
- •1. Бас сүйектің милық бөлігінің сүйектері.
- •5. Буынның негізгі және қосымша элементтері.
- •6! Сүйектер байланыстарының түрлері.
- •1. Тісті жіктер
- •3 . Жалпақ жіктер
- •7 Омыртқа жотасының байланыстары.
- •8. Самай- төменгі жақ буыны, (Шықшыт буыны) оның құрылысы және биомеханикасы.
- •9 Қолдың буындары
- •19.Қол топографиясы
- •20.Аяқ топографиясы
1. Бас сүйектің милық бөлігінің сүйектері.
Бассүйек – бір бірімен өзара шеміршектік сүйектік ткандармен және жіктер арқылы берік байланысқан сүйектік құрамалардан тұрады. Негізгі қызметі: мидың қорабын беттің алпетін құрап қана қоймай асқорыту және тыныс алу жүйесінің бастапқы бөлігін көздің шарасын мұрын қуысын және есту жүйесінің қабырғаларын құрайтын өте күрделі мүше. Бассүйек топографиялық орналасуына қарай және атқаратын қызметіне қарай екі топ сүйектен тұрады: ми сауыты және бет сүйектерден тұрады.
Ми сауытының сүйектері деп аталу себебі мидың сауытын немесе қорабын құрайтындықтан. Бұл сүйектерге маңдай, төбе, сына, самай, шүйде және тор сүйектер жатады.
Шүйде сүйегі(os occipitale)– ол ми сауыты сүйегінің артқы қапталында орналасқан. Сыртқы беті дөңестеу, ішкі беті ойыстау келген. Тақ сүйекке жатады. Шүйде сүйегінің артқы төменгі жағында ми саутын омыртқа өзекшесі мен жалғастыратын шүйделік үлкен тесік бүйір қапталында сигма тәрізді қойнаудың жүлгесі орналасқан.
Шүйде сүйегі 4 бөлікті болады.
Төбе сүйек, (os parietale)ол бас сүйек қақпағының жоғары бүйір қабырғасын құраушы жұп қабыршақтық сүйек. Сыртқы пішіні жалпақ төрт бұрышты келген. Екі беті, төрт қыры, төрт бұрышы ажыратылады. Төбе сүйектің тісшеленген үш қыры және бір қабыршақтық қырлары ажыратылады.
Маңдай сүйегі(os frontale), ол бас сүйектің негізі мен қақпағын және көз шарасының және мұрын қуысының қабырғаларын құраушы күрделі сүйектерге жатады. Орналасуына және атқаратын қызметіне қарай төрт бөлікке бөлінеді, қабыршақтық, жұп көз және тақ мұрын бөлігінен тұрады.
Сына сүйегі(os sphenoidale), бас сүйектің негізінде орналасқаны үшін немесе ми сауыты сүйектерінің өзара бір – бірімен түйіскен жерінде орналасқаны үшін сына тәрізді сүйек деп атайды. Сыртқы пішіні жарғанаққа ұқсайды. 4 бөліктен тұрады, денесінен үлкен кіші қанатынан және қанат тәрізді өсіндісінен тұрады.
Самай сүйегі,(os temperale)ми саутының негізі мен қақпағының бүйір қабырғасын құрауға қатысады. Құрылысы күрделі жұп сүйек. Құрылысының күрделі болуының себебі, терең қабатында есту тепе-теңдік органдардың және ішкі ұйқы артерияның бет ми нервінің және дабыл жұтқыншақ атты өзекшелер орналасқан. Самай суйегі қабыршақтық дабыл және тастақты немесе пирамида тәрізді бөліктерге бөлінеді.
Тор сүйек бұл сүйектің жартысынан астам бөлігі мұрын қуысының маңында орналасса қалған бөлігі ми саутының негізін құрауға қатысады. Тор сүйектің пішіні текше тәрізді терең қабаты қуысталып бір – бірімен күрделі өзара байланысқан ауалы қуыстардан тұрады. Терең қабаты бір – бірімен перпендикуляр бағытта қиылысып орналасқан горизонтальды және перпендикулярлық табақшадан және өту жолы күрделі бір – бірімен өзара жалғасқан лабринттен тұрады.
