Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НАТО (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
213.5 Кб
Скачать

2 Іі дүние жүзілік соғыстан кейінгі кезеңдегі халықаралық қатынастар

2.1. «Қырғи қабақ» соғысы концепциясы

«Қырғи қабақ соғысы» - ІІ дүние жүзілік соғыстан кейінгі қырық жыл аралығын қамтыған халықаралық қатынастар мен КСРО-ның сыртқы саясаты дамуының кезеңі. «Қырғи қабақ соғысының» негізінде капиталистік және социалистік құрылымдағы мемлекеттерінің саяси, әскери-стратегиялық және идеологиялық талас-тартысы жатыр. «Қырғи қабақ соғысына» бүкіл әлем қатысты. Ол әлемді екі саяси-әскери және экономикалық топқа, екі саяси жүйеге бөліп тастады. Әлем екіполюсті, биполярлы жүйеге айналды.

«Қырғи қабақ соғысы» 1946 жылы 5 наурызда Черчилльдің Фултонда сөйлеген сөзінде айналымға енді. Өз елінің басшысы болмаса да, Черчилль әлемнің белді саясаткері болып қала берді. Өзінің сөзінде бұл кісі Еуропаның "темір тормен" бөлінгенін айта кетіп, батыс өркениетті «коммунизмге» соғыс ашуға шақырды.

Екі жүйенің, екі идеологияның соғысы 1917 жылдан тоқтамады. Алайда нақты талас-тартыс ретінде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана қалыптасты. Алайда неге екінші дүниежүзілік соғыс бұл соғыстың бастамасы болды? Егер біз Екінші дүниежүзілік соғыс тарихына жүгінсек бәрі де түсінікті болады. Германия территорияларды басып алуға кірісті (Рейн облысы, Австрия), ал болашақ одақтастар бұл мәселеге көңіл аудармады. Әр болашақ одақтас Гитлер келесі қадамдарды оларға тиімді жаққа бастайтынына күмәнданбады. Батыс мемлекеттер халықаралық келісімдер мен Германияның қарусыздандыруына көз жаба отырып, Гитлерді қолдап отырды. Ең көрнекті мысал – 1938 ж. Мюнхен келісімі. Бүл келісім бойынша Гитлерге Чехословакия берілді. КСРО бұл жақдайды «капитализмнің ортақ кризисінің» белгісі және «империалистік жыртқыштар» арасында қарама-қайшылықтардың шиеленісуі ретінде қарастырды. Мюнхен келісімінен кейін «әркім өзі үшін» деген саясат орнады деп, КСРО Гитлермен «Өзара шабуылдаспау Пактісіне» қол қойды. Кейін белгілі болғандай бұл келісім негізінде ықпал ету аймақтарын бөліске салу келісімі жатты. Алайда, Гитлер «соғыста кез келген амал жақсы» деген девизді ұстана отырып, бүкіл әлемге соғыс жариялады. Алайда Гитлер нәтижесінде жеңіске жеткен коалицияның құрылатындығын ескермеді. Гитлер болашақ одақтастар арасындағы қарама-қайшылықтар шешілмейтіндігіне сенді де қателесті... Яғни, «Қырғи қабақ соғысының» тамыры тарихқа терең бойлайды. [6]

Алайда неге ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана басталды? Айдан анық, бұл – сол кездегі заманның қалауы. Бұл соғыста одақтастар әскери мүмкіндіктерін күшейтіп, енді қарым-қатынасты ескі әдіс-тәсілмен шешу мүмкін болмады. Белгілі дәрежеде «қырғи қабақ соғысын» бастау инициативасы Екінші дүниежүзілік соғыс барысында белгілі болған КСРО-ның әскери күші ұнамаған Батыс елдеріне тиесілі. Сонымен «қырғи қабақ соғысы» Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін көп ұзамай басталды. Оның бірнеше алғышарттары болды. Біріншіден, соғыстан кейін жарты Еуропа кеңестік ықпал ету аймағына кірді, тез арада кеңестік билікті жақтайтын жүйелер қалыптаса бастады. Екіншіден, колонияларда метрополияға қарсы азат ету қозғалысы қарқынды өршіді. Үшіншіден, дүние жүзі биполярлы әлемге айнала бастады. Төртіншіден, әлемдік аренада әскери-экономикалық күш-қуаты басқаларға қарағанда артықшылық беретін екі ұлы держава құрылды. Сонымен қатар, Батыс державалардың мүдделері әлемнің түкпірінде КСРО мүдделерімен жанаса бастады. [20, 187 бет]Сонымен екінші дүниежүзілік соғысынан кейін қалыптасқан жағдай мынадай болды:

