- •Мазмұны
- •Сапа жүйесі оқу жұмыстары мәтіндік және графикалық материалдардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар
- •Қолдану саласы
- •2 Нормативтік сілтемелер
- •3 Жалпы ережелер
- •Оқу жұмыстарының құрамы
- •Оқу жұмыстарының элементтері
- •Тапсырма
- •Аңдатпа
- •Реферат
- •Мазмұны
- •4.9 Қорытынды
- •4.10 Терминдер тізімі. Қысқартулар тізімі
- •4.11 Пайдалынған әдебиеттер тізімі
- •4.12 Қосымшалар
- •5 Оқу жұмыстары мәтіннің ресімделуіне қойылатын талаптар
- •5.1 Оқу жұмыстарын орындау тәсілдері
- •5.2 Оқу жұмыстарының мәтінін бөлу
- •Құралдар, материалдар, реактивтер
- •1.1.1 Титрлеуге арналған құралдар
- •1.1.1.1 Фильтрлеуге арналған құралдар
- •1 Аспаптарда діріл келесі жағдайларда пайда болуы мүмкін:
- •5.3 Оқу жұмыстарының баяндалуына қойылатын талаптар
- •5.4 Формулалар
- •5.5 Кестелер
- •5.6 Иллюстрация
- •5.7 Сілтемелер
- •5.8 Ескертулер
- •5.9 Сілтемелер
- •6 Графикалық материалдарды құруға қойылатын жалпы талаптар
- •6.7 Графикалық сұлбалар және басқа графикалық материалдарды ресімдеу
- •6.8 Көрнекі материалдарды ресімдеу
- •6.9 Мөлдір үлдір материалдарға қойылатын жалпы талаптар
- •А қосымшасы
- •ТүсінДірме жазбасы
- •ТүсінДірме жазбасы
- •Ә қосымша
- •Дипломдық жұмыс
- •Дипломдық жұмыс
- •Б қосымшасы
- •ТүсінДірме жазбасы
- •В қосымшасы
- •Курстық жұмыс
- •Г қосымшасы
- •Лабораториялық жұмыс
- •Ғ қосымшасы
- •Тапсырма
- •Е қосымшасы
- •Кестесі
- •Қолтаңбалары
- •Ж қосымшасы (Міндетті түрде)
- •Тапсырма
- •Ж қосымшасы
- •И қосымшасы
- •К қосымшасы
- •Л қосымшасы
- •М қосымшасы
- •Н қосымшасы
- •Магистрлік диссертация
- •П қосымшасы
- •Өлшеу құралы
- •Р қосымшасы
- •Жұмысқа ескерту жасау
- •С қосымшасы
- •Ғылыми жетекшінің
- •Библиография
- •Өзгерістерді тіркеу парағы
Сапа жүйесі оқу жұмыстары мәтіндік және графикалық материалдардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар
Енгізілген күн 2008. 01.09.
Қолдану саласы
Осы ұйым стандарты университетте оқу процесінде білім алушылардың орындайтын барлық оқу жұмыстарына қолданылады және мәтіндік, графикалық материалдар дайындауда қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
Осы стандарттың талаптары міндетті болып табылады.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта келесі стандарттарға сілтемелер пайдаланылды:
ҚР СТ 1.14 – 04 ҚР МСЖ.Ұйым стандарты.Түрлері және әзірлеу тәртібі.
ҚР СТ 1.5 – 2008 ҚР МТРЖ. Стандарттың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар.
МемСТ 2.004 –88 ҚҚБЖ. ЭЕМ басатын және графикалық құрылғылар мен құжаттамаларды орындауға жалпы талаптар.
МемСТ 2.104 –2006 ҚҚБЖ. Негізгі жазулар.
МемСТ 2.105 –95 ҚҚБЖ. Мәтіндік құжаттарға жалпы талаптар.
МемСТ 2.106 –96 ҚҚБЖ. Мәтіндік құжаттар.
МемСТ 2.301– 68 ҚҚБЖ. Форматтар.
МемСТ 2.302– 68 ҚҚБЖ. Масштабтар.
МемСТ 2.304– 81 ҚҚБЖ. Сызба шрифтері.
МемСТ2.316– 68 ҚҚБЖ. Сызбада жазуларды, техникалық талаптар мен кестелерді жазу ережелері.
МемСТ 2.321– 84 ҚҚБЖ. Әріптік белгілер.
МемСТ 7.1– 2003 СИБИД. Құжаттардың библиографиялық сипаттамасы.
МемСТ 7.9– 95 СИБИД. Реферат. Аңдатпа.
МемСТ 7.12–93 СИБИД. Орыс сөздерінің қысқартылуы. Жалпы талаптар мен ережелер.
МемСТ 7.32 – 2001 СИБИД. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының есебі. Құрылымы және ресімдеу ережесі.
МемСТ 8.417– 2002 МӨЖ. Физикалық өлшем бірліктері.
3 Жалпы ережелер
3.1 Оқу жұмыстарын үйлестіру және стандарттау жоғары оқу орны, кафедра қабырғасында (ауқымында) студенттердің студенттік оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын (СҒЗЖ) қолданыстағы нормативтік материалдардың талаптарына сай, біркелкі жазылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
3.2 Оқу жұмыстары келесі құжат түрлерін қамтиды:
– магистрлік диссертация;
дипломдық жоба (жұмыс);
курстық жоба (жұмыс);
өндірістік практика туралы есеп;
СҒЗЖ туралы есеп;
ғылыми мақала;
есептік-графикалық жұмыс;
бақылау жұмысы;
лабораториялық жұмыс.
