Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazyaz_dlya_FPP.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
763.39 Кб
Скачать

Луи Пастер

Дүниеде ұлы тұлғалар бар. Олар бүкіл адамзатқа ортақ. Осындай ұлы тұлғалардың қатарына Луи Пастер де жатады. Бүкіл адамзат оған бас иеді.

Луи Пастер 1822 жылы 27 желтоқсан күні Францияның Доль қаласында дүниеге келген. Ол ерте жасынан өзінің асқан дарындығын байқатады. Туған қаласында бастауыш мектепті бітірген соң, ол Безансон қаласының училищесіне оқуға түседі. Осында химия пәнін сүйіп, оған ерекше көңіл бөле бастайды. 20 жасқа толған кезінде Парижге барып, сондағы мұғалімдер және ғалымдар дайындайтын жоғары оқу орнына оқуға түседі. Студент кезінен біржолата ғылым жолын таңдайды.

1847 оқуын бітіріп, химик Антуан-Жером Балалардың қарамағында жұмыс істейді. 1848 жылы ақпан айында Парижде Людвик-Филиппке қарсы револяция бұрқ ете түскенде, ол ұлттық гвардия қатарында осы революцияға қатысады. Көп кешікпей Пастер өзінің зертханасына қайтып оралады да, асқан жігермен ғылыми жұмысқа кіріседі. Ол өзінің бірінші қадамынан-ақ химияда айтарлықтай жаңалық ашты. Бұрын ғалымдар жүзім қышқылын химиялық қоспа деп санап келген. Пастер өзінің зерттеулерінде жүзім қышқылы біркелкі емес, ол екі қышқылдың қоспасы екенін дәлелдеп береді. Пастердің бұл жұмысы химия ғылымы үшін нағыз жаңалық болды. Осы бірінші зерттеуі-ақ оған «батыл, жаңашыл ғалым» деген атақ әкеледі. 1854 жылы Лилль қаласына ауысып, сондағы жаңа ашылған университеттің профессоры әрі деканы болып тағайындалады. Осында оның ғылыми жұмысында жаңа дәуір басталады. Ғалым химиядан микробиологияға ауысып, ашу процесін зерттеумен айналысады. Көп ұзамай ашу процессінде ашытқы мен микробтардың маңызылығын ашады.

Пастер өз тәжірибелерінде спирттік ашу бүтіндей ашытқының тіршілік әрекетіне байланысты екенін көрсетеді. Ашытқы қантты ажыратады, соның салдарынан спирт пайда болады.

Бұдан кейін Пастер ұйыған сүттің және майлы қышқылдың ашу микробтарын табады. Майлы қышқылдардың ашу процесін зерттеу кезінде ол тағы да бір жаңалыққа тап болады, осы ашу процесінің микробтары ауасыз өмір сүре алатынын көрсетеді. Ондай микробтарды «нанэроб» деп атайды. Бұдан кейін Пастер шараптың, сыраның және сүттің дертін зерттей бастайды. Ол өзінің зерттеулерінде егер шарапта басқа бөтен микробтар немесе ашытқының өзге түрлері бар болса, онда шараптың бұзылатынын анықтайды. Сондықтан да ол шарапты бұзылудан сақтау үшін жаңа «пастеризация» деген әдісті ұсынады. Онда ол шарапты 60 градус ыстықтан асырмай бірнеше минут жылытып, одан кейін шарабы бар ыдыстың ішіне ауа кіргізбеу үшін оның аузын дереу тығындау керек деген шешімге келеді.

  • Луи Пастер деген кім?

  • Ол қашан және қайда дүниеге келді?

  • Оның алғашқы ашқан жаңалығы қандай еді?

  • Ол тағы қандай жаңалықтар ашты?

  • Пастеризация әдісін қалай түсінесіз?

  • Пастердің ашқан жаңалықтары біз үшін маңызды ма? Пікіріңізді айтыңыз.

4-тапсырма. Өзіңізді тексеріп,сөйлемдердің шын не жалған екенін дәлелдеңіз.

Сөйлемдер

келісемін

дұрыс емес

Луи Пастер Америкада дүниеге келген.

Ұлы тұлғалар бүкіл адамзатқа ортақ.

Ол «пастеризация» деген әдісті ұсынады.

Луи Пастер ХХІ ғасырда өмір сүрген.

Луи Пастер атақты саясаткер болған

Ол жүзім қышқылы 2 қышқыл қоспасы екенін дәлелдеді.

Луи Пастер француз революциясына қатысқан.

Ол майлы қышқылдың ашу микробтарын табады.

