- •А.С. Сағымова, м.Н. Жакипова, ә.Ж. Баялиева, г.Ә. Имаханова
- •«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Қайта өңдеу технологиясы», «Биотехнология» мамандықтарына арналған оқу құралы Алматы
- •Басуға ұсынған
- •Жай сөйлемнің құрылысына қарай түрлері
- •Тамақ өнеркәсібі
- •Ірі сүт зауыттары республикамыздың қай қалаларында шоғырланған?
- •Тұрлаулы мүшелер
- •Бастауыштың жасалу жолдары
- •Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
- •Жылқы еті – шипалы тағам
- •Толықтауыш
- •Анықтауыш
- •Пысықтауыш
- •Қазақтың еттен жасалған ұлттық тағамдары.
- •Ұн тарту және жарма өнеркәсібі
- •Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы
- •Макарон өнiмдерi
- •Луи Пастер
- •Бір кесе шай
- •Тағамдық майлар
- •Шарап өнеркәсібі
- •Шампан өндірісі
- •Адам көркі күтімді қажет етеді
- •Себеп бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары:
- •3 Тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.
- •Мақсат бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары:
- •Балық және балық өнімдері
- •Көкөністің өзіндік ерекшеліктері
- •Азық-түлік өнімдерінің қазақша-орысша сөздігі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны:
Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы
Ыңғайлас салалас (соединительные) құрмалас сөйлем |
Мысалдары
|
|
Шылаусыз |
[...], [...]. |
Күз өтті, қыс келді.
|
Шылау арқылы |
және, да, де, та, те, әрі
|
Күз өтті де, қыс келді. |
І. 1) Қалада ұн зауыты салынды да, ... . 2) Ет – сойылған малдың ұшасы ... . 3) Дәрумендер адам ағзасы үшін өте қажетті, ... . 4) Макарон өнімдері жақсы сақталады, ... .5) Тамағыңды тез іш те, ... . 6) Қазақстанның бірнеше қалаларында жаңа кондитерлік фабрикалар ашылды да, ... . 7) Біздің аймақта ет, сүт өнімдерінің өнеркәсібі жақсы дамыған.
ІІ. 1) Және бұл салалар шикізат көзіне жақын орналасқан. 2) Әрі одан түрлі тағам дайындауға болады. 3) Және ол – ең негізгі тағамдардың бірі. 4) Онда конвейерлі пештер орнатылды. 5) Олар ағзаның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. 6) Енді еліміз өз өнімдерімізбен толық қамтамасыз етілуде. 7) Сабағыңа кешікпей бар.
2-тапсырма. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді тауып, оларға синтаксистік талдау жасаңыз.
1) Мен бала кезімнен тамақ жасағанды жақсы көремін, сондықтан осы мамандықты таңдадым. 2) Макарон өнiмдерi жақсы сiңiмдiлiгiмен сипатталады әрі олардан көптеген гарнирлер дайындауға болады. 3) Ұнды бидай, қара бидай және аздаған мөлшерде жүгері, сұлы, арпадан да өндіреді. 3) Біздің өнімдерімізге сұраныс өте жоғары және олар жыл сайын «Ең сапалы өнім» деген атаққа ие болады. 4) Халқымыз малды бағып-қағудың қыр-сырын жақсы игерген, себебі мал өсіру халқымыздың ежелгі кәсібі болған. 5) Біз жаңа қоспаны сынақтан өткізбекші болдық та, оны түрлі тағамдарға қостық. 6) Мен қымызды бұрын ішіп көрмеп едім, дегенмен дәмі қатты ұнап қалды. 7) Кеше дүкенге әдейі бардым, дүкеннен сендердің жаңа өнімдеріңді сатып алдым.
Гарнир – ет я балықтан жасалған тамаққа салып беретін қосымша тағам.
Кеспе – ұнды илеп, жұқалап жайып, жіңішкелеп кесіп істелетін тағам. Құндылығы – астың нәрлілігі, қоректілік қуаты.
