
Жоспар:
Кіріспе…………………………………………………………...………………....3
1 НАТО құрылу тарихы
1.1. НАТО-ны құру туралы келісім..........................................................................5
1.2. НАТО әрекет етуінің алғашқы жылдары..........................................................7
1.3. НАТО ұйымының әскери доктринасы мен стратегиялық
концепциялары............................................................................................................8
1.4. 50-жылдары Солтүстікатлантикалық альянста билікті бөлу мәселесі......13
2 ІІ дүние жүзілік соғыстан кейінгі кезеңдегі халықаралық қатынастар
2.1. «Қырғи қабақ» соғысы концепциясы...............................................................15
2.2. Кеңестік қауіп.....................................................................................................16
2.3. Дюнкерк келісімі................................................................................................17
2.4. Кеннанның «Ұзын телеграммасы» мен Черчилльдің Фултонда сөйлеген сөзі...............................................................................................................................18
2.5. «Трумэн доктринасы»…....................................................................................18
2.6. АҚШ және КСРО-ның сыртқы саяси ұстанымдары.......................................23
Қорытынды………………………………………………………………..............31
Пайдаланған әдебиеттер……………………………………………………….....32
Кіріспе
Қазір әлемде адам өмірінің түрлі мәселелерін шешетін көптеген халықаралық экономикалық және саяси ұйымдар әрекет етуде. Бүгінгі күндегі өткір мәселе болып отырған соғыс пен бейбітшілік, қарусыздану мен әскери қақтығыстарды шешу. Мемлекеттердің өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскери-саяси ұйымдар құру алға тартылуда. Осындай ұйымдардың бірі - Солтүстік Атлантикалық келісімшарт үйымы. Алайда қазіргі заманның жағдайын білместен бұрын оның тарихын зерттеу қажет.
Сонымен НАТО дегеніміз қандай ұйым және қандай мақсаттарды көздейді? Оның құрылу алғышарттары және халықаралық қатынастарда Солтүсікатлантикалық альянстың алатын орны? Осы тәріздес сауалдардың бүгінде әлем халқын ойландырары мәлім. Соның бірі ретінде Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымы қарастырылады (НАТО). НАТО 1949 ж. 4 сәуірде НАТО-ға мүше елдер ұжымдық қауіпсіздігін бейбітшілікті сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз күштерін біріктірді. НАТО-ның басты мақсаты саяси және әскери қағидаларына сәйкес барлық мүшелерінің теңдігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Еуразия континентінде өткен «суық соғыстың» аяқталуы мен барлық қайта құрулар НАТО-ның әскери-саяси стратегиясын дамытуына қандай дәрежеде ықпал етті. Және ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін екі ұлы державалардың ұстанған сыртқы саясаты. Құрылуының алғашқы жылдарында бетпе-бет кездескен мәселелеріне көңіл аударайық. Әсіресе, екі ұлы держава, АҚШ пен КСРО арасындағы талас-тартыс тұрғысында зерттеледі.
Зерттеу жұмысының мақсаты. НАТО ұйымы қашан және не үшін құрылғандығын және «қырғи қабақ соғысы» жылдарындағы саясат мәселесі.
Зерттеу жұмысының міндеті.
ІІ д.ж. соғыс жылдарындағы саясатты зерттеу, қалыптасқан жағдайға баға беру;
НАТО-ның құрылу тарихын зеттеу;
НАТО-ның халықаралық қатынастардағы қақтығыстарды шешудегі ролі;
Солтүстік Атлантикалық келісімге қатысушылар халықаралық бейбітшілік, қауіпсіздік пен әділеттікке қауіп-қатер төнбеуі үшін барлық халықаралық талас-тартыстарды бейбіт жолмен шешуге міндеттеледі.
НАТО–ны зеттеуде кеңестік, батыстық ғалымдары, әсіресе американ–ресейлік саясат мектебінің өкілдері алда келетінін атап өту қажет.
