1.2. Нато әрекет етуінің алғашқы жылдары
Жаңа альянстың еуропалық мүшелері басында салыстырмалы түрде көмектің пассивті қабылдаушылары ретінде әрекет етті. Еуропадағы қарулы күштердің 80 % осылардың қолында болғанымен, АҚШ-тың ақшалай көмегіне тәуелді болды. Келісім шартты түрде ұжымдық қаіупсіщдік туралы келісім сипатында болғанымен, іс жүзінде бұл мықты держава әлсіз мемекеттерді қол астына алу шартымен ерекшеленетін протекторат туралы ескі келісімдерге жақын болды. Келісім саяси пікірталас пен әскери жоспарлау үшін тұрқты НАТО (Солтүстікатлантикалық келісімшарты ұйымы) ұйымын құрды. Оның негізін қалаған кейбір қайраткерлер, кейін адал жақтаушылары бұл ұйымның жай әскери одақтан күрделі құрылымды және кең көлемді мәселелерді шешетін одаққа, қауымдасқа дамитынына үміт артқан болатын. Алайда, бұл бірқатар себептерге бойланысты болды:
Құрама Штаттары мен келісімшартқа қатысушы мемлекеттің кез келгені арасындағы потенциалының айырмашылығы;
Еуропалық мүше-мемлекеттердің Құрама Штаттары сияқты саяси бірлестік құруға қабілетсіздігі;
Атлант мұхиты кеңістігінің ұш-қиырсыз болуы;
Еуропа күш-қуаты мен өзіне сенімдігінің артуы мен КСРО тарапынан қауіптің жоғалуы.
Жарты ғасыр шеңберінде НАТО қырғи қабақ соғысында негізгі қаруы болды. Ол Батыс Еуропада, Атлантикада, сонымен қатар Жартышарда әрекет етті. Ұйымның еуропалық мүшелері әскердің негізгі бөлігімен қамтамасыз етсе, американдықтар техникамен және ақша қорының көпшілік бөлігімен қамтамасыз етті. Еуропалықтар еуро-американ қарым-қатынастарына кері ықпалын тигізетін әскери одақтың кез келген түрінен қашуға тырысты. Германияны өз қатарларына қосып алды. Бұл НАТО тарихындағы ең ұлы қадам болды. Солтүстікалтантикалық келісімшартты жасасқан кейін бір жылдан соң өршіген соғыс Құарама Штаттарынан жаңа айқымды ресурстарды талап етті. Бұл Германияда ұқсас жақдайдың қайталану мүмкіндігіне деген үрей туғызады. Сондықтан, Вашингтон өзінің одақтастарын пассивті протежеден кіші әріптеске айналдыруға, Еуропаның өзінде кеңес армиясына керітартпа, контракүш құруға тырысты. Алайда одақтастар әлі де әлсіз болып қала берді. Көбінесе Еуропадан тыс жерлерде орналасқан міндеттермен шектелген әскері бар Ұлыбритания мен Франция қайсыбір қомақты көмек көрсете алмады. Сондықтан оларды АҚШ-тың немістерді қайта қаруландырумен келістіруге оңай болды. Мәскеудің екі соғыс арасында пайда болуынан қорыққан антикеңестік альянс толығымен құрылып, 1950 ж. аяғына қарай генерал Эйзенхауер Еуропаға жаңа үлкен альянстың әскербасшысы ретінде қайтып келді. Сол жылы Греция мен Түркияға Жерортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде одақтастармен әріптесіп жұмыс істеуге шақырылды. Алайда толыққанды мүшесі ретінде 1952 ж. басында ғана танылды: олармен әріптестік орталық секторды қорғау үшін шығыс флангыны күшейтуге және КСРО-ға оңтүстіктен қауіп төндіруге көмектесті. 1951 ж. басынан бастап жаңа штаб (НАТО-ның Біріккен қарулы күштерінің Жоғарғы әскербасы Штабы – SHAPE) іске кірісті. Ал бір жылдан соң Лиссабонда НАТО Кеңесі бұл басқармаға 1954 ж. 96 әскери және резервтегі дивизиялар, 9000 самолёт пен вертолётті қосуға бұйырды. Алайда, бұл көрсеткіштерге қол жеткізілмегенімен Лиссабонда қабылданған шешімдер альянсқа қазіргі кездегі қалыбына келді: келесі пікірталастар жаңа қаруландырудың стратегиялық доктринасы және оны әрі қарай дамыту мәселелеріне қатысты болды.
