Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РМК СТ 09-2009doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
644.1 Кб
Скачать

6.7 Графикалық сұлбалар және басқа графикалық материалдарды ресімдеу

Графикалық сұлбалар және басқа графикалық материалдарды ресімдеу, құрылымдық және технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесінің стандарт талаптарына сәйкес жүргізіледі.

6.8 Көрнекі материалдарды ресімдеу

6.8.1 Дипломдық жобаларды қорғау кезінде иллюстрациялық материалдарды (диаграммалар, кестелер, аналитикалық есептеулер, т.б.) көрнекті плакаттар түрінде МемСТ 2.605 сәйкес ресімдеуге болады.

6.8.2 Әрбір плакатта:

а) атауы;

ә) бейнелеу бөлімі;

б) түсіндірме мәтіні (қажет болған жағдайда). Плакаттың атауы тақырып түрінде плакаттың жоғары ортаңғы бөлігінде берілуі тиіс. Плакаттың тақырыбы қысқа және плакат мазмұнына сай болуы тиіс.

6.8.3 Плакаттың бейнелеу бөлімінде тақырыптың мазмұнын түсіндіретін мәліметтер болуы тиіс:

а) бұйымдар үшін – құрылымдық қондырғыны және құрамдас бөліктердің әрекеттесуін көрсететін сыртқы көріністер мен кесінділер, әртүрлі мақсаттағы диаграммалар, қондырғының түсіндірме мәтіні;

ә) технологиялық үрдістер үшін – құрал-жабдықтардың және оларда жұмыс істеу әдістерінің технологиялық ретпен орналасқан шартты немесе сұлбалық бейнесі;

б) плакатқа шығарылатын кестелері, графиктері, диаграммалары осы стандарттың талаптары сақталып ресімделеді.

6.8.4 Плакаттың түсіндірме мәтіні плакаттың бос жолағында орналасуы тиіс және онда плакатта бейнеленген бұйымның құрамдас бөліктерінің немесе бөлім элементтерінің сұлбаларда келтірілген, т.с.с. түсіндірмелердің, белгілеулердің атаулары болуы тиіс.

6.8.5 Элементтердің атаулары, белгілеулері, плакаттардың мәтіндік бөлімдері – түсіндірме жазбаның атауларына, шартты белгілеулеріне және мәтіндік бөліміне сәйкес болуы тиіс.

6.8.6 Плакаттардың жақтауы (рамкасы) беттің жиегінен бүкіл периметр бойынша 20 мм қашықтықта сызылады. Плакат масштаб сақталмай орындалған жағдайда, негізгі жазба мен қосымша бағандар (графалар) сызылмайды.

6.8.7 Плакаттардағы сызулар масштаб пен КҚБЖ (ЕСКД) талаптары сақталып орындалған жағдайда, негізгі жазба міндетті түрде сызылады. (МемСТ 2.104).

6.8.8 Плакаттарды түрлі-түсті баспа, фламастер, түрлі тушьтармен орындауға рұқсат етіледі. Плакаттардың жазбалары сызба әріптерімен 2.304 МемСТ-қа сәйкес сызылады. Плакаттарды компьютерлік әдіспен дайындағанда, стандартты шрифті пайдалануға болады.

6.8.9 Есепке алу мен сақтауды ұйымдастыру мақсатында плакаттың төменгі оң бөлігінде оқу жұмысының түрі мен тақырыбын, авторды, топтың индексі мен кафедраның атын көрсетуге болады.

6.9 Мөлдір үлдір материалдарға қойылатын жалпы талаптар

6.9.1 Мөлдір үлдірлерде оларды көрсету үшін сызулар, сондай-ақ, көрсету плакаттар орындалуы мүмкін.

6.9.2 Мөлдір үлдірлерде дайындалған материалдар А4(210х294 мм) форматында болуы тиіс.

Сызбаларды А3 (297х420 мм) форматта орындап, сосын кішірейтуге болады.

6.9.3 Демонстрациялық плакаттар осы ұйым стандартының 6.8 бөлімшесі талаптарына сай орындалады.

А қосымшасы

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Қ.И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті

__________________________________________________________ институты

_________________________________________________________ кафедрасы

Қызметтік қолданыс үшін (қажет болғанда)

ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ Кафедра меңгерушісі

____________________

(ғылыми дәрежесі, атағы)

_________________ А.Ж.Т.

«____» _________20 ___ж.

Дипломдық жобаның