Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РМК СТ 09-2009doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
644.1 Кб
Скачать

5.1 Оқу жұмыстарын орындау тәсілдері

5.1.1 Оқу жұмыстарының мәтіндері компьютермен теру тәсілімен орындалады.

Оқу жұмыстарының мәтіндерін ресми басып шығару, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы Заңына» сәйкес мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

Конкурстық, зерттеу жұмыстары компьтерлік әдіспен басылуы керек.

5.1.2 Оқу жұмыстарының мәтіндері А4 (210х297 мм) форматты ақ қағазда МемСТ 2.301-68 бойынша орындалады. Қажет болған жағдайда үлкен кестелер мен иллюстрацияларды А3 (297х420 мм) және А2 (420х594 мм) форматтарында орындауға рұқсат етіледі.

5.1.3 Мәтіндік бөлімінің беттері жиектелінбейді. Бұл айтылғанға МемСТ 2.106-96 бойынша ресімделетін сипаттізім кірмейді. Оқу жұмыстарын компьютермен орындаған кезде шеттері келесі өлшемде болуы тиіс: жоғары–20 мм, төмен 25 мм; сол жағы 30 мм; оң жағы 10 мм, магистрлік диссертацияда жоғары шет өлшемі – 15 мм.

5.1.4 Компьютермен теру тәсілімен орындалғанда Microsoft Word редакторында Times New Roman Kz (Times Kaz, Times/Kazakh) шрифтері қолданылады. Оқу жұмыстарының мәтіндері А4 формат бетінде бір аралықтан №14 шрифтпен басылады, кесте басында – бір аралықтан кейін № 12 шрифтпен басылады.

Мәтіннің тығыздығы біркелкі болу тиіс. Мәтін шегінде азат жол бірдей және бес таңбаға тең болуы тиіс.

5.1.5 Оқу жұмыстарының мәтінінде жеке сөздер, формулаларды, шарттық белгілер, латын және грек алфавиті әріптерімен жазылуы тиіс және суреттерді қара сиялармен, пастамен немесе тушьпен орындау керек. Жазылған мәтіннің тығыздылығы, орындалған мәтіннің тығыздылығына жақын болу керек.

5.1.6 Оқу жұмыстарын орындау процестерінде табылған қателер мен графикалық дәлсіздіктерді сол жерде түзету және түсіру немесе түзетілген мәтіннің (бағанның) жол арасына машинкамен басу тәсілмен не қара сиямен, тушьпен, қолжазба тәсілімен жазу керек. Парақтың бұзылуы, түзетілген жерлер, бұрынғы мәтіннің толық жойылмаған іздері болмауы тиіс. Бір бетте бес түзетуден артық түзетұлерге рұқсат етілмейді.

5.1.7 Сипаттізімнің мәтіні қарындашпен немесе тушьпен сызба шрифтіпен орындалады.

5.1.8 Оқу жұмыстарының барлық беттері титул бетінен бастап, қосымшалары мен сипаттізімін қосқанда, үздіксіз реттік нөмірлері болуы тиіс. Беттерді «кіріспе» беттен бастап, беттің төменгі жағынын ортасына араб сандарымен нөмірлейді. Нөмірден кейін нүкте қойылмайды.

5.2 Оқу жұмыстарының мәтінін бөлу

5.2.1 Оқу жұмыстарының мәтінін бөлімдерге бөлу керек. Бөлімдер тармақ немесе бөлімше және тармақшаға бөліну тиіс. Тармақтар, қажет болса, тармақшаларға бөлінуі тиіс. Оқу жұмыстарының мәтінін тармақ пен тармақшаға бөлген кезде, әр тармақ, тармақшада аяқталған ақпарат болу қажет.

5.2.2 Бөлім, бөлімше, тармақ, тармақшаларды араб сандарымен нөмірлеу тиіс және азат жолдан жазу тиіс. Диплом жұмысының (жобаның) әр бөлім жаңа парақтан (беттен) басталуы қажет. Бөлімдерге барлық мәтін шегінде қосымшаларды қоспағанда, реттік нөмірлер қойылуы тиіс.

Мысалы – 1, 2, 3 т.б.

Бөлім немесе тармақ бөлімінде нүктемен бөлінген бөлімше немесе тармақ нөмірі кіреді

Мысалы – 1.1, 1.2, 1.3 т.б.

Тармақша нөміріне нүктемен бөлінген бөлім, бөлімше, тармақ және тармақшаның реттік нөмірі кіреді.

Мысалы – 1.1.1.1, 1.1.1.2, 1.1.1.3 т.б.

Оқу жұмыстарының мәтінінде бөлім, бөлімше, тармақ, тармақша нөмірінен кейін нүкте қойылмайды.

Оқу жұмыстарының мәтінін тек тармақтарға бөлген кезде қосымшаларды қоспағанда, оларды барлық мәтін шегінде реттік нөмірлермен нөмірлеу тиіс. Егер бөлім не бөлімшеде тек бір тармақ немесе тармақта бір тармақша болса, онда оны нөмірлемейді.

5.2.3 Оқу жұмыстарының мәтінінде бөлімдері мен бөлімшелерінің тақырыптары болуы тиіс. Тармақтарда, әдеттегідей, тақырыптар болмайды.

Тақырыптар бөлімдердің, бөлімшелер мен тармақтардың мазмұнын анықта етіп көрсетуі қысқа көрсетілу тиіс.

Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптары азат жолдан , бас әріптен, аяғында нүктесіз, сызылмай басталуы тиіс.

Егер тақырып екі сөйлемнен құралса, оны нүктемен бөледі.

Мысалы – 1 Аналитикалық шолу

(бөлімнің тақырыбы)