Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НАТО (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
213.5 Кб
Скачать

2.3. Дюнкерк келісімі

Соғыстан кейінгі қауіпсіздік құрылымы туралы алғашқы көрінісі, алғашқы идеясы Ұлттар Лигасының орнын басатын халықаралық ұйымды құрумен шектелді. Ялта конференциясында қол жеткізілген келісім 1945 ж. 26 маусым айында Сан-Франциско конференциясында іске асырылды. Бұл конференцияда 50 мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына қол қойды. БҰҰ қарастыратын әріптескен қауіпсіздік жүйесі, әсіресе бұрынғы антигитлерлік коалиция бойынша одақтастар арасындағы қарама-қайшылықтардың өршуі кезінде, жеткілікті болмады. Қауіпсіздік Кеңесінің кез келген тұрақты мүшесінің вето қолдану мүмкіндігі кез келген мәселе бойынша алға басуды жоққа шығарды. 1947 ж. жазынан бастап Батыс пен Шығыс арасында ашық түрде қақтығысқа баруы континентте қауіпсіздікті нығайту мәселесін көтеруге әкелді. Шартты түрде бұл мүмкіндікті БҰҰ Жарлығының 51 бабы ашты. Бұл бап индивидуалды және ұжымдық қорғанысқа құқық берді. [9]

Алғашқы тәжірибе болып 1947 ж. 4 наурызда Дюнкеркте Ұлыбритания мен Франция арасындағы жасасқан одақ пен өзара көмек туралы Келісім (Treaty on alliance and mutual assistance) танылады2. Шартты түрде бұл келісім герман реваншизмінің алдын алуға бағытталды. Алайда қазір ғалымдар мұрағат деректеріне сүйене отырып бұл келісімнің кеңестік қауіпті меңзегенін айтады. Одақтың герман мәселесін сылтауратуы саяси қиындықтардың туындауының алдын алуға бағытталды. Ұлыбританияның сыртқы істер Министрі Эрнст Бевин КСРО-ны азғыртпауға тырысты. Ал оның француз әріптесі Жорж Бидо ішкі саяси конъюнктураны ескеруге тырысты. Ең алдымен, француз компартиясының мықты позицияларын анықтау болды.

2.4. Кеннанның «Ұзын телеграммасы» мен Черчилльдің Фултондағы сөйлеген сөзі

АҚШ мен Ұлыбританияның ресейлік мүдделерді танымауы 1946 ж. басында КСРО-ға қарсы бірқатар ресми сын сөздерінің айтылуына әкеледі. 1946 ж. 22 ақпанда АҚШ-тың ресми істерін басқаратын Джордж Кеннан Мәскеудегі сөйлеген кезінде ресейлік мәдени және тарихи ерекшеліктеріне, мемлекеттілігінің табиғатына сүйене отырып, кеңес саясатын түсіндіріп, Кеңес Одағына қатысты ең тиімді саясатты ұсынады. Дәстүрлі түрде Кеннанның «Ұзын телеграммасы» деп аталатын бұл құжатта ұстамдылық стратегиясының (containment) негізгі ойлары көрініс тапқан. Екі аптадан соң, 1946 ж. 5 наурызында, Уинстон Черчилль Миссури штаты Фултон қаласында президент Турмэнмен келіскен сөйлеген сөзінде "темір тор" туралы айтты. Жолдауының маңызы жер шарының коммунистік емес бөлігін КСРО тарапынан туындайтын қауіп туралы ескертуге бағытталды. Осылай, ІІ дүниежүзілік соғыстың аяқталуына бір жыл толмай гитлеризм қаупінің орнын кеңес қаупі басты. Ресми түрде Мәскеу бұл жолдауды жаңа соғысқа, Кеңес Одағына қарсы соғысқа шақыру ретінде қарастырды. [7]

Мүмкін, тараптар ортақ шешімге келіп, Черчилль мен Кеннан жариялаған қатаң саясат іске аспас еді, егер 1946-1947 жж. қысқы шиеленісті кезең болмаса. Бұл кезең Вашингтонды өзінің еуропалық саясатын анықтауға мәжбүрледі. Осыдан кейін жағдай тез дамыды.