Зерттеу жұмысының объектісі. Зерттеу жұмысында халықаралық шиеленістерді шешудегі НАТО-ның түрлі деңгейдегі әрекеттері батыс ғалымдары және орыс ғалымдарының тұжырымдаған ойлары негізінде жасалынды.
Деректерді бірнеше топтарға бөлуге болады. Деректердің бірінші тобына К.Н.Макашеваның «План Маршалла объединение Европы»[1], А.И.Уткин «Два берега Атлантики» [2] мақалалары біріктірілді.
Екінші топта internet ресурстары қарастырылады. [3], [4]
Деректердің үшінші тобында шетелдік және ресейлік ғалымдардың еңбектері топтастырылған. Поляк ғалымы Ю.Лидер және оның кітабы «НАТО: очерки, истории и доктрины» [5] НАТО ұйымының құрылуынан бастап қандай бағытта әрекет еткендігін сипаттайды. Құрылу уақытынан бастап НАТО тарихын айта отырып, автор оның халықаралық саясаттағы орнына тоқталады.
Г. Лундестадтың «Восток, Запад, Север, Юг. Основные направления международной политики» [6] кітабында екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін күштер арақатынасына баға беріп, біздің халықаралық саясаттың дамуына ықпалын ерекше атап кетеді. Г. Лундестад Осло қаласында орналасқан Нобель институтының директоры ретінде бұл мәселені жан-жақты зерттеп, АҚШ пен КСРО мемлекеттерінің «қырғи қабақ соғысы» жылдарындағы саясатына сипаттама береді.
Солтүстікатлантикалық келісімі ұйымының негізгі құрылымдық формуласын алуда В. Е. Уалаховичтің «Международные организации» еңбегі алынды.[7]
НАТО қарастырғанда З. Бжезинскийдің «Великая шахматная доска», «Выбор мировое господство или глобальное лидерство» еңбектеріндегі НАТО стратегиялық мүдделері және оның халықаралық қатынастардағы орны. [8]
П.А. Циганковтың «Теория международных отношений» оқу құралын пайдалана отырып, халықаралық шиеленістерді шешудегі теориялық аспектілері алға тартылды. [9]
А.В. Торкуновтың «Современные международные отношения и мировая политика» оқу құралы ретінде берілген еңбегі пайдаланылды. Онда көрсетілген бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастарда мықты күшке ие болып отырған Солтүстікатлантикалық альянстың саясаты алға тартылды. [10]
К.И. Байзакованың «История международных отношений в новое время» оқу құралы ретінде берілген еңбегі пайдаланылды. Мұнда Солтүстікатлантикалық келісімі ұйымына тарихи шолу жасалынған. [11]
Нартов Н.А. «Геополитика» кітабында АҚШ пен Нато-ның ядролық саясатына көңіл аударады. [12]
Б.М.Халоша «Североатлантический блок» кітабында Солтүстікатлантикалық ұйымға сипаттама береді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зертеу жұмысының алға қойылған мақсат-міндеттеріне логикалық жетістіктер арқылы, сондай-ақ кіріспе, екі тараудан, қорытынды, қосымшалардан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші тарауда НАТО ұйымы қашан, қайда, қандай мемлекеттермен және не үшін құрылғандығы зерттеледі. Құрылуы барысында қандай шарттар жасалды мәселесіне көңіл аударылады. Сонымен қатар құрылуынан кейінгі алғашқы жылдары қандай бағытта қызмет еткені қарастырылады. Жеке бөлім «қырғи-қабақ соғысы» жылдарындағы саяси концепциялар, бағыттар мен саясатына арналған. Мұнда негізгі саяси ұстанымдар келтіріледі.
Екінші тарауда «қырғи-қабақ соғысы» концепциясының пайда болуы, халықаралық жағдайдың шиеленісуі қарастырылады. Ерекше көңіл осы кезеңдегі АҚШ пен КСРО мемлекеттерінің сыртқы саяси ұстанымдарына бөлінеді. «Қырғи-қабақ соғысы» белгілі дәрежеде АҚШ тарапынан іске асырылды. Бұл тұрғыда бірқатар келісімдер қарастырылды.
