Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор анатомия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
55.6 Кб
Скачать

1.Иық белдеуі және қол сүйектерінің құрылысы

Қолдың сүйектері – топаграфиялық орналасуына байланысты иық белдеу суйектеріне, бұғана, жаурын сүйегі және қолдың еркін орналасқан сүйектеріне тоқпан жілік, кәрі жілік, шынтақ жілік, білезік, алақан, саусақ сүйектеріне бөлінеді.

Буғанаos claviculare қолды дене қаңқасымен біріктіріп тұратын сүйекке жатады. Оның функционалдық қызметі, иық буынын көкрек клеткасынан тиісті қашықтыққа ығыстырып қолдың еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Буғана сүйегі аралас сүйегіне жатады. Дене мен 2 латералды және медиалды ұшқа бөлінеді. Медиалды бөлігінде exs sternalis төстікпен буын түзетін ершік тарізді буын беті болады. Латералды ұшында exs acromia жаурынның акрамион өсіндісімен буын түзетін жері болады.

Жаурын сүйегіscapula – 2- қабырға мен 8 – қабырға арасында орналасқан, сыртқы пішіні үш бұрыш тәрізді жұп жалпақ сүйек. Үш бұрышты болуына байланысты 3 бұрышы және 2 беті болады.

1 жаоғарғы қыры жұқалау келген. Мұнда жаурынның жоғарғы тілігі орналасқан.margo superor

2медиалды қыры ол жаурынның

жоғарғы қырынан жіңішкелеу және ұзындау болып келген.ma medialis

3жаурынның латералды қыры қалындау болып қолтық ойысына қарай бағытталған.ma lateralis

Жоғарғы бұрышы, доғалдау жоғарғы және медиальды бағытта омыртқа бағанасына қарап орналасқан.angulus superior

Төменгі бұрышы, доғалдау болып төменгі және медиальды бағытта, омыртқа бағанасына қарап орналасқан

Angulus inferior.

Латеральдық бұрышы,.бетінде тоқпан жіліктің басы мен беттесетін буындық ойысы боладыangulus lateralis.

Тоқпан жілік,humerus сүйектердің ішіндегі ең ұзын сүйек болып есептеледі. Бұл сүйектің денесі проксимальды және дистальды ұштары болады.

Білек сүйектері сыртқы пішіні түтік тәрізді болып келген, шынтақ жілік ulna және кәрі жілік radii сүйектерден тұрады. Қалыпты жағдайда қолды төмен бағытта алақанды алға қаратып басбармақты латеральды бағытта жаққа қарай ұстаған жағдайда шынтақ жілік білектің ішкі қапталында, кәрі жілік латеральды жағында орналасады.

Қол басының сүйектері, атқаратын қызметінің күрделілігіне және нәзіктігіне қарай шағын, майдалау келген білезік сүйектерінен Capri , қысқалау келген алақан сүйектеріне metacarpi және бақайшық сүйектеріне бөлінеді.scaphoideum. lynatum triquetrum fiziforne trpesium trapasoideum capitatum hamati

2. Жамбас белдеуі және аяқ сүйектерінің құрылысы - Екі жақтың жамбас сүйегі алдында бір бірімен шат сүйегінің қасағасы, арқылы артқы қапталында сегізкөз сүйегімен сегізкөз – жамбас буыны арқылы буындасып жамбас қуысын құрайды. Жамбас сүйегінің жамбас белдеу сүйектеріне жатқызылуы сол себепті.Жамбас сүйегі жұп жалпақ сүйектерге жатады. Жамбас сүйегі 16-17 жасқа дейін дербес 3 сүйектен дамып кейін кейінгі даму кезінде шеміршектік ткан арқылы сосын сүйектік ткан арқылы байланысқан 3 сүйектен шат, мықын, шонданай сүйектен құралған сүйектер 16-17 жаста шеміршектік одан кейін сүйектер өзара сүйектік ткан арқылы бірігіп жамбас сүйегін құрайды.

Мықын сүйегі ilium ең ірі және жалпақ сүйек. Мықын сүйегінің денесі жамбас ойысының жоғарғы қабырғасын құрауға қатысады. Денесінің ішкі қапталында доға тәрізді жоғары және артқа қарай иіліп орналасқан доға тәрізді сызықшасы орналасады. Жоғары бөлігі өрлеме бағытта өтіп мықын сүйегінің қанатына ұласады.

Шонданай сүйегі – ischii жамбас сүйегі ойығының төменгі бөлігінде орналасқан. Топаграфиялық орналасуына қарай: денесінен және бұрыш құрап орналасқан бұтақтарынан тұрады. Шонданай сүйектің денесінің артқы бетінде қылқаны шонданай сүйегінің үлкен тілігі төменрек кіші тілігі орналасқан.ishiadica

Шат сүйегі pubis топаграфиялық орналасуына қарай денесінен жоғарғы және төменгі бұтағынан тұрады.Денесі жамбас ойығының алдынғы қабырғасын құрау мен шат сүйегінің жоғарғы бұтағына ұласады.ramis osis pubis

Жоғарғы бұтағының жоғарғы бетінде шаттық қырқа байқалады. Бұл қырқаның төменгі жиегі сүйірленіп жапқыш тесіктің қабырғасын құрауға қатысумен қатар жапқыш тесіктің қырқасын құрайды.

Ортан жілікfemusадам қаңқасын құраушы сүйектердің ең ұзын және жуан түтік тәрізді сүйек. Бұл сұйектің денесі және ппроксимальды , дистальды ұштары ажыратылады.Ортан жіліктің денесі, сыртқы пішіні цлиндр тәрізді бұралып орналасқан. Топографиялық орналасуына байланысты бұдырлы сызықша, медиальды және латеральды ернінен тұрады. Проксималь эпифизінде ішкі және жоғары қарай бағытталған басы және ортан жіліктің басын денесінен бөліп тұрұшы мойыны орналасқан.

Дистальды ұшы көлденең жазықтықтың бойында қомақтылау болып келген медиальды айдаршық пен латеральды айдаршықтан тұрады.

Тізе тобығы patellaадам қаңқасының құрамындағы сесама сүйектердің ішіндегі ең ірі сүйек болып саналады. Бұл сүйек тізе буынын жазған кезде айқын байқалады.

Сирақ сүйектеріossis crurisтопаграфиялық орналасуына қарай асықты жілік және асықты жілік шыбығының сүйектеріне бөлінеді

Acikтәрізді сүйектерге жатады. Бул сүйектің денесі проксимальды және дистальды ұштары ажыратылады.

Асықты жілік шыбығыfibula ұзындау және жіңішкелеу келген. Басқа да жілікті сүйектер сияқты денесі проксимальды және дистальды ұштары болады.