- •А.С. Сағымова, м.Н. Жакипова, ә.Ж. Баялиева, г.Ә. Имаханова
- •«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Қайта өңдеу технологиясы», «Биотехнология» мамандықтарына арналған оқу құралы Алматы
- •Басуға ұсынған
- •Жай сөйлемнің құрылысына қарай түрлері
- •Тамақ өнеркәсібі
- •Ірі сүт зауыттары республикамыздың қай қалаларында шоғырланған?
- •Тұрлаулы мүшелер
- •Бастауыштың жасалу жолдары
- •Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
- •Жылқы еті – шипалы тағам
- •Толықтауыш
- •Анықтауыш
- •Пысықтауыш
- •Қазақтың еттен жасалған ұлттық тағамдары.
- •Ұн тарту және жарма өнеркәсібі
- •Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы
- •Макарон өнiмдерi
- •Луи Пастер
- •Бір кесе шай
- •Тағамдық майлар
- •Шарап өнеркәсібі
- •Шампан өндірісі
- •Адам көркі күтімді қажет етеді
- •Себеп бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары:
- •3 Тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.
- •Мақсат бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары:
- •Балық және балық өнімдері
- •Көкөністің өзіндік ерекшеліктері
- •Азық-түлік өнімдерінің қазақша-орысша сөздігі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны:
Тағамдық майлар
Қай ұлттың тағамдарын алсақ та майсыз жасалмайды. Себебі, май барлық заттардың негізгі нәрі, ең негізгі құнары. Майлар жоғары калориялы тамақ өнімдері болып табылады. Майлар жылу бөлумен қатар маңызды физиологиялық мәнге ие, сондықтан одан адам ағзасына қажетті май қышқылдарын, дәрумендер, фосфатидтер және басқа заттар алады. Майларды адам ағзасы жеткіліксіз мөлшерде қабылдаса, суық пен инфекциялық ауруларға қарсы тұру қабілеті төмендейді.
Майлар тамақ өнімдерін аспаздық өңдеуде маңызды орын алады. Көптеген майлар ыдырамай, жанып кетпей қызудың өте жоғары температурасын ұстап тұрады, хош иісті және бояғыш заттарды жақсы ерітеді. Осыған байланысты дәмді, хош иісті және сыртқы түрі әдемі тағамдар алуға болады.
Май ең күшті энергия көзі. Химиялық құрамы бойынша май молекулалары жай қосылыстарға бөліне алатын күрделі зат. Майдың ашуы – майды сақтау кезінде біршама бөлігі глициринге және майлы қышқылдарға айналады, ал майлы қышқылдар ауадағы оттегімен тотығып нашар иісті қосылыстар түзейді. Мұндай ыдырауды майдың ашуы деп атайды. Май күн көзі сәулелерінің әсерімен де ашиды.
Шығу тегі бойынша майлар өсімдік майлары, жануар майлары және құрама майлар болып бөлінеді.
Маргарин
Маргарин жоғары сапалы тағам майларына сүт, тұз, қант т.б қоспалар қосып дайындалатын өнім. Маргарин өндірісінің шикізаттарына өсімдік майлары, қорытылған жануар майлары, сүт, сары май, май бояғыштары, тұз, қант, дәрумендер, эмульгаторлар жатады. Калориялық жағынан маргариндер сары майдан кем емес. Маргарин құрамында 82 пайызға дейін май және 17 пайызға дейін су болуы мүмкін. Калориялылығы 100 г- 640 ккал.
Маргарин өндіруде негізгі шикізат болып май массасы есептелінеді. Маргарин дәмі мен иісі жөнінен кілегей майына жақын келеді. Сіңімділігі жағынан олар ұқсас.
Маргарин майдың негізіне: жоғары сортты жануарлар майы, теңіз балықтары мен жануарлардың майлары, өсімдік майлары, кілегей майы, жасанды және табиғи майлар кіреді.
Маргаринге сары түс беру үшін, кілегейлі майдың түсіне тұтынатын бояғыштар қосылады. Ал боялмаған маргарин ақ түсті болады.
Маргарин шығарылуына қарай жоғары және бірінші сорттарға бөлінеді. Қасиетіне байланысты маргариндер «Кілегейлі», «Сүті», «Эра», «Жаңа», «Сүтсіз», «Күнді» деген бірнеше топтарға бөлінеді.
Маргарин асханалық, бутербродтық және өндірістік өңдеуге арналған болып үш топқа бөлінеді.
Майдан адам ағзасына қандай пайдасы бар?