1 Нато құрылу тарихы
1.1. НАТО туралы келісімнің жасалуы
Еуропадағы шиеленіс өрістей берді де батысеуропалық демократиялар АҚШ-тан қауіпсіздіктің кепілдігін талап етті. Трумэн әкімшілігі АҚШ көмек үшін жүгінбестен бұрын еуропалықтар өздері бірігіп алу қажеттілігіне көңіл аударады. 1948 ж. 22 қаңтарда қауымдар Палатасында сөйлеген сөзінде Бевин Батыс Одағының үлгісін ұсынады. 17 наурызда Ұлыбритания, Франция және Бенилюкстің үш мемлекеті Брюссель Келісіміне қол қояды. Келісім экономикалық, әлеуметтік және мәдени әріптестікті қарастыра отырып, ұжымдық қорғанысты шарт етеді. Қауіпсіздік кепілдіктерін хаттауы Маршалл жоспарының іске асуына және Батыс мемлекеттер арасында экономикалық әріптестікке жол ашты деуге болады. [3]
Президент Трумэн АҚШ-тың батыс Еуропаны қорғауға дайындығын ресми түрде жариялайды. 1948 ж. 11 сәуірінде мемлекеттік хатшы Дж. Маршал мен Мемлекеттік хатшының орынбасары Роберт Ловетт,Артур Ванденберг пен Том Коннэли сенаторларымен Солтүстікатлантикалық аймақта қауіпсіздік мәселелері жөнінде консультациялар жүргізеді. Канаданың сыртқы істер министрі Луи Сен Лоран алғаш рет бұл ойды халық 1948 ж. 28 сәуірде Канадалық қауымдар палатасында айтады. Алайда АҚШ-тың Еуропамен әскери альянсқа бірігу үшін белгілі заң құжаттарының дайындығы қажет. Сенаттың Ванденберг резолюциясы деген атпен белгілі сәйкес растау құжаты 1948 ж. 11 маусымды қабылданды. [11]
1948 ж. 2 сәуірінде Конгресс ақша бөлуді бекітіп, 16 сәуірде 16 еуропалық мемлекеттердің сыртқы істер министрлері мен Германияның оккупацияланған батыс аймақтарының комендаттарымен еуропалық экономикалық әріптестік туралы Конвенциясына қол қойылды.
1948 ж. көктемде Лондонда батыстық бақылау астындағы Германияның аймақтарын біріктіру туралы алты державалар(АҚШ, Ұлыбритания, Франция мен Бенилюкс мемлекеттері) конференциясы жиналады. Сәуірде Лондон конференциясы өз қызметін қайта жалғастырып, маусым айына таман Германияның батыс бөлігінің экономикасын және мемлекеттілігін қалпына келтіру туралы негізгі шешімдерді қабылдайды. 8 маусымда Берлиннің батыс секторларында қаржылық реформа жүргізіледі. 1948 ж. қазан айында Солтүстікатлантикалық пактті қалыптастырыу туралы жоспар қолдауға ие болып, ал 1949 ж. 4 сәуірде КСРО-ның қарсылық білдіруіне қарамастан 12 мемлекет НАТО туралы Вашингтон келісіміне қол қояды.
Ұлыбритания бұл әскери-саяси блокты Еуропадағы бұқаралық алға басу күштеріне қарсы және өзінің еуропалық істерде ерекше дәрежесін қамтамасыз ету үшін де қолдануды есептеді.
1949 ж. 5 мамырда Лондонда он мемлекет Еуропа кеңесін құру туралы келісімге қол қояды. 8 мамырда ГФР блокадасы алынады.
