
2.6. Ақш және ксро-ның сыртқы саяси ұстанымдары.
Кім қайда әрекет етті?
Құрама Штаттар бүкіл әлемнің саяси өміріне қатысуға дайын болды. Алайда американдық ықпал әлемнің бүкіл түкпірінде басымдылық көрсетпеді. Кеңес саясаты әлемдік тұрғыда емес, Мәскеу үшін аймақтық жағынан маңызды жерлерде әмірін жүргізуге тырысты. Бұл екі әртүрлі көзқарастың қақтығысы еді – АҚШ пен КСРО, Батыс пен Шығыстың бірқатар мемлекеттер мен аймақтардағы қарама-қайшы мүдделері.
АҚШ саясаты
Американдықтар өзін белгілі бір дәрежеде ерекше халық ретінде санады. Өздерінің бағалауы бойынша олар Құрама Штаттарының мүддесін ғана емес, бүкіл әлем мүддесін қорғайтын принциптерді іске асырады. Бұл принциптер Президент Вильсонның І д.ж. соғыс кезінде «14 пункттен» тұратын бейбітшіліктің бағдарламасында көрініс тапты.
Соғыс көрсеткендей, АҚШ-ты Еуропаны кім басқаратыны қатты алаңдатты. Кейбір Еуропалық мемлекеттермен басқа мемлекеттерге қарағанда тығыз қарым-қатынастар орнатты.
Саяси сферада әрекет етуші негізгі орган ретінде БҰҰ танылды. Бұл орган басқа құрылымдық органдармен толықтырылуы қажет болды. Мысалы, ірі мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің мерзімді кездесулерін ұйымдастыру. Құрама Штаттары әлемнің саяси өмірінде енді басқаша әрекет ете бастайды. АҚШ жаһандық держава болуға бағыт алды. Вашингтонды қызықтырмайтын мәселелер жоқ. Бреттон-Вуд мекемелері –Әлем банкі мен Халықаралық валюта қоры – экономикалық сфераның негізгі әрекеттеуші тараптар болады. Несиелеу мен курс айырбастауды сауықтандыруда белсенді саясат жүргізумен экономикалық өсуге жағдай жасау арқылы әлемде бейбітшілік орнатады.
БҰҰ жүйесі АҚШ пен оның одақтастарының ықпалының астында болды. Еркін сауда экономикасы мықты мемлекеттер үшін жағымды жақтарын танытты. Өзінің жоғары ұстанымдарына қарамастан Құрама Штаттары да өз пайдасын көріп жатты. Мүдделер сферасы болмауы шарт еді, алайда ҚШ Латын Америкасын қатаң бақылаудың астында ұстады. Колониялар мен мандаттық территориялар халықаралық бақылауға алынды3. Рейн мен Дунай өзендері зоналары да халықаралық бақылауға алынды. Ал Панама каналы мұндай бақылаудан тыс қалды. Еркін сауданың протекционизммен жанасуы Құрама Штаттарына ұтымды жолда жүрді. Италия мен Жапонияны оккупациялағанда Кеңес Одағының дауысы ескерілмеді.
Әрине соғыстың нәтижесінде КСРО-ға қатысты күдіктердің жолы кесілді. Алайда кейбір скептиктердің пайымдауынша Құрама Штаттардың Кеңес Одағына сенуге болмайды. 1944 ж. күзінде саяси жағдайдың өзгеруінің алғашқы белгілері көріне бастады. Мемлекеттік департаменттегі КСРО бойынша мамандар ескі скептицизмді ұстанды. Мамандардың болжамы бойынша Кремль Польша, Румыния мен Болгарияны бақылауға алуға дайын. Соғыс кеңестік басшыларының саясатын өзгерткен жоқ. 1945 ж. барысында кеңес саясаты Шығыс еуропада қатаң сипатқа ие болды.
Президент Рузвельт КО-мен әріптестікке үміт артқан адамдардың бірі болды. Сонымен қатар, бұл ойдың іске асуы үшін Кеңес Одағына бірқатар жеңілдіктер беру қажеттігін ескерді. Алайда, ол американ қоғамының санасын мұндай артықшылықтарды беруге дайындаған жоқ. Яғни, астыртын түрде Рузвельт Сталин мен Черчилльдің 1944 ж. күзінде келіскен 4 ықпал ету аймақтарын бөліске салумен келісер еді, алайда ресми түрде мұндай бағытты қолдау өзіне ор қазғандай болар еді.
