Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор анатомия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
55.6 Кб
Скачать

7. Сүйектер байланыстарының түрлері.

Сүйектердің өзара бір бірімен байланысын зерттейтін ілімді Синдесмология деп атайды. Адам ағзасындағы сүйектер мүше ретінде пассивті қозғалғыш ақпаратқа жататын бір тұтас функциялық жүйеге жатады. Адам қаңқасының сүйек аралық байланыстарын ірі тұлғалы ілімді Артрология ілімі деп атайды. Байланыстардың дамуыда сүйектердың байланысына сәйкес келеді. Байланыстар 3 түрлі болады:

1. Үзіліссіз байланыс – егерде сүйекте өзара қандай да бір тін мен байланысатын болса және қимылы аз қозғалысқа немесе мүлде қозғалыссыз болса Үзіліссіз байланыс болады – синартроз

2. Дамуына байланысты кешірек дамыған және сүйектердің арасында қуыс қалдырып қозғалысқа келетін болса Үзілісті болады – Диартроз

3. Өтпелі кезеңде қалған симфиз – байланыстың бұл түрінде үздіксіз және үздікті байланыстарға тән қасиеттерде кездеседі.

Үзіліссіз байланыс синартроздың бір неше түрі болады. Егер тұғаннан кейін сүйектер арасында дәнекер ұлпа қалып қойса – синдосмоз

  • Синдосмоз түрлері:

А) байламдар – олар дәнекер ұлпаның шоғырланып орналасуын айтады. Байламдардың 2 түрі болады:

  • Буын қабы сыртындағы

  • Буын ішілік

Негізгі қызметі: бір сүйектен екінші сүйекке өтіп буындарда болатын қозғалысты тежеу, беріктік қасиет береді.

Б) сүйек аралық жарғақтар – олар дәнекер ұлпаның байламдарының жалпақ болып орналасуы.

Қызметі: сүйек аралық қапшықты бір деңгейде ұстап тұру. Бұлшық еттердің бекінуы.

В) жіктер – бас сүйек арасында болады. Туріне байланысты 3 ке бөлінеді:

1. Тісті жіктер

2. Қабыршақты жіктер – самай мен төбе арасында болады

3 . Жалпақ жіктер

Орналасуына байланысты 3 ке бөлінеді

1. сагиталды жік

2. тәждік жік – төбе маңдай арасында

3. ламбдатты жік – шүйде мен 2 төбе сүйегінде болады.

Г) Тіс уяшықты байланыс – тіс түбірі мен уяшық арасында болады.

Д) Еңбекте – ең үлкен алдынғы еңбек, артқы еңбек, сына тәрізді еңбек, емізекше тәрізді.

Адынғы еңбек – 2 жаста бітіп кетеді.

Артқы еңбек – 4 айдан кейін бітеді.

Сына тәрізді еңбек

Емізекше тәрізді – тұғаннан кейін бітісіп кетеді.

  • Синхондроз

Тұғаннан кейін сүйектердің арасындағы дәнекер ұлпа шеміршекті сүйекке ауысса синхондроз деп аталады. Уақытына байланысты 2 ге бөлінеді. Тұрақты және уақытша.

Уақытшаға мысал – жамбас сүйегінің арасындағы сүйек

Тұрақтыға мысал – бас қаңқасының негізгі сүйектерінде болады.

  • Синостоз

Сүйектік тін арқылы байланысады.

8. Буынның негізгі және қосымша элементтері.

Үзілісті байланыстар – буын болуы үшін қажетті қосымша және негізгі элементтері болады.

Негізгі элементтері:

1. буын беттері болуы керек – 2 немесе

одан көп, буын беттерінің қалындығы 0,2 – 0,5 мм ге жуық гиалин шеміршегімен қапталған.

2. буын қапшығы – буын бетінің айналасында шеңбер бағытта байланысып тұйықталып орналасқан. 2 қабаттан тұрады:

Сыртқы қабаты – фиброзды қабат өте тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Негізгі қызметі: беріктік

Синовиальды ішкі қабат – қызметі синовиа сұйықтығын бөледі: түсі сарғыш болады. Қызметі: үйкелістің күшін азайту және буын беттерін қоректендіру.

3. буын қуысы

4. буын сұйықтығы – синовия сұйықтығы.

Қосымша элементтері

1. Байламдар – буынға беріктік қасиет беру мен қатар буында болатын қозғалыстың бағытын реттейді.

2. Буындық дискілер – буынның алшақ орналасқан буын беттерін бір біріне жақындастырады. Буын бетімен буын қуыстары бір біріне сәйкес келмей қалған жағдайда диск арқылы толтырылады.

3. буындық меніскілері – тізеде болады пішініне байланысты ай тәрізді немесе үш бұрыш тәрізді болады.

4. буын еріндері – буын ойысы буын басының бетіне сәйкес келмеген жағдайда буын көлемін үлкейтіп бір біріне сәйкес келтіріп тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]