3.3 Оқу жұмыстары әдетте, мәтіндік және графикалық материалдардан тұрады. Мәтіндік құжаттар біртұтас мәтіннен (магистрлік диссертация, есептер, курстық және дипломдық жобаларға (жұмыстарға) есептік түсіндірмелік жазбалар, бақылау және лабораториялық жұмыстар т. б.) тұратын құжаттар мен бағаналарға (графа) бөлінген мәтіннен (сызба сипаттізім, технологиялық карталар, кестелер т.б.) тұратын құжаттарға бөлінеді. Графикалық құжаттар сызбалар мен сұлбаларға, сондай-ақ, графиктерге, диаграммаларға бөлінеді.
Оқу жұмыстарының құрамы
Оқу жұмыстарының элементтері
Жалпы жағдайда оқу жұмыстары келесі көрсетілген реттегі элементтерді қамтуы тиіс:
а) мұқаба (сыртқы бет), титул парағы;
ә) тапсырма;
б) аңдатпа (ғылыми мақалаларға – реферат);
в) мазмұны
г) кіріспе;
ғ) негізгі бөлім;
д) қорытынды;
ж) терминдердің, қысқартулардың тізімі;
е) пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
и) қосымша;
к) сипаттізім.
Оқытушының нақты тапсырмасы немесе талабына байланысты мәтіннің кейбір бөлімдері толықтырылуы мүмкін.
Оқу жұмыстарының құрамы оқу жұмысының түріне және нақты берілген тапсырмаға байланысты және ол 1-кестеде көрсетілген, «қосу» белгісі міндетті элементті қажеттігін білдіреді, «алу» - элементтің қажет еместігін, «жұлдызша» факультативті (қажетіне қарай) білдіреді.
1-кесте. Оқу жұмысының элементтері
Оқу жұмыстарының элементтері |
Оқу жұмысының түрі |
||||||||
Дж/Дж |
Кж/Кж |
Мд |
Ө/Опр есебі |
СҒЗЖ есебі |
Ғыл. мақала |
ЕГр жұмыс |
Б/ж |
Л/ж |
|
Мұқаба, титул парағы,
|
+ + |
+ - |
+ - |
+ - |
+ - |
- - |
+ - |
+ - |
+ - |
Тапсырма |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
- |
+ |
+ |
- |
Аңдатпа (ғылыми мақалаға - реферат) |
+ |
- |
+ |
- |
+ |
+ |
- |
- |
- |
Мазмұны |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
- |
- |
- |
- |
Кіріспе |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
- |
- |
- |
- |
Негізгі бөлім |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Қорытынды |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
- |
* |
- |
+ |
Қабылданған қысқартулар мен терминдер тізімі |
* |
* |
* |
* |
* |
- |
- |
- |
- |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
+ |
+ |
+ |
- |
+ |
+ |
+ |
+ |
- |
Қосымша |
* |
* |
* |
- |
* |
- |
* |
- |
- |
Сипаттізімі |
* |
* |
- |
* |
- |
- |
- |
- |
- |
Дж/Дж – диплом жобасы (жұмысы) Кж/Кж – курстық жоба (жұмыс) МД – магистрлік диссертация Ө/Опр – өндіріскәсіптік және оқулық практика СҒЗЖ – студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы ЕГр – есептік-графикалық жұмыс Б/ж – бақылау жұмысы Л/ж – лабораториялық жұмыс |
|||||||||
4.1.2 Диплом жобасының (жұмыстың) көлемі 60 – 90 бет болуы қажет. Жеке мамандық топтары бойынша диплом жобасының (жұмыстың) көлемі 100 бетке дейін рұқсат беріледі. Қосымшалар диплом жобаның (жұмыстың) көрсетілген көлеміне кірмейді.
4.2 Титул парағы
Титул парағы А4 форматы беттерінде орындалады (1-сурет).
жолақ – министрлік атауы (бас әріптермен).
жолақ – оқу мекеменің атауы (бірінші бас әріп, қалғаны – кіші ).
жолақ – институттың атауы (бірінші бас әріп, қалғаны – кіші ).
жолақ – кафедраның атауы (бірінші бас әріп, қалғаны – кіші ).
жолақ – шектеуіш гриф (қажет болғанда).
кафедра менгерушісінің қорғауға рұқсаты.
жолақ – оқу жұмысының түрі (бас әріптермен).
жолақ – оқу жұмысының тақырыбы (бірінші бас әріп, қалғаны – кіші).
1- сурет. Титул парағы
9- жолақ – мамандық шифры, мамандықтың атауы.
10- жолақ – сол жағында «Орындаған», қарама-қарсы оң жағынан студент-
тің тегі, аты- жөні.
11- жолақ – диплом жобасына (жұмысына) пікір берушінің қолтаңбасы
(аты-жөні, тегі, ғылыми дәрежесі, атағы, қол қойылған мерзімі).
12- жолақ– оқу жұмысы жетекшісі (аты- жөні, тегі, ғылыми дәрежесі, атағы, қолтаңбасы, қолтаңба қойылған мерзімі).
13- жолақ – қаланың атауы, жазылған жылы («жыл», «ж» жазылмайды).
Титул парағының үлгілері А-Д, Н қосымшаларында берілген.