1959 ж. герман мәселесі шешілмеген болатын. Яғни, Батыс Германияның саяси құрылым ретінде дәрежесін анықтау және оның НАТО операцияларында жоспарлау. [3]
1.3. НАТО ұйымының әскери доктринасы мен стратегиялық концепциялары
Стратегиялар облысындағы Солтүстікатлантикалық блоктың негізгі доктринасы болып стратегиялық авиацияға негізгі орынды беретін жаһандық және тотальды ядролық соғыс теориясы болды. Бұл теория АҚШ-тың әскери құрылымының практикасы мен әскери ойларында басымдылық көрсете бастады. Американ доктриналарынан бастау ала отырып, НАТО доктринасы осы әскерисаяси одаққа тән өзіндік ерекше жақтары болды. Сондықтан да ол еуропалық әскери аренада болып жатқан өзгерістерді елеусіз қалдыра алмады. Мұнда жаһандық және тотальды ядролық соғыс теориясы қарапайым соғыс теориясымен толықтырылды. Бұл теория еуропалық континенттегі әскери қимылдардың алғашқы кезеңінде іске асуы тиіс болды. Солтүстікатлантикалық блок үшін ортақ докриналардың негізінде НАТО-ның стратегиялық концепциясы құрылды. Кейін бұл концепция «шит және семсер» концепциясы деген атқа ие болды[19, 187 бет].
1949-1950 жж. құрастырлған НАТО-ның алғашқы жоспарынан ( Short-Term Defence Plan) 1960 ж. «өл сөндіру тобы» («пожарная команда») жоспарын құруға дейін біз «қорғаныс», «КСРО-ны агрессия жүргізуден предостережение», «щит» және т.б. жоспарларымен кездесеміз.
Белгілі, оперативтік штабтарда құрастырылған нақты әскери жоспарлар «қорғаныс» мүмкіндігін әскери қимылдарды іске асырудағы мүмкіндіктердің бірі ретінде қарастырады. Алайда, НАТО шеңберінде «қорғаныс» туралы терминдерді жоспарларында қорғаныс мәселелесі қарастырылмаса да блоктың саясаткерлері мен әскербасыларының ресми жолдауларында тым асыра қолданылды..
Мұның бәрі НАТО-ның құрылуынан батап мүшелерінің арасында қарама-қайшылықтар туындап жатуына қайшы келмеді. Қарама-қайшылықтар Құрама Штаттарының билік етуші топтары мен Батыс Еуропа елдерінің арасында болды. Еуропалық мемлекеттер қарулану жарысына шығындарын АҚШ-қа жүктегісі келсе, ақырғылары қаруландыру бремя еуропалық әріптестеріне жүкітегісі келіп, мүмкіндігі болса осы арқылы олардың экономикасына деген ықпалын күшеәтуге тырысты.
Алайда, бұдан да маңызды қарама-қайшылықтар болды. Бұл Еуропа мен ҚШ халықтарының арасындағы қарама-қайшылықтар. Біріншілері өз мемлекеттерін соғыс алаңы, атомдық қарумен жермен жексен етілген алаңға айналдырғысы келмеді. Екіншілері үшін Батыс Еуропа, Гэвин анықтамасы бойынша, социалистік әлеммен шекараға қойған «щит» қызметін атқарды.
Солтүстікатлантикалық блоктың стратегиялық концепцияларына толықтай зерттеу жүргізу үшін оның алғашғқы әскери жоспарларына шолу жасаймыз. Блоктың әскери концепциялары бойынша талқылаулар 1949 ж. қараша айында НАТО-ға 12 мүше-мемлекеттерінің бас штабтарынң бастықтары мен қорғаныс министрлерінің конференциясында басталды. Осы жылдың 1 желтоқсанында жарияланған қорғаныс комитетінің коммюникесінде «Солтүстік Атлантика аймағындағы бірігіп қорғану концепциялары» жөнінде келісімге қол жеткізілді деп хабарланады.