5-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.термин сөздерді тауып, сөздікпен жұмыс жасаңыз.

6-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен кезектес салалас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыз.

Ұлы тұлға, асқан дарынды, ұйыған сүт, микробтар, ашытқы, жаңашыл, химиялық қоспа, сақтау үшін.

7-тапсырма. Көршіңізбен тамақ өнеркәсібі тарихындағы ұлы адамдар туралы сұқбат құрастырыңыз.

8-тапсырма. Берілген фразеологизмдердің орысша аудармасын тауып, жаттап алыңыз.

Сүт кенже

Сүтке тиген күшіктей

Сүттей ұю

Сүттен ақ судан таза

Сүт үстінде қаймақ

Чист, как голубь

Сливки общества

Душа в душу

Несмелый, забитый

Последний ребенок в семье

1. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Олар бүгін не келер, не келмес.

Б) Олардың дауысы алыстан естілді.

С) Ауа райы бұлыңғыр болғандықтан, бөлме іші қараңғы.

Д) Оны бірде мұз айдынында көрсек, бірде би залында көрдік

Е) Ауа райы түзелді, орақ басталды.

2. Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулығын көрсетіңі.з

А) Әйтпесе, не

Б) Сол себепті

С) Сонша, соншама

Д) Дегенмен

Е) Кейде, бірде

3. Кезектес салалас құрамалас сөйлемді табыңыз.

А) Бір кезде домбыраның дауысы шықты

В) Күні бойы бірде жаңбыр жауды, бірде қар жауды

С) Қоңырау соғылды да, сабақ басталды

Д) Ізденіс түбі – жеңіс

Е) Жаңбыр жауып, күн суытты

4. Кезектес салалас құрмаласқа жатпайтын сөйлемді табыңыз

А) Рефератты кейде мен жазамын, кейде досым жазады.

В) Ол жорналды біресе маған береді, біресе өзі қарайды.

С) Қоңырау соғылды да, сабақ басталды

Д) Ол біресе көйлек тігеді, біресе киімдерді үтіктейді.

Е) Кешке ол кітап оқиды, кейде теледидар көреді

5. Кезектес салалас құрмалас сөйледмі аяқтаңыз: «Біресе інісі келеді, ...»

А) кейде барғым келмейді

В) қарсы алдымнан шықты

С) бірде ыңғайлысын аламын

Д) біресе өзі келеді

Е) кезекте тұрмысың

СОӨЖ тақырыбы: Қымыз

Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Қымызды бие сүтінен ашытады. Қазақтың ертедегі көшпелі өмірінде ауруға ем болып, сауға қуат берген осы қымыз.

Бұл күндері ұйытқан және ашытқан сүттің қоректілік құндылығының артатындығы әбден белгілі болды. Осы жағынан алғанда қымыз бүкіл ашытылған басқа сүт өнімдерінен едәуір асып түседі. Қымызда адам ағзасына қажетті элементтердің барлығы да табылады. Сонымен қатар бие сүтінің құрамында дәрумендер мол болады. Әсіресе С дәрумені өте көп. Сондықтан оның емдік қасиеттері, ең алдымен, туберкулез ауруынан емдеу үшін айрықша жоғары. Бұл дертті қымызбен емдейтін алғашқы курорт 1858 жылы Самара қаласының маңында ашылған екен. Оны ұйымдастырған дәрігер В.Толстиков: «Қымыз асқазанды ыстап, адамның өзін әлдендіреді, оның тәнін жаңғыртады», – деп жазыпты. Қазақстанда қымызбен емдейтін алғашқы емхана 1910 жылы Бурабайда ашылды.

Қымыз – жүйке ауруларына да бірден-бір ем, өйткені оның құрамында В, В2, В12 дәрумендері бар. Қымыз адам ағзасына жан-жақты әсер етеді. Ол ас қорыту органдарының, жүрек-қан тамырлары аппаратының, жүйке жүйесі мен басқа органдардың қызметін жақсартады. Физиологиялық және биохимиялық процестерді күшейіп, зат алмасуды қалпына келтіреді.

Бие сүтінің химиялық құрамы өте күрделі. Сүттегі ең бағалы зат – ақуыз. Бие сүтінде оның үш түрі болады: казеин, альбумин, глобулин. Бие сүтінің казеині 3-4 жеке белоктарға жіктеледі, оларды казеиннің альфа, бета, гамма және кейде каппа-фракциялары деп атайды.

