- •А.С. Сағымова, м.Н. Жакипова, ә.Ж. Баялиева, г.Ә. Имаханова
- •«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Қайта өңдеу технологиясы», «Биотехнология» мамандықтарына арналған оқу құралы Алматы
- •Басуға ұсынған
- •Жай сөйлемнің құрылысына қарай түрлері
- •Тамақ өнеркәсібі
- •Ірі сүт зауыттары республикамыздың қай қалаларында шоғырланған?
- •Тұрлаулы мүшелер
- •Бастауыштың жасалу жолдары
- •Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
- •Жылқы еті – шипалы тағам
- •Толықтауыш
- •Анықтауыш
- •Пысықтауыш
- •Қазақтың еттен жасалған ұлттық тағамдары.
- •Ұн тарту және жарма өнеркәсібі
- •Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы
- •Макарон өнiмдерi
- •Луи Пастер
- •Бір кесе шай
- •Тағамдық майлар
- •Шарап өнеркәсібі
- •Шампан өндірісі
- •Адам көркі күтімді қажет етеді
- •Себеп бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары:
- •3 Тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.
- •Мақсат бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары:
- •Балық және балық өнімдері
- •Көкөністің өзіндік ерекшеліктері
- •Азық-түлік өнімдерінің қазақша-орысша сөздігі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны:
Бір кесе шай
Біздің бір кесе шай үстіндегі алғашқы әңгімеміз Алматы шай қаттау фабрикасында еңбек ететін, зертхана меңгерушісі, инженер-титестер Дана Байтаматовамен болған еді.
- Алдымен инженер-титестер деген кім екенін түсіндіріңізші?
- Титестер дегеніміз – дегустатор. Біздің жұмысымыз онша қиын емес. Дүниежүзіндегі шай дәмін байқаушылардың барлығының атқаратын жұмысы біреу-ақ: үш грамм шай алады да, оны жиырма грамм суға қайнатып, дәмін татады. Бар жұмысы осы...
- Шынымен осы ақ па? Онда мен титестер міндетін атқара алатын болдым ғой?
- Әрине, егер сіз тағам дәмін тапжылтпай тани алсаңыз, айтылған сөздер мен оқиғаларды ғана емес, дүние жүзіндегі жүздеген, тіпті мыңдаған сорты өндірілетін әр түрлі шайдың иісі мен дәмін зердеңізде сақтай алатын болсаңыз, несі бар, өзіңізді титестермін дей беріңіз. Сізге түсінікті болу үшін, әрбір титестер татқан шайының дәмін есте сақтауға міндетті. Біздің жұмысымыз туралы тұңғыш агроном-шай өсірушілердің бірі былай деген еді: «Бұл кісілер тыныш кабинеттерде отырып, тілдерінің ұшымен-ақ толып жатқан миллион сомдық қыруар шай түрлердің тағдырын шешеді. Титестерлер шай өндіру ісіндегі басты адамдар». Небір шай сынақшылары бар. Мысалы атақты краснодарлық Алексей Скорик жаңа шайды байқап көріп, оның қашан, қай жерде жиналғанын айтып бере алады.
- Сонда сіз керемет титестер дегенді қалай түсінесіз?
- Оған қойылатын талаптар да ұлан-ғайыр. Ең алдымен ол – талант иесі. Бастысы – ғажайып нәзіктік пен дем ала білушілігінде. Керемет титестер ғұмыр бойы өз жұмысының қандай екенін есінде сақтау керек. Ол басқа адамдар сияқты шылым шегіп, ащы тағам жей алмайды. Бұл, сөз жоқ, сезімталдық қабілетін кеміткен болар еді. Нағыз титестердің үйінде иіс су да, жұпар иісті сабын да, қуырылған, сүрленген тағамдар иісі шықпауы керек. Сүт, салма, жаңа ғана ауланған балықтың сорпасы, қозы мен бұзау етінен пісірілген, картоп қосылған ас қана – титестердің тұрақты тағамдары. Титестер жұмыртқа ғана қуырып жей алады. Ал енді мұндай маманның тұмау ауыруына шалдығуы кәсіпорын үшін апатпен тең. Англиядағы басты фирмалардың өздерінің шай жөніндегі атақты мамандарын, олардың иіс сезу мүшелерін миллиондаған сомаға қауіпсіздендіріп қояды екен.
- Шайдың отаны туралы айтсаңыз?
- Кофенің отаны Африка, какаонікі Америка болған сияқты, шайдың отаны Азия. Бізге жеткен тарихи деректерге қарағанда, шай Қытайда VІІ-Х ғасырларда дақыл қатарына қосылған.