Бұл конференцияға дейін бұл концепция 1949 ж. 29 шілдеде американ генералы Брэдли атап кеткен болатын. Солтүстікатлантикалық пактке қол қойған мемлекеттер стратегиясы келесі принциптерге сүйенді:
Құрама Штаттарға стратегиялық бомбылау науқандары жүктеледі. Ұжымдасқан қорғаныста негізгі рөл атом бомбыларын жеткізуге беріледі.
Теңіздегі ең маңызды операциялар, соның ішінде теңіздік байланыстардыы қорғау, АҚШ пен Батысеуропалық мемлекеттерінің одағының теңіздік мемлекеттерінің әскери-теңіздік флотына жүктеледі.
Жер үсті күштердің негізгі орталығы Еуропа мемлекеттері әскерлерінің негізінде құрылады. [13, 71 бет]
1950 ж. 6 қаңтарында Вашингтон қаласында өткен НАТО кеңесінің үшінші сессиясы бұл принциптерді растады. Осылай Солтүстікатлантикалық блоктың әскери жүйесінің негізгі көрінісі қарастырылып, «шит және семсер» стратегиясы наықталады.
Бұл концепцияның әрі қарай дамуы 1950 ж. 18 мамырында Лондон қаласында өткен НАТО Кеңесінің төртінші сессиясында жалғасын тапты. Мұнда «теңестірілген бірікккен қарулы күштердә» құры бірінші санатты мақсат ретніде қарастыру шешімі қабылданады. Яғни, жеке мемлекеттер өзінің әскери күшін басқа мемлекеттердің әскери күшінің дамуын в қайталамайтындай дамытуы керек. Мысалы, Құрама Штаттар өз күшін бомбардирлік авиация мен әскери-теңіздік флот дамытуына бағыттаса, Батыс Еуропа мемлекеттері – қарапайым қарумен жабдықталған жерүсті әскердің қарқынды дамуына бағыттауы жөн болады.
Осы сессияда блоктың басқарушы органдарынның болашақ дамуы туралы шешімдер қабылданды. Штаб-пәтері Лондон қаласында орналасатын СІМ орынбасардларының комитетін (кеңес) құрылды. Бұл комитетке Кеңестің сессиялары аралығындағы НАТО қызметін реттеу жүктелді. Алдына қойған мақсаттары:
«Қорғаныс» аясында жоспарлауды реттеу;
Жоспарларды іске асыру үшін дерективаларды разработка;
Одақ үшін ортақ мәселелерді қарастыру;
НАТО-ға мүше-мемлекеттердің экономикалық және саяси әріптестігін дамыту;
Сессияда қорғаныс комитеті қабылдаған алғашқы жобасы-4 жылдық «қорғаныс» жоспары талқыланды. Сонымен қатар, басқа екі жоспардың жобалары – аралық және перспективалық түрлері қарастырылады.
Қысқаша НАТО-ның жоғарыда аталып кеткен 3 жоспарына сипаттама берейік:
Short-Term Defence Plan –яғни, қысқа жоспар
Medium-Term Defence Plan –яғни, аралық жоспар
Long-Term Defence Plan –яғни, перспективалық жоспар
Бұлардың бәрі КСРО-ның тарапынан туындауы мүмкін жалған қаупіне қарсы бағытталды.
Short-Term Defence Plan Батыс Еуропадан әскерді шығару және кері қайту жолдарын (яғни стратегиялық жолдар, көлік, порттар және т.б.) қамтамасыз етуге бағытталған. Жақын уақытта қақтығыстың туындау үрейінен пайда болып, НАТО қарамағындағы күштерді (яғни, 12 дивизия, 400 ұшақ пен әскери кемелердің белгілі бір мөлшері) пайдаланудан туындаған.
Medium-Term Defence Plan НАТО құрылуы кезінде қол астсында болған бөлімшелерді әскери дайындыққа келтіру мен оны нығайтуға бағытталды. Әскери қақтығыс жағдайында бұл әскерлер Рейнға дейін соғыс қимылдарын жүргізе отырып кері шегінуі тиіс еді.