Май – 1) малдың сүтінен алынатын жоғары сапалы тағам;
2) өсімдіктердін алынған жоғары сапалы тамақ;
3) жан-жануарлардың денесінен жиналған, суда ерімейтін,
органикалық табиғи зат;
Макарон – түтік сияқты іші қуыс, кепкен қамыр кеспе.
Сiңiмдiлiгi – бойға жақсы тарайтындығы, жұғымдылығы.
3-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Макарон өнiмдерi
Макарон – түтік сияқты іші қуыс, кепкен қамыр кеспе. Макаронның сан алуан түрі болады. Макарон өнiмдерi жақсы сақталады. Олардан көптеген тағамдар және гарнирлер дайындауға болады. Макарон өнiмдерiнiң тағамдық құндылығы жоғары, құрамында ақуыз, көмiрсу, майлар, клетчатка, минералды заттар бар. 100 г өнiмнiң энергетикалық құндылығы 330-340 ккал-ға тең. Сонымен қатар макарон өнiмдерi жақсы сiңiмдiлiгiмен, одан тағамдары тез және жеңiл дайындаумен сипатталады.
Емдiк және балалар тағамына арналған макарон өнiмдерiн жарма типтi майда етіп жасайды. Оларға қоспа ретiнде кезелий, темiр, глицерофосфат, В1, В2, РР дәрумендерi қосылады. Бұндай макарондар дәмi жағымды, сарғыш крем түстi болады. Ақуызсыз макарон өнімдері де өндіріледі. Олар фенолкотонуриямен ауыратын балаларға, гипопротеиндi және аглютендi емдiк тамақ танудағы ересек адамдарға арналған. Ақуызсыз өнiмдер жүгерi және аминлопектиндi фосфаты крахмал негiзiнде В тобы дәрумендермен байытылып жасалады. Ақуызсыз макарон өнiмдерi ақ түстi болады.
Макарон өнiмдерiнiң ассортиментi 130 астам аттан тұрады. Олар ұн сапасы мен сортына байланысты А, Б, В топтарына және 1-ші, 2-ші класқа бөлiнедi. А – қатты бидайдан, Б – жұмсақ бидайдан, В – наубайханалық бидай ұнынан жасалады. 1-ші класс жоғары, 2-ші класс бірінші сортқа жататынын бiлдiредi.
Макарон өнiмдерi олардың пiшiндерiне байланысты 4 түрге бөлiнедi: түтiкше, жiп тәрiздi, таспа тәрiздi және әр түрлi пiшiндi. Олардың әрқайсысы ұзындығы, енi не диаметрi және тағы басқа көрсеткiштерiне қарай өзара бірнеше топқа бөлiнедi.
Макарон – қабырғасының қалыңдығы 1,5 мм, тура кесiлген түтiкшелер. Ұзындығы бойынша олар қысқа (15-20 см) және ұзын (20 см жоғары) болады. Сыртқы диаметрi бойынша соломка, ерекше және кәдiмгi, әуесқойлық түрлерiне бөлiнедi.
Қысқа түтікшілер – ұзындығы 1,5-4 см қисық немесе тура түтікшілер. Олардың түрлері: түтікше, ерекше, жиырылған ерекше, көп қырлы жай.
Қанатшалар – көлденең қималы түтікшілер, ұзындығы – 3см.
Жіп тәрізділерге вермишель жатады. Вермишель қысқа және ұзын болады. Оның түрлерi: өрмекші, жіңішке, кәдімгі және әуесқойлық.
Таспа тәрізділер – кеспелер. Өлшемі мен пішіне байланысты олардың тегіс, бұдырлы, шеті тегіс, иірілген, ара тәрізді түрлері болады. Кеспенің ені 3 мм, қалыңдығы 2 мм-ге дейін болады.
Түтікше – макаронды, вермишельді және кеспелі оралған түрде және оралмаған түрінде шығарады. Олардың салмағы мен өлшемі шектелмейді.