1946-1947 жж. қысы Еуропадағы экономикалық жағдайлардың нашарлауына әкеледі. Мәскеудің ойынша жағдайдың мұндай бағытта дамуы кеңестік мүдделерге сәйкес келеді және коммунистік күштердің билік басына келуіне септігін тигізеді. Батыста қалыптасқан жағдай туралы көзқарасы бөлек болды. Әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің туындауының жағдайында электорат солшыл топтарға дауыс беруі мүмкін. Мысалы, Италия мен Франция сияқты мемлекеттерде. Әсіресе, Германия мен мұндағы коммунистік негізде оның қайта құрылуы.

2.5. «Трумэн доктринасы» және «Маршалл жоспары»

ІІ дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін КСРО басқармасы Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропада кеңестік күштер, алдымен коммунистік партиялар, билік басына келуі үшін қолда бар күшті жұмсады. КСРО Түркияға территориялық талаптар қойып, қаратеңіздік бұғаздар статусын өзгертуді шарт қойды. Сонымен қатар, КСРО-ның Дарданеллада әскери-теңіздік базаларды салу құқығын жариялады. Албания, Югославия мен Болгарияда билік басында коммунистер отырды. Грецияда коммунистер басқарған партизандық қозғалыс өршіді. Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүше-мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері жиналысында КСРО Триполитанияға (Ливия) протекторатын беруді талап етті.

КСРО ұжымдасқан қауіпсіздік жүйесін өз ыкпалын нығайту үшін қолдануға тырысты. Бұл Батыстың мемлекеттерімемн ескеріліп, үрей тудыртты. Франция мен Италияның компартиялары өз мемлекеттерінде ең беделді де ықпалдысына айналды. Осында және бірқатар Батыс Еуропа мемлекеттерінде коммунистер үкімет құрамына кірді. Сонымен қатар, Еуропа территориясынан американдық әскердің шығарылуынан кейін КСРО континентальді Еуропа территориясында басымдылық көрсететін күшке айналды. Барлығы кеңес басқармасының жоспарына қолайлы болды.

Кеңестік қауіпке жауапты АҚШ-тың мемлекеттік департаменті де іздеді. Мұндағы маңызды орынға американдық дипломат, Ресей бойынша маман Джордж Кеннан ие болды. 1946 ж. ақпанында Мәскеуде АҚШ елшілігінде жұсымыс істей отырып Вашингтонға жолдаған телеграммасында «сдерживания» саясатының негізгі принциптерін анықтап кетті. Оның ойынша. АҚШ үкіметіне КСРО-ның өз ықпалын кеңейтудегі кез келген қадамдарына қатаң және кезеңді жауап беру керек. Ал коммунизнің енуіне қарсы тұру үшін Батыс мемлекеттері сауықтанған, оңтайлы, сенімді қоғам құруға ұмтылуы тиіс. "сдерживания" саясаты соғыстың алдын алу жолы ретінде қарастырылып, КСРО-ға әскери жеңіліс беруге бағытталды. Осылай, КСРО-ға қатысты американ саясаты жаңа бағыт алды: батыс Еуропа елдерінде коммунистік идеологияның таралуына және Кеңес Одағының коммунистік қозғалыстарды қолдауға шектеу қою науқанына бағыт алынды. [8]

1947 ж. 12 наурызында Трумэн сенат пен өкілдер палатасының біріккен отырысында сөз сөйлейді. Мұнда Грецияда қалыптасқан жағдайды атап кетеді. "Грек үкіметі, - оның айтуынша, - аласапыран мен торығу жағдайында жұмыс істейді... Грек армиясы саны жағынан аз және нашар қамтамыздандырылған Грецияның бүкіл территориясында үкіметтің билігін қайта қалпына келтіру үшін әскер жабдықталуды мен қарумен қамтамасыздандыруды қажет етеді". Америкадан алыс мемлекеттердің ішкі істеріне арсаласуды және оның ұсынып отырған бағыты өте күрделі екендігін ескере отырып, Трумэн өзінің саясатын бейбітшілік үшін күреспен әрекет ететіндігімен ақтағысы келді. «Әлем тапжылмай бір орында тұрмайды және статус-кво мызғымас емес» мәлімдеуі арқылы Трумэн АҚШ-тың өзі дұрыс деп санайтын өзгерістермен ғана санасатындығын білдірді.