1945 ж. сәуірінде Рузвельт КО-мен әріптестіктің мүмкіндігін қайта қарастыруға бет алған. Бірақ оның өлімінен кейін жаңа президент Гарри Трумэн АҚШ-ғы скептицизмді қайта күшейтті.
1945 ж. қыркүйек-қазан айларындағы Лондонда өткен сыртқы істер министрлерінің кездесулерінен бері бір жағынан Құрама Штаттар мен Ұлыбритания, екінші жағынан Кеңес Одағымен арасы алшақтады. Енді халықтың көзқарасы мен АҚШ Конгресіндегі ахуал шынымен де өзгерді. Әріптестікке үлкен үміт артқандықтан оның іске аспай қалуына деген көңіл толмаушылықта зор болды. Егер ертеректе КО белгілі бір дәрежеде ҚШ сияқты қарастырған болса, енді халықтың көзқарасы өгеріп, көпшіліг Сталинді екінші Гитлерге ұқсатты.
ҚШ-ның шетелде кең таралған әскери базалардың торы болды. Тынық мұхиты көпшілікпен АҚШ-тың басқаруындағы үлкен көл ретінде қарастырылды. Еуропада ҚШ-ның оккупацияланған мемлекеттерде қарулы күштері болды. Американ үкіметі тарапынан Гренландия, Азор аралдары мен Исландияда маңызды әскери базалар салынды. Бұл базалар алдымен аймақтағы американдық міндеттерге негізделді. Алайда, АҚШ-тың мақсаттары халықаралық жағдай өзгерген сайын өзгеріп отырды. 1946 ж. қыркүйекте АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джеймс Бирнс американдық әскерлер оккупацияға Германияның оккупациялық режимінің аяғына дейін қатысады деп жариялағанда бірінші кезекте Германияға қарсы емес, Кеңес Одағына қарсы бағытталды.
Қысым көрсетуде АҚШ үкіметі тек саяси тәсілдермен ғана қолданбады. Вашингтон Мәскеу саясатына экономикалық шаралармен ықпал етуге тырысты. Ленд-лиз бойынша көмек алдымен мамырда, кейін 1945 ж. тамызында қысқартылды. Бұл белгілі дәрежеде КО-ның Шығыс Еуропада іске асырып жатқан саясаына наразылық білдірудің жолы еді. Кейін несие туралы келіссөздер үшін прелиминарий ұзартылып, 1946 ж. келіссөздер қайта жалғастырылғанда талаптар қатаң болып шықты.
Экономикалық көмекті үйлестіру саясатынан Вашингтонның халықаралық істерге араласуға деген құштарлығын көруге болады. 1945 ж. шілдесінен 1947 ж. дейінгі уақыт аралығында Маршалл жоспарына қатысқан мемлекеттер 7,4 млрд доллар көлемінде несие алды:
Шығыс Еуропа елдері – 546 млн доллар5
Ұлыбритания – 4,4 млрд доллар
КСРО – 242 млн доллар
Франция – 1,4 млрд доллар
Польша – 90 млн доллар
Италия – 330 млн доллар
Чехословакия – 73 млн доллар
Бенилюкс мемлекттері – 430 млн доллар
Болгария мен Румынияға несие берілген жоқ
Вашингтонның несие саясаты лайыты үкімет бағалауымен байланысты болды. Мәскеуге қарайтын көпшілік режимдер несиені аз көлемде алды неме мүлдем алған жоқ. 1946 ж. күзінде кенеттен Чехословакияға ақшалай көмек тоқтатылды. Праганың сыртқы саясаты Вашингтон үшін лайықты болмады.