Бие сүтінде шамамен 1,3 – 2,0% май бар. Жүргізілген зерттеулерде, сиыр сүтіндегі май түйіршіктеріне қарағанда, бие сүтіндегі май түйіршіктері кішілеу келетіндегі анықталған. Сол себепті бие сүтінің майы ағзаға тез және жақсы сіңеді.

Қымызда мынандай минералдық заттар бар: кальций тотығы - 48%, магний тотығы – 3,4%, фосфордың бес тотығы – 21,3%, хлор – 7,5%. Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді.

Қазақ халқының бір ғасырлық тарихын басынан кешірген Жамбыл Жабаев ақын атамыз:

...Үйірілген сары алтындай сары қымыз,

Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі қымыз.

Елімнің баяғыдай сүйген асы,

Шығаршы тағы нең бар кәрі қымыз, - деп жырлаған. Бұның өзі қымыздың қасиеті мен бірге оның түрлерінің көп екенін аңғартады.

Мәтін бойынша орындалатын тасырмалар:

  • Мәтінге жоспар құрыңыз.

  • Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.

  • Мәтін бойынша сұқбат құрыңыз.

  • Түсіндірме сөздікті пайдаланып термин сөздердің анықтамасын жазыңыз.

СӨЖ: «Сусындар және оларға арналған ыдыстар» тақырыбына тұсаукесер дайындаңыз

8- тақырып

Грамматика: Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем

Лексика: Бір кесе шай

Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашып тұратын салаластың түрін түсіндірмелі салалас (изъяснительные ссп) құрмалас сөйлем дейміз. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдер көпшілігінде бірі-бірімен жалғаулықсыз байланысады. Сыңарларының арасына қос нүкте қойылады. Мысалы: Үйге екі адам кірді: бірі – ағам, екіншісі – оның досы. Кейде түсіндірілуші бөлік сонша, сондай, сол, соншалық, мынау, мынадай, осы деген сөздерге аяқталады. Олардан кейін сызықша қойылады. Мысалы: Әңгіменің балаларға әсер еткендігі сонша – олар кейіпкерлерді көз алдарында көріп тұрғандай болды.

1-тапсырма. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдердің сыңарын табыңыз.

І. 1) Әубәкір атамның шайды жақсы көретіні сонша – ... . 2) Шай үстіндегі алғашқы әңгімеміздің ұзаққа созылғаны соншалық – ... . 3) Мектептегі достарымды сағынғаным сондай – ... .4) Анамды сағынғаным соншалық – ... . 5) Кабинетке екі адам кірді: ... . 6) Менің ойлап жүргенім мынау – ... . 7) Дастарқан ұлттық тағамдарға толы: ... . 8) Бас аспаз біледі: ... .

ІІ. Тамақ өнімдерінің көрмесіне қатысайық. Кеш батып кеткенін білмей қалыппыз. Жент те, ет тағамдары да, түрлі салаттар да, сусындар да – сыңсып тұр. Зағипа апам самаурынның жанында бірнеше сағат отырады. Бұл тағамға шығыс дәмдеуіштерін де, жергілікті көкөністерді де қосуға болады. Бірі – бас инженер, екіншісі – титестер. Ауылыма жиі барғым келеді. Көзіме жас алдым.

2-тапсырма. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдерді тауып, арасына тиісті тыныс белгілерін қойыңыз.

1. Саған ашып айтарым сол мен ұлттық тағамдар сайысына қатысамын. 2. Мейрамхана бүгін адамдарға лық толы тұсаукесерге Қазақстанның танымал өнер қайраткерлері, кәсіпкерлер жиналыпты. 3. Мұның мінезі осы тек дәстүрлі тағамдарды ғана ұнатады. 4. Олардың Қазақстанның тамақ өнеркәсібіне қосқан үлесі соншама осы саладағы жетістігі үшін барлық жүлделерді жеңіп алды. 5. Соңғы екі апта бойы дәмхана үзіліссіз жұмыс істеуде мейрамға қарай тапсырыс көбейіп кетті. 6. Бізбен бәсекелесе алатын екі ғана кәсіпорын бар олар – «Гүлмира» құс фабрикасы мен «Айжан» комбинаты. 7. Бұның арты белгілі ол – «Үздік аспаз» атағына ие болады.

К офеин – шай құрамында болатын теин деп аталатын зат.

Сары шай – айрықша дәмді, хош иісті, жоғары сапалы шай түрі.

Типси – шай жапырағының енді ғана ашылған бүрі.

Титестер – ағылшын тілінен аударғанда «шай сынақшысы дегенді» білдіреді.

Эфир майы – ұшқыр, тез буланатын, химиялық қосынды.

3-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]