АҚШ

Президенті

Гарри Трумэн жаңа

саясаттың негізгі принциптерін жариялайды

Жаңа саясат коммунистік емес, соның ішінде антидемократиялық режимдерге қаржылай, экономикалық және әскери көмек көрсетуде көрініс тапты. Жаңа сыртқысаяси доктринасын АҚШ президенті Трумэн 1947 ж. 12 наурызда сөйлеген сөзінде атап кетеді. Ол Трумэн доктринасы деген атқа ие болды. «Қырғи қабақ» соғысының ұзаққа созылған кезеңі басталды. Трумэнның қарсыластарының үрейі бойынша бұл КСРО мен қарулы қақтығысқа әкелуі мүмкін деген болжамдар жасады.

«Егер АҚШ Греция мен Түркияға көмек беруден бас тартса, Батыс үшін де, Шығыс үшін де салдары болады», - деп айтқан болатын. Трумэн конгрессті екі мемлекеттке 15 айдың шеңберінде 400 млн. долл. көлемінде «көмекпен» қаржыландыруды сұрайды. Қорытындысында Трумэн АҚШ-тың ІІ д.ж. соғысқа 341 млрд. долл. қолданғанын айта кетіп, қазіргі ақшалай көмек оның қасында түкке тұрмайтындығын айтты. Президенттің 1947 ж. 12 наурыздағы жолдауы «Трумэн доктринасы» деген атқа ие болды. Алдын-ала жүргізілген жұмыстарға қарамастан «Трумэн доктринасы» конгресте мықты оппозицияға тап болды. Конгресте бұл саясат не үшін жүргізілетіні көпшілігіне түсінікті болды. Конгресстің бір қайраткері өзінің сөзінде: «Трумэн мырза Американың ауқымды көлемде Балқанның әскери, саяси және экономикалық іс-шараларына араласуын талап етеді. Мұндай сипаттағы араласуды басқа мемлекеттерге де қатысты қолданады... Біз бұл мәселені маңызды деп санасақ та, АҚШ «бүкіл әлемді күш арқылы билеуге мүмкіндігі жоқ». Трумэн өз доктринасын «Монро доктринасымен салыстырды. Алайда «Монро доктринасы» Американың басқа континенттер ісіне араласуды қарастырмаған болатын. Трумэн Еуропа мен Азия территориясында орналасқан мемлекетттерге өзінің доктринасын таратып қана шектелмеді. Монро шетел мемлекеттерінің, латынамерикалық мемлекеттердің ішкі істеріне араласуына қарсы болды. Трумэн Греция мен Түркияның қазіргі жүйесінің сыптқы қауіппен қоса, ішкі қауіптен де қорғауға міндеттелді. Бұл кісі І д.ж. соғысқа дейін реакциялық тәртіпті қорғаған еуропалық монархисттердің «Қасиетті Одақ» сияқты әрекет етті. Нақты осыған Монро өзінің қарсылығын білдірген болған. Осылай екі американдық доктрина арасында маңызды айырмашылық бар. 1947 ж. 22 мамырда «Трумэн жоспары күшіне енді. Таяу Шығыс елдерінің ішкі істеріне АҚШ-тың араласуын қолдаған конгресс Вашингтоннның бүкіл әлемнің реакциялық күштер мен режимдерге көмек көрсетуді қолдады. Осы доктринаға сәйкес Трумэн үкіметі Францияға Үндіқытаймен соғыста әскери көмегін көрсетті. Осындай саясаттың нәтижесінде атышулы Вьетнам соғысына қатысуға мәжбүр болды. Греция мен түркияда Вашингтон әскери-стратегиялық мақсаттарды алдына қойды. Соның ішінде АҚШ-тың Таяу Шығыстағы монополияларында поцицияларын нығайту. «қырғи қабақ соғысының» жоспарында «Трумэн доктринасы» алдын-ала дайындық операциясы ретінде қарастырылады. Соғыстағы негізгі алаң рөлін Батыс Еуропа иеленді. [5]