Шығу тегіне қарай майлар неше топқа бөлінеді?
Маргарин неден дайындалады?
Маргариндер өндірісінің шикізаттарын атаңыз?
Маргаринге сары түс беру үшін не қосады?
Маргариннің қандай түрлерін білесіз?
5-тапсырма. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.
Майлар жоғары калориялы ... ... болып табылады. Одан адам ағзасына қажетті ... ... ... және басқа заттар алады. ... тамақ өнімдерін аспаздық өңдеуде ... орын алады. Калориялық жағынан ... сары майдан кем емес. Маргаринге сары түс беру үшін, ... ... түсіне тұтынатын бояғыштар қосылады. Май күн көзі ... әсерімен де ашиды. Маргарин асханалық, бутербродтық және ... ... ... болып үш топқа бөлінеді. Бутербродтар дайындау үшін майлылығы ... ... маргарин пайдаланады.
6-тапсырма. Мәтін бойынша жоспар құрып, жоспарға сүйеніп өз түсінгеніңізді айтып беріңіз.
7-тапсырма. Мәтінді пайдаланып, талғаулы салалас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыз, синтаксистік талдау жасаңыз.
8-тапсырма. Берілген фразеологиялық сөздердің орысша баламасын табыңыз.
І. Майдай еру
Майдай жағу
Майлы ішектей
Май шелпек
Майын тамызу
Мақтамен бауыздау
Малтасын езу
Отқа май құю
ІІ. Растаять, как масло, приходить в умиление
Быть приятным как масло , как маслом по сердцу
Выворачивать, как жирную кишку, без мыла лезть в душу
Тонкая лепешка, теплое местечко
Выжимать масло, говорить как по писаному
Разминать остатки курта, чесать языком
Подливать масла в огонь
1. Талғаулықты жалғаулықты табыңыз
a) Солай бола тұрса да
ә) Біресе
б) Мейлі
в) Сондықтан
г) Әйтпесе
2. Талғаулы салаласты табыңыз
a) Әуежайдың дәмханасында кездессек жақсы болар еді
ә) Көкөніс базарынан алмұрт, алма және пияз ала кел
б) Мейрамханаларда әр елдің ұлттық тағамдары әзірленеді
в) Спортшылар қонақ үйдегі дәмханадан түстенді.
г) Қойдың етін әкел, болмаса тауықтың етін әкел
3.Талғаулы салалас сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулықтар қайсысы
a) Үшін, сайын, тәрізді
ә) Бірақ, алайда, дегенмен
б) Бірде, біресе, кейде
в) Мен, әрі, де
г) Я, яки, болмаса
4) Жай сөйлемдерінде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана орындалатынын білдіретін салалас түрі
а) Ыңғайлас салалас
ә) Қарсылықты салалас
б) Себеп-салдар салалас
в) Кезектес салалас
г) Талғаулы салалас
5. Мына сөйлем салаластың қай түріне жатады «Мерекелік кешке не манты пісіреміз, немесе түшпара дайындаймыз»
а) Ыңғайлас салалас
ә) Қарсылықты салалас
б) Себеп-салдар салалас
в) Кезектес салалас
г) Талғаулы салалас
СОӨЖ: Тамақ әзірлеуге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар
Тамақ пісіретін кезде санитарлық-гигиеналық ережелерді мұқият сақтау талап етіледі. Ас пісіруге кірісер алдында және жұмыс үстінде қолды мұқият жуып, басты жеңіл орамалмен байлап алған жөн. Жұмыс киімі таза болуы керек. Ас үй және асхана ыдыстарын жууға ерекше көңіл бөлу керек: олар сабынмен не арнаулы ұнтақпен жуылады. Көп жағдайда ішек-қарын аурулары мен астан улану азық-түліктің сапасыздығынан ғана емес, сонымен бірге ас үйдің, асханадағы ыдыс-аяқтың ластығынан, ас пісірушінің салақтығынан болуы мүмкін.