- Шайдың денсаулыққа қандай пайдасы бар?
- А. Цуцунава мен Е. Мгалошвилидің еңбектерінен үзінді келтірейін: «Кісіні семіртпейтін, жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтетін, қан қысымын төмендетіп, адамды сергітетін, бой жаздыратын, дәрумендері мол, жоғары колориялы жұғымды көк шай тұнбасы жүрек тамыр ауруларын, қан тасу және атеросклероз сырқатын емдеуге көп көмегін тигізеді».
- Шайдың зиянды қасиеттері де бар деп естідік. Ол өңін өзгертеді, ұйқы қашырады, бас айналу және басқа да қауіпті дерттерге шалдықтырады деушілер де бар емес пе?
- Ешбір қисыны жоқ алып қашпа сөздерге Вильям Полебкин: «Шай. Оның түрлері. Қасиеті. Пайдалануы» деген кітабында қызықты түсініктемелер береді. Л. Толстой «... тіпті онсыз жұмыс істей алмағандықтан мен шайды көп ішуге тиісті болдым, жүрегімнің терең түпкірінде бұғып жатқан мүмкіндіктер шай арқылы ғана босанып шығады», – деген екен.
- Әңгімеңізге көп рақмет! (Е.Н. Гусляров«Бір кесе шай»)
Журналист кімнен сұқбат алды?
Инженер- титестер деген кім?
Титестерге қандай талаптар қойылады?
Шайдың адам ағзасына қандай пайдасы бар?
Шай туралы ұлы адамдар не айтқан?
4-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.
5-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара әңгімелесіңіз
- Алдымен инженер- титестер деген кім екенін түсіндіріңізші?
- ... ... .
- ... ... ?
- Егер... , онда атқара аласыз.
- Шайдың отаны туралы айтсаңыз?
- ...
- Шайдың денсаулыққа қандай пайдасы бар?
- ... .
- Шайдың қандай түрлерін білесіз?
- Мен шайдың ... білемін.
- Қандай шай ішкенді қалайсыз?
- Мен ... ұнатамын.
6-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз
1. Шай дәмін ... барлығының атқаратын жұмысы бірдей. 2. Титестерлер ... ... алады да, оны жиырма грамм суға ... , ... татады. 3. Әрбір ... татқан шайының дәмін ... міндетті. 4. Бұл кісілер ... ... толып жатқан миллион сомдық қыруар шай түрлердің ... шешеді. 5. Керемет ... ғұмыр бойы өз ... қандай екенін есінде сақтау керек. 6. Мұндай ... тұмау ауыруына шалдығуы кәсіпорын үшін ... тең. 7. Шай Қытайда ... ... дақыл қатарына қосылған. 8. Көк шай жүрек тамыр ауруларын, қан тасу ... емдеуге көп ... тигізеді.
7-тапсырма. . Мәтіннің мазмұны бойынша түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыз
1. Түсіндірмелі салалас сөйлемді табыңыз.
А) Ерте бармағандықтан, үлгере алмадыңдар
В) Сендерге айтары: жақсы оқыңдар
С) Тез жолығып кет
Д) Бірталай жер жүргендіктен, шаршап қалдым
Е) Кеше ол сөйлеп еді, бүгін мынау сөйледі
2. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемнің сыңарлары қандай жалғаулықтар арқылы байланысады?
А) Бірақ, алайда, дегенмен
В) Өйткені, сондықтан, себебі
С) Және, әрі, да
Д) Жалғаулығы жоқ
Е) Кейде, біресе, бірде
3. Түсіндірмелі салалас құрмаласты табыңыз
А) Ол бірде су ішеді, бірде шырын ішеді
В) Үлкендер төрде отыр, жастар босағада отыр
С) Жел қатты тұрды, бірақ жаңбыр жаумады
Д) Ол еңбекқор еді
Е) Риза болғаны соншалық – бетімнен сүйе берді
4. Түсіндірмелі салалас құрмаласты табыңыз
А) Маған олар я жетер, я жетпес еді
В) Құмды жазық даланың шетіне ілінген жолушылар ұзақ тұрып қалды
С) Ауа райы бұлыңғыр болғандықтан, бөлме іші қараңғы тартып тұрды
Д) Ауа райы түзелді: орақ басталды
Е) Оны бірде мұз айдынында көрсек, бірде би залында көрдік
5. Түсіндірмелі салалас сөйлемді көрсетіңіз
А) Біреуі – Тараздан келген Жомарт, екіншісі – жергілікті ақын Әсет
В) Баласы әдемі болып өсті
С) Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра
Д) Жақсылығын ұмытпайсың ғой
Е) Ол қақпаға кіре бергенде байқады: үйге алыстан тағы біреулер келіпті.