Мемлекеттің сыртқы саяси ұстанымдары да шешуші фактор ретінде қарастырылды. Демократия тұрғысынан алып қарағанда балиғаттылықтан алыс үкіметтер қолдауға тек КО мен коммунизмге қарсы тұрған жағдайда ғана үміттене алар еді. Әсіресе, бұл саясат Греция мен Түркияға қатысты жүргізілді. 1946 ж. Вашингтон екі мемлекетке де экономикалық көмегңн күшейтуге дайындығын білдіріп, Жерорта теңізінде Алтыншы флот құрады. Иранның КО-на қатысты ұстанған қатаң позиция Греция мен Түркия үшін белгілі болды. Ал ҚШ Ұлыбританияны Греция мемлекетіндегі солшыл көтерілісшілер күреске қажет болатын қамтамасыз етуге дайын болды. 1946 ж. күзде Трумэн әкімшілігі партизандар жеңісінің алдын алуға жіне түрік үкіметін КО-ның шекараларды өзгерту жоспарына қарсы тұруға, сонымен қатар, Босфор мен Дарделл мәселсіне қатысты қатаң ұстанымдарды беогілеуге шешім қабылдады.
1947 ж. ақпанында Ұлыбританияның экономикалық жағдайының нашарлануына байланысты ол аймақтан кетуге мәжбүр болады. Трумэн әкімшілігі оныі орнын басуға дайын болды. Конгресс пен бұқара халыққа қарағанда АҰШ әкімшілігін ақшалай қаржыландырудың керектігіне сендірудің қажеті жоқ.
Маршалл жоспары Вашингтон мен Батыс Еуропа қарым-қатынасы тұрғысында ешқандай жаңалық ашпады. 1945-1947 жж. көрсетілген қаржылай көмек 1948-1951 жж. Маршалл жоспарының қызметі кезеңіндегі ақшалай көмек әлдеқайда көп болды.
1949 ж. сәуірінде НАТО-ның құрылуы кең көлемдегі акция болды. Бұл ҚШ бірінші рет бейбітшілік жағдайында батыс жартышардан тыс мемлекеттермен әскери одақ құрды.
Қауіпсіздіктің атлантикалық жүйесінің құрылуы туралы келісімнің жасалуына алып келген ағылшын-американдық-канадалық келіссөздердің аяқталуына бір жыл толғаннан кейін ғана НАТО құрылды. Американдықтар арасында болашақ бағыт туралы ортақ келісім болмады. Трумэн әкімшілігінің бас қайраткерлері Ф. Кеннон мен Чарльз Болен Атлантикалық келісімге сын көзбен қарады. Әскерилер бұған қызығушылық танытпады. Конгресстің демократтары 1948 ж. күздік сайлау нәтижесіне сенімді болмады. [3]
КСРО саясаты
Кеңес үкіметі де өз алдына глобалды идеологияны ұстанды. Марксистердің ойынша бүкіл әлем күннің бір күнінде коммунистік режимді қабылдайды. Алайда кеңестік көзқарастқа сәйкес бұл мұратқа тап қазір қол жеткізуге мүмкін емес. Ол үшін әлем бірқатар белестерден өту керек. Кеңес Одағаның алдында ұлттық шаруашылықты сауықтандыру мақсаты тұрды. Сонымен қатар, мемлкет әл-қуаты бойынша АҚШ-пен салыстырғанда әлдеқайда әлсіз болды.
КСРО саясатында осы кезеңде Америка, Африка және Азияның көпшілік елдері кеңес көшбасшылары үшін қызығушылығы болмады. Мұнда коммунистік режимдерді орнату науқандары толығымен ңске асырылмады. Көрнекті мысал ретінде Африка материгін келтіруге болады. Бүкіл континент территориясында бір ғана коммунистік режимі бар мемлекет болды (Оңтүстік Африкада).
Алғашында, КСРО Батыс Еуропа елдерімен әріптестікке дайын болғандай көрінді. Кремль өзінің ықпалын күшейтуге, Италиядағы окуппациялық режимді өзгертуге тырыспады. Италия мен Францияның ірі коммунистік партияларына кең коалициялық үкіметтерге кіру ұсынысы жасалды. Коммунистер конституция шеңберінде әрекет етіп, шыдымдылық көрсетті.
