
- •А.С. Сағымова, м.Н. Жакипова, ә.Ж. Баялиева, г.Ә. Имаханова
- •«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Қайта өңдеу технологиясы», «Биотехнология» мамандықтарына арналған оқу құралы Алматы
- •Басуға ұсынған
- •Жай сөйлемнің құрылысына қарай түрлері
- •Тамақ өнеркәсібі
- •Ірі сүт зауыттары республикамыздың қай қалаларында шоғырланған?
- •Тұрлаулы мүшелер
- •Бастауыштың жасалу жолдары
- •Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
- •Жылқы еті – шипалы тағам
- •Толықтауыш
- •Анықтауыш
- •Пысықтауыш
- •Қазақтың еттен жасалған ұлттық тағамдары.
- •Ұн тарту және жарма өнеркәсібі
- •Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы
- •Макарон өнiмдерi
- •Луи Пастер
- •Бір кесе шай
- •Тағамдық майлар
- •Шарап өнеркәсібі
- •Шампан өндірісі
- •Адам көркі күтімді қажет етеді
- •Себеп бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары:
- •3 Тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.
- •Мақсат бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары:
- •Балық және балық өнімдері
- •Көкөністің өзіндік ерекшеліктері
- •Азық-түлік өнімдерінің қазақша-орысша сөздігі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны:
А.С. Сағымова, м.Н. Жакипова, ә.Ж. Баялиева, г.Ә. Имаханова
КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ
«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Қайта өңдеу технологиясы», «Биотехнология» мамандықтарына арналған оқу құралы Алматы
2010
УДК 811.512.122 (075.8)
ББК 81.2 Каз - 923
Т 38
Пікір жазғандар:
Күзембаев Қ.К., техника ғылымдарының докторы, профессор
Тебегенова А.Т., филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Т 38 Техникалық жоғары оқу орындарының тамақ өнімдері факультеті мамандықтарына арналған “Қазақ тілі”: Оқу құралы /Құрастырғандар: Сағымова А.С., Баялиева Ә.Ж., Жакипова М.Н., Имаханова Г.Ә./ - Алматы: АТУ, 2010. - 84 б.
ISBN 978-601-263-068-8
Қазақ тілінен ұсынылып отырған бұл оқу құралы техникалық жоғары оқу орындарының «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Қайта өңдеу технологиясы», «Биотехнология» мамандықтарында оқитын студенттерді кәсіби деңгейде оқытуға арналған. Аталған оқу құралында қазақ тілі грамматикасының барлық саласы қамтылған.
ББК 81.2 Каз - 923
Алматы технологиялық университетінің оқу-әдістемелік секциясы
Басуға ұсынған
ISBN 978-601-263-068-8
© Сағымова А.С., Жакипова М.Н.,
Баялиева Ә.Ж., Имаханова Г.Ә., 2010
АЛҒЫ СӨЗ
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деген сөзі қазақ тілінің тәуелсіз мемлекет болып қалыптасып, дүниежүзілік қарым-қатынаста өз орнын табуындағы рөлін айқындап беріп отыр. Қазақ тілі өркендеген мәдениет тілі, ғылым тілі, публицистика, ресми қағаздар тілі болып жан-жақты қолданыс табуда.
Қазіргі үш тұғырлы тіл саясатының астарында ана тілімізді мемлекеттік тіл ретінде ғана емес ұлтаралық және халықаралық тіл дәрежесіне көтеру міндеті тұр. Тіліміздің дамуы өзге тілдер көлеңкесінде қалып қоймай қарыштап дамып, барлық сауатты адамдардан бастап, білікті мамандар тіліне айналдыру міндеті түрлі салада мамандар дайындайтын еліміздегі барлық жоғары оқу орындарының басты қызметі мен парызына айналып отыр.
Ұсынылып отырған оқу құралының басты мақсаты – қазақ тілін жоғары оқу орындарының техникалық мамандықтарында, орыс тілді аудиторияларда оқитын студенттерге кәсіби деңгейде оқытып-үйрету.
“Қазақ тілі” оқу құралының құрылымы 2 блоктан, 4 модульден тұрады. Блоктар мен модульдер арасында тақырыптық үндестік, мазмұндық жалғастық бар. Тіл білімінің грамматика саласы тілді сауатты үйренуге, ал лексика саласы тіл байлығын жетілдіруге қызмет ететіндіктен, осы қос сала “Қазақ тілі” оқу құралында бір арнаға тоғысқан.
“Қазақ тілі” атты оқу құралының басты ерекшелігі – тамақ өнімдері саласының мамандықтарында оқып жүрген студенттерге кәсіби тілді үйрету. Басты бағыт – сөйлеудің ең қарапайым түрінен күрделіге жету жолдары, яғни дайын үлгідегі жекелеген сөздер мен сөз тіркестері арқылы ойын айтудан бастап, өзі мәтін құрып, өз сөзімен белгілі тақырыпты кеңейтіп, дамыта айтуға дейін жеткізу. Кәсіби деңгейде оқытудың принципі – тілдік материалдарды кәдімгі өмір шындығындағы жағдайлардың негізінде ұйымдастырып қолдану.
Алматы технологиялық университетінде қазақ тілі кредиттік жүйе бойынша 6 кредит оқытылады. Оқу құралының құрылымында бір курстың толық бағдарламасы барлық қажетті мәтіндер мен тапсырмалар және өзін-өзі тексеру тестерімен, сұрақтарымен топтастырылып, мәтіндер Алматы технологиялық университетінің жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультетінің мамандықтары жайлы мәліметтерді қамтиды.
Авторлар ұжымы.
Ш
артты
белгілер
глоссарий
-
мәтін
бойынша орындалатын тапсырмалар
-
тест
тапсырмалары
1-тақырып
Грамматика: Жай сөйлем түрлері.
Лексика: Тамақ өнеркәсібі.
Тиянақты ойды білдіре алатын сөздер тобын (кейде жеке сөзді де) сөйлем дейміз. Мысалы: Мен бірінші курста оқимын.
Сөйлем құрылысына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді. Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем жай сөйлем деп аталады да, екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.
Қазақ тілінде сөйлемдер айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы (повествовательные), сұраулы (вопросительные), бұйрықты (побудительные) және лепті сөйлемдер (восклицательные) болып бөлінеді.
Айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Мысалы: Қалыпты өмірден де дем алу қажет. Хабарлы сөйлемнің соңында нүкте қойылады.
Сұраулы сөйлем – біреуден жауап алу мақсатымен айтылатын сөйлем. Мысалы: Ол Алматыдан ба? Сұраулы сөйлемнің соңында (?) сұрау белгісі қойылады.
Лепті сөйлем – айтушының түрлі көңіл-күйін білдіру мақсатында айтылатын сөйлем. Мысалы: Неткен дәмді түшпара! Лепті сөйлем ерекше әуенмен айтылып, сөйлем соңында леп (!) белгісі қойылады.
Біреуге бұйыру, тілек, өтініш ету мақсатында айтылған сөйлемді бұйрықты сөйлем дейміз. Мысалы: Жә, тоқтат! Алматыға тезірек кел. Бұйрықты сөйлемде интонация біркелкі бола бермейді. Бірде хабарлы сөйлем интонациясымен айтылса, бірде лепті сөйлем интонациясымен айтылады да, соған сәйкес сөйлем соңында не леп белгісі, не нүкте қойылады.