Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РМК СТ 09-2009doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
644.1 Кб
Скачать

4.10 Терминдер тізімі. Қысқартулар тізімі

4.10.1 Егер құжатта арнайы терминология қабылданған болса, оның соңында (әдебиет тізімінің алдында) қабылданған терминдердің тізімі мен оған сай түсіндірмелері болуы керек. Тізімді құжаттың мазмұнына кіргізеді.

4.10.2 Оқу жұмысында пайдаланған қысқартулар 2.316 – 68 МемСТ және арнайы қабылданған терминологияға сәйкес болуы тиіс. Егер құжатта сөздер мен атаулардың айрықша қысқарту жүйесі қабылданса, онда қабылданған қысқартулар тізімін келтіріп, оны құжаттың соңына терминдер тізімінің алдында орналастыру керек.

4.11 Пайдалынған әдебиеттер тізімі

Әдебиеттер тізіміндегі деректер, олардың мәтінде кездесу ретімен орналасу керек. Мәтіндегі дереккөзге сілтемені әдебиеттер тізіміндегі реттік нөмірімен сынық жақшаға алып келтіру керек.

«ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ» сөзі тақырып ретінде бас әріптермен жолдың ортасына жазылып, нөмірленбейді. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ деген құрылымда дерек- көздері араб сандарымен нөмірленіп және азат жолдан шегінісінен жазылуы тиіс. Дереккөздердің библиографиялық сипаттамасының үлгілері И қосымшасында көрсетілген.

4.12 Қосымшалар

4.12.1 Оқу жұмысының толықтыра түсетін материалдарды қосымша арқылы беруге болады. Мұндай қосымшаларға – мысалы, графикалық материал, үлкен форматты кестелер, есептеулер, аппараттар мен құралдардың сипаттамалары, электрондық есептегіш машиналарда шығарылған алгоритмдердің сипаттамалары мен есептердің бағдарламалары, т. б. жатады.

Әрбір қосымша жаңа беттен басталады. Егер олар біреуден көп болса, онда қосымшалар қазақ алфавитінің әріптерімен А әріптен басталып, Ё, З, Й, О, Ч, Ы, Ъ, Ь әріптерінен басқа әріптермен белгіленеді.

«Қосымша» сөзінің алдында оның ретін көрсететін әріп жазылады.

«Қосымша» сөзі тақырып ретінде бас әріптен басталып, қалғаны кіші әріптермен жолдың ортасына жазылады.

Қосымшаларға қорғауға шығарылатын графикалық материалдардың көшірмелерін (ксерокс көшірмелері, миллиметр қағаздары, калькалар, т.б., 1:1 немесе 1:2 масштабында) енгізу де ұсынылады. Қосымшаларда графикалақ материалдардың көшірмелеріне қойылған штампы бүктелген беттің үстіңгі жағында және алдын ала ашпай-ақ көрінетіндей етіп, бүктеп салу керек. Бетті бүктегенде бүктелген бет А4 форматының шегінен шығып кетпеуін және түптеуге қалатын жолақтың қалуын ескерген жөн.

      1. Әрбір қосымшаның мәтінін қажет болған жағдайда бөлімдерге, бөлімшелерге, тармақтарға, тармақшаларға бөлуге болады. Қосымшаларда бөлімдер, бөлімшелер, тармақтар, тармақшалар, графикалық материалдар, кестелер мен формулалар әрбір қосымшаның шегінде нөмірленеді. Нөмірдің алдында осы қосымшаның әріпі қойылады.

Иллюстрациялар мен кестелер әрбір қосымшаның шегінде нөмірленеді.

Мысалы – А.1- сурет, А.1- кесте.

Қосымшалар бірнеше бетте болса, әрбір келесі бетте – «А қосымшаның жалғасы» деп жазу керек. Қосымшалар оқу жұмысының қалған бөлігімен біртұтас беттік нөмірмен нөмірленуі тиіс.

5 Оқу жұмыстары мәтіннің ресімделуіне қойылатын талаптар