Керісінше, КСРО-ның Солтүстік Корея мен Сыртқы Моңғолияға қатысты позициялары мықты болды. Шекаралық аймақтарды ықпалын күшейтуге тырысты. Кеңес Одағы Түркиядаға Ардахан мен Карс провинцияларын қосып алуға мүдделі болды. Сонымен қатар, Дарданеллаға бақылау жүргізуге тырысты. Мәскеу өзінің әскерін қолдана отырып, Солтүстік Иранда икемді саяси режим орнатуға тырысты. Қытайда Сталин 1904-1905 жж. Жапониямен соғыста жеңіліс тапқаннан кейін жоғалтқан құқықтарын қайта қалпына келтіруге бірқатар әрекеттерін іске асырды.
Ф.Д.Рузвельттің ойынша, Қытайдағы өзгерістер – Кеңес Одағының Жапонияға қарсы соғысқа қатысқаны үшін лайықты баға. Бұл мәселе бойынша Ялтада өткен келіссөздер барысында келісімге қол жеткізілді. Есесіне Мәскеу Чан Кайшиді Қытайдың заңды басшысы ретінде таныды. Черчилль бұл келісімге шақырылмады.
1946 ж. мамыр-сәуір айларында кеңес әскері Ираннан шығарылды. Кеңес басшылыығы Түркияға қатысты талаптарды жеңілдетті.
Алайда бұл жеңілдіктер үшін КСРО өз бағасын сұрады.6 Кеңес Одағының Батыс үшін маңызды аймақтарды шыдамдылық танытқаны үшін, Батыс та Кеңес Одағына маңызды аймақтарында шыдамдылық танытуы тиіс еді. Ең өзекті мәселелер мен бірінші деңгейлі мақсаттар 1941 ж. өзінде-ақ Ұлыбританияның Сыртқы Істер Министрі Антони Иденмен сұхбатында талқыланып қойылған болатын. Прибалтика мемлекеттері КСРО құрамына қайта қосып, Польшамен шекара Керзон сызығы арқылы өткізуді мақсат етті. Сонымен қатар, КСРО Румыния мен Финляндияда өз базадарын орналастырғысы келді. Өз кезегінде, Сталин Ұлыбританияның Батыс Еуропа елдерінде (Франция, Бельгия, Нидерланды, Норвегия және Дания) өз әскери базаларын орналастыруға деген мақсаттарын қолдауға деген дайындығын білдірді.
Бұл мысал КСРО саясатының тәжірибесінде бірінші емес-тін. 1944 ж. қазан айында Сталин мен Черчилль арасында жасалған келісімшар бойынша КСРО Ұлыбританияның Грецияға қатысты әрекеттеріне қарсылық білдірмеуге уәде берді. Ал Кремль Румыния, Болгария және Венгрия мемлекеттерінде өз саясатын жүргізуге рұқсатын алды.
1945 ж. 24 сәуірдегі Сталиннің Черчилльге жодауында да сол мәселе қарастырылды. Алайда, мұндағы ерекшелік – Польша мәселесі:
«Бельгия мен Греция мәселесі Ұлыбритания қауіпсіздігі үшін қаншалықты маңызды болса, Польша мәселесі КСРО қауіпсіздігі үшін соншалықты маңызды...Грецияда өкілеттік үкімет құрылды ма, Бельгия үкіметі демократиялық сипатта ма менің хабарым жоқ. Кеіес үкіметі бұл мәселелерге араласуға қызығушылығын танытпайды. Өйткені, ол Бельгия мен Грецияның Ұлыбритания қауіпсіздігі үшін маңыздылығын ескерді. НегеПольша мәселесін қауіпсіздігі тұрғысында КСРО мүдделерін ескермеске?»
Польша Кеңес Одағы үшін болсын, абыс мемлекеттері үшін болсын ең маңызды шығыс еуропалық мемлекет болды. КО үшін Польша батыстан қорғайтын қабырға қызметін атқарды. Батыс тарапын соғыс ашылған жағдайда, жаулас әскер Польша арқылы өтер еді.
1944 ж. жазынан бастап Мәскеудің кеңестік жақтаушылардың, оның ішінде люблиндік топ, Польшаны бақылауға алуына қол жеткізуге деген дайындығы анық болды. Батыс мемлекеттерімен танылған және Лондон қаласында қуғында жүрген поляк үкіметі одан сайын сындалды. Польшада лондондық үкімет тарапынан әрекет еткен әскер Қызыл әскермен кері ығыстырылып, басып жаншылды. 1945 ж. қаңтарындалюбиндік топ Мәскеу тарапынан ресми түрде Польшаның үкіметі ретінде танылды.