Макарон деген не? Оның қаншама ассортиментi бар?
Макарондардың құрамында не бар?
Олар ұн сапасы мен сортына байланысты қалай бөлінеді?
Өлшемі мен пішіне байланысты макаронның қандай түрлері болады?
Балалар тағамына арналған макарон өнiмдерi туралы не білдіңіз?
Макарон өнiмдерi қандай ерекше қасиеттерімен сипатталады?
4-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.
5-тапсырма. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.
1) Макарон – іші ..., кепкен ... тура кесiлген түтiкшелер. 2) Макарон ... қалыңдығы бір жарым миллиметр болады. 3) ... ... жүз отыздан астам түрі бар. 4) Олардың әрқайсысы ..., ... және диаметрiне қарай ... бірнеше топқа бөлiнедi. 5) Макарон өнiмдерiнiң тағамдық ... жоғары болады. 6) ... макарон өнiмдерi ақ түстi болады. 7) Макарон өнiмдерiнен тағамдар ... және ... дайындалады.
6-тапсырма. Мәтіннің тақырыбы бойынша 7 ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем құраңыз.
7-тапсырма. Тұрақты тіркестерді оқып, есте сақтаңыз.
Дәм татты – тамақ жеді, ас ішті.
Дәм-тұзы араласты – алыс-беріс, қарым-қатынысы болды.
Дәм-тұзы жараспады – бір-бірімен тату тұра алмады, келіспеді.
Дәмі кетті – қадірі кетті, мәнісі қалмады.
Дәмін айырды – 1) дәмін сезді, ажыратты; 2) жаман мен жақсыны түсінді.
Дәмін алды – 1) татып көрді; 2) мәнісін біліп қалды.
Дәмін бұзды – 1) дәмін кетірді, айнытты; 2) шырқын алды, бүлдірді.
1. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Асықпай тамағыңыды ішкен соң, маған келіп кет.
Ә) Жаңбыр қатты жауса да, біз қонаққа бармақшы болдық.
Б) Бейбіт тез киініп шығып, автобусқа отырды.
В) Әні өте әдемі екен, бірақ сөзі ұнамады.
Г) Аспанды бұлт басты да, жаңбыр жауды.
2. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Бас болмақ – оңай, бастамақ – қиын.
Ә) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Б) Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.
В) Жер құтты болса, мал сүтті болады.
Г) Ағайын бірде араз, бірде тату.
3. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемге жатпайтын сөйлемді табыңыз.
А) Күн батты, дала жым-жырт болды.
Ә) Біреуі – ақтөбелік Бейбіт, екіншісі – алматылық Сәбит.
Б) Ол базарға кетті, мен үйге кеттім.
В) Жауабын дұрыс таппасаң, ережені қайтадан оқы.
Г) Зауытта бірнеше қазан орнатылды және әр қазанға қызылша салынды
4. Ыңғайлас салалас сөйлемдерді байланыстыратын шылауды көрсетіңіз.
А) Өйткені, сол себепті;
Ә) Сонша, осы;
Б) Я, яки, не;
В) Алайда, сонда да;
Г) Да, де, әрі
5. Ыңғайлас салалас сөйлемді дұрыс аяқтаңыз: «Макарон өнімдері жақсы сақталады, ...».
А) әрі одан түрлі тағам дайындауға болады.
Ә) және бұл салалар шикізат көзіне жақын орналасқан.
Б) онда конвейерлі пештер орнатылды.
В) енді еліміз өз өнімдерімізбен толық қамтамасыз етілуде.
Г) олар ағзаның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
СОӨЖ тақырыбы: Дәрумендер
Ағзаның зат алмасуының және жұмыс істеу қабілетінің бірқалыпты болуы үшін дәрумендердің үлкен маңызы бар. Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің құрамдас бөлігі болып табылады. Адам ағзасы үшін керекті дәрумендерді күнделікті астан алады. Кейбір тағамдардың құрамында дәрумендердің бір немесе бірнеше түрлері көп болады да, қажетті басқа дәрумендер мүлде болмайды. Сондықтан күнде біркелкі не дәрумендері жоқ тағаммен тамақтанғанда, ағзаның дәрумендерді сіңіру қабілеті бұзылғанда, дәрумен жеткіліксіздігі (гиповитаминоз, авитаминоз) пайда болуы мүмкін.