1949 ж. 15 наурызда Брюссель келісіміне қол қойған мемлекеттер АҚШ және Канадамен біріге отырып, ресми түрде Дания, Исландия, Италия, Норвегия мен Португалиия мемелкеттерін жаңа келісімге қосылуға шақырды. Сонымен 1949 жылы 4 сәуірде 12 мемлекет (АҚШ, Ұлыбритания, Франсия, Белгия, Нидерланды, Люксембург, Канада, Италия, Португалия, Норвегия, Дания, Исландия) қол қойған Солтүстік Атлантикалық келісімшарты негізінде құрылған. Кейінірек НАТО-ға басқа да еуропалық мемлекеттер кірді. Қазіргі таңда НАТО-ға 28 мемлекет мүше болуда. 1954 жылы Кеңес Одағы мүше болып кіруге сұранады, НАТО оған бас тартады.
НАТО-ның негізгі мақсаты шартқа қатысушы мемлекеттердің саяси ынтымақтастық және ұжымдық қорғаныс негізінде тәуелсіздікті, егемендікті және демократиялық құрылымды сыртқы агрессиядан қорғау екендігі 1949 жылғы Вашингтон шартында жазылған, бұл ұстаным 1990 жылғы Лондон декларациясында қуатталған. Альянстың іргелі мақсаттарының қатарында соғыстың алдын алу мен тиімді қорғанысты қамтамасыз етуге жеткілікті әскери мүмкіндіктерді нығайту, шарт мүшелерінің қауіпсіздігіне ықпал ететін дағдарыстарды еңсеру, басқа елдермен саяси үнқатысуды жолға қою және еуропалық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жолдарын іздестіру аталады.
НАТО-ның жоғарғы саяси органын Солтүстік Атланталық Кеңес (НАТО Кеңесі) атқарады. Кеңес барлық мүше елдердің өкілдерінен (елші лауазымдары ретінде) құрылып, бас хатшының басқаруымен 2 жылда бір өз мәжілісін өткізеді. НАТО сыртқы істер министрлері және мемлекет пен үкімет басшылары деңгейінде де отырыстарын өткізіп тұрады, әйтсе де бұл отырыстары сыртқы істер министрлері отырысындағыдай ғана дәрежесі бар. Кеңес шешімдерді бірдауыстан қабылдайды. Сессиялар арасындағы уақытта Кеңес функцияларын блоктың барлық мүшелері елші ретінде жіберген өкілдерінен тұратыен НАТО Тұрақты кеңесі атқарады. Жоғарғы әскери-саяси органы қызметін 1966 жылдан бері жылына екі рет қорғаныс министрлер деңгейінде бас қосатын, бірақ тұрақты өкілдерінен тұратын Әскери жоспарлау Комитеті атқарады. Сессия-аралық уақытта бұл комитет қызметін барлық мүше елдер елші дәрежесіндегі өкілдерінен тұратын Тұрақты әскери жоспарлау комитеті атқарады. НАТО-ның жоғарғы әскери органы – әскери комитет. Жылына кем дегенде екі дүркін жиналып тұратын бұл Комитет мүше елдер бас штаб басшылары мен қарулы күштері жоқ Исландияның азаматтық өкілінен тұрады. Әскери комитет өзіне бағынышты екі аймақты қамтиды: Еуропа мен Атлантика. Еуропадағы жоғарғы басшылықты жоғарғы қолбасшы (әрқашан – американдық генерал) басқарады. Оның қол астына үш ұрыс алаңы басшылығы кіреді: Солтүстікеуропалық, Орталықеуропалық және Оңтүстікеуропалық. Сессияаралық уақыттта бұл комитет қызметін Тұрақты әскери комитет атқарады.
НАТО негізгі органдарына әдетте жылына екі рет қорғаныс министрлері деңгейінде көбінше НАТО Кеңесі мәжілісі болар алдында жиналатын Ядролық жоспарлау тобы да кіреді, Исландияның өкілі болып бұл топта азаматтық байқаушы қатысады. [3]