Азық-түлікті алдын-ала мұқият әзірлейді. Шикі ет тоңазытқышта немесе жерқоймада сақталуы тиіс. Жаңа сойылған малдың етіне микроб тез түседі, сондықтан оны басқа азық-түлікпен, әсіресе піскен тағаммен бірге қоюға болмайды. Шикі етті өңдеуге қолданылатын пышақ, тақтайды ыстық сумен мұқият жуу қажет. Сондай-ақ, шикі етті ұстағаннан кейін қолды жумай басқа тағам ұстауға болмайды. Шикі етті өңдеуге арнайы пышақ пен тақтай бөліп қойған дұрыс. Ет пен балық фаршында микроб тез өсіп, көбейеді. Сондықтан фаршты тамақ пісірерде дайындаған жөн. Еттен дайындалған тағамның барлығы да жақсылап қуырылуы тиіс. Бұрын пісіріліп қойылған ет тағамдарын қайта қыздырарда қайнату немесе екінші рет қуыру қажет. Әр түрлі көкөністер мен жемістерді таза суға қайта қайта жуу керек. Жаңа пісірілген тағамды бұрын даярланған тағамман немесе шикі тағаммен араластыруға болмайды. Сүттің бетін ашық тастамай, таза қағазбен немесе дәкемен жауып қояды. Ыстық тағамның бетін таза дәкемен немесе орамалмен, суыған соң қақпақпен жабады.
Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалар:
Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз
Мәтінге жоспар құрыңыз
Мәтінді пайдаланып талғаулы салалас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыз.
Күнделікті санитарлық-гигиеналық жағдайларды қалай ұстанасыз?
СӨЖ: «Өсімдік майлары» тақырыбына тұсаукесер дайындаңыз.
10-тақырып
Грамматика: Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Лексика: Шарап өнеркәсібі
Құрамындағы жай сөйлемнің біреуінің, көбіне, алғашқысының баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысқан құрмаластың түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Сабақтас құрмалас сөйлем бағыныңқы және басыңқы жай сөйлемдерден құралады. Мысалы: Анам келгенде – (бағыныңқы сыңар) Келіндері мен немерелері тосып отырды – (басыңқы сыңар).
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі істің шарты болып келетін сабақтастың түрін шартты бағыныңқылы сабақтас (СПП с придаточными условия) құрмалас сөйлем дейміз.
Шартты бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары №1 кесте
Сұрағы |
Жасалу жолы |
Мысалы |
қайтсе? не етсе? |
1. Етістігі шартты рай түрінде -са,-се |
Егін ексең, табысқа жетесің. |
қайтпей? не етпей? |
2. - й жұрнақты көсемше -ма,-ме,-ба,-бе + й, -па,-пе |
Жүзім екпей, шарап жасай алмайсың.
|
қайтпейінше? не етпейінше? |
3.Көсемше негізінде жұрнақ арқылы: -майынша,-мейінше- пайынша, - пейінше |
Өнімді заразсыздандырмайынша, сапасын жоғарылата алмайсың. |
кайткенде? не еткенде? |
4. Есімше: - ғанда – қанда, - кенде - генде |
Тамақ әзірлегенде, гигиеналық талаптарды сақтау керек.
|
1-тапсырма. Жоғарыда берілген кестені пайдаланып, шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге он сөйлем құрастырыңыз.
Үлгі: Жүзімді спиртпен ашытса, шарап жасалады
Жүзімді спиртпен ашытпай, шарап жасалмайды
Жүзімді спиртпен ашытқанда, шарап жасалады
Жүзімді спиртпен ашытпайынша, шарап жасалмайды
2-тапсырма. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.
І) 1. Мен аспаз болсам, ... . 2. Банктен несие алсаң, ... . 3. Маркетинг саясатын жақсы жүргізсең, ... . 4. Тамақты дәмді пісірсе, ... . 5. Мейрамханада жұмыс бітсе, ... . 6. Ақшаң болса, ... . 7. Жеке мейрамханамды ашсам, ... . 8. Өндіріс дамымаса, ... . 9. Сіз жеке фирмада жұмыс істесеңіз, ... . 10. Уақытында тамақтанбасаң, ... .
Асханалық – асханаға арналған, соған тән
Ауытқу – бір бағытта тұра алмаушылық, өзгермелілік
Гидраттау – химиялық жолмен өзіне су қосылудан болатын зат
Гидролиз – тұздарды химиялық жолмен судан ажырату
Еріткіш – сұйық күйге айналдырғыш, жібіткіш, балқытқыш
Езінді – бір нәрсенің езілген, сұйылған күйі, ерітінді
Купаждау – араластыру
Күшейтілген – үдей түсу, қатаю, шиеленісу
Көпіршік – судың т.б сұйық заттардың бетіндегі көбігі
Сусло – 1. сығынды жүзім шырыны
2. сыра ашытқысы
Шарап – қышқыл дәмді, түр түсі әр түрлі ішімдік
Ұқсату – шаруаны орнына келтіріп, тап-тұйнақтай ету, келістіру, тындыру
Хлороформ – құрамында хлоры баререкше иісті, ұйықтататын, түссіз органикалық зат
3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.