2 Көз шарасы(orbita) сыртқы пирамидаға ұқсап бүкіл көру мүшелердің қуыстығын құраушы сүйектік кеңістік болып саналады. Көз шарасының кіреберіс тесігі мен көру нерві өзекшесінің тесігіне бағытталған ұшы ажыратылады. Көз шарасының кіреберіс тесігінің сыртқы пішіні төрт бұрыш тәрізді доғаланып келген. Бұл жиек жоғарыда көз шарасының жоғарғы жиегі арқылы төменде көз шарасының төменгі жиегі арқылы шектелген.
Козшарасынын жогaргы кабыргасы (paries superior)маңдаи сүиектің көз бөлігінің көз шарасына қараған беті мен сына сүиектің кіші ұанатынан тұрады
К.Ш латералды қабырғасы(Parieslateralis)
Бет сүиек пен сына сүиектің кіші қанатынан тұрады
К.Ш медиалды қабырғасы(pariesmedialis)
Алдында;көзжас сүиегі мен тор сүиектің лабиринтінің көз жасына қараған бетінен;артқы қалыпы:сына сүиектің денесінің латералды бетінен тұрады
К.Ш төменгі қабырғасы(paries inferior)
Ол жақ сүиегі мен бетсүиектің көз ұясына қараған бетінен және таңдаи сүиектің көзұясына бағытталған өсіндісінен тұрады
3 Мұрын қуысы(cavitas nasi)бет сүйектердің жоғарғы бөлігінің орталығында орналасқан
Құрылысы мен қызметі күрделі қүыстық. Мұрын қуысының қабырғалары сүйектік және шеміршектік бөліктен тұрады. Бұл қуыстың кіретін сүйектік тесігі алмұрт тәрізді тесік(aperture piriformis) деп аталады. Артқы немесе жұтқыншақпен жалғасатын тесігін хоан (choanae)деп аталады. Сонымен қатар мұрын қуысының жоғарғы төменгі бүйір және аралық қабырғалары ажыратылады.
Жоғарғы қабырғасы:мұрын сүиегінен тор сүиектің горизанталды табақшасынан ж,е сына сүиегімен шүиде сүиектің денесінің мұрын қуысына қараған бетінен тұрады
Төменгі қабырғасы:сүиектік таңдаидан PALATUM OSSEUM тұрады
Аралық қабырғасы:кеңсірік сүиекпен тор сүиектің перпендикулярлық табақшасынан тұрады
Бүиір қабырғалары:жоғарғы жақ сүиекпен тор сүиек лабиринтінін мұрын қуысына қараған бетінен ж.е таңдаи сүиектің перпендикулярлық табақшасымен төменгі кеуілжір сүиегінің мұрын қуысына қараған беттерінен тұрады
4 Қанат таңдай шұңқыры(fossa pterygopalatina)– ол самай астылық шұңқырдың тікелей жалғасы болып саналады. Бұл шұңқырдың қабырғасы таңдай сүйектің перпендикулярлық табақшасы мен сына сүйектің қанат тәрізді өсіндісінен тұрады. Сол себебті қанат – таңдай шұңқыры деп аталады. Бұл шұңқырда үш қабырға болады. Алдынғы қабырғасы: жоғарғы жақ сүйегінің бұдырынан, артқы қабырғасы, сына сүйектің қанат тәрізді өсіндісінен тұрады. Қанат – таңдай шұңқырының өзара қатынастары.
1. Ауыз қуысы мен – таңдай сүйегінің горизонтальді табақшасының үлкен өзекшесі canalis palatinus major арқылы
2. Көз шарасымен көз шарасының төменгі саңылауы fissure infraorbitalis арқылы
3. Мұрын қуысымен – сына таңдайлық тесік foramensphenopalinum арқылы
4. Ми саутының ортанғы шұңқырымен дөнгелек тесік foramen rotundum арқылы
5. Қанатты өсіндісінің өзекшесі –canalis pterygoideus арқылы ми саутының сыртқы негізімен байланысады.