Көп ұзамай Румынияда да жағдай өзгерді. 1945 ж. наурызда Мәскеу Румынияда прокеңестік үкіметті күштеп орнатты. Болгарияда КО қолдауға ие болса, Польша мен Румыния кеңестік үкіметке қарсылық білдірді.
Алайда жоғарыда айтылған мемлекеттерге қатысты Мәскеу бірқатар жеңілдіктерге баруға дайындығын білідірді. Мысалы, Сталин Польша мен Германия арасында Шығыс Нейс бойынша шекарасын тануға жалған дайындығын білдірді. Поляк халқы Батыс Нейсті талап етті. АҚШ пен Ұлыбритания Польшаның батыс шекарасына келісті.
Мәскеу Венгрия мен Чехословакияға қатысты саясатта икемділікті көбірек танытты. Чехословакияда Кеңес Одағымен тығыс әскери және саяси қатынастарды орнатуға арналған бағыт қолдауға ие болды. Сонымен қатар, мәдени және экономикалық жағынан Чехословакия Батыстан үлгі алды. Кеңес әскері Чехословакиядан 1946 ж. Желтоқсвнда шығарылды. 1946 ж. Мамырында тәуелсіз сайлау өткізілді. Басқа Шығыс Еуропалық мемлкеттеріне қарағанда Чехословакияда коммунистік партия көпшілік қолдауға ие болып, 1947 ж. Жазына дейін кеңес үкіметінің араласуы шектеулі болды.
Тәуелсіз сайлаулар Венгрияда да өткізілді. Олар 1945 ж. Күзінде өткізіліп, ұсақ ауыл шаруалары жеңіске жетті. Бұл мемлекетте ке ңестік бақылау 1947 ж. басында орнатылғаны белгілі.
Финляндия мен Австрия мемлекеттерінде де кеңес әскерлері болды. Алайда мұндағы жағдай мүлдем басқа бағытта дамыды. Сыртқы саясатында Финляндия Кеңес Одағымен әріптестік үшін болды. Коммунистер Финляндия үкіметінің құрамында мүшелік етті. Бірақ олардың саны аз болды. Ішкі саясытында ол батыс демократтар сияқты әрекет етті. Финляндиямен бейбіт келісім жасасқаннан кейін кеңестік әскер Порккала-Удд базасынан7 басқа территориялардан шығарылды. Австрия мемлекетінің бір бөлігі кеңес әскерімен оккупацияланды. Бірақ Германияға қарағанда мемлекет біртұтас болып, бір орталыққа бағынды. 1945 ж. сайлауда коммунистер тек 5% дауысқа ие болды. Сонымен қатар, Австрия Маршалл жоспарына қатысты.
Шығыс Еуропадағы кеңестік диктатура негізінен Қызыл Армия күшіне сүйенді. 1948 ж. қарай аймақтағы кеңестік әскер саны 2,8 млн адамды құрады.
Көріп тұрғанымыздай, Кеңес Одағы бетыс державаларына бірқатар жеңілдіктер көрсетуге тырысты. Есесіне Батыстан да өз сұрау болды. Нәтижесінде Мәскеудәі аймақтағы позицияларын нығайтқан келісімдер жасалды. Соғыс қимылдарын тоқтату туралы келісімдер мен 1944 ж. пайыздық келісімдерден 1945 ж. желтоқсанда Болгария мен Румынияға қатысты келісімдер мен 1947 ж. бейбіт келісімдеріне дейін әртүрлі сипаттағы келісімдерге қол қойылды. Әрине, Вашингтон да Лондон да қарапайым математиканы түсінді. Батыстың Италия мен Жапония мемлекеттеріне һз бақылауын орнату үшін КСРО-ға Шығыс Еуропада жеңілдіктер бері қажет. Өйткені, Шығыс Еуропа КСРО үшін аса жоғары маңыздылығы бар аймақ.