  • Екі әлемдік жүйенің (капиталистік және социалистік) толық қарама-қайшылығы, екеуінің арасындағы экономикалық, саяси, идеолгиялық айырмашылықтары;

  • Әр жүйенің өз алдында әлемде ықпалын күшейтуге тырысуы;

  • Әр жүйенің жаңа территориялада өз құндылықтарын, құрылымын орнатуға ұмтылыс;

  • Әр жүйенің кез келген амалмен (экономикалық, саяси, әскери) өз позицияларын қорғауға дайындығы;

  • Қорқыту саясатының дамуы;

2.2. Кеңестік қауіп

Әскери және саяси жағынан күшейген Кеңес Одағы Еуропадағы және тұтас батыс өркениет үшін әлемдік тепе-теңдікке қауіп ретінде қарастырылды. Германияның тізе бүгуінен кейінгі Трумэнға бағытталған телеграммасында Черчиль "темір тордың" пайда болғанын көрсетіп, еуропалық аймақтан америкалық және канадалық әскердің кеткендігінен еуропалықтар кеңестік әскермен бетпе-бет қалғандағы жағдай туралы қаупін білдірді. 1946 ж. таман қалыптасқан жағдай осындай болды:

  • Ұлыбритания мен АҚШ мемлекеттерінің Еуропада 900 мың әскері болды.

  • КСРО соғыс кезеңдік әскери шоғырлануын сақтап қалды.

КСРО екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесі бойынша Еуропада бірқатар территориялық иеліктерге қол жеткізуді көздеп, оны халықаралық ретте тануын талап етті. Алайда, мұндағы туындаған мәселе – КСРО-ның талап етіп отырған жерлері Молотов-Риббентроп пактісі жүзеге асқан жағдайындағы КСРО-ның болашақ иеліктері еді. Ал, халықаралық саясат тұрғысында бұл пактіге жол берілмеуі тиіс. Сонымен қатар, БҰҰ мен антигитлерлік коалицияның саяси негізін қалаған 1941 ж. Атлантикалық Хартия бойынша негізгі принцип – ұлттардың өзін-өзі анықтау, бостандығын қолдау, территориялық интервенцияға жол бермеу. [5] КСРО-ның ресей империясының ескі шекараларын қалпына келтірудегі өз дегенінде тұруы батыс мемлекеттері үшін үлкен мәселе болды. Бұл олардың бұқаралық саясаты үшін қиындық туғызды. Орталық Еуропада «санитарлық бөгет» тәжірибесі бар Мәскеу КСРО территориясында достас режимдерді орнатуға мүдделі болды. Кеңес әскері мен оккупациялық режим жағымды жағдай жасады. Мәскеу демократиялық процестің көрінісін сақтай отырып, бұл мәселеде сабырлықпен айналысады. Шұғыл және прямая кеңестендірудің орнына1 КСРО коалициялық мемлекеттердің құрылуына дейін барады. КСРО-ның Орталық Еуропадағы мақсаттары мен тәсілдері Батыста қарама-қайшы жағдайдың қалыптасуына әкеледі. АҚШ пен Ұлыбритания КСРО-ның Румыния мен Болгария мемлекеттеріндегі жан-жақты әрекеттеріне қарсылық білдіреді. Көбінесе бұл кезеңде шекаралар мен Польшаның болашақ мемлекеттік құрылымы туралы даулар өзекті мәселелер болды. Кеңес Одағы ресейлік саясаттың ескі мәселесі – қаратеңіздік бұғаздарға бағылау жүргізу мәселесін шешуге тырысты. Монтре конвенцияларын қайта қарау туралы принципиалды келісімі Ялтада бекітіліп, Потсдамда расталды. Алайда КСРО-ның Түркия үкіметіне деген қысым көрсетуі Батыс мемлекеттерімен агрессивті саясат ретінде қарастырылды.