образа действия) құрмалас сөйлем дейміз.

Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары

Бағыныңқы

баяндауышы

Тұлғалық белгісі

Сұрағы

Мысалы

Көсемше

-ып, -іп,

-п;

қалай?

қайтіп?

Жемістің түрлерін қосып, салаттың жаңа түрін ойлап тапты.

-а, -е, -й;

қалай?

қайтіп?

Ежелгі әдістерді негізге ала отыра, ұлттық тағамдарды көбірек әзірлеуге болады.

Есімше

-атын+дай

- етін+дей

-йтын+дай

-йтін+дей

қалай?

Бәрі еститіндей, қатты сөйледі.

Есетті енді еш уақытта көрмейтіндей, Асан онымен қайта-қайта қоштасты.

-қан+дай

-кен+дей

-ған+дай

-ген+дей

қалай?

Қызыл бұрышты көргендей, аң-таң болды.

Ойына әлдене түскендей, алдындағы сорпасын төгіп ала жаздады.

1-тапсырма. Сөйлемдердің орысша аудармасын келесі бағаннан табыңыз.

Олар су ішіп, шөлерін басты

Он говорил так громко, чтобы люди могли слышать его.

Ол адамдар еститіндер, қатты сөйледі.

Работа закончилась до того, как пришел Марат

Марат келмей, жұмыс бітті

Салтанат была дома, как будто знала

Салтанат менің келетінімді білгендей, үйде екен

Выпив воды, они утолили жажду

2-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз.

1. Фирма шөптердің тамырларын қосып, ... . 2. Мейрамхананың мәзіріне қарап, ... . 3. Юля Диманың келетінін білгендей, ... . 4. Мен косметологқа барып, ... . 5.Тамақ өнеркәсібінің мамандарын даярлайтынын біліп, ... . 6. Көк шайдың пайдасын білгендей, ... . 7. Хош иісті гүлдердің әдемілігін біліп, ... . 8. Газдалған сусындардың адам ағзасына қаншалықты зиян екенін біле, ... .

Әжім – адамның денесіне, бетіне түскен қатпар сызық

Косметика – 1. бет ауызды денені, гигиенаны сақтай отырып, әдемілеу,

өңдеу

2. бет ауызды, денені әдемілеп, өңдеуге керекті заттар

Крем – бетке, теріге өң беретін, оларды жұмсартатын косметикалық майлы зат

Опа – қыз келіншектер бетіне жағатынмайда, жұмсақ иісті ақ ұнтақ

Тұнба – тұндыруға қойылған сұйық заттың түбіне түскен қойыртпағы, шөгінді

3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]