
- •Мазмұны
- •Сапа жүйесі оқу жұмыстары мәтіндік және графикалық материалдардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар
- •Қолдану саласы
- •2 Нормативтік сілтемелер
- •3 Жалпы ережелер
- •Оқу жұмыстарының құрамы
- •Оқу жұмыстарының элементтері
- •Тапсырма
- •Аңдатпа
- •Реферат
- •Мазмұны
- •4.9 Қорытынды
- •4.10 Терминдер тізімі. Қысқартулар тізімі
- •4.11 Пайдалынған әдебиеттер тізімі
- •4.12 Қосымшалар
- •5 Оқу жұмыстары мәтіннің ресімделуіне қойылатын талаптар
- •5.1 Оқу жұмыстарын орындау тәсілдері
- •5.2 Оқу жұмыстарының мәтінін бөлу
- •Құралдар, материалдар, реактивтер
- •1.1.1 Титрлеуге арналған құралдар
- •1.1.1.1 Фильтрлеуге арналған құралдар
- •1 Аспаптарда діріл келесі жағдайларда пайда болуы мүмкін:
- •5.3 Оқу жұмыстарының баяндалуына қойылатын талаптар
- •5.4 Формулалар
- •5.5 Кестелер
- •5.6 Иллюстрация
- •5.7 Сілтемелер
- •5.8 Ескертулер
- •5.9 Сілтемелер
- •6 Графикалық материалдарды құруға қойылатын жалпы талаптар
- •6.7 Графикалық сұлбалар және басқа графикалық материалдарды ресімдеу
- •6.8 Көрнекі материалдарды ресімдеу
- •6.9 Мөлдір үлдір материалдарға қойылатын жалпы талаптар
- •А қосымшасы
- •ТүсінДірме жазбасы
- •ТүсінДірме жазбасы
- •Ә қосымша
- •Дипломдық жұмыс
- •Дипломдық жұмыс
- •Б қосымшасы
- •ТүсінДірме жазбасы
- •В қосымшасы
- •Курстық жұмыс
- •Г қосымшасы
- •Лабораториялық жұмыс
- •Ғ қосымшасы
- •Тапсырма
- •Е қосымшасы
- •Кестесі
- •Қолтаңбалары
- •Ж қосымшасы (Міндетті түрде)
- •Тапсырма
- •Ж қосымшасы
- •И қосымшасы
- •К қосымшасы
- •Л қосымшасы
- •М қосымшасы
- •Н қосымшасы
- •Магистрлік диссертация
- •П қосымшасы
- •Өлшеу құралы
- •Р қосымшасы
- •Жұмысқа ескерту жасау
- •С қосымшасы
- •Ғылыми жетекшінің
- •Библиография
- •Өзгерістерді тіркеу парағы
Құралдар, материалдар, реактивтер
(бірінші бөлімнің бірінші бөлімшесі)
1.1.1 Титрлеуге арналған құралдар
(бірінші бөлімнің бірінші бөлімшесінің бірінші тармағы)
1.1.1.1 Фильтрлеуге арналған құралдар
(бірінші бөлімнің бірінші бөлімшесінің, бірінші тармағының бірінші тармақшасы)
Бөлім мен бөлімше тақырыптар аралығы компьютермен басылғанда – 1 аралықта басылады. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер тақырыптары бір-бірінен мәтіннен екі жол (2 аралық) төмен түсіріліп басылады.
Тармақ немесе тармақша ішінде санамалау (атап өтулер) келтірілуі мүмкін.
Тізімделудің әр позициясының алдында сызықша немесе оқу жұмысының мәтінінде тізімдеудің біреуіне сілтеме қажет болса, соңында жақшасы бар кіші әріп қояды. Атап өтуді ары қарай бөлшектеу үшін соңынан жақша қойылатын араб цифрларын пайдалану қажет.
Тізімдеудің соңына үтір нүкте немесе нүкте қояды. Әр жаңа позиция азат жолдан кіші не бас әріппен басталады.
Мысалдар
1 Аспаптарда діріл келесі жағдайларда пайда болуы мүмкін:
айналатын элементтердің теңгерілмеуі;
раманың жеңіл деформациясын алуынан;
аэродинамикалық жүктелімнен.
2 а) ___________________________ ;
б) _______________________________;
1) ______________________;
2)______________________;
в) _______________________________;
5.3 Оқу жұмыстарының баяндалуына қойылатын талаптар
5.3.1 Оқу жұмысының мәтіні оның қолдану саласына сай түрлі тоқылауды қажет етпейтінде қысқа, нақты және жеткілікті болуы тиіс.
Оқу жұмысының мәтінінде қолданыстағы стандарттармен, заңды актілермен белгіленген терминдер, анықтамалар, белгілер мен қысқартуларды қолдану тиіс.
5.3.2 Рим сандары бұйым сұрыптарын (санаттарын, сыныптарын), химиялық элементтердің валенттілігін, жыл, жарты жыл тоқсандарын белгілеу үшін қолданады. Басқа жағдайларда араб сандары қолданылады.
5.3.3 Бір оқу жұмысының мәтіні шегінде физикалық шама бірлігі бір көрсеткіш үшін, тұрақты болуы тиіс. Оқу жұмысының мәтінінде стандартталған физикалық шама бірлігін, олардың атауы мен белгілерін
МемСТ 8.417-2002 сәйкес қолдану тиіс.
5.3.4 Оқу жұмысының мәтінінде келесідей мәселелерге жол берілмейді:
бір түсінік үшін түрлі мағынасы бойынша жақын (синонимдер) түрлі ғылыми-техникалық терминдерді және қазақ, орыс тілдерінде бір мағыналы сөздер мен терминдер бар кезде шетел терминдері мен сөздерін қолдану;
қазақ, орыс орфографиясы және тиісті стандарттар белгіленгендерден басқа сөз қысқартуларын қолдану;
өз бетінше сөзжасамдарды қолдану;
физикалық шама бірлігінің атаулары сандық мағыналары жоқ жағдайда қысқартылмайды, егер де физикалық шама бірлігінің атаулары кестенің басы мен бүйірінде және әріппен көрсетілген рәміздер түсіндірмелері формулалар суреттерге кірген жағдайда, толық жазылады.
5.3.5 Оқу жұмысының мәтінінде, формулаларды, кестелерді, суреттерді қоспағанда, рұқсат етілмейді:
теріс шама мағыналарының алдында «–» математикалық белгісін («алу» сөзін жазу керек) қолдануға;
диаметрді белгілеу үшін «Ø» белгісін қолдануға («диаметр» сөзін жазу керек). Өлшем санының алдына суреттерде өлшем мен шекті ауытқуларын көрсеткен кезде «Ø» белгісін жазу тиіс;
сандық мағыналарсыз математикалақ белгілерді қолдануға, мысалы, > (көп), < (аз), = (тең), ≥ (көп немесе тең), ≤ (аз немесе тең), ≠ (тең емес), және де № (нөмір) мен % (пайыз). Оқу жұмыстарының мәтінінде жазу керек (көп), (аз), (тең), (көп немесе тең), (аз немесе тең), (тең емес), (нөмір), (пайыз) т.б.
стандартқа сілтеме берілген кезде (МемСТ, ҚР СТ, ФСТ, РМК СТ ж.б.) оның индексін белгілерсіз көрсетпейді және де басқа түрлері мен санаттары бар құжаттарда. Сонымен қатар, құжаттың индексі және оның белгісі оқу жұмыстары парағының әр түрлі жолдары мен бетіне жазылмайды.