Түрлі тағамдық азық-түліктердің құрамында болатын дәрумендердің барлығы бірдей өз қасиеттерін толық сақтай бермейді. Тағамдық жас өнімдер консервіленген азық-түліктерге қарағанда дәрумендерге бай келеді. Тағамдық азықтарды ұзақ сақтау, кептіру, бұл факторларға анағұрлым төзімсіз келетін С дәруменінің қасиетін кемітеді. Сондықтан дәрумендерді толық сақтау үшін, тағамдық азық-түліктерді сақтау және аспаздық өңдеу тәртіптерін жақсы білу керек.
А дәрумені (ретинол) көздің көру қабілетін жақсы сақтау үшін қажет, ол ағзаның бірқалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. А дәруменінің жетіспеушілігінен тері, шаш құрғап, безеу, іріңді бөртпелер, жарықтан жасқану пайда болады, тырнақ сынғыш келеді. А дәрумені тек мал өнімдерінен алынған тағамдарда, балық майы мен уылдырығында, сары май, ірімшік, жұмыртқаның сары уызында болады. Ал көкөністерде ол провитаминдер (каротиноид пигменттері) түрінде кездеседі. Адам ағзасы оны маймен араластырғанда жақсы сіңіреді, сондықтан көкөністерді қаймақпен, өсімдік майымен араластырып жеген пайдалы.
В1 дәрумені (тиамин) ағзада дұрыс зат алмасуы үшін аса қажет. Бұл дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту процесі бұзылады. Ағза тиаминге зәру болғанда жүйке жүйесі үлкен ауруға шалдығуы мүмкін. Бұл дәруменге сыра ашытқысы, кептірілген наубайханалық шикізаттар, ал тағамдық азықтардың ішінде жармалар бай. Адам ой еңбегімен шұғылданғанда, суықта ұзақ болғанда В1 дәруменін қажет етеді.
В2 дәрумені (рибофлавин) ағзаның бірқалыпты жұмыс істеуіне, жарақаттың тез жазылуына мүмкіндік береді. Бұл дәрумен жетіспегенде, ерін құрғайды, ұшық шығады, денеге түскен жарақат баяу жазылады. В2 дәрумені нан ашытқысында, бауырда, сүт пен сүт тағамдарында көп.
В6 дәруменінің жетіспеушілігі жас баланың өсуін тежеп, қан аздығы мен сезімінің тез қозғыштығын туғызады. Бұл дәрумен мал етінде, балықта, сүтте, ірі қара малдың бауырында бар.
В12 дәрумені жетіспеген жағдайда қан азаю үрдісі дамиды. Ол дәрумен бауырда, бүйректе, балық тағамдарында көбірек болады.
Е дәрумені (токоферол) бұлшық ет және жыныс бездерінің қызметін жақсартады. Бұл дәрумен өсімдік майының, жаңғақтың, бұршақ пен жүгері тұқымдарының және көкөністің құрамында көп болады.
К дәрумені (филлохинон) қанның ұю үрдісіне қатысады. Өсімдіктердің көктеп өнетін бөлімдерінде, сәбіз бен томат құрамында болады. Малдан алынатын өнімдердің ішінде К дәрумені бауырда болады.
Мәтін бойынша орындалатын тасырмалар:
Мәтінге жоспар құрыңыз.
Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.
Мәтін бойынша сұқбат құрыңыз
Мәтіннен ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді тауып, оларға синтаксистік талдау жасаңыз.
СӨЖ: Қант пен крахмал жайлы ақпарат жинап, тұсаукесер жасаңыз.
