Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РМК СТ 09-2009doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
644.1 Кб
Скачать

5.6 Иллюстрация

5.6.1 Графикалық материалды оқу жұмысының мәтінінде (сызба, диаграмма, суреттер, т.б) оны жақсы түсіну үшін және оның қасиеттерін белгілеу немесе нысанды (объектіні) сипаттау мақсатымен орналастырады.

Кестелік материал мәтінде бірінші рет ескерілген соң, тікелей мәтіннен кейін келесі бетте, ал қажет болса, қосымшада орналасуы тиіс .

5.6.2 Мәтінде орналасқан суреттер, сызбалар, диаграммалар, т.б. құрылымдық құжаттамалардың бірыңғай жүйесінің мемлекеттік стандарттары талаптарына сәйкес болуы тиіс. Иллюстрациялар компьютермен де түрлі-түсті жолмен де орындалуы мүмкін. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болу қажет.

5.6.3 Оқу жұмыстарында графикалық материалды толықтыратын кестелер болса, оларды графикалық материалдан кейін орналастырған жөн.

5.6.4 Кестелік материалда одан кейін орналастыратын тақырыптық атауы болуы мүмкін, ол келесідей жазылады.

Мысалы – 1– сурет. Аспап бөлшектері

Қажет болған жағдайда, графикалық материалдың астына түсіндірме деректері орналастырады. «Сурет» сөзімен атауын түсіндірме деректерден кейін қояды.

Үздіксіз нөмірленген жағдайда графикалық материалдарға сілтеме берілгенде «...2-сурет пен сәйкес» және бөлім шегінде нөмірленсе «...1.2-суретпен сәйкес» теп жазу керек.

5.6.5 Графикалық материалды, қосымшалардың графикалық материалын қоспағанда толассыз, араб сандарымен нөмірлеу тиіс. Егер сурет біреу болса «1-сурет» деп белгіленеді. Кестелік материалды нөмірлеу бөлім шегінде рұқсат етіледі. Сурет нөмірі бұл жағдайда суреттің реттік нөмірі мен бөлім нөмірінен тұрады.

Мысалы – 1.1-сурет, 1.2-сурет т.б.

Әр қосымшаның кестелік материалын жеке нөмірлеп, араб сандарымен алдына қосымша белгісін қосып белгілейді.

Мысалы – А.3-сурет.

5.6.6 Суретті (диаграмма, сұлбалар, т.б.), әдеттегідей, бір бетте орындау қажет. Егер сурет бір бетке сыймаса, оларды басқа бетке тасымалдауға рұқсат етіледі. Ондайда тақырыптық атауды бірінші бетте, түсіндірме деректерді әр бетте орналастырады және оның астына егер бірнеше сурет болса «...сурет,...парақ» сөздері жазылады, егер, бір сурет болса «1-сурет,...парақ» сөздері жазылады.

5.6.7 Өлшем бірлігінің белгісін диаграммаға келесі көрсетілген тәсілдердің біреуімен жазу керек:

  • шкала соңында, шкаланың соғы және сонғы белгілеу алдындағы белгінің арасында (сыймаған жағдайда, соңғы белгілеуінің алдындағы белгіні көрсетпеуге рұқсат етіледі);

  • үтірден кейін, тұрақсыз шаманың атауымен бірге;

  • шкала соңында соңғы саннан кейін бөлшек түрінде айнымал шамалар-

дың белгілеулермен бірге алымында- айнымал шама белгісі, бөлімі жағында- өлшем бірлігінің белгісі.

Бұрыштардың өлшем бірліктері (градус, минут, секунд) бір ақ рет көрсетіледі – шкаланың соңғы сан белгісінің шамасында.

Диаграмманың орындалу жағдайы 3-суретте көрсетілген.

3-сурет. Жылдамдықтың жол трассасы учаскілеріне байланысы

5.7 Сілтемелер

Оқу жұмыстарына сілтеме беруге рұқсат етіледі:

  • белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасында қолданылатын стандарттарға;

  • заңнамалар мен басқада нормативтік актілерге;

  • арнайы әдебиеттерге ж.т.б.

Сілтемелер МемСТ 7.1–2003 талаптарына сәйкес, пайдаланылған әдебиеттер көздерінің нөмірлері тізім бойынша, тікт жақшада көрсетіледі.

Мысалы- [1],[2] т.б.