Маршалл Гарвардта

Жан-жақты талқылаудан кейін Маршалл 1947 ж. 5 маусымда Гарвард университетінде ресми түрде өзінің жоспарынының негізгі принциптері мен бағыттарын жариялады. Осылай "Маршалл жоспарының" негізі қаланды. Бұл жоспар экономикалық, саяси және әскери-стратегиялық мүдделерді мақсат тұтты. Батыс Еуропа тікелей жіне жанама түрде американ капитализмі үшін маңызды рынок ретінде қызмет етті. Канада, Латын Америка және басқа мемлекеттерден Еуропаға шикізат өнімдерін экспортқа шығару сатыпалушылық маңызын арттырады. Есесіне бұл мемлекеттердің АҚШ үшін маңызы да артады. 1947 ж. АҚШ-тың экспорты импорттан 2,5 есе асып кетті. АҚШ-тың Еуропаға экспорты Еуропадан импорттан 7 есе асып кетті. Американдық сауданың мұндай балансы болашақта сөзсіз АҚШ-тың сыртқы саудасына жағымсыз әсер етеді. Құрама штаттарымен әске асырылғын «қырғи қабақ соғысының» нәтижесінде туындаған екі жүйенің талас-тартысының өршуін ескере отырып, Вашингтон Батыста капитализм позицияларын тұрақтандыру және күшейту АҚШ үшін экономикалық жағынан тиімді және саяси жағынан маңызды деген ойда болды. Алайда соғыстан кейінгі кезеңде АҚШ-тың жеке меншік капиталы шетелеге баруға асықпады.

Ол үшін ең алдымен Еуропа капитализмінің экономикалық және саяси ұстанымдарын нығайту керек болды. «Маршалл жоспары»[1] әскери агрессивті әскери одақ үшін экономикалық және саяси негіз ретінде қызмет етті. 20 жыл өткен соң АҚШ сенатында ашықтан ашық мойындады: «Маршалл жоспары» Солтүстікатлантикалық одаққа негіз салды». Осылай, «Маршалл жоспары» кейбір экономикалық мақсаттармен қатар, «Трумэн доктринасы» сияқты әскерисаяси мақсаттарды да көздеді. Маршалл Гарвард университетінде сөйлеген сөзінде: «Біздің саясат белгілі бір доктрина немесее мемлекетке қарсы емес, аштық, кедейшілік, аласапыран мен торығуға қарсы бағытталған». Жалпы, «Маршалл жоспары» «Трумэн доктринасы» сияқты әскери-стратегиялық және саяси мақсаттарды көздеді. Бірақ біршама ауқымдырақ. Маршалл өзінің жоспарына демократиялық сипат беруге тырысты. Оның айтуынша бұл жоспарды қолдануға бет алған еуропалық мемлекеттер өз бетімен жоспарды дамытып, қаражатын есептеуі керек. АҚШ Конгрессі «Маршалл жоспарына» қарсылық білдіреді. Конгресстің бірінші сессиясы белгілі бір шешімге келмей қызметңн тоқтатты.

