Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_anatomia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
41.25 Кб
Скачать

1.Иық белдеуі және қол сүйектерінің құрылысы

Қолдың сүйектері – топаграфиялық орналасуына байланысты иық белдеу суйектеріне, бұғана, жаурын сүйегі және қолдың еркін орналасқан сүйектеріне тоқпан жілік, кәрі жілік, шынтақ жілік, білезік, алақан, саусақ сүйектеріне бөлінеді.

Буғана қолды дене қаңқасымен біріктіріп тұратын сүйекке жатады. Оның функционалдық қызметі, иық буынын көкрек клеткасынан тиісті қашықтыққа ығыстырып қолдың еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Буғана сүйегі аралас сүйегіне жатады. Дене мен 2 латералды және медиалды ұшқа бөлінеді. Медиалды бөлігінде төстікпен буын түзетін ершік тарізді буын беті болады. Латералды ұшында жаурынның акрамион өсіндісімен буын түзетін жері болады. Оның төменгі бетінде төмпешік орналасқан. Бұғана сүйегі барлық сүйектерден алдын сүйектенеді, ол құрсақта дамудың 6 – аптасында болады.

Жаурын сүйегі – 2- қабырға мен 8 – қабырға арасында орналасқан, сыртқы пішіні үш бұрыш тәрізді жұп жалпақ сүйек. Үш бұрышты болуына байланысты 3 бұрышы және 2 беті болады.

1 жаоғарғы қыры жұқалау келген. Мұнда жаурынның жоғарғы тілігі орналасқан.

2медиалды қыры ол жаурынның

жоғарғы қырынан жіңішкелеу және ұзындау болып келген. Бұл қыр адам денесінің арқа жағынан қарағанда жақсы байқалады.

3жаурынның латералды қыры қалындау болып қолтық ойысына қарай бағытталған.

Жоғарғы бұрышы, доғалдау жоғарғы және медиальды бағытта омыртқа бағанасына қарап орналасқан.

Төменгі бұрышы, доғалдау болып төменгі және медиальды бағытта, омыртқа бағанасына қарап орналасқан.

Латеральдық бұрышы, басқа бұрыштарға қарағанда қомақтылау болып келген. Латералдық бұрышының бетінде тоқпан жіліктің басы мен беттесетін буындық ойысы болады.

Тоқпан жілік, сүйектердің ішіндегі ең ұзын сүйек болып есептеледі. Бұл сүйектің денесі проксимальды және дистальды ұштары болады.

Білек сүйектері сыртқы пішіні түтік тәрізді болып келген, шынтақ жілік және кәрі жілік сүйектерден тұрады. Қалыпты жағдайда қолды төмен бағытта алақанды алға қаратып басбармақты латеральды бағытта жаққа қарай ұстаған жағдайда шынтақ жілік білектің ішкі қапталында, кәрі жілік латеральды жағында орналасады.

Қол басының сүйектері, атқаратын қызметінің күрделілігіне және нәзіктігіне қарай шағын, майдалау келген білезік сүйектерінен, қысқалау келген алақан сүйектеріне және бақайшық сүйектеріне бөлінеді.

2. Жамбас белдеуі және аяқ сүйектерінің құрылысы - Екі жақтың жамбас сүйегі алдында бір бірімен шат сүйегінің қасағасы, арқылы артқы қапталында сегізкөз сүйегімен сегізкөз – жамбас буыны арқылы буындасып жамбас қуысын құрайды. Жамбас сүйегінің жамбас белдеу сүйектеріне жатқызылуы сол себепті. Жамбас сүйегі жұп жалпақ сүйектерге жатады. Жамбас сүйегі 16-17 жасқа дейін дербес 3 сүйектен дамып кейін кейінгі даму кезінде шеміршектік ткан арқылы сосын сүйектік ткан арқылы байланысқан 3 сүйектен шат, мықын, шонданай сүйектен құралған. Кейінгі даму кезеңде жоғарыда айтылға сүйектер 16-17 жаста шеміршектік одан кейін сүйектер өзара сүйектік ткан арқылы бірігіп жамбас сүйегін құрайды.

Мықын сүйегі жамбас сүйегін құрушы сүйектер ішінде ең ірі және жалпақ сүйек. Мықын сүйегінің денесі жамбас ойысының жоғарғы қабырғасын құрауға қатысады. Денесінің ішкі қапталында доға тәрізді жоғары және артқа қарай иіліп орналасқан доға тәрізді сызықшасы орналасады. Жоғары бөлігі өрлеме бағытта өтіп мықын сүйегінің қанатына ұласады.

Шонданай сүйегі – жамбас сүйегі ойығының төменгі бөлігінде орналасқан. Топаграфиялық орналасуына қарай: денесінен және бұрыш құрап орналасқан бұтақтарынан тұрады. Шонданай сүйектің денесінің артқы бетінде қылқаны шонданай сүйегінің үлкен тілігі төменрек кіші тілігі орналасқан.

Шат сүйегі топаграфиялық орналасуына қарай денесінен жоғарғы және төменгі бұтағынан тұрады. Денесі жамбас ойығының алдынғы қабырғасын құрау мен шат сүйегінің жоғарғы бұтағына ұласады.

Жоғарғы бұтағының жоғарғы бетінде шаттық қырқа байқалады. Бұл қырқаның төменгі жиегі сүйірленіп жапқыш тесіктің қабырғасын құрауға қатысумен қатар жапқыш тесіктің қырқасын құрайды.

Ортан жілік адам қаңқасын құраушы сүйектердің ең ұзын және жуан түтік тәрізді сүйек. Бұл сұйектің денесі және ппроксимальды , дистальды ұштары ажыратылады. Ортан жіліктің денесі, сыртқы пішіні цлиндр тәрізді бұралып орналасқан. Топографиялық орналасуына байланысты бұдырлы сызықша, медиальды және латеральды ернінен тұрады. Проксималь эпифизінде ішкі және жоғары қарай бағытталған басы және ортан жіліктің басын денесінен бөліп тұрұшы мойыны орналасқан.

Дистальды ұшы көлденең жазықтықтың бойында қомақтылау болып келген медиальды айдаршық пен латеральды айдаршықтан тұрады.

Тізе тобығы адам қаңқасының құрамындағы сесама сүйектердің ішіндегі ең ірі сүйек болып саналады. Бұл сүйек тізе буынын жазған кезде айқын байқалады.

Сирақ сүйектері топаграфиялық орналасуына қарай асықты жілік және асықты жілік шыбығының сүйектеріне бөлінеді

Асықты жілік сүйегі ұзын түтік тәрізді сүйектерге жатады. Бул сүйектің денесі проксимальды және дистальды ұштары ажыратылады.

Асықты жілік шыбығы ұзындау және жіңішкелеу келген. Басқа да жілікті сүйектер сияқты денесі проксимальды және дистальды ұштары болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]