6-тақырып
Грамматика: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.
Лексика: Сүт.
Құрамындағы жай сөйлемдердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін салаластың түрі қарсылықты салалас деп аталады. Мысалы: Концерт қызықты өтті, дегенмен кейбір әншілерге көңілім толмады.
Қарсылықты (противительные) салалас құрмалас
|
1. [...], [...]. 2. дегенмен, әйтсе де, ал, әйткенмен, сөйтсе де, сонда да, бірақ, алайда. |
Ағам келді, атам кетті. Қар жауып тұр, әйткенмен күн суық емес. |
1-тапсырма. Қарсылықты салалас құрмаластың сыңарын келесі бағаннан тауып, сөйлемнің жасалу жолын түсіндіріңіз.
Олардың тұрмыстары жүдеу екен, Соғып алған қолым ауырып барады, Жыртық шапанның өңі шоқпыт тәрізді, Дос жылатып айтады, Дүкеннен азық-түлік алып келейін, Боран тынышталды, Жолдасым қатты ауырып қалды, |
әйтсе де дәрігерді шақыртпады. сонда да аздап жылуы бар. бірақ далада еш нәрсе көрінбейді. дегенмен бәрін алдымызға қойды. дұшпан күлдіріп айтады. алайда сыр берген жоқпын. ал сен шай әзірлей бер. |
2-тапсырма. Берілген жай сөйлемдерден жалғаулықты қарсылықты салалас құрамалас сөйлемдер жасаңыз.
1) Ол қалада туып-өскен. Әйелі ауылдың қызы. 2) Мен университеттен өте алыс тұрамын. Сабаққа ешқашан кешіккен емеспін. 3) Менің атам Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ол туралы айтқанды ұнатпайды. 4) Соңғы кезде оның жағдайы дұрыс болмай жүр. Бізді қуана қарсы алды. 5) Ол өте білікті маман. Сайыста өзін көрсете алмады. 6) Сәуле мені бірден таныды. Жанымнан көрмегендей болып өте шықты. 7) Шынар тамақ пісірді. Шыңғыс үй жинады.
Автомат – ішкі механизм арқылы өздігінен істейтін аппарат.
Комбинат – түрлі өндіріс салаларын бірлестіретін ірі өнеркәсіп бірлестігі.
Құбыр – сұйық заттарды өткізу үшін металдан жасалған іші қуыс зат.
Микроб – жай көзге көрінбейтін, өте ұсақ тірі организм.
Пастерлеу – сұйық тағамдарды белгілі бір температурада қыздыру әдісі.
Цех – өнеркәсіп орнының негізгі өндірістік бөлімшесі.
3-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Сүт
Алғаш рет сүт заводына кірген кезде «Япырмау, мұның сүті қайда өзі!» деп таң қаласың. Цехтарды аралап ұзақ жүресің, алуан түрлі машиналарға, айқыш-ұйқыш құрылған құбырларға қарайсың, бірақ сүтті әлі де көре алмайсың. Тек экскурсияның соңғы жағында ғана цехтардың бірінен орасан зор бір автоматты көресің, онда қаз-қатар тізілген, тап-таза бос шөлмектер айналма шеңбер бойымен жылжып жүріп жатады. Олар бірінен соң бірі түтік астына келеді де, сүтке толады. Ал оның жанындағы тағы бір шеңбердің бойында машина бұл шөлмектерді алюминий фольгадан жасалған қақпақпен жауып тұрады. Сонымен сүтті ақыр аяғында осы жерден ғана көруге болады. Оны осыншама не үшін жасырады? Оның сыры мынада.
