- •1.Иық белдеуі және қол сүйектерінің құрылысы
- •3 Бас сүйектің милық бөлігінің сүйектері.
- •4. Бас сүйектің бет бөлігінің сүйектері
- •5. Бас сүйектің топографиясы(Көз ұясы, мұрын қуысы, қанат - таңдай шұңқырының қабырғалары және оның байланыстары.
- •6. Бас сүйектің ішкі негізінің топографиясы, маңызы.
- •7. Сүйектер байланыстарының түрлері.
- •1. Тісті жіктер
- •3 . Жалпақ жіктер
- •8. Буынның негізгі және қосымша элементтері.
- •9. Омыртқа жотасының байланыстары.
- •10. Омыртқа жотасының бас сүйекпен байланыстары
- •11. Самай- төменгі жақ буыны, (Шықшыт буыны) оның құрылысы және биомеханикасы.
- •12. Қабырғалардың омыртқа жотасымен байланыстары.
- •13. Нерв жүйесі, оның ағзадағы маңызы, нерв жүйесінің жіктелуі.
- •3 Блок
- •2 Блок сұрақтары
11. Самай- төменгі жақ буыны, (Шықшыт буыны) оның құрылысы және биомеханикасы.
Самай – төменгі жақ буынының меншікті латеральды байламы, арқылы бір бірімен мықталған. Ол самай сүйектің бетсүйектік өсіндісінің негізінен төмен және артқа қарай бағытталып төменгі жақ сүйегінде айдаршығының төменгі бөлігіне барып бекіді. Бұл байлам самай – төменгі жақ буынын сыртқы қабырғасын ықшамдап артқа және латеральды бағытта қозғалысты тежейді. Бұл буын қосымша шандыр мен мықталған. Шандырдың көлемі қалыңдау келген. Бұл шартты түрде байламдар деп аталады.
1. біз төменгі – жақ байламы, lig.stylomandibulare, ол самай сүйектің біз тәрізді өсіндісінен басталып төменгі жақ сүйегінің бұрышының ішкі қапталына бекіді.
2. сына – төменгі жақ байламы, lig.sphenomandibularis, ол сына сүйектің қылқанынан басталып төменгі жақ сүйегі өзекшесінің кіреберіс жеріне барып бекіді.
3. қанат тәрізді – төменгі жақ байламы, lig.pterygomandibulare, ол өте нәзік қысқа келген талшықты дәнекер тканнан құралған. Бұл байлам сына тәрізді сүйектің қанат тәрізді өсіндісінің ілмегінен басталып төменгі жақ сүйегінің тілшігіне бекіді.
Ерекшеліктері:
1. Бұл буынның басқа буындардан айырмашылығы буын беттері дәнекер тканды шеміршекпен көмкерілген.
2. буын беттерінің сәйкессіздігіне байланысты екі беті ойыстау болады, арасында буындық дискі орналасады ол жақты төменгі және жоғарғы этажға бөліп тұрады. Дисктің қалындығы жиектерінде 3-4мм орталығында 1-2мм
Оң жақ және сол жақ самай – төменгі жақ буыны бір сәтте қозғалуына байланысты құрама буынға және буын бетінің ерекшелігіне шығыр тәрізді буынға жатады. Бұл буындағы қозғалыс 3 кезеңнен тұрады.
1 – кезеңде көлденең білікті бойымен төмен түседі, жоғары көтеріледі. Бұл кезде буын ойысы дискімен бірлесіп буын ойысын құрап қозғалыс төменгі этажда болады.
Қозғалыстың екінші кезеңінде алға немесе артқа қарай қозғалған кезде буын басы дискімен бірлесіп буын төмпешігіне жылжып қозғалыс қозғалыс жоғарғы этажда өтеді
Қозғалыстың үшінші кезеңінде бір жақты оңға немесе солға бұрылғанда, қарсы жағындағы буын басы дискімен бірге буын төмпешігіне қарай жылжып өтсе өз жағындағы буынның буын басы буын ойысынан шықпай вертикальды білік бойынша айналма бағытта қозғалады.