Long-Term Defence Plan «үлкен» соғысқа дайындыққа бағытталды. Ол Батыс Еуропа территориясында шешуші қақтығыстарды қарастырды:
Бірінші фаза – солтүстікнемістік жазық, екіншісі – Базельден Рейнге дейінгі аймақ. Сонымен бұл жоспардың бәрі қақтығыс жағдайында еуропалық территорияларды жауға қалдыруды қарастырды. Ал жау ретінде бұл жоспарда КСРО-ны меңзеп тұрды. Әрине мұндай жоспар еуропалық мемлекеттер үшін тиімсіз болды. Шынымен мұндай соғыстың орын алған жақдайында азапқа ұшырайтын еуропалық мемлекеттер болып шығар еді.
Мұндай «қалдыру» және «шегіну» концепцияларына ең күшті қарсылық білдіргендердің қатарында сол кезеңде НАТО-ға әлі мүше болып кіре қоймаған Батыс Германияның саяси және әскери топтары болатын. Батыс Еуропада әскери күштерді құруды қолдай отырып, олар әскери қимылдарды шығысқа қарай жүргізуді талап ете отырып, қайсібір территорияларды жауға беруге қарсы болды. Бұл топтар арасындағы кең тараған көзқарасты ІІ д.ж. соғыс кезінде «Запад» танкілік топқа басшылық еткен Лондондағы герман мемлекетінің атташесі фон Швеппенберг білдірді: «Немістер ақырғы шайқасты жеңіп шығуға мүдделі емес. Олар өздерін азат еткенді емес, қорғағанды қалайды». [14, 288 бет]
Мұндай сөздер НАТО ұйымдастырушылары мен басшыларын алаңдатпай қоймады. АҚШ-тың саяси және әскери топтарында Еуропада етек алып бара жатқан ахуалға көздері жетті. Ресми үкіметтік орган Department of State Bulletin бұл мәселеге байланысты 1949 ж. мамырында: «Біздің стратегиямызға сәйкес бағытты ұстанатын болсақ, еуропалық достарымыздың бұл шешімді қуана қабылдамайтынын ескеруіміз керек» [15, 40 бет].
Бұл қарама-қайшалықтар нәтижесінде енді алғашқы жоспарлардағы концепциялардан бас тартылып, ал үшіншісінен тек қаруландыру жоспары қалды.
Еуропалық мемлекеттер үшін НАТО ұйымы қаржыландыру қоры ретінде қарастырылды. Батысеуропалық мелекеттердің билеуші топтары Құрама Штаттарының Еуропаның әскери мәселелерімен қызығушылығын қабылдап, оның материалдық көмегін қуана қарсы алды. Белсенді түрде социалистік мемлекеттерге қарсы бағытталған психологиялық соғысқа қатысты. Алайда олардың тарапынан міндеттерді мойынына алуға келген. Олардың тарапынан қарсылық көрсетілді. НАТО-ны зерттеген барлық теоретиктер мен ғалымдардың ортақ ойынша батысеуропалық мемлекеттер қаруландыруға шығынға қуана бара қоймады. Хильсманның айтуынша, «алғашқы айларда бірін-бірі сендірумен өтті. Кім қаншалықты дәрежеде НАТО-ның қарулы күштерәнідамуына үлесін қосу керек. Олар КСРО тарапынан агрессияның белгілерін көрмелі. Сондықтан, елді жұмылдыру қолынан келмеді. Айдан анық жайт, НАТО-ға мүше-мемлекеттер қандайда бір шығындарға баруға асықпады.[16, 17 бет]
Құрама штаттарының Кореяға қарсы агрессиясы кезеңінде ғана одақтастардың қарсылығын сындыруға мүмкіндігі болды. АҚШ-тың қысымымен, НАТО-ның көмегімен қарулану жарысы басталып, блоктың әскери доктринасының дамуы қарқынды өтті.
Халықаралық жағдайды шиеленістірген Кореядағы әскери агрессия ҚШ билік басындағы топтарына американ экономикасының әскери бағыт алуына және НАТО бойынша әріптестеріне ықпал етуге мүмкіндік берді.
СА блоктың құрылуынан кейінгі алғышқы жылдары британ Кореядағы соғыс ағылшын әскерилерімен қаруландыру жарысына белгі ретінде қарастырылды.