Сүт аса бағалы тағамдық өнім болып табылады. Онда ақуыздар, майлар, көмірсулар, әр алуан тұздар мен барлық дәрумендер бар. Бірақ та үнемі ауада жүретін микробтар келіп түссе болғаны, сүт тез бұзылады. Сондықтан да ол комбинат ішінде микроб түспейтін құбырлар арқылы ағызылады. Ал енді сүт шаруашылықтарынан сүтті комбинатқа алып келгенге дейін оған түсіп үлгерген микробтарды не істеу керек? Үй жағдайында сүтті пісіреді. Ол кезде ондағы микробтар өледі, бірақ сүттің нәрлілігі де біршама кемиді. Әйтсе де құйып сататын сүтті пісіру керек. Себебі онда адамды ауруға шалдықтыратын микробтардың болуы мүмкін. Тек шөлмектегі сүтті ғана пісірмей ішуге болады. Өйткені ондағы микробтар түгелімен өлтірілген. Әрі оның құрамындағы нәрлі заттар зиянға ұшырамаған. Бұл үшін сүтті әуелі 15-30 минут бойы 60-70 градусқа дейін қыздырып, ал одан кейін салқындататын ерекше аппараттан өткізеді. Мұндай өңдеу ісі француз ғалымы Луи Пастердің есімімен «пастерлеу» деп аталады. (Ол кім? Бұл не?)
Мәтінде не туралы айтылған?
Сүт қандай тағамдық өнім болып табылады?
Сүттің құрамында не бар?
Сүт комбинатында сүтті не үшін соншама жасырады?
Сүт неліктен тез бұзылады?
Сүт комбинатында сүттің микробтарынан қалай арылады?
4-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.
5-тапсырма. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.
1) Цехтардың бірінен ... зор бір ... көресің. 2) Онда ... тізілген, тап-таза бос ... айналма шеңбер бойымен жылжып жүріп жатады. 3) Олар бірінен кейін бірі ... астына келеді де, ... толады. 4) Келесі шеңбердің бойында бұл ... алюминий фольгадан жасалған ... жауып тұрады. 5) Сүт аса бағалы ... ... болып табылады. 6) Сүттің құрамында ..., майлар, көмірсулар, алуан түрлі тұздар мен барлық ... бар. 7) Ауада жүретін ... келіп түссе болғаны, ... тез бұзылады. 8) Шөлмектегі сүтті ... ішуге болады.
6-тапсырма. Сөздерді орын тәртібіне қарай қойып, қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.
1) сонда, құбырларға, құрылған, сүтті, алмайсың, айқыш-ұйқыш, да, көре, қарайсың. 2) микробтар, де, кезде, ондағы, сүттің, кемиді, біршама, өледі, ол, бірақ, нәрлілігі. 3) мен, алайда, дәрумендер, онда, бұзады, әр, жүретін, ақуыздар, бар, тез, майлар, барлық, алуан, сүтті, тұздар, ауада, микробтар. 4) нәрлілігі, керек, құйып, де, сататын, бұндай, сүтті, артық, пісіру, сүттің, әйтсе, біршама. 5) ал, өткізеді, бұл, салқындататын, оны, қатты, үшін, аппараттан, кейін, қыздырады, сүтті, әуелі, ерекше. 6) өнім, дегенмен, аса, сүт, жақпайды, тағамдық, ол, болып, келген, адамға, табылады, кез, бағалы.
7-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша сұқбат құрастырыңыз.
1. Қарсылықты салалас сөйлемдердің жалғаулығын белгілеңіз.
А) дегенмен;
Ә) және;
Б) егер;
В) себебі;
Г) кейде.
2. Қарсылықты салалас сөйлемге жатпайтын сөйлемді табыңыз.
А) Ағам келді, атам кетті.
Ә) Қар жауып тұр, әйткенмен күн суық емес.
Б) Самат жазылмады, себебі дұрыс емделмеді.
В) Алмас қалада тұрады, ал әке-шешесі ауылға көшіп кетті.
Г) Мен базарға бардым, бірақ іздегенімді таппадым.
3. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз
А) Цехтарды аралап ұзақ жүресің, бірақ сүтті әлі де көре алмайсың.
Ә) Цехтарды аралап ұзақ жүресің және сүтті әлі де көре алмайсың.