Д.Маршалл

«Маршалл жоспарын» дайындау, іске асырумен қоса АҚШ Ұлыбританиямен бірге оккупацияланған Потсдам конференциясының шешімдерін іске асыруын 4 державалардың Бақылау кеңесінің қызметін бұзатын, батыс германдық өндірістерді қайта қалпына келтіру сипатындағы сепараттық әрекеттерді жүзеге асырды. 1946 ж. 2 желтоқсанында Вашингтонда Германиядағы американдық және ағылшын оккупациялық аймақтарының бірігуі туралы келісім жасалды. Бұл аймақтар Бизоньяны құрды. 1948 ж. жазында француз оккупациялық аймағы қосылғаннан кейін, Тризоньяны құрды. 1948 ж. 18 маусымда АҚШ, Ұлыбритания және Фпанция Германияның батысында сепараттық ақша реформасын жүргізетінін жариялады.

Бес күннен соң, 23 маусымда, кеңес үкіметінің рұқсатынсыз олар бұл реформаны Батыс Берлинде де жүргізе бастайды. Вашингтонда Латын Америка елдерін өзінің саясатына тартып, бұл мемлекетер тарапынан Біріккен Ұлтттар Ұйымында АҚШ-қа қолдауды қамтамасыз еті үшін шаралар қолданылды. 1947 ж. Рио-де-Жанейро қаласында американдық республикалардың сыртқы істер министрлерінің конференциясы мен 1948 ж. Богота қаласында тоғызыншы панамерикалық конференцияда осы мақсаттарды көздеді. Рио-де-Жанейро қаласында конференция 15 тамызда ашылып, 1947 ж. 2 қыркүйегіне дейін жалғасты. АҚШ-тың делегациясы Маршаллмен басқарылды. Конференция жабылар алдында Бразилия астанасына Трумэн келіп, американдық мемлкеттер делегациясының алдында сөз сөйледі. Рио-де-Жанейрода Чапультепек конференциясының шешілуі қайталанды. Яғни, бір американдық мемлекетке шетел елі соғыс жарияласа, оның бұл әрекеті бүкіл американ мемлекет теріне соғыс ашқанымен теңдес болады. Конференция мүшелері Батыс жартышарды қорғау туралы келісімшартқа қол қойды. Бұл құжат Вашингтонда танылды. На 1947-1948 жж. Таяу Шығыста «Маршалл жоспары» мен «Трумэн доктринасы» қабылданғаннан АҚШ-тың мұнай монополияларының белсенділігі артты. «Трумэн доктринасы» жарияланғаннан кейінгі күні, 1947 ж. 13 наурызды, американ компанияларының Сауд Арабиясынң мұнайлы жердлерін 227 млн. долл. ақшамен қаржыландып, Жерорта теңізіне дейін 1050 миляға созылатын мұнай құбырын салатындығын мәлімдеді. 1948 ж. 6 шілде күні Американдықтардың Кувейтте мұнайды өндіруге концессиялық құқыққа ие екендігін жариялады. Вашингтон «қырғықабақ соғысына» Батыс Еуропа мен Оңтүстік Америка, Қиыр және Таяу Шығыс елдерін тартты. Саясатқа жаһандық сипат берді. [3]

Маршалл жоспары

Маршалл жоспары 1948 ж. сәуірінен бастап іске аса бастады. Бұл АҚШ конгресі Еуропаға экономикалық көмекті қарастыратын төрт жылдық бағдарламаны қарастыратын «экономикалық әріптестік туралы заңды қабылдады. Маршалл жоспары бойынша қаржыландыру көлемі (1948 ж. сәуірінен 1951 ж. желтоқсанына дейін) 12,4 млрд. долл. дейңн жетті. Көпшілік үлесі Ұлыбритания (2,8 млрд.), Франция (2,5 млрд.), Испания (1,3 млрд.), Батыс Германия (1,3 млрд.), Голландия (1 млрд.) үлесіне тиді. Алайда ақшалай көмек коммунистік режимі бар үкіметтерге берілмеді. 1948 ж. Батыс Еуропа елдерінің ешқайсысында коммунистер болмады.

Коммунизмге қарсы тұру АҚШ-тың ішкі саясатында да көрініс тапты. 1947 ж. 20 наурызынан бастап елде американ мемлекеттік шенеуніктерін тексерісі өтті. Антиамерикандық қызметі туралы тергеу алғашқы күдіктілерді сұрап шықты.