12. Қабырғалардың омыртқа жотасымен байланыстары.
Қабырғалардың төс сүйегімен байланыстары.
Қабырғалардың омыртқалық ұшы, кеуде омыртқалардың денесімен және көлденең өсіндімен қабырға – омыртқа буыны арқылы буындасса, төстік ұшы қабырға – төстік ұшы қабырға – төстік буыны арқылы буындасады.
Қабырға – омыртқа буыны
Қабырғаның омыртқалық ұшы омыртқамен екі буын арқылы буындасады. Қабырға басының буыны: бұл буынның басы қабырғалардың басының буын бетінен тұрса буын ойысы омыртқалардың денесінің бүйір қапталындағы буындық ойығынан тұрады. 2-10 дейінгі қабырғалар басының сыртқы пішіні конус тәрізді болып келген. Буын ойысының буын беті омыртқалардың бүйір қапталында орналасқан жартылай буын ойығынан құралса 1-11,12 – омыртқалардың буын ойықтары толық ойықтардан тұрады. Буын беттері гиалин шеміршекпен көмкерілген. Буын қапшықтарының орналасуына қарай буынның ішіндегі және сыртындағы байламдарға бөлінеді.
а) қабырға басының байламы, 2-10 қабырғаларда кездеседі. Ол қабырға басының қырқасынан басталып омыртқа аралық дискілерге бекіді. Бұл байлам қабырға қырқасы бар буында кездеседі. Қызметі: буын беттерін бірдей қапшықта устау.
б) буын қапшығының сыртындағы сәуле бағытта орналасқан байламы, өте нәзік және жұқа келіп буын қапшығының алдынғы бетін мықтау қызметін атқарады. Бұл байлам қабырға басының алдынғы бетінде басталып сәуле бағытта шашырап, іргелес жатқан омыртқалардың денелеріне және омыртқа аралық дискілерге бекиді. Қызметі: омыртқа басының тым алға қарай қозғалуын тежеу.
2. Қабырға – көлденең буыны: буын басы қабырғалардың төмпешігінен тұрса, буын ойығы кеуде омыртқаларының көлденең өсіндісінің ойығынан тұрады. Бұл буынның бір неше байламдары бар.
А) жоғарғы қабырға – көлденең байламы, омыртқаның көлденең өсіндісінен басталып қабырға мойнының қырқасына барып бекіді.
Б) латералды қабырға – көлденең байламы
В) меншікті қабырға – көлденең байламы.
Г) бел – қабырға байламы:
Бұл буындардың барлығының сыртқы пішіні цлиндр тәрізді болып келген.
Төс – қабырға буыны.
Әрбір қабырғаның шеміршектік бөлігі сүйектік бөлігімен өзара өте мықты гиалинмен бітісіп жасы ұлғайған сайын бейорганикалық тұздарға толады. Бұл сүйек барып барып шеміршекке ұласады. Қабырғалардың шеміршектік бөлігінің сыртқы пішіні цлиндр тәрізді болып келуімен қатар 8 қабырғалардан бастап төменгі қабырғалардың ұшы үшкірлеу болып келеді. Сонымен қатар 1-қабырғаның шеміршектік ұшы төс сүйегі тұтқасының өзіндік тілігі мен шеміршектік ткан арқылы үздіксіз байланысса 2 – қабырғадан бастап 7 – қабырғаның шеміршектік ұштары төс сүйегінің өзіндік тілігімен беттесіп төс – қабырғалық буындарды құрайды.
1. Төс – қабырға буыны, бұл буынның буын беті қабырғалардың шеміршектік ұшынан тұрса, буын ойығы төс сүйегінің меншікті ойығынан тұрады. Байламдары буын аралық және сыртқы байламдардан тұрады.
Төс – қабырға байламы
Төс қабырғалық алдынғы байлам
Төс қабырғалық артқы байлам
Сонымен қатар 6-7 қабырғаларда сыртқы қабырға аралық жарғақ және ішкі қабырға аралық жарғақтары болады.