Б) Цехтарды аралап ұзақ жүресең де, сүтті көре алмайсың.
В) Цехтарды аралап ұзақ жүресің де, сүтті көресің
Г) Цехтарды аралап ұзақ жүр, бірақ сүтті көре алмайсың.
4. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз
А) Үй жағдайында сүтті пісіреді және құйып сатады.
Ә) Үй жағдайында сүтті пісіреді де, құйып сатады.
Б) Үй жағдайында сүтті пісіреді немесе құйып сатады.
В) Үй жағдайында сүтті құйып сатады, әйтсе де бұндай сүтті пісіру керек.
Г) Үй жағдайында сүтті пісіру керек.
5. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді аяқтаңыз. «Бүгін театрда жаңа қойылым болады, бірақ ....»
А) көрермендер көп болады
Ә) мен бара алмаймын
Б) көрермендер қол соқты
В) ғалымдар жақсы дайындалды
Г) ай жарық
СОӨЖ: Сүттің химиялық құрамы
Сүт – сүт қоректілердің сүт безінен бөлінген биологиялық сұйықтық, химиялық көзқарастан әрбір құрама бөлігі басқа бөлшекті заттармен белгілі байланыста орналасқан күрделі коллоидты жүйе. Сүт судан және құрғақ заттан тұрады. Судың мөлшері 85-87%. Сүттің құрамында ақуыздар, майлар, көмірсулар, әр алуан тұздар мен барлық дәрумендер бар.
Құрамында май 2-6%, орташа 3,8%-дай болады. Сүт майы – 0,1-10 микрон мөлшерлі түйіршіктер, оларды микроскоппен ғана көруге болады.
Сүтте ақуыз 2,9-4% мөлшерде, соның ішінде 2,7% казеин, 0,5% альбумин, 0,1% глобулин болады. Сүттегі ақуыздың құрамына адам ағзасына қажетті амин қышқылдары кіреді.
Көмірсулар сүтте лактоза ( сүт қанты) түрінде байқалады. Лактоза сүт өнімдер технологиясында маңызды рөл атқарады.
Сүттің құрамына 50-ден астам минералды заттар кездеседі. Олар макро және микроэлементтерге бөлінеді. Макроэлементтер: кальций, фосфор, магний, калий, натрий, хлор, т.б. Микроэлементтер: темір, кремний, марганец, кобальт, молибден, фтор, алюминий, мыс, мырыш, т.б.
Сүтте майда және суда еритін дәрумендер болады. Майда еритін витаминдерден A, D, E, K, суда еритін дәрумендерден В тобының дәрумендері, С дәрумені кездеседі. Дәрумендер адам және жануар ағзасындағы ферменттер құрамына кіріп, зат алмасу процесіне қатысады. Ферменттер – ақуызды заттар. Қызметі бойынша олар – катализаторлар. Зат алмасу процесіне қатысып, оның ағымын тездетеді. Көптеген ферменттер жоғары температураға төзімсіз, 70-80 градуста жойылады.
Сүт өндірісінде екі түрлі жылумен өндеу тәсілі қолданылады:
1) пастеризация – 100 С температураға дейін жылумен өндеу процесі;
2) стерилизация – 100 С жоғары температурада жылумен өндеу процесі.
Сүтті жылумен өндеу 19 ғасырдың соңында кең қолдана басталды. Ал жылумен өндеу процесі еңгізілгенше, сүт әр түрлі бактериялардың дамуына өте қолайлы орта еді. Сүт арқылы туберкулез, сүзек аурулары тарады.
