
- •Мазмұны
- •Сапа жүйесі оқу жұмыстары мәтіндік және графикалық материалдардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар
- •Қолдану саласы
- •2 Нормативтік сілтемелер
- •3 Жалпы ережелер
- •Оқу жұмыстарының құрамы
- •Оқу жұмыстарының элементтері
- •Тапсырма
- •Аңдатпа
- •Реферат
- •Мазмұны
- •4.9 Қорытынды
- •4.10 Терминдер тізімі. Қысқартулар тізімі
- •4.11 Пайдалынған әдебиеттер тізімі
- •4.12 Қосымшалар
- •5 Оқу жұмыстары мәтіннің ресімделуіне қойылатын талаптар
- •5.1 Оқу жұмыстарын орындау тәсілдері
- •5.2 Оқу жұмыстарының мәтінін бөлу
- •Құралдар, материалдар, реактивтер
- •1.1.1 Титрлеуге арналған құралдар
- •1.1.1.1 Фильтрлеуге арналған құралдар
- •1 Аспаптарда діріл келесі жағдайларда пайда болуы мүмкін:
- •5.3 Оқу жұмыстарының баяндалуына қойылатын талаптар
- •5.4 Формулалар
- •5.5 Кестелер
- •5.6 Иллюстрация
- •5.7 Сілтемелер
- •5.8 Ескертулер
- •5.9 Сілтемелер
- •6 Графикалық материалдарды құруға қойылатын жалпы талаптар
- •6.7 Графикалық сұлбалар және басқа графикалық материалдарды ресімдеу
- •6.8 Көрнекі материалдарды ресімдеу
- •6.9 Мөлдір үлдір материалдарға қойылатын жалпы талаптар
- •А қосымшасы
- •ТүсінДірме жазбасы
- •ТүсінДірме жазбасы
- •Ә қосымша
- •Дипломдық жұмыс
- •Дипломдық жұмыс
- •Б қосымшасы
- •ТүсінДірме жазбасы
- •В қосымшасы
- •Курстық жұмыс
- •Г қосымшасы
- •Лабораториялық жұмыс
- •Ғ қосымшасы
- •Тапсырма
- •Е қосымшасы
- •Кестесі
- •Қолтаңбалары
- •Ж қосымшасы (Міндетті түрде)
- •Тапсырма
- •Ж қосымшасы
- •И қосымшасы
- •К қосымшасы
- •Л қосымшасы
- •М қосымшасы
- •Н қосымшасы
- •Магистрлік диссертация
- •П қосымшасы
- •Өлшеу құралы
- •Р қосымшасы
- •Жұмысқа ескерту жасау
- •С қосымшасы
- •Ғылыми жетекшінің
- •Библиография
- •Өзгерістерді тіркеу парағы
5.4 Формулалар
5.4.1 Формулаларды, қосымша формулаларды қоспағанда, дөгелек екі жақтық жақшада формула деңгейінде, араб сандарымен үздіксіз нөмірленуі тиіс. Әрбір формулалар мен теңдеулерді жазғанда жоғарыдан және төменнен бір-бір жолдан кем болмайтын бос орын қалдыру қажет.
Мысалы – (1), (2), (3) т.б.
Бір формуланы – (1) белгілейді.
Мәтіндегі сілтемелердің реттік нөмірлері жақшамен беріледі.
Мысалы – ...(1) формулада.
Қосымшада орналасқан формулаларды , әр қосымша шегінде араб сандарымен, цифр алдында қосымшаның әріптік (цифрлық) белгілерін көрсетіп нөмірлеу керек.
Мысалы – ...(В.1) формулада.
5.4.2 Бөлім шегінде формулаларды нөмірлеуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда формула нөмірі нүктемен бөлінген бөлім нөмірі мен формуланың реттік нөмірінен тұрады. Мысалы – (3.1), (3.2), (3.3).
5.4.3 Егер формулаға кіретін белгілер мен сандық коэффициенттер, бұрын мәтінде немесе қосымшада түсіндірілмесе, олар тікелей формула астына келтірілуі тиіс.
Әр белгілердің, түсіндірмесі белгілер формулада келтірілген ретімен жаңа жолдан берілуі тиіс. Түсіндірменің бірінші жолы (қос нүктесіз) «мұндағы» деген сөзбен азат жол шегінісінен басталуы тиіс.
Мысалы – үлгі массаның тығыздығы ρ, кг/м3, келесі формуламен есептелінеді
ρ =m/v =12/3 =4 кг/м3, (1)
мұндағы m - үлгі массасы, кг салмақ – күш .
v - үлгі көлемі, м3.
Мәтінмен бөлінбеген бірінен кейін бірі тұратын формулаларды, үтірмен бөледі. Мысалы – S = V· t , (1)
ρ =m/v. (2)
5.4.4 Келесі жолға формулаларды тасымалдау, тек орындалатын операциялар белгілерінде рұқсат етіледі, келесі жол басындағы белгілер қайталанады. Көбейту операциясы белгісінде формулаларды тасымалдаған кезде «х» белгісін жазады.
5.4.5 Математикалық теңдеулерді оқу жұмыстарында баяндау тәртібі формуладағыдай. Бір формулада машинамен басылған және қолжазбадан белгіні қолдануға рұқсат етілмейді.