СОӨЖ: Ескірмейтін ежелгі сусын.
Шай – өзі аттас тұқымдасқа жататын өсімдік туысы. Шайдың жабайы өсетін екі түрі бар. Бірінші түрі – Ассам шайы. Шайдың бұл түріне цейлон шайы да жатады. Ассам шайы – биіктігі он-он бес метр биіктікте өсетін мәңгі жасыл ағаш. Жабайы түрі Үндістанда, Ассам ормандарында өседі.
Шайдың екінші түрі тропикалық аймақтарда өсіріледі. Оның қытай және жапон шайы деген екі тармағы бар. Қытай шайы – Оңтүстік-Шығыс Азияның таулы аймақтарында өсетін, биіктігі үш метр мәңгі жасыл бұта. Жапон шайы – қалың бұтақты, онша биік емес бұта. Шайдың білік тамыры екі үш метр тереңдікке кетеді. Гүлі хош иісті, ақ не қызғылт. Шай жүз жылдан артық тіршілік етеді. Он жылдан жетпіс жылға дейін жақсы жеміс береді.
Адамдар бағзы заманнан бері шай ішіп келеді. Осы бір ғажап сусын туралы алғашқы деректерді біздің заманымыздан бұрынғы дәуірден-ақ кездестіруге болады. Оның тарихының ең кереметі – шайдан біздің күні бүгінге дейін күпті болмай келе жатқанымызда болса керек. Тіпті жерімей былай тұрсын, шай-жиырма бірінші ғасырдың ең кең тараған сусыны саналады. Бірақ, шайды сонау ерте заманнан ішіп келе жатсақ та, оның денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін біле бермейміз.
Шайдың құрамында кофеин, теобромин, эфир майы, дәрумендер, (Р, С, В, В1, В2, РР) пигмент т.б заттар болады. Шай шөл басады, көздің көруін жақсартады, нерв жүйесіне жақсы әсер етеді, қан тамырларын кеңейтеді, адамның еңбек қабілеттілігін, бүйрек қызметін, ой қызметін арттырады.
Шай тұнбасы –ең алдымен Р витамин дәрісі, сондықтан ал ағзаның С дәруменін жақсы сіңіруге қолайлы жағдай жасайды. Кісіні семіртпейтін, жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтіп, қан қысымын төмендетіп, адамды сергітетін дәрумендері мол әсіресе көк шай тұнбасы адам ағзасына көп көмегін тигізеді.
Шай – ғажайып сусын. Аптапта ішсең- денеңді салқындатады, аязда ішсең – бойыңды жылытады. Асқазан жарақатымен сырқаттанған адамға көк шай ішуге кеңес беруге болады. Ал, тіс дәрігерлері өзбек оқушыларының түгел дерлік тіс ауруының не екенін білмейтінін байқаған. Олар да өңге балалар сияқты конфет пен да тәтті тағамдарды құмартып жейді. Зерттей келгенде бұл көк шайдың пайдасы екені анықталды. Оның құрамында тіс эмалінің бұзылуына жол бермейтін фторлы заттар бар екен. Бұл соңғы кездерде ашылған жаңалықтардың біреуі ғана. Шай бактерияларды да өлтіре алады. Ол сүзек, дизентерия сияқты аса қауіпті бактерияларды да жояды.
Өнеркәсіп пен транспорт газына толы Лондон қаласында 100 жастан асқан 665 адам өмір сүретінін көрсетіп отыр. Бұл ұзақ жасаған адамдар өздерінің жылына 4,5 килограмға дейін шай ішетіндіктерін айтқан.
Осы бір қуатты сусынды асықпай отырып ішсеңіз, өзіңізді өмірдің сиқын келтіретін кемшіліктерге қарсы белдесе алатындай сезінесіз, сондықтан шай ішіңіздер дер едім.
Мәтін бойынша орындалатын тасырмалар:
Мәтінге жоспар құрыңыз.
Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.
Мәтін бойынша сұқбат құрыңыз
Мәтіннен түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді тауып, синтаксистік талдау жасаңыз.
СӨЖ: «Шай туралы аңыздар», «Шай тарихы», «Шай қайнатудың өзіндік тәсілдері», «Самаурын туралы», «Қандай шайды қалайсыз?», «Шаймен берілетін тәтті тоқаштар мен дәмді тағамдар» тақырыптарын таңдап алып, тұсаукесер дайындаңыз.