Жылумен өңдеу процесін ең бірінші Луи Пастер шарап және сыраны өңдеуге ұсынған, сондықтан жоғары температурада өңдеу процесін пастеризация деп атайды. Пастеризацияның мақсаты – сүтте ауру тудыратын патогенді микроорганизмдерді жою және оның жалпы санын төмендету. Жылу мен өңдеу нәтижесінде микрофлоралардың саны азаяды, тіршілік процесі бәсеңдейді. Сөйтіп, олардың ұзақ уақыт белсенділігі төмен болады. Пастерлеу нәтижесінде сүттің біршама болса да сақталу мерзімі ұзартылады. Сүтті пастерлеудің ең төмен температурасы 63С (тұрақты туберкулез таяқшалары сүтті 63С температурада 10 минут аралығында пастерлеу нәтижесінде жойылады), ұзақтығы 30 минут.
Мәтін бойынша орындалатын тасырмалар:
Мәтінге жоспар құрыңыз.
Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.
Мәтін бойынша сұқбат құрыңыз
Мәтіннің мазмұнына байланысты 7 қарсылықты салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыз.
СӨЖ: Сүттен жасалған қазақтың ұлттық тағамдары туралы тұсаукесер жасаңыз.
7- тақырып
Грамматика: Кезектес салалас құрмалас сөйлемдер.
Лексика: Луи Пастер.
Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген іс-оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салаластың түрін кезектес салалас (ссп с чередующими отношениями) құрмалас сөйлем дейміз. Кезектес салалас құрмалас сөйлем бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулардың қатысуы арқылы жасалады. Олар көбінесе жай сөйлемдердің әрқайсысымен қайталанып айтылады. Кезектес салалас құрмалас сыңарларының арасына үтір қойылады. Мысалы: Бүгін үйге біресе туыстар келді, біресе көршілер келді. Кеше күні бойы бірде жел соқты, бірде жаңбыр жауды.
1-тапсырма. Кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді тауып, тұрлаулы мүшелерін белгілеңіз.
1) Біз әр жексенбіде кейде шайханаға, кейде қымызханаға барамыз. 2) Ет комбинаты біресе жылқы етінен түрлі консервілер жасайды, біресе жылқы етінен сұранысқа ие болып отырған басқа да өнімдер шығарады. 3) Практика кезінде студенттер бірде өндірісте жұмыс істеді, бірде шетелден шақырған ғалымдар оларды өз зертханасымен таныстырды. 4) Кейде ауылдағылар қымыз беріп жібереді, кейде өзіміз базардан шұбат сатып аламыз. 5) Технологтар бірде сүттегі микробтарды жою мақсатында оны стерилдейді, бірде сүттің сақталу мерзімін ұзарту мақсатында оны пастерлейді. 6) Менің кейде тамақ өнеркәсібінде, кейде жеңіл өнеркәсібінде қызмет еткім келеді. 7) Сол кезде облыста бірде ет, бірде қант өндірісі қарқынды дамып еді. 8) Айғаным кейде құс етінен жасалған тамақты ғана жейді, кейде ол тек қой етін ғана алғызады.
2-тапсырма. Мына сөйлемдерді бірде, біресе, кейде деген жалғаулықтар арқылы кезектес салалас құрмалас сөйлемдерге айналдырыңыз.
1) Анам палау пісіреді. Балық қуырады. 2) Сүт айқыш-ұйқыш құрылған құбырлар арқылы өрлеп көрінбей кетеді. Төмен қарай ағады. 3) Біз шетелдік қонақтарға қымыз ұсындық. Олардың өтініші бойынша шұбат әкеліп бердік. 4) Мұғалім бізге тамақ өнеркәсібі туралы дәріс оқыды. Әр сала бойынша өзіміз ақпарат жинадық. 5) Демалыс күндері міндетті түрде бесбармақ әзірлейміз. Балалардың сұрауы бойынша кәуап дайындаймыз. 6) Ұн тарту өнеркәсібі басқа салалардан бір адым озып кетеді. Ет өнеркәсібінен біршама кейін қалып қояды. 7) Біз асханада ыстық тамақтан біріншіге сорпа аламыз. Дүнген кеспесін аламыз. 8) Оларға «Рахат» фабрикасының өнімдерінен жібереміз. Өздері Қарағанды кондитер фабрикасының кәмпиттерін сұрайды.
3-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