5.5 Кестелер
5.5.1 Кестелерді жақсы көрнелік ретінде және көрсеткіштерді теңестіру ыңғайлылығы үшін қолданады. Сандық материалды кесте түрінде 2- суретке сәйкес ресімдейді.
____– кесте нөмірі ____________________________ кесте атауы
-
Баған
тақырыптары
Баған тақырыпшалары
Жолдар
(көлденең
қатарлар)
Бүйір тақырыбы
(тақырыптарға арналған баған) Бағандар (қатарлар)
сурет
5.5.2 Кесте тақырыбы – оның мазмұнын аша отырып қысқа әрі нақты болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, азат жол шегінісінен, «1-кесте»
деген сөзінен соң келесі жолға орналастыру керек.
Кесте бөлігін өзінің бастапқы орналасқан бетіне немесе басқа бетке тасымалдаған кезде, атауын тек бірінші бөлігінде орналастырады.
5.5.3 Кестелерді, қосымшалар кестелерін қоспағанда, толассыз нөмірлермен араб сандарымен нөмірлеу тиіс.
Әрбір қосымша кестелерін жеке нөмірлеп, араб сандарымен цифр алдында қосымша белгілерін көрсетеді. Егер мәтінде бір-ғанақ кесте болса, онда ол «1-кесте» деп белгіленеді, егер де А қосымшасында келтірілсе, онда «А.1-кесте» келтірілуі тиіс.
Оқу жұмысының барлық мәтінінде кестелерге сілтеме берілуі тиіс, сілтеме берілген кезде «кесте» деген сөзбен оның нөмірін көрсетіп жазу тиіс.
Кестелері бөлім шегінде нөмірленуі тиіс.
Бұл жағдайда кестенің нөмірлері нүктемен бөлінген бөлім нөмірі мен кестенің реттік нөмірінен тұрады.
Мысалы – 2.1- кесте – 2 бөлімнің 1 – кестесі.
5.5.4 Бағандар мен кесте жолдарының тақырыптарын бас әріппен, ал бағандардың тақырыпшаларын кіші әріппен жазу тиіс, егер олар тақырыппен бір сөйлем құрастырса, егер оларда дербес мағына болса, бас әріптен жазу тиіс. Кестелердің тақырыптары мен тақырыпшаларының аяғында нүкте қойылмайды. Бағандардың тақырыптары мен тақырыпшаларын жекеше түрде көрсетеді.
5.5.5 Баған және бүйір тақырыптары мен тақырыпшаларын диагональ сызықтармен бөлуге болмайды.
Баған тақырыптарын, әдеттегідей, кесте жолдарына параллель жазады. Қажет болса, баған тақырыптарын перпендикуляр орналастыруға рұқсат етіледі.
Кесте тақырыптаың перпендикуляр және параллель алмастыра орналастыруға болмайды.
5.5.6 Кестені, оның өлшеміне байланысты, оған бірінші рет сілтеме берілген мәтін астына орналастырады немесе келесі бетте, ал қажет болса, қосымшасында беріледі.
Кестелерді оқу жұмысының мәтінінде, парақтың ұзын жағына бойлай орналастыруға болады.
Егер кесте бағанының жолдары бет форматынан шықса, онда кестені бөліктерге бөліп, бөліктерді бір -бірінің астына немесе қатар орналастырады. Қажет болса, кестенің әр бөлігінде оның басы мен бүйірін қайталайды.
Кестені бөлікке бөлген кезде оның басы мен бүйірін бағандар мен жолдардың нөмірлеріне ауыстыруға рұқсат етіледі. Ондайда араб сандарымен, кестенің бірінші бөлігінің бағандары мен (немесе) жолдарын нөмірлейді.
«Кесте» сөздін кестенің бірінші бөлігінің үстіне сол жақта бір рет көрсетеді, басқа бөліктерінің үстіне кестенің нөмірін (немесе) көрсетіп, «Кестенің жалғасы» деген сөздер жазылады.
Егер парақтың соңында кесте үзілсе және оның жалғасы келесі бетте берілсе, онда кестенің бірінші бөлігінде кестені шектейтін төменгі көлденең сызықты жүргізбейді. Кестенің үстіне нөмірін көрсетіп «Кестенің жалғасы» деп жазады да, оның басын қайталайды.
Бағандары көп емес кестелерді бөлікке бөлуге рұқсат етіледі және бір бетте бір бөлікті, басқасының қасына орналастырса болады, ондайда кестенің басқы жазуын қайталайды.
5.5.7 «Рет нөмірі» бағанын кестеге қосуға рұқсат етілмейді.
Оқу жұмысының мәтінінде оларға сілтемелер болған жағдайда, кестені бөлікке бөлгенде, және кесте бөлігін келесі бетке тасымалдағанда, кесте бағанын араб цифрларымен нөмірлеуге рұқсат етіледі.
Көрсеткіштер, параметрлер немесе басқа деректерді нөмірлеу қажет болса, реттік нөмірлерді бірінші бағанда (кесте бүйірінде) және олардың тікелей атауының алдына көрсету керек.
Бағандардың тақырыптары мен тақырыпшалары мәтінін қысқарту үшін МемСТ 2.321 белгіленген әріптік белгілер мәтінде түсіндірілсе немесе суреттерде келтірілсе оны басқа белгілермен ауыстырады. Мысалы, D-диаметр, H-биіктігі, L-ұзындығы.