9-тақырып
Грамматика: Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
Лексика: Тағамдық майлар
Құрамындағы жай сөйлемдердің тек біреуіндегі ғана іс-оқиғаның орындалатынын (немесе орындалмайтынын) білдіретін салаластың түрін талғаулы салалас (ССП с выборочными отношениями) құрмалас сөйлем дейміз. Талғаулы салалас құрмалас сөйлем не, немесе, я, яки, болмаса, әйтпесе, не болмаса, я болмаса, әлде деген шылаулары арқылы жасалады. Олар әр сыңарының құрамында қайталанып та, не қайталанбай, бір-ақ рет те келе береді. Сыңарларының арасына үтір қойылады. Мысалы: Мерекелік кешке не манты пісіреміз, немесе түшпара дайындаймыз.
1-тапсырма. Берілген сөйлемдердің толықтырыңыз.
1. Қазақтың ұлттық тағамдары жылқы етінен жасалады, немесе ... . 2. Шикі ет тоңазытқышта немесе жертөледе сақталуы тиіс. 3. Май күн көзі сәулелерінің әсерімен де ашиды, я болмаса ... 4. Көкөністерден жасалған салаттарға майонез қосқан дұрыс, не ... . 5. «Шайға арналған» тортқа асханалық маргарин қосады, әйтпесе ... . 6. Майлар тамақ өнімдерін аспаздық өңдеуде маңызды орын алады, ... 7. Ас үй ыдыстары арнаулы ұнтақпен жуылады, немесе ... . 8. Пісірілген ет тағамдарын табаға қыздыру керек, болмаса ... . 9. Түшпараның құрамына не қойдың майын қосады, не болмаса ... .
2-тапсырма. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемдерді тауып, тұрлаулы мүшелерін табыңыз.
1. Ертең мен дүкенге не базарға барамын. 2. Ертең не мен базарға барамын, не сіңлім дүкенге барады. 3. Біз еттен не балықтан тамақ пісіреміз. 4. Асханада ыстық тамақтан біріншіге кеспе көже алыңыз, я болмаса екіншіге қуырдақ алыңыз. 5. Қолыңызға қасық я болмаса шанышқы алыңыз. 6. Ол алманы не өзі жемейді, не жемісті маған бермейді. 7. Сен алманы жейсің бе, әлде алмұртты жейсің бе? 8. Бүгін біз оларды кешкі асқа шақырамыз, не болмаса олар бізді қонаққа шақырады.
3-тапсырма. Берілген сөйлемдердің түрлерін анықтаңыз.
Ыңғайластық (а)
Қарсылықты (ә)
Себеп салдар (б)
Кезектес (в)
Талғаулы (г)
Түсіндірмелі (ғ)
|
|
а |
ә |
б |
в |
г |
ғ |
1 |
Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым. |
|
+ |
|
|
|
|
2 |
Келген екеу еді: бірі агроном, екіншісі инженер. |
|
|
|
|
|
|
3 |
Қарны ашады, дегенмен тамақ ішуге ұялады. |
|
|
|
|
|
|
4 |
Бүгін жолға шыға алмаймыз, өйткені кеше қар қалың жауған еді. |
|
|
|
|
|
|
5 |
Сәбит мейрамханадан шығып еді, денесі сергіп сала берді. |
|
|
|
|
|
|
6 |
Мерекелік дастарханға құс етін қойдым, әрі қой етін астым. |
|
|
|
|
|
|
7 |
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер. |
|
|
|
|
|
|
8 |
Бұл тағамды жасауды біреу біледі, біреу білмейді. |
|
|
|
|
|
|
9 |
Жанар шай жеуге ұмтылып еді, баласы кесесіне жармаса кетті. |
|
|
|
|
|
|
10 |
Күн сайын тағамның әр түрін пісіреді, бірақ ешкім оған таңданбады. |
|
|
|
|
|
|
Ашу – ашыту.
Калория – қуаттылық, қоректілік.
Кілегей – шикі сүттің бетінде пайда болатын майлы қабат, әр алуан сұйық заттың бетінде пайда болатын майлы қабаты.
Қорытылған – еріген, ыстық отта еріген.
Май – 1. жан-жануарлардың денесіне жиналған, суда ерімейтін,органикалық табиғи зат. 2. малдың сүтінен алынған жоғары сапалы тағам, 3. өсімдіктерден алынатын жоғары сапалы тамақ
Маргарин – сары май мен өсімдік майынан жасалған өнім.
Нәр – қорек, ас боларлық талшық май.
Тотығу – химиялық элемент пен оттегі қоспасы.
Ыдырау – жан-жаққа тарқау, бөліну, жарылу.
4-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