Алайда НАТО шеңберінде Ұлыбритания АҚШ үшін континентальді еуропалыұ мемлекеттерге ықпал етіде әріптеске айналды. Бұл қысым Кореяда әскери қимылдарының өрістеууімен күшее бастады. Ачесо н үнемі подчеркивал : «әскери күштер үлкен көлемде қажетті» [17, 144 бет].
СА пактінің қызметінің алғашқы кезеңі тарихында маңызды орынды НАТО Кеңесінң 5 сессиясы алады. Бұл кезекті отырыс Нью-Йорк қаласында 1950 ж. қараша айынлда өтті. Мұнда АҚШ НАТО-ның біріккен қарулы күштерін құруды және Батыс Германияны ремилитаризациялауды ұсынды.
16-18 қыркүйекте сессияның алғышқы туры өтті. Ачесон біріккен қарулы күштерді құруға ұсынды. Сонымен қатар forward strategery деп аталатын стратегиялық прицип қабылданды.
СА блок тарихының дамуының екінші кезеңі халықаралық жақдайда жылымық кезеңінің алға бауынан басталады. Кореядағы соғыс 1953 ж. бейбітшілкпен, ал Вьетнамда 1954 ж. бейбіт аяқталады. ІІ д.ж. соғыс кезеңі шеңберінде НАТО-ның әскерри доктринасы мен стратегиясы New Look пен доктрина «массововго возмездия» белгісімен өтеді.
New Look немесе американ саясатының жаңа бағдарламасы 1953 ж. қабылданып ғ ресми түрде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Фостер Даллестің 1954 ж. халықаралық қатынастар жөніндегі кеңес алдында жарияланды.
Бұл концепция бойынша екі бағыт ажыратылады:
Біріншіден, жергілікті қорғанысты массированный контрудармен алмастыру. ҚШ шабуылға лезде жауап беру керек. Белгіленген ошақтарға ядролық қарумен бомбылау.
Екіншіден, возмездия ядролық қаруды дамыту бағдарламасын іске алу.
Американың бұл саясаты социалистік елдер, әсіресе КСРО тарапынан қарсылыққа әкелді. Еуропалық мемлекеттердің ұжымдасқан қауіпсіздік туралы келісімді жасасу (бұл жобаны КО 1954 ж. 25 қаңтар – 18 ақпан айында өткен сыртқы істер министрлерінің жиналысында ұсынды) мен Кеңес Одағын СА пактіге қабылдаудан бас тартқанннан кейін, Мәскеуде Еуропада қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оны сақтау бойынша еуропалық мемлекеттер жиналысы өткізілді. 1955 ж. 11-14 мамырында Варшава қаласындағы конференцияда Варашава келісімі жасалады.
Жаңа бағдарлама қарқынды дискуссиға әкелді. Оның ең өршіген кезеңі 1954-1955 жж. аралығына келді. 1957 ж. бұл бағдарламаға қарсы болғандар да болды. Олардың ойынша бұл бағдарламаны ұстанған жағдайда, бүкіл әлем ядролық соғысқа душар болар еді деген болжамдар жасады.
Басқарманың жеке өкілдері New Look әскери доктринаға түбегейлі өзгерістер енгізген жоқ деген ойда болды.
New Look таза американдық саясат болмады. Бұл бағдарламаның хаттамасы Ұлыбританияда әзірленді. Ағылшын New Look құрылымы 1953 ж. Құрама Штаттары, Ұлыбритания мен Канада елдерінің әскери академияларында маршалл Джон Слессордың лекцияларында берілген. Слессордың принциптеріне сәйкес халықаралық қатынастарда негізгі шара ретінде «қырғи-қабақ соғысын», ал әскери облыста – қаруландыру жарысы мен ядролық соғысқа дайындықты ұстану керек.
Кеңестік әскери техникалық жабдықталуының жетістіктері НАТО-ның билік етуші топтары үшін үлкен жаңалық болды. Аллан С.Нэйнс өзінің «NATO's Strategic Dilemmas» зерттеуінде американдық қарулы күштерінің ядролық бірліктермен жабдықтау, кеңестік жерүсті әскер саны бойынша басымдылығын теңестіруі керек еді. Сонымен бірге келесі мәселенің ескерілмегендігін көрсетеді: «...АҚШ-тың іске асырылған бағдарламаларын КСРО да қол жеткізуге мүмкіндігі болды. Біздің базаларды бомбылауға қабілеті бар ұшақ құрастырды. Қаруларын жетілждіре беріп, өз әскерін қайта қаруландыралар қабілетке жетті. Нәтижесінде күштер арақатынасы НАТО-ға жағымды жаққа өзгермеді... » [18].
