Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курстык жумыс каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
14.42 Mб
Скачать

3.3 Дайын және жартылай өнімдердің, материалдардың, бастапқы шикізаттардың сипаттамасы

Бұл бөлімді сипаттағанда процесті жүзеге асырғанда қолданатын, көмекші материалдар мен дайын өнім мен өнімдер тізімі құрылады. Ол мәтінде немесе кесте түрінде олардың негізгі физика-химиялық сипаттамалары, яғни одан ары мыналарды есептеуге қажетті мәліметтер келтіріледі: молярлық массаны, жылусыйымдылық, булану жылуы, тұтқырлық, тығыздық, т.б. осы жерде осы мәліметтер алынған әдебиеттер көзіне сілтеме жасалады.

Бұл бөлімде заттардың химиялық және улылығы туралы әрі шекті рұқсат етілген концентрациясы мен оның атмосферада таралуы туралы да мәліметтер келтіріледі. Әр зат үшін МЕСТ пен тауарлық формалары да келтіріледі. Бұл бөлімде анықтамалық мәндер мен [5-7] қазіргі өндірістің регламенттері де болады.

Бұл бөлімді кестелік суреттеу мысалы:

Кесте ...

Шикізат, материал мен дайын өнімнің сипаттамасы

Зат аталуы

Химиялық формула

МЕСТ

МЕСТ бойынша көрсеткіштер

Физикалық сипаттама

1. ...

2. .. және т.б.

3.4 Технологиялық процесс пен сызбаны суреттеу

Бұл бөлім операциялық блок-сызба құру мен оны негіздеуден басталады (бұл мақсат үшін материалдық ағындар да қолдану мүмкіндігі). Операциялық блок-сызбада қажетті физикалық және химиялық операциялар мен олардың ретінің тізімі келтіріледі.

Операциялық блок-сызбаға мыналар кіреді:

− шикізатты дайындау сатысы;

− химиялық өңдеу сатысы;

− мақсатты және қосымша өнімдерді тазалау мен бөлу сатылары;

− мақсатты өнімге тауарлық форма беру сатысы;

− өндіріс қалдықтарын залалсыздандыру сатысы.

Бұл сатыда толық түрленбеген шикізат пен қосымша материалдар рециркуляциясы қарастырылуы мүмкін (мысалы, еріткіш), егер реакторда процесті толық жүргізуге бастапқы өнімдер толық өзгермесе.

Көбінше курстық жобада өндірістің бір немесе екі сатысы талданады. Блок-сызбаны талдаған соң, оқытушы жетекшілігімен таңдаған сатының немесе өндірістің принципті технологиялық кескінін құрады.

Технологиялық кескінде барлық аппараттар мен көмекші қондырғылар, жылу алмастырғыштар, сорғыштар мен компрессорлар көрсетіледі. Аппараттар сызбада материалдық ағынның қозғалу барысы бойынша ретпен орналасады. Оларды солдан оңға қарай орналасу ретіне сай нөмірлейді. Аппараттарды жалғастырушы құбырларды анық жазық сызық түрінде салады. Онда стрелкамен ағындар бағытын көрсетеді, осыдан сұйықтың қозғалыс сызығында стрелканы қарайтады да газдар қозғалысы сызығында оны контурлы етіп қалдырады.

Технологиялық сызбаны талдау сатысында сұйық өнімдерді тасымалдауға шығынды төмендету сұрағы шешіледі. Бұл мақсатқа аппараттан аппаратқа өздігіне ағу принципі қолданылады, яғни аппараттардың вертикалы бойынша өзара орналасуы қарастырылады.

Хладагенттер мен жылутасушыларды таңдауды анықтау себебі, ол процесті жүзеге асыру үшін қажет. Жылу немесе суық бірлігінің құны қолданылатын энергия тасушылардың параметрлерінен тәуелді болады. Ең арзан хладагенттер ауа мен айналымдағы өнеркәсіптік су. Қажет болса, қымбат хладагенттер қолданады (суыған су, рассол, фреон, сұйық аммиак).

Өндірістің технологиялық сызбасын суреттеу деген негізгі материалдық ағын қозғалысына сай келетін өндірістік процесс сатысын ретпен сипаттау болады. Бұл бөлім техникалық терминдерді, материалдар мен қондырғылар атауын дұрыс жазу арқылы жазылады [8].