Екі тараптан да көрсетілген жеңілдіктерге қарамастан арасы жақындамады. Шығыс Еуропа бойынша қақтығыс соғыс барысында құрылған әріптестікті бұзуы мүмкін еді. Вашингтон да, Лондно да бұл аймақта ықпал еті мүмкіндігінен бас тартуға дайын болмады. Өз алдына КСРО мақсаттарын Еуропамен шектесе, ал мемлекеттердің шектеулі тобы үшін Кремль өзінің толыө бақаылауын орнатуға дайын болды.
Ең маңызды бөгет ретінде тәуелсіз сайлаулар болып танылды. КСРО зор қызығушылығын танытқан елдерде коммунистік партиялардың позициялары әлсіз болды. Польша мен Румынияда шаруалар партиясының тәуелсіз сайлауларда жеңіске жететіні күмәнсіз болды. Мәскеу мұнымен келісе алмады, ал Батыс оппозициямен санаспаушылыққа жол бере алмады. Польшада мен Румынияда тәуелсіз сайлау өткізу және билік басына Кеңес Одағына достас режим орнату мүмкін емес еді. Бұл мемлекеттер шеіберінде жүргізілген антиресейлік ішкі саясат «финдік» және «чехтік» басқару нұсқаларын жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. Сонымен қатар, бұл елдегі кеңестік мүдделер Чехословакия мен Финляндияға қарағанда кұштірек болды.
Қандай мемлекеттерді «достас» тарап ретінде қарастыруға болатыны туралы американдық талаптардың деңгейі үнемі жоғарлап отырды. Кеңестік саясатта да осындай жағдай болды. Алайда мұндағы бір айырмашылық бағынбау науқаны көңілсіз нәтиже әкелер еді. Соғыстан кейінгі алғашқы кезеңде коммунистік емес күштер Шығыс Еуропа мемлекеттерінің үкіметтерінде болып, ал кейбіреулерінде көпшілікті құрады. Бірте-бірте олар өз ықпалынан айырылды. Кейбір мемлекеттерде бұл процесс баяу жүрсе, басқаларында ол қарқынды іске асты. Бірақ 1947 ж. күзіне қарай коммунистік емес топтардың барлығы саясаттан тыс қалды. Белгілі шаруалар партиясының басшылары қиын жағдайға тап болды: Болгарияда Петков асылды. Маня Румынияда өмірлік тұтқынға жазаланды, поляк қайраткері Миколайчик және венгрлік Надю елден қашуға мәжбүр болды. 1947 ж. жазынан Мәскеу Чехословакиядағы саясатын қарқынды екпінмен жүргізе бастайды. 1948 ж. Прагадағы төңкеріс белшілі көлемде ішкі саяси тұрақмсыздық себебінен болды. Алайда кеңестік күшке сүйенді.
1948-1949 жж. жалпы бірқатар компратияларда кеңмасштабты тазартулар жүргізілді. Бұл көптеген қайраткерлердің өліміне әкелді.
1947 ж. күзінен бастап Мәскеудің Батыс Еуропаға деген көзқарасы да өзгерді. Француз және итальян компартиялары да сындалды. [4]
Қорытынды
Осы курстық жұмысымызды қорытындылай келе алдыға қойылған мақсаттарға қол жеткізілді деуге болады. Алғашқы тарауда НАТО ұйымы қашан және кіммен құрылды деген сауалға жауап беріліп, бұл ұйымның қандай бағытта әрекет ететінін анықтадық. НАТО 1949 ж. 4 сәуірде НАТО-ға мүше елдер ұжымдық қауіпсіздік тұжырымдамаларын алға қоя отырып құрылды. Ресми түрде бұл ұйым әскери-саяси одақ болғанымен іс жүзінде ол АҚШ құралына айналды. Жоғарыда аталып кеткен ұстанымдар негізінен КСРО тарапынан туындауы мүмкін қауіпке қарсы бағытталды. Және де бұл мақсаттарда Еуропа, әсіресе Батыс Еуропа мемлекеттерінде арнайы әскер бөлімшелері құрылды. Әрине, мұндай сипатта қалыптасқан жағдай еуропалық мемлекеттер тарапынан наразылықты туындатпай қоймады. Алайда солтүстікатлантикалық аймақта, әсіресе НАТО шеңберінде, АҚШ-тың беделі сөзсіз болды. Бұл курстық жұмыстың негізгі оқиғаларына тоқтап кетейік.
Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда Вашингтон Батыс Еуропада өзінің әскери және экономикалық күшін нығайтуға бағыттады. Бұл саясаттың негізінде Кеңес Одағы әскери күшіне төтеп беру саясаты жатты. КСРО-ға қатысты шектеу саясаты қолданылады. Бұл саясат 40-жылдардан бастау алады. Ал 50-жылдары кең етек алады. АҚШ-қа керекті ахуал Еуропа елдері мен АҚШ территориясында бой көтереді. Сонымен қатар, өз беделін түсірмей, керісінше КСРО-мен салыстырғанда ұтымды позицияда болу үшін Кеңес Одағының әскери күші туралы жалған ақпарат таратты.
60-жылдардың басында АҚШ пен КСРО күштерінің арақатынасы өзгерді. Кеңес Одағының 1957 ж. алғашқы Жер серігінің ұшырылуы қоғамда үлкен толқуларға әкелді. Айтып кететін жайт: осы уақыттан бастап АҚШ зардап келтіруге болмайтын мемлекет болудан қалды. Осы уақыттан бастап АҚШ саясаты үлкен өзгерістерді бастан кешірді.
Яғни осы оқиғаның барлығын қорыта келе НАТО құрылу уақытынан бастап американ саясатының Еуропа аймағында өз ісін іске асырудың құралы болды. Бұл жердегі басты мәселе АҚШ пен КСРО елдерінің арасындағы талас-тартысы, «қырғи-қабақ соғысының» халықаралық жағдайға ықпалы және бұл тұрғыда НАТО ұстанған немесе АҚШ алдына қойған саясаты.
Қолданылған әдебиеттер:
К.Н.Макашева План Маршалла объединение Европы //Вестник КазНУ:Сер.Международные отношения и международное право. – 2003. №4 – С.29-33
А.И.Уткин «Два берега Атлантики»//США.Канада:экономика, политика, культура. – 1999. - №2- С.3-18
http://www.coldwar.ru/
http://www.google.ru/search?hl=ru&source=hp&q=...
Лидер Ю. НАТО: очерки, истории и доктрины. Политиздат. – 1964. – 232 с.
Лундестад Г. Восток, Запад, Север, Юг. Основные направления международной политики. 1945-1996. М., – 2002. – 357 с.
В. Е. Уалахович Международные организации // http://evolutio.info/index.php?option=com_content&task=view&id=1170&Itemid=188
З. Бжезинский Великая шахматная доска //http://rus-sky.org/history/
П.А. Циганков Теория международных отношений http://www.twirpx.com/file/15041
А.В. Торкунов Современные международные отношения и мировая политика// http://www.gumer.info/bibliotek_Buks/Polit/tork/
К.И. Байзакова «История международных отношений в новое время». – Алматы. – 2008. – 315 с.
Нартов Н.А. «Геополитика» Учебник.- М.: Юнити, 2004. // yanko.lib.ru/books/politologiya/nartov-geopolitika-2004-a.htm
Б.М.Халоша. Североатлантический блок. М., 1960. – 267 с.
Kissinger. Op. cit.
Margaret Ball. Op. cit.
Rojer Hisman. NATO: the Developing Strategic Context. In:NАТO and American Security
Osgood. NATO:Problems of Security and Collaboration // www.jstor.org/stable/1952410
С.Нэйнс. «NATO's Strategic Dilemmas» //
www.ciaonet.org/wps/ssi10545/ssi10545.pdf
Н.В.Сивачев, Е.Ф.Язьков. Новейшая история США. М., - 1980. – 383 с.
И.Б.Понамарева, Н.А.Смирнова. Геополитика империализма США. М., - 1986. – 493 с.
1 Мыс., Балтық, Бессарабия, Буковина мемлекеттерінде кеңестендіру күшпен жүрді
2 Дюнкерк келісімі атымен белгілі
3 АҚШ-қа қатысты территориялардан басқалары
4 №1 Қосымшаны қараңыз
5 Финляндия 106 млн долларды несие алды.
6 №2 қосымшаны қараңыз
7 Мұнда кеңестік әскер 1955 ж. дейін болды