1.4. 50-жылдары Солтүстікатлантикалық альянста билікті бөлу мәселесі.
Кеңес қаупі мен экономикалық күйреу туралы қатердің әлсіреуі, НАТО-ның негізгі мақсаттарына қол жеткізілуі мен «Маршалл жоспарының» орындалуы еуропалықтар үшін сеніміділік туғызды. А бұл өз жұмыстарын өз бетімен жүргізуге ұласты. Американдықтар Батыс Еуропаны кеңестік басқыншылықтан сақтандырғандықтан, жаңа көңіл-күй антиамерикандық сипатта болды. Себебі, 60-жылдары ушыққан ұлтшылдықтың жаңа толқынының алдында «американдықтар» деген бөгет болды. Ұлтшылдық мәселесі американдықтардың экономикалық енуінен туындады. Қалыптасқан саясат бойынша американ инвестицияларының астында еуропалық өндірістерге бақылау жүргізу, жұмыс күшін жалдау және жұмыстан босату болды.
50-жылдадың аяғына таман альянстағы күш пен қаруландыруды бөлумен байланысты мәселелер анықталып, әртүрлә қызық жобалардың дүниеге келуіне түрткі болды. де Голльдің құрамында үш держава болатын НАТО «деректоратын» құру туралы 1958 ж. жасаған ұсынысы АҚШ пне Ұлыбритания тарапынан қолдауға ие болмады. Себебі, біріншіден, бұл басқа одақтастармен қарым-қатынастардың үзілуіне әкелер еді. Екіншіден, сол кезеңдегі Лондон мен Вашингтон Францияны салмақты қарсылас ретінде қарастырмады. Сондықтан да, оның атынан жарияланған ұсыныстарға құлақ аспады.
Бір жылдан соң НАТО мүше-мемлекеттері арасында Еуропа территориясында баллистикалық замырандарды орналастыру мүмкіндігі мен көпұлтты ядролық орган құру туралы даулар туындады. Ал 1960 ж. АҚШ американдық бақылауда болатын 300 «Поларис» замырандарын орналастыруды ұсынды. Бұл даулар жемісін бермесе де, НАТО-ның американ ядролық бағдарламаға сүйене алмайтынын көрсетті. Мұндай жағдайда екі шешу жолы мүмкін еді:
Еуропалықтар альянсқа үлесін қосқан американ ядролық күшіне сейкес келетін күшті құрса. Бұл арқылы альянста күштер арақатынасының теңдігін қамтамасыз етеді;
Американ-еуропалық ядролық күштерді құру жолдарын табу;
Бірінші шешім – жеке еуропалық күштерді құру – оның үстінен бақылап отыратын еуропалық саяси органның болуын ұйғарды. Алайда еуропалықтан мұндай күштерге ие болуға разы болғанымен орталық басқарма органын құруға ешқандай қадам жасаған жоқ. Сондықтан шешімді американ-еуропалық әпіптестік жолында іздеу керек. Осылай ойдың екі бағыты пайда болды: доктринасы мен «көпжақтылық» доктринасы. «Көпұлттылықтың» жақтастары егеменді ұлттық бақылаумен келісіп, ұлттық күштерді НАТО басшысынң қолына беру керек (қайта шақырып алу мүмкіндігімен) деп санады. Сонымен қатар, бүкіл мүшелерінің стратегиялық жоспарлау мен саяси консультацияларға қатысуды жақтады. «Көпжақтылық» жақтастары «аралас» күштерді құру жобасын дамытты. Бұл жоба шеңберінде ядролық қаруды әртүрлі мемлекеттерден жиналған құрылыммен басқарылады. 1962 ж. американ үкіметі «көпжақтылық» концепциясын қабылдады. Көп ұзамай ұлыбританиялық және француз үкіметі «көпұлттылық» идеясына құлшылығын көрсетті: Ұлыбритания – американдық түсінікте, ал Франция – американдықтардың қатысуынсыз. [11]
