Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курстык жумыс каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
14.42 Mб
Скачать

1 Жалпы жағдайлары

Курстық жоба − оқытушы жетекшілігімен студенттің орындайтын өзіндік жұмысының бір түрі.

Курстық жобалаудың негізгі міндеттері мен мақсаттары болып төмендегілер табылады:

  • теориялық білімді тереңдету мен бекіту;

  • қолданбалы міндеттерді шешуге ертеде алған білімдерін қолдануды қалыптастыру;

  • химиялық өндірісті жобалау әдістерін меңгеру мен дағды қалыптастыру сонымен қатар техникалық есептеулер жүргізу;

  • дипломдық жоба орындауға және одан ары өзі кәсіби іс әрекет орындауға дайындалу.

Студенттерге курстық жобалау үшін мынадай тақырыптар, яғни қондырғының, цехтың немесе қандай да бір өнім немесе жартылай өнім өндірісі бойынша технологиялық кескіннің фрагменті ұсынылады.

Талданатын жобаның аналогы жұмыс жасап тұрған өндіріс болып табылады. Курстық жоба аналогтың көшірмесі болмауы керек, онда қолданылатын шикізатқа, катализаторға, қондырғыға сонымен қатар технологиялық процесті рационалды суреттеу үшін өзіндік қадам жасалып, студенттің творчестволық элементі болғаны дұрыс [1].

Курстық жұмыс 6 семестрде, 14 оқу аптасында қорғалады.

2 Курстық жоба мен есептеу  түсіндірме жазбаның мазмұны

Курстық жоба есептеу түсіндірме жазба мен графикалық бөлімнен тұрады.

2.1 Есептеу-түсіндірме жазбаның құрылымымен әр бөлімге қойылатын шамамен беттер саны

Кіріспе

1-2

1 Өндіріс тәсіліне әдеби шолу

5-7

1.2 Технологиялық процестің физика-химиялық негіздері

3-5

1.3 Дайын және жартылай өнімдердің, материалдардың, бастапқы шикізаттардың сипаттамасы

3-4

1.4 Технологиялық процестер мен кескіннің суреттелуі

5-6

2 Технологиялық бөлім

2.1 Материалдық есептеулер

4-6

2.2 Жылулық есептеулер

3-5

2.3 Негізгі аппаратты конструкциялық есептеу

2.4 Көмекші қондырғыны таңдау

3-5

3 Өндіріс экологиясы

3-4

4 Қорытынды

1

5 Қолданылған әдебиеттер тізімі

нақты

2.2 Графикалық бөлім

Курстық жобаның графиктік бөлімі А 1 форматты 2 қағаздан тұрады, онда болуы керек:

 өндіріс сатыларының немесе өндірістің принципті технологиялық кескіндері;

 негізгі аппаратты сызу;

2.3 Курстық жобаның рәсімделуі

1. Курстық жоба жетекшіге тігіліп өткізіледі.

2. Курстық жоба А4 (210*297 мм) форматты стандартты ақ қағазда рәсімделеді.

3. Курстық жоба мәтіні WORD редакторын қолданып, «Times New Roman» шрифтімен, шрифт өлшемі - №14, аралық – бір қадам.

4. Курстық жоба мәтіні, кесте мен суреттердің орналасуы мынадай өлшемдерде орналасады: сол жақ алаң 30 мм, оң жақ алаң 15 мм, жоғарғы алаң 20 мм, төменгі алаң 20 мм.

5. Курстық жоба беттерінің нөмірленуі титулды беттен бастап саналып, ортасына қойылады. Ал титулды бетке қойылмайды.

6. Курстық жоба құрылымдық атаулары мен негізгі бөліктің бөлімі жекелеген жолдарда майлы шрифтпен, бас әріптермен (МАЗМҰНЫ, КІРІСПЕ және т.б.), алмастырылмай ортасында орналасады. Бұл атаулар негізгі мәтіннен бір қадам аралықпен бөлініп тұрады. Астын сызуға, нүкте қоюға болмайды.

7. Әр құрылымдық элементті және негізгі бөлімді жаңа беттен бастау керек.

8. Курстық жоба мәтіні анық, аяқталған, түсінікті болуы керек.

9. Суреттер (сызбалар, графиктер, кескіндер, диаграммалар, фотосуреттер) барлығы «сурет» деген бір атаумен аталады. Суреттің сипаты оның атауына сай болуы керек (мысалы, «1 сурет. Алгоритмнің блок-кескіні…»). Қажет болған жағдайда суреттің алдына түсініктеме орналастыру керек.

10. «Кесте» деген сөзден кейін оның аты жазылуы керек. Аты аталған соң, нүкте қойылмайды. Кестені тасымалдау керек болса, оның атын көрсетіп «кестенің жалғасы» деп жазу керек. Барлық суреттер мен кестелерге мәтінде сілтеме болуы керек (мысалы: «5 суретте көрсетілгендей», «2 кестедегі мәліметтерге сай»).

11. Әдебиетке сілтеме жасағанда ол тік жақшаға алынады, ол әдебиеттер тізімінде болуы керек. Қажет болса, осы ақпарат берілген бетте көрсетіледі.

12. Қолданылған әдебиеттік мәліметтер авторлар фамилиясының ретімен алфавиттік түрде, мынадай ретпен орналасуы керек:

  1. заңдық және нормативті-әдістемелік құжаттар мен материалдар;

  2. арнаулы ғылыми отандық және шет елдік әдебиеттер (монография, оқулықтар, ғылыми мақалалар);

  3. ұйымның және мекеменің статистикалық, инструктивтік және өндірістің есептік материалдары.

Әр әдебиет көзі бойынша мыналар көрсетіледі: автор (немесе авторлар тобы), кітаптың немесе мақаланың толық аталуы, баспаның орны мен аталуы, шыққан жылы; журналдық мақалалар үшін журналдың аты, шыққан жылы мен нөмірі көрсетілуі керек. Еңбектер жинағы болса мақала авторы, оның аталуы мен кітаптың аталуы мен шыққан мәліметтері көрсетіледі.

13. Қосымшаны курстық жұмыстың жалғасы ретінде келесі беттерде көрсетеді. Әр қосымша жаңа беттен басталады. Беттің жоғарғы жағында «Қосымша» деген сөз болады да оның нөмірі жазылады. Қосымша ортасында бас әріптермен жазылады. Оны ретімен нөмірлеп отырады. Барлық қосымшаға мәтінде сілтеме болуы керек.